«Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»


Әліппе оқулығынан «Мектептегі бір күнім» тақырыбына көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып талдау әдісін жасаңыз



бет23/42
Дата09.06.2023
өлшемі0,76 Mb.
#100022
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42
Байланысты:
ГОС «Бастауыш мектептегі т рбие ж мысыны теориясы мен дістемесі» П

Әліппе оқулығынан «Мектептегі бір күнім» тақырыбына көмекші құралдар (тірек сызба, сюжетті сурет) арқылы оқиғаның ретін сақтай отырып талдау әдісін жасаңыз





  1. Мәтінге байланысты жүргізілетін жұмыстар.

Мәтінмен жұмыс жүргізудің маңызы- оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға, сөздік қорын молайтуға, адамгершілік, эстетикалық тәрбие беруге әсіресе әдеби және тарихи деректерді түсінуге көмектеседі. Оқушылар оқыған материалдарының мазмұнын дұрыс қабылдап, ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін оқу сабақтарында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады. Мұндай жұмыстар оқылатын материалдың сипатына, оқушылардың жасына, дайындықтарына, білімі мен дағдылану дәрежесіне байланысты іріктеледі.
Оқушылар мәтінді дұрыс қабылдау үшін негізінен мынадай жұмыстар жүргізіледі:
1.Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық жағынан дайындау.
2.Мәтінге байланысты сөздік жұмысын жүргізу.
3.Шығарманы оқу.
4.Жоспар жасау.
5.Шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар.
1)Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық жағынан дайындау
Көркем шығарма жазушының сөз арқылы жасаған көркем бейнесі, картинасы арқылы қабылданады. Шығарманы оқыған кезде оқушының көз алдына елес пайда болады. Бұл оқушының сезімін де қозғайды. Мысалы: Абайдың «Қыс» өлеңін өтер кезде сурет бойынша әңгіме айтқызуға болады.
Осылайша әңгіме жүргізілгеннен кейін, «Қыс» өлеңінің мазмұнын білуге оқушылардың ынтасы артып, оны тереңірек ұғынуларына және молырақ әсер алуларына жағдай жасалады. Сонымен, шығарманы оқуға дайындау жұмысы, біріншіден, балаларды оқылатын әңгіменің мазмұны мен ондағы кейіпкерлердің ісін саналы түрде түсіне білуге дайындау; екіншіден, оқылатын әңгіменің мазмұнына қызықтыру; үшіншіден, ондағы түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру мақсатында жүргізіледі. Дайындық жұмысының көздейтін түпкі мақсаты- балаларға шығарманы толық та саналы меңгеруіне мүмкіндік туғызу.
Оқып болғаннан кейін
Мәтінді оқу барысында
Мәтінді оқуға дайындық кезінде
Сөздік жұмысын жүргізу



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет