Кесте 1 - 1-сыныпта “Ақпараттық мәдениет негiздерi” курсын оқытудың оқу мазмұны № | Мазмұны | Сағат саны | 1 | «Ақпараттық мәдениет негiздерi» пәнімен танысу | 1 | 2
| Қоршаған әлемдегi және табиғаттағы ақпарат. Ақпараттың дыбыстық және көру түрлерi. Ақпараттың иiс сезу және сипап сезу түрлерi | 4
| 3 | Нысан және оның қасиеттерi (атауы, түсi). | 3 | 4 | Компьютермен танысу. Техника қауiпсiздiгi және компьютерлiк сыныпта тәртiптi сақтау ережелерi. Пернетақтамен танысу. Қарапайым жаттығу. | 3
| 5 | Нысан және оның қасиеттерi (көлемi, пiшіні, құрамы) | 5 | 6 | Нысан және оның қасиеттерi (ортақ және қарама-қарсы белгiлерi). | 1 | 7
| Ұқсас және әр түрлi нысандар. Нысанмен жұмыс жасау. Нысандарды құрастыру. | 3 | 8 | Тiзбектер және ондағы әрекеттер реттiлігі. Қайталау. | 3 | 9 | Жиын. Оларды салыстыру. Топтау. Iшкi жиындар. | 5 | 10 | Қайталау | 3 | Барлығы | 34 |
Кесте 2 - 2- сыныпта “Ақпараттық мәдениет негiздерi” курсын оқытудың оқу мазмұны (аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
№
|
Тақырыптар мазмұны
|
Сағат саны
|
1
|
Компьютерлiк сыныпта тәртiптi сақтау. Көз жаттығулары.Қайталау.
|
3
|
2
|
«Терiстеу» ұғымы. Ақиқат және жалған. Сөйлем. Қайталау.
|
6
|
3
|
Компьютер құрамы. Енгiзу/шығару құрылғылары . Компьютердегi ақпараттар ағыны.
|
2
|
4
|
Графиктiк редактормен танысу. «Құю» құралы. «Карандаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдары. Сызық» құралы. «Эллипс», «Төртбұрыш» құралдары. «Бүрiккiш» құралы. Заттардың симметриялылығы.
|
13
|
5
| Ақпарат. Ақпараттарды кодтау. Ақпараттарды бейнелеу. Ақпараттар көзi мен қабылдаушысы. Ақпараттарды алмастыру. Ақпараттарды алу арналары. Ақпараттарды алмастыру. Ақпараттармен жұмыс жасау әрекеттерi. |
12
|
Барлығы
|
34
|
Кесте 3 - 3- сыныпта “Ақпараттық мәдениет негiздерi” курсын оқытудың оқу мазмұны (аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
№ | Мазмұны | Сағат саны | 1 | Компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi. Қайталау | 2 | 2 | Нысандар жиыны | 2 | 3 | Бұтақтар. Графтар | 4 | 4 | Комбинаторика. Координаттық жазықтық | 3 | 5 | Ақпаратты кодтау | 3 | 6 | Ақпаратты сақтау. Компьютердiң жады. | 3 | 7 | Paint графикалық редакторы. Суреттердi сақтау. Суреттердi ашу. “Жазу” құралы. Жазуды қою. Нысанды көшiру және қою. Нысанды бұру. Нысанды қиып алу және қою. Симметрия. | 10 | 8 | Ақпарат қасиеттерi. Екiлiк код. Хабарламаның ақпараттық көлемi. Модельдер. Графикалық модельдер. Ақпараттық модельдер. | 8 | Барлығы | 34 |
Кесте 4 - 4- сыныпта “Ақпараттық мәдениет негiздерi” курсын оқытудың оқу мазмұны (аптасына 1 сағат, барлығы 34 сағат)
№ | Мазмұны | Сағат саны | 1 | Компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi. Қайталау | 1 | 2 | Жиындар | 2 | 3 | Ақпараттық модельдер | 5 | 4 | Алгоритмдер. Сызықтық алгоритмдер. Тармақталу алгоритмi | 8 | 5 | Циклдiк алгоритм | 5 | 6 | Алгоритм атқарушылары: “Қара жәшiк”, “Робот” “Қайық”. Құйғыш. “Суқұйғыш” “Шегiртке” “Тотан”. “Өткел” және “Робот” | 13 | Барлығы | 34 |
Оқушылардың бiлiмi мен бiлiктiлiгiне қойылатын талаптар
Ненi бiлуi тиiс:
компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi мен техника қауiпсiздiгiн;
көздiң шаршағандығын қалпына келтiретiн негiзгi жаттығуларды;
компьютердiң негiзгi құрылғыларының қызметiн;
пернетақта мен «тышқан» қол тетiгiнiң атқаратын қызметiн;
нысан ұғымының мағынасын және оның қасиеттерiн;
ақпарат және оның түрлерi туралы түсiнiктердi;
ақпарат қасиеттрiн;
ақпарат көзi мен оны қабылдаушы туралы мағлұматтарды;
ақпаратты кодтау туралы мағлұматты;
тiзбектiң мағынасы мен мәнiн және онымен жасалатын әрекеттер реттiлiгiн;
«жиындар ұғымын» ;
логика алгебрасының кейбiр түсiнiктерiн – тұжырым (айтылым), ақиқат, жалған және терiстеу ұғымдарын;
«модельдер» ұғымын;
графикалық және ақпараттық модельдер түсiнiгiн;
алгоритм және оның түрлерi – сызықтық, тармақталу және циклдiк алгоритмдер туралы мағлұматты;
«атқарушы», «орта» және «атқарушының командалар жүйесi» ұғымдарын;
графикалық редактордың мүмкiндiктерiн.
Ненi үйренуi тиiс:
компьютер сыныбындағы тәртiп сақтау ережелерi мен техника қауiпсiздiгiн сақтай бiлудi;
көздiң шаршағандығын қалпына келтiретiн жаттығуларды орындай бiлудi;
компьютердiң негiзгi құралғыларының қызметiн орынды пайдалана бiлудi;
қарапайым мәтiндердi теруде пернетақтаны пайдалана бiлудi;
«тышқан» қол тетiгiн пайдалана бiлуді;
нысандарға мысалдар келтiре бiлудi;
нысандарға мысалдар келтiре бiлудi және олардың қасиеттерiн (түсiн, пiшiнiн, құрамын, ұқсас және қарама-қарсы белгiлерiн) анықтай бiлудi,
нысан қасиеттерiн орынды пайдалана бiлудi;
ақпарат көзi мен қабылдаушысын ажыратып, мысал келтiрудi;
кодтар кестесi көмегiмен ақпараттарды кодтай бiлудi;
тiзбектерге мысалдар келтiре бiлудi;
көрсетiлген белгiлерi бойынша нысан жиындарын ерекшелей бiлудi;
графикалық және ақпараттық модельдердi анықтай бiлудi;
сызықтық, тармақталу және циклдiк алгоритмдердi орындай бiлудi;
атқарушының командалар жүйесi көмегiмн берiлген атқарушының алгоритмiн құра бiлудi;
графикалық редактор құралдарын орынды пайдалана бiлудi.
Бастауыш сыныптарға арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспардың алғашқы бөлімдерінде оқушылар «Техникалық қауіпсіздік ережелерімен» танысады. Бастауыш сыныптарда өткізілетін сабақтардың ерекшелігі: оқушылар жылдам оқи және жаза алмайтын болғандықтан, олар суреттеме бейнелер арқылы көрсетіліп, түсіндіріледі. Сабақты қызықты жүргізуге және оларды сабақтан жалықтырып алмауға көп көңіл бөлінеді. Осы мақсатта сабақ ортасында сергіту сабақтарын қоса оқыту әдістері қарастырылады.
Бастауыш сыньштарға арналған бұл бағдарламада оқушылар компьютермен танысып, олар өзара қарым-қатынаста болады, компьютер көмегімен әріп, буын, сөздерді шапшаң, қарапайым арифметикалық есептерді шығарады, сурет сала біледі. Сонымен қатар оқушылар өз бетімен өлең, әңгіме, ертегі құрастырады және де осы өздерінің шығармашылық жұмыстарын компьютерде орындайды.
Бастауыш сынып оқушыларына информатика пәнін оқытудың әдістемелік құралында қамтылған материалдар - әліппе, математика, қазақ тілі, сурет, ана тілі пәндерінің элементтерін қамтиды.
Міндеттері:
азаматтыққа, адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға, елжандылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу;
оқушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу;
оқыту, тәрбиелеу үрдісіндегі ақпаратты алмасу сипатын айқындау;
дайын программаларды қолдана білу шеберлігін арттыру; қисынды ойлауын дамыту;
ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін пайдалана отырып білім беруді ақпараттандыру, яғни оқытылатын мектеп пәндерінің материалдарын меңгеруде қолдана білуге үйрену.
Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту компоненттері.
Бастауыш мектепте компьютерді пайдаланған кезде санитарлық-гигиеналық талаптарға зор мән беріп, компьютерлік сынып ережелерін қатаң сақтаған жөн. Мысалы, сыныптан кіріп-шығуға мұғалім рұқсат береді. Әрбір оқушы өз бригадасына тағайындалып берілген жұмыс орнынан ауыспауы керек, яғни сынып белсенділерін сайлау, компьютерді және оған қосылған басқа құрылғыларды да іске қосуға, өшіруге рұқсат етілмейді, оны мұғалім атқарады және де компьютерге компакт-дискілерді салуды, алуды мұғалім жүргізеді. Сабақ жүргізу барысында қазіргі кездегі санитарлық талаптарға сәйкес балалардың жұмыс ісіне олардың денсаулығына қауіпсіздігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы бар компьютерлік техниканы ғана пайдалануға болады. Компьютерлер қолданылатын бөлмелер барлық санитарлык-гигиеналық талаптарға сай болуы тиіс. Компьютер кабинеттерін безендіру максатында балалардың денсаулығына қауіпсіздігін растаған гигиеналық қорытындысы бар құжаттық материалдар қолданылуы тиіс.
Компьютерлік сыньпта оқушылардың өздері және көздері шамадан тыс шаршамас үшін 1- 4 сынып оқушыларының компьютерде үздіксіз жұмыс істеу уақыты 10-15 минуттан аспауы тиіс. Балалардың көздері талмас үшін компьютерде жұмыс істеп болған соң, олармен көзіне арналған арнайы жаттығулар жасауы керек, жаттығуларды балалар экранға қарамай тұрғанда, қалыпты күйде демалдырып, көз қозғалыстарын барынша үлкен етіп орындауға тырысуы керек. Балаларға қызықты болуы үшін жаттығулар ойын түрінде орындалады.
Қазіргі таңда, бiз бiлiм беру мазмұнына, мектепке, оқушы мен педагог тұлғасына, олардың өмiрi мен қызметiне деген көзқарастардың түбегейлi өзгерiске ұшырап отырған кезеңiнде өмiр сүрудемiз. Қоғамдағы болып жатқан түрлi бағыттағы өзгерiстер бiлiм беру қызметiне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды саралауды, жастардың шығармашылық мүмкiндiгiн дамытуды, мұғалiм iс-әрекетiн жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етедi. Әрбiр 10 жыл сайын бiлiм көлемi 2 есе ұлғаяды, техника, технология жедел жаңарады дейдi п.ғ.д. проф. Т.С.Садықов. (12 жылдық бiлiм методологиясы). Қазiргi ақпараттану ғасыры үшiн бұл өте ұзақ мерзiм. Американдық жазушы Р. Киосаки қазiргi кезеңде әрбiр 18 ай сайын бiлiм түгелiмен жаңарады дейдi. Көпшiлiкке белгiлi XXI ғасырға ақпарат ғасыры деген сипаттама берiлген.
XXI ғасыр - өркениет пен адам дамуының ғасыры
ақпараттандыру ғасыры
iргелi категориялар
ақпараттақ капитал
адам ғасыры
тұлға мәндiлiгi
адами капитал
Олай болса бiлiм – адамдық капиталды қалыптастыратын бiрден-бiр құрал. Ал бiлiм беру жүйесi адамның бүкiл өмiр бойғы бiлiктiлiгiн қамтамасыз ету үшiн икемдi, бейiмделгiш болуы тиiс. Оған мынындай факторлар әсер етедi:
интеллектiнiң ұдайы өсуi;
қоғамның, экономиканың дамуында адам факторы мәнінiң бiрiншi орынға шығуы;
әлеуметтiк өмiрдiң және бiлiм берудiң демократиялануы;
жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы;
бiлiмнiң тез ескiруi;
ғылыми ақпарат көлемiнiң шұғыл өзгеруi;
жаңа бiлiм салаларының дамуы;
жаңа мамандықтардың енгiзiлуi;
басқаруды ғылыми негiзде жетiлдiрудiң қажеттiлiгi.
Осы аталған факторлар дәстүрлi бiлiм беру жүйесiн түбегейлi қайта құру мiндетiн талап етiп отыр. Қазiргi бiлiм беру идеясы - әрбiр адамның бүкiл өмiр бойы бiлiм алуына, оны толықтырып, жетiлдiрiп отыруына мүмкiндiк беру. Яғни, педагог бойында диагностикалауға қабiлеттiлiк, зерттеуге даярлық, басқару ғылымын меңгеру, өзiне-өзi бiлiм беруге, өзiн-өзi тәрбиелеуге даярлық, iзгiлiктi бiлiм беру жағдайын жасай алу қасиеттерi болуға тиiс.
Осы тұрғыдан қарасақ бiлiм мәдени-тарихи мағынаға ие болады. Қазiр ғылым салалары бойынша бiлiм беру маңызды емес. Қазiр бiлiм мәдениеттiң бiр саласы деп қарастырылып отыр.
Білім
Достарыңызбен бөлісу: |