Бастауыш сынып мұғалімінің рухани мәдениеті педагогикалық мәселе ретінде



Дата14.02.2023
өлшемі18,92 Kb.
#67778
Байланысты:
Документ Microsoft Word (4)


Бастауыш сынып мұғалімінің рухани мәдениеті педагогикалық мәселе ретінде
1. Курстың мақсаты мен міндеттері.
Курсын оқудың мақсаты - рухани мәдениеттің негіздері туралы білімдер жүйесін, өзін-өзі жетілдіру қабілетін қалыптастыру, рухани мәдениеттің негіздері туралы білімдерін педагогикалық іс-әрекетте пайдалану, рухани мәдениет деңгейін көтеру болып табылады.
Пәнді оқуміндеттері:
A) мұғалімнің кәсіби педагогикалық іс-әрекетіндегі рухани мәдениеттің рөлі туралы түсініктерді қалыптастыру;
2) мұғалімнің рухани мәдениетін қалыптастыру кезеңдерінің мазмұнын ашу:
3) білім беру тәжірибесінде рухани мәдениет негіздері туралы алған теориялық білімдерін жүзеге асыруға жағдай жасау.

2. Философиядағы рухани мәдениет мәселелері.


Философия - адам мен қоғамның рухани мәдениетінің теориялық өзегі болып табылады. Адам өмірінің әр саласында қолданылатын философиялық білім - бұл іс- әрекет әдіснамасы деп түсіндіріледі.
Тұлғаның ішкі мазмұнын қалыптастыру діни философиямен де байланысты. Ортағасырлық философия табиғаттан тыс
рухани бастауға бет бұрады. Руханилық синонимі табиғаттан тыс. «жеке субстанция», ақыл - ой ерекшелігі. жаратылысы жоқ рух, адам бойындағы имандылықтың бір бөлігі ретінде түсіндіріледі.

3. Мұғалімнің рухани мәдениеті мәселелері бойынша қазақстандық және шетелдік диссертациялық зерттеулерге шолу жасаңыз.


P.Декарт адамдағы дуалистік бастау идеясының жақтаушысы болды. И.Канттың ойынша, адам бойындағы рухани бастау бізді жануарлар әлемінен ажыратады. Дж.Локк «ақылмен ойлау» қабілеті адамның рухани мәдениетінің көрінісі деп атап өтті.
Тұлга руханилыгының негізгі критерийлерін Н.А.Бердяев, В.Франкл, Э.Фрамм, Т.Де Шарден, М.Шелер төмендегідей түсіндірді.
1.Aдам болмысынын мәнін кұрайтын және тандаган жағдайда бағдар ретінде кызмет ететін негізгі өмірлік кұндылыктар туралы рефлексия.
2.Бір нәрсеге немесе біреуге, іскенемесе адамға, идеяға немесе тұлғаға бағытталған сырткы бағыт;
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қоғамдық сананы қайта түлетудің маңыздылығы туралы айтты. Ұлттық сананы сақтау және оны заман талабына бейімдеу мемле­кеттік маңызы бар мәселеге айналды. Өйткені сананы жаңғырту арқылы ХХІ ғасырда еліміздің тың серпінмен дамуына жол ашамыз.
Осы орайда Абай мұрасының тигізер пайдасы зор деп есептеймін. Ұлы ақынның шығармалары бү­гін де өзектілігін жоғалтқан жоқ. Абай­дың ой-тұжырымдары барша­мызға қашанда рухани азық бола алады.
Абайдың шығармаларына зер салсақ, оның үнемі елдің алға жылжуына, өсіп-өркендеуіне шын ниетімен тілеулес болғанын, осы идеяны барынша дәріптегенін байқаймыз. Ал ілгерілеудің негізі білім мен ғылымда екенін анық білеміз. Абай қазақтың дамылсыз оқып-үйренгенін бар жан-тәнімен қалады. «Ғылым таппай мақтанба» деп, білімді игермейінше, биіктердің бағына қоймайтынын айтты. Ол «Біз ғылымды сатып мал іздемек емес­піз», – деп тұжырымдап, керісінше, ел дәулетті болуы үшін ғылымды игеру керектігіне назар аударды. Ұлы Абай­дың «Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге» деген өнегелі өсиетін де осы тұрғыдан ұғынуымыз қажет.
Бұл тұжырымдар қазір де аса өзекті. Тіпті бұрынғыдан да зор маңызға ие болып отыр. Себебі ХХІ ғасырдағы ғылымның мақсаты биікке ұмтылу, алысқа құлаш сермеу екенін көріп отырмыз.
Ал біздің міндетіміз – осы ілгері көшке ілесіп қана қоймай, алдыңғы қатардан орын алу.
Ол үшін ең алдымен, білім беру саласын заманға сай дамытуымыз керек. Сол мақсатта ауқымды жұмыстар атқа­рыл­ғанымен, отандық білім беру ісінде әлі де олқы тұстар бар. Оны жетіл­діру жолдарын сайлау алдындағы бағдар­ламамда және өткен жылғы тамыз конференциясында нақты атап көрсеттім.
«Педагог мәртебесі туралы» заңның қабылдануы – осы бағыттағы игі бас­тамалардың бірі. Бұл – сапалы білім беру ісін жетілдіруге арналған қадам. Жалпы кез келген қоғамда ұстаз­дың орны бөлек. Мұғалімдер білімді әрі саналы ұрпақ тәрбиелеу ісінде аса маңызды рөл атқарады. Ұстазға құр­мет көрсетіп, қадірлеу – бәріміздің мін­де­тіміз. Сондықтан мемлекет мұғалім мамандығының мәртебесін көтеріп, алаңсыз жұмыс істеуіне жағдай жасауы керек.
Абай айрықша дәріптеген игілікті істің бірі – тіл үйрену. Ақын жиырма бесінші қара сөзінде өзге тілдің адамға не беретініне тоқталып: «Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі оныменен бірдейлік дағуасына кіреді, аса арсыздана жалынбайды», – дейді.
Демек, өзімізден озық тұрған жұрт­пен деңгейлес болу үшін де оның тілін меңгерудің маңызы зор.
Ал қазіргідей жаңа тарихи жағ­дайда бәріміз ана тіліміздің дамуы мен дәріптелуіне назар аударып, оның мәртебесін арттыруымыз керек. Сонымен қатар ағылшын тілін үйре­нуге де басымдық беру қажет. Жаста­рымыз неғұрлым көп тілді меңгерсе, соғұрлым мүмкіндігі кеңейеді. Бірақ олардың ана тілін білуіне баса мән берген жөн. Өскелең ұрпақ, Абай айтқандай, ғылымды толық игерсе, өз тілін құрметтесе әрі шын мәнінде полиглот болса, ұлтымызға тек игілік әкелері сөзсіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет