Бастауыш сынып мұҒалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұСҚаулық «назарбаев зияткерлік мектептері»


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті



бет6/30
Дата14.09.2023
өлшемі154,04 Kb.
#107848
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30
Байланысты:
Бастауыш сынып-emirsaba.org

9
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті 
бастауыш білім беру стандарты
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш
білім беру стандарты (бұдан әрі - ҚР МЖМББС) бойынша білім
алушылардың дайындық деңгейін, білім беру мазмұнын, білім алушылардың
оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлемін, оқу мерзіміне қойылатын жалпы
талаптардың жиынтығын анықтайды.
Бағалаудың стандарты болып табылатын күтілетін нәтижелер пәндер
бойынша ҚР МЖМББС-нда таксономиялық тәсіл арқылы ұсынылды.
Таксономиялық тәсілдер негізінде білім беру деңгейін аяқтау бойынша білім
алушылардың білуі, түсінуі, қолдануы, талдауы, жинақтауы және бағалауы
анықталады.
Оқу бағдарламасы
Оқу бағдарламасы әр пәннің мақсатын, құндылықтарын белгілейді,
мұғалімнің ұстанымына сәйкес педагогикалық тәсілдерді қысқаша
сипаттайды. Бұл құжат әр пәннің құрылымы мен мазмұны туралы
ақпараттарды қамтиды. Оқу бағдарламасының мазмұны бөлім, бөлімше,
ортақ тақырыптар бойынша берілген.
Оқу жоспары
Оқу жоспарында оқу бағдарламасының мазмұны пәндер бойынша
оқытудың ұсыныстары сыныптар арқылы көрсетілген. Мұғалімдер оқу
жоспарында көрсетілген іс-шаралар түрлерін білім алушылардың оқу
бағдарламасы мазмұнын білетініне және барлық оқу мақсаттарына жеткеніне
көз жеткізу үшін қолдануына болады.
Мұғалім мен білім алушылардың сабақта нәтижеге қол жеткізуі үшін оқу
мақсаттарына қатысты ортақ түсініктері болуы маңызды. Ортақ түсініктің
болуы үшін мұғалімдер оқу жоспарында көрсетілген түрлі стратегияларды
қолданады.
Жалпы бастауыш білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын 
білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың оқу жетістігін 
критериалды бағалауды өткізу тәртібі
Құжатта мемлекеттік жалпыға міндетті бастауыш білім беру
стандартына сәйкес бастауыш білім берудің оқу бағдарламасына енгізілетін
және апробацияланатын Қазақстан Республикасы бастауыш білім беру





10
ұйымдарындағы білім алатын білім алушылардың оқу жетістіктерін
бағалауды ұйымдастыру, өткізу тәртібі анықталады және төмендегідей
бағалау рәсімдерімен реттеледі:
• қалыптастырушы және жиынтық бағалауды ұйымдастыру, өткізу
рәсімдері;
• тоқсандық жиынтық бағалаудың модерациясын өткізу рәсімдері;
• тоқсандық және оқу жылына қойылатын бағалар рәсімдері;
• білім алушылардың портфолиосын жүргізу бойынша ұсыныстар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет