Дәріс№3 Тақырыбы: Ғашықтық жырлары Мақсаты



Дата07.01.2022
өлшемі14,45 Kb.
#20135
Байланысты:
Қазақ халық ауыз әдебиеті, 2.02.2021, 16.00,1-курс, ВО


Дәріс№3

Тақырыбы: Ғашықтық жырлары

Мақсаты:

1. Ғашықтық жырлар жайлы білімін толықтыру

2. Ғашықтық жыр үлгілері арқылы әдебиетке деген қызығушылығын қалыптастыру

3. Әдебиет салалары арқылы дамгершілікке тәрбиелеу



Қаралатын мәселелер:

  1. Ғашықтық жырлары және олардың түрлері

  2. Қыз Жібек, Қозы Көрпеш жырларының ерекшелігі

  3. Ғашықтық жырлардағы кейіпкерлер бейнесі

Глосарий:

Қазақтың эпостық дастандарының ерекше бір бөлімі – ғашықтық жырлары. Эпостық дастандардың туып таралуы, формалық ерекшеліктері жайында жоғарыда айтылған ойлар эпостық бұл түріне де тікелей жанасты. Ғашықтық жырлардың батырлық эпостан басты – басты үш ерекшеліктері бар.

Ең алдымен, батырдың халық мүддесі жолындағы күресін негізгі тақырып ететін батырлық эпотай емес, ғашықтық дастандардың өзекті тақырыбы екі жастың бақытқа жету жолындағы тартысы, қасірет- зары, махаббаты.

Екіншіден, батырлық дастандарда шешуші рөл атқара бермейтін рулық қарым- қатынастар, тұрмыс- салт, әдет- ғұрып ғашықтық жырлардың фабуласына заңды түрде қатысады. Оларла махаббаттың меңгілік тақырыбы ерекшк түрде жырланады. Бұл ерекшелік рулық қоғамда басым болған әдет- ғұрып пен көшпелі тұрмыс жағдайларына байланысты. Мысалы, «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» дастанының драмалық негізінде «еже қабыл» салты жатыр. Бұл салт бойынша ата- аналары әлі дүниеге келмеген нәрестелерді күні бұрын аттастырып, бел құда болып қояды. «Айман - Шолпан» дастанының драмалық негізінде барымта салты және кек үшін қызды тұтқынға алған әрекет жатыр. «Қыз Жібек» дастанының желісі әмеңгерлік (левират) салтына құрылған.

Бұл дастардың батырлық жырдан үшінші айырмасы соларда образдар реалистік түрде сипатталады. Егер батырлық жырларда батыр бес жасқа келгенде-ақ ерлік жасап жатса, оның образы шындықтан шалғай, шартты түрде алынса, ал ғашықтық жырларда кейіпкерлер өздеріне қас қасиеттерімен көрінеді. Ғашықтық жырларда дастанның оқиғалары мен кейіпкерлердің іс-әрекеттері психологиялық жағынан нанымды да терең мотивировка табады. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында жалғызын, яғни ұл бала күтіп жүрген Сарыбай Қарабайдың тілегі бойынша марал атады. Оқ тиген соң келсе, марал буаз екен. Ішінен екі лақ шығады. Соны көріп дәті шыдамай шошып, түйткіл алған Сарыбай дүние салады. Ғашықтық жырларда кейіпкерлердің мінез-құлқы соншалықты айқын да нанымды суреттеледі. Бұл ретте оған жазба поэзия өкілдері де қызыға, қызғана, қатты сүйсіне қарай алар еді.

Ғашықтық жырлардан бізге сақьалып жеткендері-«Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан», «Сұлушаш» және тағы басқа дастандар.


Пысықтау сұрақтар:

  1. Ғашықтық жырлардың эпостық жырлардан ерекшеліктерін ата?

  2. Ғашықтық жырлардың бізге жеткен үлгілерін ата?


Әдебиеттер:

1.Ғабдуллин. М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. А-1974ж



2..Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті А-1977ж

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет