Павлодар облысының білім беру басқармасы Облыстық педагог кадрлар біліктілігін арттыру институты Павлодар қаласы. № 7.№2.№26 жалпы орта білім беру мектептері мен Шарбақты ауданының Шалдай санаторий мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері:З.В.Вакпаеваның, М.Х.Бушумбаеваның.А.В Естаеваның, Д.Б. Касенованың, М.В.Вакпаеваның. А.Е.Макинаның «Бастауыш сыныптарға арналған бақылау өлшеуіштерінің банкісі» әдістемелік жинағына
Рецензия ¥сынылып отырған жумыста бастауыш сыныптарға арналған пәндер бойынша бақылау жүмыстарының жинағы қүрастырылған.
Жинақтағы материалдар бастауыш сатыда оқушылардың қазақ тілі. ана тілі. математика пәндері бойынша білімдерін қадағалауға, жетілдіруге.логикалық ойлау қабілеттерін, өздіпнен жүмыс жасау дағдыларын қалыптастыруға. пәндер мазмүнына байланысты сауаттылықтарын дамытуға бағытталған.
Әдістемелікте пәндер бойынша материалдар мазмүны жүйеленіп жасалған, бақылау жүмыстарының нормалары берілген, бақылау жүмыстарының банкісін қүрастыру талаптарына сай.
Жинақтағы материалдар оқулықтың тақырыптарына байланысты, оқу бағдарламасына. мемлекеттік стандартқа сүйенген, дүрыс, мазмүнды. оқушылардың қабылдауына, орындауына ыңғайлы.
Жинақтағы берілген материалдар арқылы бастауыш сынып оқушыларының тақырыптарды қаншалықты меңгергенін, білім деңгейін, орындау мүмкіншіліктерін анықтауға болады.
Жинақты бастауыш сынып мүғалімдеріне қосымша әдістемелік
қүрал ретінде қолдануға болады.
Рецензия тіркелді: «26» қаңтар 2012 жыл
I. ТҮСІНІК ХАТ Жалпыға міндетті орта жалпы білім беру стандартына сәйкес «Математика» оқу пәні өзінің дербестігін сақтай отырып, «Математика» білім беру саласының мазмұнына енеді.
Математика – мазмұнына сандар мен оларға қолданылатын амалдарды, шамаларды, есептерді, алгебра, геометрия элементтерін біріктірген, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесуін жүзеге асыратын кіріктірілген оқу пәні.
Бастауыш білім берудің базалық пәні болып табылатын математика, бір жағынан, өзге пәндерді (информатика, қоршаған орта, көркем еңбек, т.б.) оқытудың алғышартын және негізін қалайды, ал екінші жағынан, осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім, білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады.
Бастауыш мектеп математикасы негізгі орта мектеп математикасының табиғи бір бөлігі болып табылады. Бұл бастауыш мектепте математиканы оқытудың төмендегідей мақсаты мен міндеттеріне жетудің қажеттілігін қамтамасыз етеді.