«Бастауыш сынып информатика сабақтарында ақпараттық коммуникациялық технологияны қолдану»


Адами капитал Ақпараттық капитал



бет11/31
Дата09.04.2022
өлшемі8,44 Mb.
#30425
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31
Байланысты:
Ақпараттық техн. ДИПЛОМ



Адами капитал


Ақпараттық капитал






Жеке тұлға тағдырындағы мәні

Жеке мемлекет қауіпсіздігі

Адамзаттың өркендеуі

Ендi «дайын» бiлiм терминi емес, «жалғастырылатын», «одан әрi», «үздiксiз», «өмiр бойы» бiлiм беру терминдерi пайдаланылады.

«Үздiксiз бiлiм беру» терминi XX ғасырдың 40 жылдарында пайда болды. Екiншi дүние жүзiлiк соғыстан кейiн В.Г. Онушкин алғаш өз зерттеулерiн жариялады. 50-60 жылдарда үздiксiз бiлiм беру үлкендерге бiлiм беру, мектептегi бiлiм берудегi «ақтаңдақтардың» орнын толықтыру деп түсiндiрiлдi. 60 жылдарда өндiрiстi тиiмдi дамыту үшiн өз бiлiмiн көтеру деп қарастырылды. 60 жылдардың аяғында үздiксiз бiлiм беру өндiрiстiң әр түрлi салаларында жұмыс iстеу үшiн керек деп, ал 70 жылдарда сол кездегi қоғамдық өмiрге бейiмделу үшiн деп қабылданды.

Үздiксiз бiлiм берудi 3 блоктан тұрады деуге болады. Олар:



  • жалпы мәдени блок; мұғалiмнiң жалпы адамзаттық мәдениетi, тiлдердi меңгеруi, өнер түрлерiн игеруi, сөйлеу мәдениетi, дүниетанымы, әлеуметтiк құндылықтары мен көзқарастары.

  • Психологиялық -педагогикалық блок; мұғалiмнiң педагогикалық сана-сезiмi, педагогикалық iс-әрекеттердi талдауы, жобалау, iске асыру т.б.

  • Пәндiк блок; ғылыми бiлiмнiң мазмұнын жалпы адамзаттық мәдениеттiң құрамдас бөлiгi және оқушының жеке басын дамыту құралы ретiнде өрiстетуге бағытталған.

Қазiргi мектептiң бiлiм мазмұнын iзгiлендiру мен даралау мұғалiмдерге мынандай мiндеттердi жүктейдi:

  • оқушының жеке тұлға ретiнде және iс-әрекет субьектiсi ретiнде мақсатты, тұрақты және дәйектi дамуына жағдай жасау;

  • оқушылардың бiлiмдi таңдауымен меңгеруiн, олардың оқу процесi кезiнде таңдау мүмкiндiктерi мен құқықтарын қамтамасыз ету;

  • оқу-тәрбие үрдісі субъектiлерiнiң «тең дәрежедегi» ынтымақтастығын орнату;

  • бiлiм мазмұнын барынша iзгiлендiру;

  • психологиялық бiлiм берудiң бастапқы негiздерiн қалыптастыру;

  • бiлiм мазмұнының инварианттық және вариативтiк компонентттерi арасындағы гуманитарлық және жаратылыстану-ғылыми бiлiмдердiң диалектикалық бiрлiгiн қамтамасыз ету;

  • оқушылардың оқу жүктемесiн тұрақтандыру.

Бiлiм алаңдарының мынандай құрамын ұсынады: тiл және әдебиет; адамтану; қоғамтану; математика; информатика; жаратылыстану; өнер; технология; дене тәрбиесi.

Оқу үрдісіндегі басымдылықтарды өзгерту, пәндiк бағдарлы оқытудан баланың дамуына, тәуелсiз ойлау стилiн, жалпы оқу бiлiктiлiктерiн қалыптастыруға бағытталған оқытуға көшу қажет.

Бұл өз кезегінде бастауыш сынып мұғалімдеріне көп міндеттерді жүктейді. Солардың ең бастысы педагогтың сабақ беру үрдісінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдана алу құзыреттілігінің жоғары деңгейде болуы десек қателеспеген болар едік.

Енді осы ақпараттық коммуникациялық технологиялар орталарын бастауыш сыныптарының оқыту үдерісінде пайдаланудың мақсаттарына тоқталар болсақ:

1. Ақпараттық технологияларды қолдану негізінде оқу-тәрбие процесінің барлық деңгейін жетілдіру: 

- оқыту процесінің ықпалы мен сапасын арттыру;

- пәнаралық байланысты тереңдету;

- қажетті ақпаратты іздеуді оңайлату және көлемін ұлғайту.

2. Оқушы тұлғасын дамыту, ақпараттық қоғамда өмір сүруге даярлау:
- коммуникативтік қабілеттерді дамыту;

- күрделі жағдайда оңтайлы шешім немесе шешу нұсқаларын қабылдау дағдыларын қалыптастыру;

- компьютерлік графика, мультимедиа технологияссын пайдалану арқылы эстетикалық тәрбие беру;

- ақпараттық мәдениетті қалыптастыру, ақпаратты өңдей білу.

3. Қоғамның әлеуметтік тапсырысын орындау: 

- ақпараттық сауаты бар тұлғаны даярлау;

- компьютерлік орталарды пайдаланушыны даярлау;

Оқыту үрдісінде компьютерлік технологияларды пайдадалану келесі мақсаттарға бағытталады: 

- компьютерлік технологиялардың мүмкіндіктерін іске асыру арқылы оқыту үрдісінің ықпалдығы мен сапасының деңгейін көтеру;

- танымдық әрекеттердің белсенділігін арттыратын ынталарды қамтамасыз ету;

- қазіргі заманғы ақпарат өңдеу орталарын пайдалану негізінде пәнаралық байланысты тереңдету.

Сабақтың АКТ қолданумен өтуі үшін не істеу керек?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет