«Бастауыш мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»


Мектеп пен отбасының бірлескен іс-әрекеті



бет13/42
Дата09.06.2023
өлшемі0,76 Mb.
#100022
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42
Байланысты:
ГОС «Бастауыш мектептегі т рбие ж мысыны теориясы мен дістемесі» П

27 Мектеп пен отбасының бірлескен іс-әрекеті
Бүгінгі таңда тәрбиенің негізгі мақсаты жеке тұлға ретінде қалыптасуға бет алған балаға өзін қоршаған ортаның әлеуметтік тәжірибесін меңгерту, оның жан-жақты үйлесімді дамуына жол ашу. Ал жеке тұлға дегеніміз әлдебір ыдырамайтын тұтастық. Бұл тұтастықтың ең негізгі белгілері-оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Сондықтан пәк көңілді баланың болашақта жоғарыда атап көрсетілген маңызды қасиеттерді игерген жеке тұлға болып қалыптасуы үшін мектеп пен отбасының ынтымақтастықта күш біріктіре отырып жұмыс істеуі аса қажет.
Отбасы-адам баласының алтын ұясы. Себебі, адам баласы шыр етіп дүниеге келген күннен бастап осы ортаның түрлі жағдайына бейімделіп ер жетеді. Ал сәби сүйген әр ата-ана оның өмірінің бірінші күндерінен бастап оған негізгі тәрбиеші бола бастайды. Сондықтан отбасы-ұрпақ тәрбиелеудегі негізгі институттардың бірі болып табылады. Осыған орай отбасылық тәрбиенің басты бірнеше міндеттері анықталды:
· Бала денсаулығына қамқорлық;
· Оқуына көмектесу, жетекшілік ету;
· Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;
· Шығармашылық икемділіктері мен қызығушылықтарын дамыту.
Мектеп-мемлекеттік мекеме, онда қоғамның әр құбылысына жасампаз шығармашылық тұрғысынан баға бере қарайтын жоғары білімді мамандар жұмыс істейді. Мектеп-қоғамның, отбасының және өзінің өзара тәрбиелік іс-қимылын үйлестіруші қоғамдық институт. Олай болса мектеп өзіне бөлініп берілген шағын ауданда, ауылды жерде және т.б. мемлекет атынан іс-әрекет жасай отырып, негізгі заңда жазылған (Конституцияда) білім беру саласындағы қағидаларды ата-аналармен, әрбір отбасымен бірлесе отырып, ынтымақтастықта іс жүзіне асыратын болады. Ал мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыруда сынып жетекшісі негізгі рөл атқарады. Қазіргі уақытта мектеп пен отбасы ынтымақтастық әрекетінің келесі бағыттары айқындалған: ата-аналармен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс; ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын дамыту; ата-аналармен баланың оқу үлгерімі мен тәрбиесін жақсарту үшін жүйелі жеке дара жұмыстарын жүргізу


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет