Бастауыш сынып мұғалімі: Ахметова А. Е. Бастауыш сынып оқушыларының ойын арқылы танымдық қабілеттерін дамыту



бет2/4
Дата12.10.2022
өлшемі0,51 Mb.
#42570
1   2   3   4
Байланысты:
0003ce1b-a236feb3

Іс-әрекет
Коммунткативті
Таным
Оқу
Шығармашылық
Ойын
Ойын технологиялары - оқу-тәрбие мiндеттерiн шешуге бағытталған әр түрлi
ойындарды қолдануды көздейтiн дидактикалық жүйелер. Бала сөздiгiне жаңа сөздер
енгiзуге арналған дидактикалық ойындарды қолдану арқылы балалардың ақыл-ой қызметтерi
де ерекше дамитындығын байқадым.Әсiресе, қазақша сөздердiң құрылымдарын
байқататын
лексикалық жаттығулары бар дидактикалық ойындар барысында балалардың ойлау,еске сақтау қабiлеттерi жетiле түстi.
Ойынды өткізу түрлері
Жалпы
Топтық
Жекелей
Ұжымдық
Жұптық
Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекеттер, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.Ойындардың iшiнде берiлiп отыратын сәттiк ойын-тапсырмаларды әр түрлi вариантта оңтайлы ұйымдастыру балалардың сөздiк мөлшерiн бекiтiп отырады, әрi оларды сөйлегенде еркiн қолдануына бағыт бере түседi. Сөздiң құрылымдық жағын аударуға үйрететiн жаттығулар қолдану да тиiмдi екенiн көрсеттi. Мысалы: “Сөздi қысқартып айт”(үйшiк-үй,балақай-бала, құлыншақ-құлын…) “Екi сөзден бiр сөз құра” (су құй - суқұйғыш, шаң сор- шаңсорғыш…) “Сөзге не қосылған” (қала-қалашық, бота-ботақан, ән-әншi, дәрi-дәрiгер….) , “Сөз сыңарын
Дидактикалық ойындардың оқыту мазмұнына сәйкес төмендегідей түрлерін қолданып отырдым.
Ойын-тапсырмалар
«Қысқартып айт» (жылқы бағатын адам- жылқышы, көйлек тiгетiн адам – тiгiншi…..).
Ойын–жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі - логикалық астарында болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.
.
Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде ашып көрсетіледі. Мысалы: «Бауырсақ» ертегісінің желісімен орманға саяхат жасай отырып, кездесетін аңдарды атап, оның ерекше қабілеттерін сипаттап көрсету.
Ойын - болжамдар. Бұл ойындар «Не болар еді?.....», «Мен не істер едім, егер....» деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюда ерекшеленеді.
Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие. Ойынның құндылығы - олар эмоциональдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік туғызады.
Ойын-өлеңдер. Ойын барысында өзгеріссіз жиі кездесетін ұсақ өлең түрі. Олар ойынның бір шарттарына байланысты орындалады. Мысалы, «Қаламақ» ойнаушының қалауын тақпақтата білдіретін ойын-өлеңдер қатарына жатады. «Алма кетті домалап, өзен бойын жағалап........


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет