әрбие жұмысын жоспарлау педагог қызыметінің жалпы жүйесіндегі маңызды буын болып саналады. Ойластырып жоспарлау оны дұрыс ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Жұмыс перспективалармен белгілейді, тәрбие жұмысынын белгілі бір жүйесін жүзеге асыруға кемектеседі.
Форма үшін ғана емес, жақсы жасалған жоспар педагогтың күнбе-күнгі тәрбие жұмысына көмектеседі. Педагог жоспар жасағанда балалармен тәрбие жұмысының негізгі міндеттерін мазмұнын, формалары мен әдістерін іріктеп алу үшін болып табылатын документтерді пайдаланады. Соңғы шыққан қаулы, бұйрықтар, оқу программасы, оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны, «нысанына » жатады. Мұғалім жоспар жасағанда еліміз үстіміздегі жылы атап өтетін маңызды оқиғаларды ескереді.
Оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ. Сабақтың түрлері мен құрылымы
Оқытуды ұйымдастыру формасы – оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс–әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады.
Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке –дара, топтық және сынып–сабақтық жүйе. Жекелеп оқыту жүйесі көне орта ғасырларда пайдаланылды. Мұғалім жеке оқушының орындаған жаттығу жұмыстарын тексеріп, мәтінді оқытып тыңдайтын, қалай оқу керектігін көрсететін, үй тапсырмаларын орындау амалдарын түсіндіретін, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететін. Дене шынықтыру тәрбиесінен жарыс және бәсеке жұмыстарын ұйымдастыратын, жеке не бірнеше оқушымен әңгіме жүргізу әдістерін де қолданатын. Сыныптағы оқушылар құрамының әркезде тұрақты болуы.
Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алмакезек оқыту.
Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарлмалары және оқулықтарға негіздеу.
Оқытуды жылдың тұрақты бір мезгілінде бастап , аяқтау.
Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі.
Қорыта айтқанда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы әркезде тұрақты оқушылар тобымен жұмыс істейді.