Бастауыш сынып оқушыларын казак тілі сабағы арқылы отан сүйгіштікке тәрбиелеу


Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу



бет5/8
Дата09.05.2022
өлшемі274,32 Kb.
#33789
1   2   3   4   5   6   7   8
1. Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу.

1.1. Бастауыш сынып оқушыларына ана тілі сабағында отансүйгіштік тәрбие жайында жалпы түсінік беру.

Азаматтық тәрбие сана-сезімді, дүниетанымды қалыптастырудан басталып саяси идеялық тәрбие арқылы отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа әкеледі. Отансүйгіштік, ұлтжандылық, патриотизм, отаншылдық деген сөздер бір ұғымды білдіреді. Отансүйгіштік - отанға деген сүйіспеншілік, бойындағы күш-қуатын, білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау, туған жерін, ана тілін, елдің әдет-ғұрпы мен дәстүрін құрмет тұту. Отансүйгіштік грекше patriotes- отандас, patris-отан, туған жер деген ұғымды білдіреді. Отансүйгіштік - адамның бойындағы сезімге байланысты. Шәкірттердің сол сезімін ояту, өзін өз елінің азаматымын деп сезіне білу, өзінің бүкіл елімен және халқымен туысқандығын сезу, адамды қолдап, отыратын өзінің күші мен мүмкіндіктерін, сенімін нығайтатын ең күшті сезім болып саналады. Отансүйгіштік ұғымы елдің саяси құрылысына, оның саяси мекемелеріне сүйіспеншілік пен халықтың құрамын, өзі өмір сүріп отырған мәдени ортаға (мәдениетке, адамгершілікке, елдің әдет-ғұрпына) халықтың сүйіспеншілігін, өзі өмір сүріп отырған әлеуметтік ортаға (елдегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарға, оның еңбек жағдайларына) халықтың сүйіспеншілігі мен құрметін қамтиды. Қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу міндеттеріне:



  • Қазақстанда өмір сүріп жатқан әрбір ұлт өкілдеріне ұлтжандылық, отансүйгіштік сезімді түсіндіру;

  • Қазақстанда қызмет етуді мойындату;

  • Қазақстанды ішкі немесе сыртқы жаудан қорғауға дайындау.

Қазір буржуазиялық, пролетариаттық патриотизм жоқ. Әр мемлекет өз мүддесін қорғайды. Сондықтан елдік, отандық патриотизм немесе отансүйгіштік тәрбие бар

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген қоғамда жаңа идеология қалыптастыру керек болды. Бұл идеологиялардың негіздерін «патриотизм», «қазақстандық отансүйгіштік» және «ұлтжандылық» ұғымдары құралады.



Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Қазақстанның отаншылдық сезімін тәрбиелеу білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен жоғарғы оқу орындарына дейінгі орталықтарда барлық ұйымдарда көкейкесті болып табылады. «Балаларды Отанды , туған жерді, өзінің халқын сүюге тәрбиелеу-мұғалімнің аса маңызды, аса жауапты да қадірменді парызы"-деген еді. Әр дәуірдің тарихи кезеңдерінде Отансүйгіштікке тәрбиелеудің өзіндік мүдделері болады. Ол ең алдымен, "ұлтжандылық", отансүйгіштік", " патриотизм" ұғымдары сол заманның ақиқаты – наным- сенімінен туындайды. Еліміз егемендік алғаннан бері жас ұрпақ тәрбиесінің темірқазығы-қазақстандық патриотизм болды. "Қазақстандық патриотизм" ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді

Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата-жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді. Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм - Отан-анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім пен білікті, ақыл-парастатты ел игілігіне жұмсау, ата-мекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің өткенін, тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм құрамына кірсе керек

Патриотизм идеясының дамуы Аристотель, Платон, Цицерон есімдерімен де байланысты. Цицерон Отанға деген қатынасты патриоттық санадан іздестіреді. “Ең мәртебелі ой- толғамдар Отанның игілігі жайында болмақ”, -дейді Цицерон “Мемлекет туралы диалогінде”. Патриотизм идеясының дамуына француз материалистерінің, неміс философтарының да қосқан үлесі мол. Орыс революционер – демократтары да көптеген құнды идеялар көтерді. Жүсіп Баласағүни, Қожа Ахмет Яссауи, Әбу Насыр Әл-Фараби, Махмуд Қашғари т.б. еңбектерінде келелі, пікірлер айтылған. Асан Қайғы, Шалкиіз, Бұхар жыраулар, Махамбет Өтемісұлы да өз шығармаларына арқау етті. Патриоттық сезімді қазақ ағартушылары Ш.Уалиханов, Ы.Алтынсарин, Абай шығармаларынан да байқауға болады. Отаншылдық сезім – адамға туа біткен қасиет емес. Ол адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық , саяси -әлеуметтік құбылыс

Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Осыған орай Н.Ә.Назарбаев, - патриотизмді "әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде-бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау"- деп белгілеген. Егемендік алған бастапқы күндерден-ақ патриотизм ұғымы, оның мазмұны төңірегінде пікірталас жүріп келді. Одан, "ұлттық патриотизм", "қазақстандық патриотизм" - деген екі ұғымның туындағаны белгілі. Бірақ, өсіп келе жатқан жас буындарды отаншылдыққа тәрбиелеуде бұл екі ұғымның қайсысын ұстанған жөн; олардың мазмұндық құрылымы қандай ой-тұжырымдар жүйесінен тұрады; бұдан былайғы кезде жастарды патриотизмге бұрыннан қалыптасқан әдіс-тәсілдері, формалары мен мазмұнын қолдануға бола ма?, - деген сияқты көптеген проблемалар туындап отыр. Бүгінгідей демократиялық бағыт ұстанып отырған қоғамда, балалар мен жастардың тағдыры өздеріне, отбасының материалдық ахуалына байланысты болып отырған жағдайда патриотизмнің маңызын айқындау басты мәселелердің бірі екені даусыз. Біздің пікірімізше, өсіп келе жатқан жас буындардың бойында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру үшін: әр ұлттар мен ұлыстар тек өз мәдениетін ғана танып білуі жеткіліксіз, сонымен қатар олар бір-бірін танып біліп, құрметтеуі тиіс

Мектеп оқушылары қазақ халқының тарихы мен мәдениетін, өз болмысында еш бұрмалаусыз танып, білуі шарт. Бастауыш сынып оқушыларының бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда ана тілі пәндерінің алатын орны ерекше. Отанын сүйген, елін жаудан қорғау үшін қасық қаны қалғанша аянбай шайқасатын Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын, Алпамыс тұлғалары, ақын- жыраулардың, билердің татулыққа, адамгершілікке, елін сүюге шақырған өлең жырлары , шешендік сөздері бастауыш сынып оқушыларының бойында патриоттық сезімді қалыптастыруда маңызы өте зор. Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі - Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл , дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Қасиетті сезім ананың сүтімен бірге өзінен-өзі келмейтін баланың бойында біртіндеп қалыптасатын құдіретті сезім.

Бұл сезім әркімде әр кезеңде оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып, тәжірибемен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, балабақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар әсерімен қалыптасады. Патриоттық сезім тұлғада тәрбие арқылы өсіп жетіліп патриоттық сана түрінде қалыптасады. Сондай-ақ жеке адам өз ұлтының қасиеттерін бойына сіңіруі керек.

Мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін зерттеген: С.Ешімханова, Е.Жұматаева, А.К.Ахметов, Д.С.Құсайынова т. б. ғылыми - педагогикалық, психологиялық, мектептегі іс-тәжірибелерін зерттеп бақылау нәтижесінде мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеудің бағыттары төмендегідей мәселелерді көздейді: педагогикалық практикадағы мүмкіндіктерді барынша толық қамтып біртұтас түрде оқушының жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау; әртүрлі пәндерді оқытуда және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек болатындай сипатқа ие болу, бұл бағытта жас буынды патриотизмге тәрбиелеудің теориясы мен практикасына қатысты қазақстандық, ұлттық тәжірибелермен қоса шетелдік жаңа идеяларды үнемі ашып іс жүзінде қолдану жолдарына көмектесуі керек. Мектеп оқушыларын патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін зерттеген ғалымдардың еңбектерінің қорытындылары мен тікелей мектеп практикасындағы мұғалімдердің іс-тәжірибелерінің нәтижелеріне сүйене отырып, біз мектепте патриотизмге тәрбилеу; оқушылардың нақты іс-әрекеті, мінез-құлқын ұйымдастыру, оған бағыт беруді негізге алу керек деп ұйғардық

Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір оқушыда патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ. Сондықтан оқытушылар өз қызметінде біріншіден терең патриотизм – Отанға, Қазақстанға, өз халқына деген сүйіспешілік; екіншіден - халықтар достығы идеясын ұстану және насихаттау. Адамгершілікті, өркениетті патриотизм қашан да халықтар достығының идеясымен, тәжірибесімен үндесіп жатуы тиіс. Соның бір айғағы жылда өткізілетін Халықтар достығы фестивалі. Демек патриотизм – қоғамдық сананың бір формасы, ол қоғам дамуымен бірге дамып, жаңа мазмұнмен толыға түседі.“Қоғамда Қазақстан - біздің Отанымыз, бұл ұғымға өте көп нәрсе кіреді деген қарапайым ойды қалыптастыру керек” – деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі терең ойдан туындаған пікір екенін әрқайсымыз жақсы түсінуіміз қажет.

Ежелгі грек жерінде пайда болған патриот сөзі дүниежүзілік қауымдастықтың даму тарихына және мемлекеттерді саяси жағдайға байланысты сан алуан сипат пен мағынаға ие болып отырған. Ежелгі грек ғұламалары Аристотель, Платон, Цицерон 18-ғасырда француз матералистері, неміс философтары, орыс революционер-демократтары, қазақ ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев т.б. еңбектері мен шығармаларын еліне, жеріне деген ұлтжандылық және отансүйгіштік сүйіспеншілік көрініс тапқан. Отансүйгіштік тәрбиенің негізгі мақсаты-жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың патриоттық іс-әрекеттерін саналы түрде меңгеріп алудағы талпынысын айқындайтын саяси моральдық, кәсіптік шынықтыру салаларымен қалыптастыру

Қазақ халқының батыры, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы «отаншылдық - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, өзінің мемлекетке тәуелді екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз- мемлекет деген ұғымды, оны жеке адам мен барлық жағынан өткені мен бүгінгі күнімен және болашағы мен қарым-қатынасын біріктіреді»,- деп атап көрсеткен болатын. Сондай-ақ соңғы жылдардағы педагогикалық зерттеулерде жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориялық тұстарының ескерілмей келгені де байқалады. Міне, осы проблемалардың бәрі отансүйгіштік тәрбие мәселесінің белсенділігін көрсетсе керек

Қазіргі егеменді ел жағдайында жастарды отаншылдыққа тәрбиелеу, олардың елін, жерін сүйетін, ана тілін ардақтайтын, ұлтын пір тұтатын азамат болып өсуін қамтамассыз ету-бүгінгі мектептің басты мақсаты деуге болады. Жоғарыда отансүйгіштік ұғымына берілген сипаттамалар мен зерттеушілер, ұлы ойшылдардың, қазақ зиялыларының пікірлеріне сүйене отырып, біз өз пайымдауымызды білдірдік. Отансүйгіштік-ол өзінің туған жеріне, тіліне, еліне, мемлекетке деген сүйіспеншілік сезімі, сол мемлекеттің, Отанның гүлденуіне, өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосу,қызмет ету. Ел Президенті Қазақстан халқына жолдауында: - Біз Қазақстанның барлық азаматтарының отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз, - деген болатын. Қазақстан түрлі тарихи аласапрандарды басынан өткізіп барып, тәуелсіздікке қолын жеткізген, көп ұлтты республика. Сондықтан оның берік болуы отансүйгіштік тәрбиені дұрыс жолға қоя білуге байланысты болмақ. Тәуелсіз мемлекетіміздің жаңа Конституциясында да республика қызметінің түбегейлі қағидаларының бірі - қазақстандық патриотизм деп атап көрсетілген

Қазақстандық патриотизм ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан олардың көпшілігінің туған Отаны және бұдан былай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді.

Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қазақстандық патриотизм-Отан-анаға деген сүйіспеншілік пен азаматтық ерлік, өнеге көрсетушілік, бойдағы білім мен білікті, ақыл-парасатты ел игілігіне жұмсау, атамекен мүддесіне арнау болмақ. Өз елінің өткенін құрметтей білу де осы қазақстандық патриотизм құрамына кірсе керек А.Абижанов-«патриотизмнің» мәні өте күрделі. Бір жағынан, ол ізгілікті саяси үрдіс, яки жеке тұлға хәм қоғамдық сана элементтерінен тұрса, екінші жағынан, Отанды қорғауға, нығайтуға бағытталған сезім болып табылады»-деген. Мұнда автор патриотизм деген ұғымды адамның санасы және сезімімен байланыстырып отыр, демек, болашақ азаматтардың бойына патриоттық сана-сезім орнықтыру қажет.Қазақстандағы мектеп оқушыларын пратриотизмге тәрбиелеу тақырыбы көптен бері зерттеліп келеді. Сондай еңбектердің бірі ретінде С.Қ.Нұрмұқашеваның «Қазақстан мектептеріндегі оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудің дамуы» еңбегін атауға тұрарлық. Онда,білімнің мазмұнын жаңғырту, оқулықтарға қазақстандық материалдар енгізу; оқытудың әдіс-тәсілдерін жаңғырту; оқушыларға тарихи ерекшеліктерді іздеп табу оларды оқу-тәрбие ісіне пайдалану секілді іс-әрекеттерін ұйымдастыру секілді ұсыныстар берілген

Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір оқушыда патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ. Психологияда адамның жан-дүниесі, сезім әрекеттеріне екінші сигналдық жүйенің ықпалы мол екендігі айтылады. Бұл ретте мектептердің патриотизмге тәрбиелеу жолдарын қарастыра келіп, олардың, жалпы оқушылардың сана - сезіміне ықпал ету, іс-әрекеттерін ұйымдастыру бағыттарында жүргізілгендігін анықтадық. Ұйымдастыру жұмыстарын осы бағыттар бойынша топтастырсақ, олар былайша бейнеленеді: лекторий, соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесулер, әңгіме кітаптар бойынша оқырман конференцияларын ұйымдастыру, ойын-сауық кештері, мұражайларға материалдар жинау фото қалқаншалар, фотоальбомдар жасау тағы басқа іс-әрекеттерді ұйымдастыруға бағытталған. Тәрбиелік іс-шараның бағыттары «ұлтжандылық, ұлттық патриотизмдік» сананы қалыптастыру болса, ол-ар, намыс, ождан, қарыз, парыз секілді тағы басқа ұғымдар мен түсініктерді нақтылауды; олар туралы оқушы білімдерін жетілдіруді және олардың ауқымын кеңейтіп, тереңдетуді; сөйтіп Отан, мемлекет, ел, ұлт, халық, атамекен секілді киелі ұғымдармен байланысын ашып көрсетуді талап етеді. Өсіп келе жатқан жас буындардың бойында ұлттық патриотизмді қалыптастыруда, олардың әрқайсыларының «өзін ұлтының перзентімін» деп сезінуін нысанаға ала отырып, Қазақстандағы дәл бүгінгі жағдайда «ұлтты сақтап, одан әрі өркенін өсірудің кепілі»,-деп білген жөн. Мұның өзі «ұлт дегеніміз - ұлттың өзін-өзі билеу идеясы басын құраған адамдардың шынайы жүрек жарды бірлестігі» деген идеядан өрбиді

Патриоттық сезім- келтірілген киелі ұғымдармен байланысты: қуаныш, мақтаныш, күйіну, сүйсіну секілді т.б. эмоция спектілеріне қозғау салу, ояту, дамыту, қалыптастыру мәселелерін шешуді де көздейді. Патриоттық сезім- жоғары сезімдер тобына кіреді деген пікірдеміз. Өйткені ол «қоғамдық мәнді және көңіл күйге байланысты моральдық сезімдерге» қатысты болып келеді, ол сананың жетілуімен тығыз байланысты дамиды. Қоғамдық тәрбиенің ықпалымен патриоттық сезімдер тұрақтанып, оқушының іс-әрекеті, мінез-құлқынан, сөзі мен ісінен көрініс беріп, ұлты, халқы, Отаны үшін қызмет етуге дайын тұрады

Философиялық еңбектерді талдау барысында біз «Отан» және «Атамекен» ұғымдарының іс-жүзінде мағыналас екеніне, бірақ Қазақстан Республикасы осы мемлекетте туып, тұрғылықты тұрып жатқан барлық ұлт өкілдеріне Отан болғанымен тек тұрғылықты қазақ халқына ғана Отан және Атамекен болып саналады.

«Отансүйгіштік» ұғымының құрылымын айқындау кезінде біз үшін М.Н.Росенко ұсынған «моральдық таным» деген ұғым жақын болды. М.Н.Росенко бойынша моральдық таным тұлғаның мінез-құлық нормалары мен принциптерінде, нысаналы қондырғыларда, сенімдерінде анықталады. Ол адамдар арасындағы қарым-қатынастарда реттеуіштердің екі деңгейінде қызмет етеді: олар эмоционалды-сезімдік және рационалды-теориялық. Осылардың негізінде моральдық танымнан туындайтындардың бірі ретінде эмоционалдық және интеллектуалдық компоненттерді қамтиды. Интеллектуалдық компонеттерді қалыптастыру өз Отанының тарихы, мәдениеті, дәстүрлері және т.б. туралы білімдерді игеруді көздейді. Оқушы патриотизмнің қалыптасуы мен дамуына әсер ететін оқу-тәрбие факторларын айқындау кезіндегі өз зерттеулерімізде біз этномәдени білім берудің мемлекеттік тұжырымдамасында көрсетілген үш бағыт туралы ережеге арқа сүйейміз: институционалдық (балабақша, мектеп, гимназия, лицей, колледж, ЖОО-лар және т.б ); институционалдық емес (курстар, кітапханалар, бұқаралық ақпарат құралдары, мәдени ұйымдары, орталықтар, қоғамдық ұйымдар, діни ұйымдар), ресми емес (отбасында оқыту мен тәрбиелеу, достармен, таныстармен, көршілермен араласу және т.б.)

Қазақстан мемлекетінің егемен ел болып қалыптасып өркендеп гүлденуі ұлттық біртектілікті сақтаудан басталады. Оның басты құндылықтары-ана тілі, ұлттық рух, діни наным-сенімдермен тығыз байланысты. Бүгінгі күнге дейін сақталып, тәулелсіз мемлекетке ие болу дәрежесіне дейін көтеріліп отырған қазақ халкының тарихына көз жіберсек сонау Күлтөгін, Білкеқаған, Тоныкөктен бастап ерін, елін, жерін, тілін, ділін қорғаудағы өшпес ерліктерге толы. Күлтегін жазбасында:

Кедей халықты бай қылдым,

Аз халықты көп қылдым…

Түркі иелігінен айырылған халықты

Ата-баба мекеніне орнаттым…- дейді.

Жоңғар сияқты алып империямен алысуға, Ресей патшалығының зеңбірегіне қылышпен қарсы шабуылға щығуына да осы потриатизмнің қуатты күші. Ежелгі ата-бабаларымыздың күмбірлеген күміс күйі, сыбызғы-сырнайының үні, асқақтата салған әсем әні, ғашықтық жырлары, шешендіксөз, айтыс өлеңдері, ою-өрнектері мен бостандық үшін жері мен елін қорғаған батыр бабаларымыз туралы тарихи дастандарды ғасырлар бойы өз ұрпағын өнегелі де өнерлі, адамгершілік ар - ожданы жоғары намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені тарихи шындық. Олай болса тәуелсіздік туы желбіреген еліміздің болашақ отансүйгіш ұрпағын тәрбиелеуде олардың бойына ізеттілік, қайырымдылық, кішіпейілділік, әдептілік, елін, жерін, Отанын сүйушілік секілді ең асыл қасиеттерді қаны мен жанына сіңіруде осы ұлттық құндылықтарды басшылыққа алсақ, өте ұтымды болар еді

Туған жерге деген ыстық сезім, атамекенге деген құрмет пен қадыр- қасиет тұтуды ұлы дала ойшылдары Қорқыт ата, Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари т.б. айтқан болатын.

Қазақ тарихын тұңғыш зерттеуші ғалым Ш. Уалиханов өзінің патриотық сезімін білдіре келіп, Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай (матрешка сияқты бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде бір сандық), мен ең алдымен өз отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртым, руластарым, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстары, Ресей жұртын қадірлеймін,- деген екен.

Ең алғаш қазақ балалары үшін халық мұрасына, салт-дәстүріне, ерлік, адамгершілік тәрбиесіне негіздей отырып, оқулық жазған Ы.Алтынсарин болды. Ол көшпелі елдің басына дүнияуи ғылым-білім, өнер үйретуді армандады.

Абай Құнанбаевтың еңбектерін зерделеп қарайтын болсақ жастарды ерлік рухта, потриатизімге баулып, намысын, ар-ожданын, адамгершілік қасиеттерін оятуды үнемі мақсат етті. Оның Азаматтың бәрін сүй бауырым-деп деген сөзі ұлы гуманистік идеяның айқын көрінісі еді.

Қазіргі қоғам адам тағдырына жаңа көзқараспен қарап, соған сәйкес оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамытуды, халықтық әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің негізінде ұлттық сана-сезімді қалыптастыруды, оқушыларың білім сапасын жетілдіруді талап етуде.

Орта мектепте оқытылатын жаратылыстану курстарының мазмұндарын халық педегогикасымен сабақтастырудың мүмкіндіктері мол. Осы мүмкіндіктердің бірі- жаратылыстану пәндерінің сабақтары мен сыныптан тыс жұмыстарында халық педагогикасы арқылы оқушылардың атамекенге сүйіспеншілігін қалыптастыру.

Педагогикалық зерттеулерде оқушылардың атамекенге сүйіспеншілігін қалыптастыру мәселесі жеке дара қарастырылмаған, көптеген зерттеулерде оқушыларға адмгершілік (Р.Төлеубекова, Р.Елубаев, А.Қисымова, Ж.Сәдірмекова, А.Аманжолова, С.Әбілдина ), патриоттық (К.Әбілғазиева, А.Жұмаханов, С.Иманбаева,) т.б. тәрбиелерімен үнемі бірге жүріп жатыр. Біздің ойымызша, атамекенге сүйіспеншілікті қалыптастыратын тәрбиемен білім беру мәселесін арнайы зерттеулерде жеке бағыт ретінде бөліп қарастыруға болады, өйткені оның өзіндік мақсаты мен өзіне тән міндеттері бар. Бүгінгі таңда атамекен ұғымына әр ғылым саласындағы ғалымдар әртүрлі анықтамалар беріп жүр. Атамекен сөзі араб этимологиясында мекен – жай, орын деген сөзден туындап, кір жуып, кіндік кескен аймақ, өңір дегенді білдіреді. Атамекен сөзі түркі қауымына ортақ ата сөзімен қосылып, әуелде ата қоныс ұғымында қолданған

Атамекенге деген сүйіспеншілік Асан Қайғы бастаған XV-XVIII ғғ. Ақын-жыраулардың сыртқы жаудан қазақ жерін қорғаудағы ерлік және жауынгерлік дәстүрлерінде, қазақ демократ-ағартушыларының ұлттық мұраларымызды өркендету жолындағы еңбектерінде, қазақ зиялыларының қазақ қоғамын, оқу-ағарту және мәдениет салаларының дамуына қосқан үлестерінде, Ұлы Отан соғысында қазақ жауынгерлерінің Кеңестік Отанды қорғаудағы көзсіз ерліктері мен кешегі Желтоқсан оқиғасында өрімдей қыздарымыз бен жігіттеріміздің еліміздің бостандыққа ұмытылып, азаттық алу жолындағы күрестерінде көрініс тапты. Атамекенге сүйіспеншілікті қалыптастырушы тәрбие адамгершілік тәрбиесімен тығыз байланысты. Өйткені адам бойындағы асыл қасиеттер атамекенге деген сүйіспеншіліктен де туындайды. Оқушылардың атамекенге деген сүйіспеншілігін қалыптастыруда жеке тұлғаның әлуметтік жағынан құнды, жағымды қасиеттерін дамыту ғана емес, сонымен халық педагогикасы арқылы оқушыларға сапалы білім беріліп, біліктері мен дағдыларын орнықтыруға да назар аударылған.

Атамекенге сүйіспеншілікті қалыптастыру кең мағынада ұйымдастырылған педагогикалық іс-әрекет, ол оқушыларға халық педагогикасы негізінде сапалы білім беру, оларда іскерлік пен дағдыны дамытуға шығармашылықты арттыруға, жеке тұлғада атамекенді қадірлеу, сүю, көркейту секілді атамекенге деген сүйіспеншіліктің белгілерін, қалыптастыруға, саяси сана мен ойлау қабілетін арттыруға бағытталған. Мысалы география пәнінде оқушылардың атамекенге сүйіспеншілігін қалыптастыратын халық педагогикасымен сабақтастыруда пәнаралық байланыстардың артатыны байқалады.

Туған өлке географиясы– тақырыбын өткенде ауылдың, яғни атамекеннің өсімдігі мен жануарларын түсіндіргенде биологиямен, атамекен шежіресін өткенде тарих пәнімен, атамекен жырларын келтіргенде әдебиетпен, тіпті атамекеннің көрікті жерлерінің суреттерін салдырғанда бейнелеу өнері пәндерімен байланыстырамыз. Мысалы, Туған өлке географиясы тақырыптарын өткенде поэзия жанры мен туған өлке материалдары арқылы оқушыларды атмекенді сүю қорғау, қастерлеу және көркейту сияқты борыштарын дамыту көзделді. Оқушылар өздері тұратын жерлердің өсімдік, жануар дүниесімен танысып су, ауа мен топырағына зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Теориялық тұрғыда өз жерлерінің тарихи шежіресіне шолу жасап, мәдениеті мен тарихын қарастырады. Нәтижесінде олардың шығармашылық, іздемпздық, орындауылық қабілеттері дамиды. Осы тақырыпты орта мектепте өткенде оқушыларға көптеген тапсырмалар беріліп, материалдар жинақталды. Ауылдың ландшафтын білу үшін оқушылар таным жорықтар мен топсеруендерге шықты. Бұл ауыл жайында өлең-жырлар жинақталған.

Сонау төңкеріс жылдарынан бастау алатын «советтік патриотизм» Ұлы Отан соғысында жеңіске жеткізді. Одан кейінгі жылдары патриотизмге баулу жан-жақты, үйлесімді дамыған тұлға тәрбиелеу, коммунистік мораль қалыптастыру аясында жүргізілді. Отаншылдыққа, туған жерін қорғауға баулу мектептің тәрбиелік жұмыстарының аса маңызды бөлігін құрады. Патриотизмнің тарихи элементтері туған жерге, ана тіліне, салт-дәстүріне сүйіспеншілік түрінде, ықылым заманнан қалыптаса бастаған. Таптық қоғамда патриотизм мазмұны да таптық тұрғыда көрініс табады, өйткені әрбір тап Отанға деген көз қарасын өз мүддесі тұрғысынан білдіреді. Патриотизм қазақ халқымен бірге жасасып келе жатқан рухани сезім болып, ауыз әдебиетінен кең орын алған. Орхон-Енесей жазбаларында патриотизмнің қайнар көзі

«Мемлекет, Отан, Атамекен, ел-жұрт» - деген сияқты ұғымдар келтірілсе, Қорқыт ата кітабында жауынгерлердің мінез- құлқына сипаттама беріледі. Отанға, елге деген сүйіспеншілік батырлықтың келіп шығу тегі, батырлардың мінез-құлық ерекшеліктері, батырлық кәсіптің маңызы, ер азаматтардың міндеті жайлы Жүсіп Баласағұни, Қожа Ахмет Яссауй, Сайф-Сайран, Әбу-Насыр-әл–Фараби, Махмұд Қашқари т.б. еңбектерінде пікір айтылған. Мектептегі тәрбие жұмысын халықтың педагогика негізінде ұйымдастыру туралы көп жылдардан бері айтылып келеді.

Егер осы идея толығымен жүзеге асатын болса, оқушыларды патриотизмге тәрбиелеу мәселесін ерекше бөліп қараудың қажеті бола қоймас еді. Өкінішке орай сабақтан тыс тәрбие жұмысы бір жүйеге түсе қойған жоқ, әлі де болса стихиялы сипатқа ие. Өсіп келе жатқан жас буындарға патриоттық тәрбие берудің психологиялық тетіктерін Ә.Алдамұратов, С.Әсімбетовалар «Азамат болу, ел қамын ойлау» атты еңбектерінде көрсеткен. Сонымен бірге Қ.Б.Жарықбаев халықтық педагогика, ұлттық психологияға қатысты еңбектерінде отаншылдыққа тәрбиелеуге мән берді. Жастардың бойында ұлттық патриоттық сана-сезім қалыптастыруға зиянын тигізіп отырған аппарат құралдарын сынай келе «Рухани жұтаңдық қайдан шығады» атты мақаламен Б.А.Абыраев жастарымыздың кафе, мейрамханаларға әуес болып, жеңіл-желпі ән-күйлерге еліктеуінің рухани жұтаңдыққа апаратынын баяндайды

Қазіргі таңда қоғамның сұранысына сай “Қазақстан Республикасының жаңа әлеуметтік даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің тұжырымдамасы” дайындалды. Тұжырымдаманың мақсаты – қоғамның әлеуметтік даму жағдайында мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің жүйесін айқындай отырып, ұлтаралық қатынас мәдениетін, еліміздің бейбітшілігі мен егемендігін сақтауға, экономикасын дамытуға ықпал ететін тұлғаны қалыптастыруға бағытталды. Патриоттық тәрбие беру тұжырымдамасында төмендегі міндеттер жүйесі қамтылды:

- Қазақстан Республикасының Конституциясына, мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстанды мекендейтін барлық халықтардың тарихына, дәстүрлеріне, мәдениетіне және ұлттық ерекшеліктеріне құрметпен қарау;

- мемлекеттік тілге, әлемдік тілдерге және ұлтаралық тіл болып есептелетін орыс тіліне, Қазақстанды мекендейтін басқа халықтардың тілдеріне құрметпен қарау;

- халықтар арасында сүйіспеншілік пен достықты, дін аралық қатынастар бойынша түсінушілікті қалыптастыруға ықпал ету;

- Қазақстан Республикасының бейбітшілігі мен тұтастығын, Отанның экономикалық байлығын дамытуға, Отанды қорғауға және жалпыадамзаттық тыныштықты сақтауға әрқашан дайын болу;

- жалпыадамзаттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық өркениеттілікті бағалау, құрметтеу (бейбітшілік, тыныштық, қауіпсіздік, еркіндік, ізгілік, тұлғаның еркіндігі мен құқығын қамтамасыз ету);

- мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің жүйесін негіздей отырып, ұлттық және әлемдік білім нәрінен сусындаған ғылыми техникалық прогресс көшіне ілесе алатын патриот тұлғаны қалыптастыру.

- Оқушыларға патриоттық тәрбие беруде мектептегі әр қызметкерлердің өзіндік атқарар міндеті бар.

- Мектеп оқушыларының бойына патриоттық құндылықтарды қалыптастыруда пән сабақтарына қойылатын негізгі талаптар айқындалды:

- пән сабақтарының мектептегі және сыныптағы жүргізілетін патриоттық тәрбие жүйесімен өзара байланыста жүргізілуі, пән аралық байланыс, өткен тақырыптармен жүйелі сабақтастық, оқушылардың іс-тәжірибесі;

- пән сабақтарының алдына қойылатын мақсатының нақты болуы және педагогикалық тұрғыда негізделуі;

- сабақтың құрылымында патриоттық тәрбиеге арналған мазмұнның қамтылуы, сабақ мазмұнының оқушылардың патриоттық іс-әрекетінің негізі болуы, берілетін білім мен оқушылардың патриоттық іс-әрекеті арасында байланыстың болуы;

- пән сабақтарында оқушылардың патриоттық сезіміне ықпал ететін материалдардың қамтылуы;

- сабақ үстінде оқушылардың танымдық, белсенділік іс-әрекеттеріне ықпал ету, сабақтағы қамтылған материалдар олардың санасына, көңіл-күйіне әсерлі болуын ескеру;

- сабақтың құрылымы, мазмұны, қолданылатын әдістері мен тәсілдерін айқындауда патриоттық бағыттарына баса көңіл аударылуы керек.

Қорыта келгенде, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы тәрбие беру оқушы бойындағы сана-сезiмдi, намысты, парызды қалыптастырумен қатар егемен елiмiздiң тәуелсiздiгiн, ынтымағын, бiрлiгiн сақтап қалатын патриот-азамат тәрбиелеуге толық мүмкiндiктердің бар екендiгі анықталды. Төмендегі сызбадан көруге болады





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет