Бастауыш сынып мұғалімі: Ахметова А. Е. Бастауыш сынып оқушыларының ойын арқылы танымдық қабілеттерін дамыту



бет4/4
Дата12.10.2022
өлшемі0,51 Mb.
#42570
1   2   3   4
«Жалғасын тап» ойыны
«Кім білгір?» ойыны
7. Сиырдың сүті қай жерінде?
8. Қандай бала сүймелі?
9. Қандай кілт аспанда болады?
10.Тауық түс көреме екен?
«Кім дұрыс пайдалана алады?» ойыны.
Плакатқа жазылған тұрақты тіркестерді тақтаға іледі, ойынға қатысушылар оларды қатыстырып әр қайсысына бір сөйлемнен жазу керек. Тұрақты сөз тіркестерін дұрыс пайлаланып, сөйлем құрай білген балалар жеңіске ие болады.
«Кім жылдам?» ойыны. Мынадай сөздердің қайталануымен аяқталған мақал-мәтелдерді кім тауып алады? Мақалдың мәнін түсіндіріңдер.
1. ........ ......... шығады,
........ ......... шығады.
2. ........ ......... ортақ,
........ ......... ортақ
3. ........ ......... –бал,
........ .........- бал.
1. Қар жана ма?
2. Келіннің сөзі қандай, баланың сөзіқандай?
3. Көрдім деген неше сөз, көрмедім деген неше сөз?
4. Бір қазанға симайтын қандай бастар?
5. Ананың сүті мен баланың тілі бірдей дейді? Сонда қалай?
6. Адамның қай жерінен нан піседі?
«Кім дұрыс пайдалана алады?» ойыны
«Кім жылдам?» ойыны



Қорыта келе, сабақта ойын элементтерін қолдануда, мынадай нәтижелерге қол жеткізуге болады:


1.Баланың сабаққа деген қызығушылығы артады
2.Жеке тұлға қалыптасады
3.Баланың шығарма
шылық қабілеті дамиды
4.Өз ойынан жаңа ойын құрастырып шығарады

5.Ойын кезінде бала өз ойын еркін айта алады.

Қорытынды

Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабақтарында ойын элементтерін жүргізе отырып оқыту мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік беріп отыр:
Ойын технологиясын қолдану кезінде оқушылар тапсырманың жауабын өз бетінше табу дағдыларына ие болды. Мен оларға тек бағыт беріп отырдым. Мұндай тапсырмаларды жүйелі, мақсатты түрде оқушыларға ұсыну арқылы олардың ой белсенділігін, өз бетінше ойлауын, оқу тапсырмаларына деген шығармашылық қарым-қатынасын арттырдым.
Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында жүргізілетін ойындардың алатын орны мен мазмұнына талдау жасап, оның оқушылардың пәнге қызығушылығы мен білімдерінің тереңдеуіне негіз болатындығын анықтадым, сабақтарда қолданылатын ойын түрлерінің құрылымын ұсындым.
Дәстүрлі сабақтарға қарағанда ойын технологиясын қолдану арқылы жүргізілген сабақтар арқылы оқушылар сапалы және терең білімге жететінін анықтадым. Яғни ойынды ойната отырып, берілген тапсырмаларды орындату арқылы оқушылардың өз бетінше жұмыс істей білу дағдыларын қалыптастырдым, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырдым, сөздік қорларын молайттым.
Сабақта дидактикалық ойынды пайдалана отырып, бастауыш сынып оқушыларының пәнге деген қызығушылығын арттырдым, белсенділік танытып, бағдарламалық материалды қажетті деңгейде меңгеруіне ықпал еттім.
Ойын балаларды ортақ мақсатқа, ұжым намысын қорғауға, оның табысына ортақтасуға тәрбиеледі. Ойынның ұжымдық сипаты өз тарапымнан жүргізілген жұмыстардың нәтижелі болуына себін тигізді. Ұжымдық ойындарда бала жолдастық мәні неде екенін түсіне бастады. Өзінің басындағы мінез-құлықтың кейбір теріс бітістерінен (тартыншақтық, менмендік, өкпешілдік, қыңырлық т.б.) ұялып, одан арылғысы келді.
Қорыта келгенде, бастауыш сыныптың оқу үрдісінде «ойын» түрлерін пайдалану біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылды.
Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. В.А.Сухомлинскийдің сөзімен айтқанда: «Ойынсыз ақыл – ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Адамды өжеттікке, батылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, байсалдылыққа үйрететін – осы ойын».

Осындай ойындарда баланың қабілеттері жақсы жетіле бастады. Мәселен, бір бала өзінің ұйымдастырғыштығын байқатса, екінші бала табанды, жігерлі екендігін аңғартты. Ұжымдық ойындар баланың моральдық, эстетикалық сезімдердің қалыптасуына да әсер етті. Мәселен, орман ішінде ойналған ойын туған өлкесінің табиғатын сүйе білуге, ондағы өзен, көлдер мен өсімдіктердің, жан-жануарлардың өміріне қызығушылықтарын қалыптастырды.
Пайдаланған әдебиеттер
1.Г.Нұрмаханова «Шығармашылық танымдық іс-әрекет нәтижесі»
«Бастауыш мектеп» журналы №10, 2004 жыл
2.Г. Бекова «Шығармашылық ізденістер» «Бастауыш мектеп» №2, 1998жыл
3.Е. Тұрсынбаева «Танымдық қабілетті дамыту және шығармашылық
жұмыстарды ұйымдастыру» «Мектеп директорының орынбасары» журналы №4, 2004жыл
4. Г.Каримова « Тіл сабақтарында шығармашылық қабілеттерін дамыту» Бастауыш білім №2,2008 ж.
5.Г.Алпысбаева, А. Әбуова «Тіл сабақтарында ойынды пайдалану әдістері» (1-4 сыныптар), Алматы – 2008 ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет