Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде ата-аналармен біріккен жұмыстарды жетілдіру



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата30.09.2022
өлшемі400,51 Kb.
#40968
1   2   3   4   5
Байланысты:
Ирини К Статья

№1 әдістеме. Оқушыларға тапсырма 
Мақсаты: Оқушылардың адамгершілік қасиет жөніндегі түсінігі мен 
білім деңгейін анықтау. 
Эксперимент барысы: Оқушыға берілетін нұсқау: «Мен қазір сендерге 
бір сөз айтамын, сендер сол сөзді мұқият тыңдап, ойланыңыздар. Содан кейін 
сол сөздің мағынасын қалай түсінетіндеріңді алдарыңдағы бір парақ қағазға 
жазасыңдар». 
Ұсынылатын сұрақ: «Қайырымдылық» деген сөзді қалай түсінесіңдер? 
Берілген сұрақ бойынша оқушылардың жауабын біз мынадай үш топқа бөлдік: 
1-топ – берілген сөздің мағынасын түсіндіруге ұмтылады, бірақ дұрыс емес. 
2-топ – жартылай дұрыс. 
3-топ – толық жауап бар. 
Бұл тапсырманы орындауға 37 оқушы «қайырымдылық» деген сөз «адал 
болу, өтірік айтпау» десе, 13-і «жақсылық жасау» деп жауап берді. 
3 кесте- Анықтау эксперимент нәтижесі.
Топ деңгейі 
Анықтау эксперименті 
Эксперименттік топ 
Бақылау тобы 
1-ші кезең 
2-ші кезең 
1-топ 
19 (79,2%) 
18 (69,2%) 
2-топ 
5 (20,8%) 
8 (30,7%) 
3-топ 


Бұл кестеден экспериментке қатысқан 42 оқушының 74%-ының 
қайырымдылықтың не екенін жете түсінбейтінін, 26%-ының жартылай 
түсінетінін көруге болады.
№2 әдістеме. «Сурет» 
Мақсаты: Оқушылардың ертегі идеясын қаншалықты түсінетінін 
анықтау. 
Эксперимент барысы: Зерттеуші оқушыларға 3-сыныпта оқылған 
«Байлық пен ақыл» ертегісін нақышына келтіріп әңгімелеп берді. Оқушылар 
бұл ертегімен жақсы таныс екенін жасырмады. Кейін зерттеуші оқушыларға 7 
минут ішінде осы ертегіге қатысты сурет салу жұмысын тапсырды. Бірақ 
салынған сурет ертегі идеясын аша алатындай болу керектігі ескертілді. 
Берілген тапсырма бойынша оқушы жұмысының көрсеткіші үш топқа 
бөлінді: 
1-топ – ертегі идеясы ашылған жоқ. 
2-топ – жартылай ашылды. 
3-топ – ертегі идеясы толық ашылды. 


Жұмыс қорытындысы бойынша 27 оқушыда ертегі идеясы ашылмаған, 
яғни оқушылардың бір тобы ертегі кейіпкерлерін ғана салумен шектелсе, енді 
бір тобы асыл тасты жүзікте не күміспен және асыл тастармен әшекейленген 
белдікті салып, бояп көрсеткен. Ертегі идеясы 23 оқушыда жартылац ашылған, 
яғни оқушылар әкесі мен кенже баланың әңгімелесіп жатқан кезін бейнелеген. 
Олай болса, оқушылардың ертегі идеясын қаншалықты түсінетінін №4 
кестеден көруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет