38
ҚОРЫТЫНДЫ
Оқыту тек білім берудің төңірегінде ғана болмайды, ол оқушының жеке
тұлға ретінде жан-жақты дамуына да тікелей қатысты болады.
Оқытудың
қаншалықты табысты, ойдағыдай өтетіні,
сондай-ақ, білім алушылардың
қандай қиындықтарды басынан өткізетіндігі
туралы ақпаратты мектептің
тиімді бағалау жүйесі көрсетеді. Сондықтан жаңартылған білім беру
мазмұнын енгізу кезінде критериалды бағалау жүйесі қолданылады.
Бағалау барысында қарапайым субъективті сандық бағаларды тіркеуден
сапалы, объективті бағалауға өту жоспарланған.
Оқу нәтижелерін бағалау
барысында жаңа формалар енгізілмек: балдарды қоюды қарастыратын
жиынтық бағалау мен кері байланыс беруді
қамтитын қалыптастырушы
бағалау.
Мұғалімдерге көмек ретінде білім алушылардың оқу жетістіктерін
қалыптастырушы және жиынтық бағалау үдерістерін
жоспарлау,
ұйымдастыру мақсатында практикалық ұсыныстар берілген. Атап
айтқанда, бағалауды өткізудегі қолданылатын әр түрлі бағалау түрлері
(қалыптастырушы және жиынтық), олардың формалары (топтық, жұптық,
жеке), бағалау критерийлерін құрастыру, кері байланыс беру, баға қою және
тағы да басқаларын қамтитын мысалдар жиынтығы.
Осылайша, бағалаудың жаңа құралдарын енгізу де жоспарланған:
критерийлер, әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар,
дескрипторлар, оқу
жетістіктерінің деңгейлері, балдар, баға, т.б. –
бұл оқуда және бағалауда
мұғалімдер мен оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпалын тигізеді.