Барлығы: 71,3 Тоқсандық баға есебі келесі формулада жүргізіледі:
Тоқсандық бағаны есептеу үшін бөлім бойынша және тоқсандық жиынтық
бағалаудағы балдың пайыздық мазмұны жинақталады.
33,8% + 37,5% = 71,3%
36 Балды бағаға ауыстыру шәкілі бойынша баға білім алушының тоқсандық
бағасымен анықталады.
Баға Балдардың пайыздық мазмұны «1»
0
«2»
1%-20%
«3»
21%-50%
«4»
51%-80%
«5»
81%-100%
Аталған шәкілге сәйкес
71,3 %, баға «4-ке» сәйкес.
«Математика» пәні бойынша білім алушының 3-тоқсандағы
бағасы – «4».
6.3 Жылдық баға қою Білім алушының пән бойынша жылдық бағасы барлық төрт тоқсанның
нәтижелерінен құралады (1-сыныптағы 3,4-тоқсандар).
Төменде 2-сыныптың «Математика» пәні бойынша білім алушының
жылдық бағасын есептеу бойынша мысал келтірілген.
2-сыныптағы «Математика» пәні бойынша білім алушылардың 1-4-тоқсандардағы нәтижесі Жиынтық бағалау (ЖБ) 1-тоқсан 2-тоқсан 3-тоқсан 4-тоқсан Балдың жалпы саны Арақаты- насы, % Оқу жылы бойынша балдардың пайыздық мазмұны Бөлім бойынша ЖБ 34-тен 23 30-дан 20 25-тен 21 20-дан 18
109-дан
82
50%
37,6%
Тоқсан дық ЖБ 20-дан 18 20-дан 15 20-дан 19 20-дан 16
80-нен
68
50%
42,5%
Барлығы: 80,1% Жылдық баға есебі келесі формулада жүргізіледі:
37 Жылдық баға есебі үшін білім алушының бөлім/ортақ тақырыптар
бойынша және тоқсандық жиынтық бағалаудағы жалпы саны есептеледі.
Бұдан соң оқу жылындағы балдың пайыздық мазмұны (50%:50%) пайыздық
арақатынаспен анықталады.
Оқу жылындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша және тоқсандық
балдың пайыздық мазмұны жинақталады, балды бағаға ауыстыру шәкілі
арқылы ауыстырылады.