Тақырып: Қалай оқу керектігін үйренудің мәні. Мұғалімнің - оқушылардың қалай оқу керектігін үйрену қабілеттерін дамыту жөніндегі әрекеттері.
.
Балалар сыныпқа келіп, біз олардың өмірі туралы білгеннен соң. Біз олардың өмірін одан да жақсы еткіміз келеді. Дүниенің барлық түпкірінде балаларды оқуға және жазуға үйрететін мұғалімдер. Олар балаларды шеберлік көлемінде оқытудың белсенді жақтаушылары болды, өйткені оқу мен жазу адамға өмірдің мағынасын және сұлулығын, сонымен қатар, өзінің өмір жолын түсінуге мүмкіндік беретін құрал. Люси Колкинс
Мақсат: Мұғалімдер балалар өз оқуы туралы білетін және өзінің эмоцияларын, ынтасы мен әлеуметтік қарым-қатынасын басқару үшін көбірек мүмкіндік алатын, өзін-өзі реттейтін оқушы ретінде дамуына ықпал ететін шарттар мен факторларды зерделейді.
№1 Модуль.
ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢА ӘДІС ТӘСІЛДЕР:
Қалай оқу керектігін үйрену;
Мұғалім қалай оқу керектігін үйретеді.
Оқыту – бұл жекеленген құбылыс немесе дағды емес, ол оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені деп айқындалған. педагогикалық тетіктер деп мыналарды атап өтуге болады: • оқыту негізін түсіну, оқыту стильдерін назарға алу және өмір бойы өзін-өзі оқытудың қажеттілігін мойындау және оның әдістерін таңдау; • жүйелі ойлануға үйрету; • өзінің шығармашылық таланттарын және оларды барынша жақсы пайдалану
жолдарын зерттеу және анықтау; • оқу үдерісі үшін және өзін-өзі тану әдісі ретінде оқуды жақсы көру; • тілді, есептеуді жақсы игеру және кеңістіктік ойлау қабілетінің болуы; • сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілік.
Оқыту – мұғалімдердің оқушыларға жасаған сыйы емес, бұл құзыреттіліктер білім алу үшін
оқушылардың өздері де оқу үдерісіне белсенді қатысуын талап етеді. Оқу үдерісіне толыққанды қатысу, үшіноқушылар қалай оқу керектігін білулері керек.