Бастауыш сынып оқушыларын казак тілі сабағы арқылы отан сүйгіштікке тәрбиелеу


Бастауыш сынып оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеудің мәні және маңызы



бет6/8
Дата09.05.2022
өлшемі274,32 Kb.
#33789
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Бастауыш сынып оқушыларын казак тілі сабағы арқылы отан сүйгіштікке тәрбиелеу

2.3Бастауыш сынып оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеудің мәні және маңызы.

Бауыжан Момышұлы балаларға айтқан тілегінде: «Отан сүйер ұлан болыңдар! Өз Отаныңа лайықты азамат болыңдар!» деген болатын. Сондықтан , өз Отанынымызды сүйіп, құрметтей, қорғай білейік!

Білім негізі бастауыштан басталады. Бастауыш сынып оқушыларын айналадағы дүниемен белсенді әріптестік тәрбие түрлеріне бай сезім қарым-қатынас дайындау; өзін қоршаған және өмір сүрген жаңа табиғи әлеуметтік ортаны тануға, сүюге, қорғауға, өзін ұстай білуге үйрету болып табылады. Басты назар аударатын мәселелердің бірі - отансүйгіштік. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында азаматтық пен отансүйгіштікке, өз Отаны-Қазақстан Республикасына сүйіспешілікке, мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, халық дәстүрін қастерлеуге тәрбиелеу мемлекеттің білім саясатының басым ұстанымы екендігін атап көрсетіп отыр. Отансүйгіштік тәрбиесі проблемасын зерттеумен біздің Қазақстандық бірқатар ғалымдар айналысады.

Отаншылдыққа, туған жерін қорғауға мектептің тәрбиелік жұмыстарының аса маңызды бөлігін құрайтындықтан өмірде болып жатқан бетбұрыстар қоғамдағы саяси көзқарастар әлеуметтік экономикалық өзгерістер еліміздің тарихына ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан салт- дәстүріне құрметпен қараумен қатар оны бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға жол ашып отыр.

Бастауыш сыныптардағы ана тілі – маңызды пән, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеудің негізі, қарым-қатынас жасау мен дүниетанудың құралы, баланың шығармашылығын дамытудың арнасы.

Оқушылардың патриоттық тәрбиесін қалыптастыруда ана тілі сабағында оқулық материалдарын пайдаланудың маңызы зор. Патриоттық тәрбие беру әсіресе, бастауыш сынып оқушыларына байланысты бұл мәселені шешуде ана тілі оқулықтарында берілген материалдардың мазмұнының мәні айрықша. Ана тілі оқулығын саралау барысында патриоттық тәрбиеге қатысты көптеген материалдар Отанға, елге, жерге арналған.

Оқулықта берілген әрбір тараудан кейін тақырыпқа байланысты мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, түрлі сұрақтар мен тапсырмалар берілген. Осының барлығы бастауыш сынып оқушыларында патриоттық тәрбиені қалыптастыратыны сөзсіз. Дегеменде, жеке тұлғаның бойында елжандылықты қалыптастыру бірнеше жағдайларға байланысты.

Бастауыш сыныпқа арналған оқулықтар мазмұны оқушыларға патриоттық тәрбие беруге мүмкіндік береді.

Пән мазмұнында оқушы бойында қалыптасуға тиісті мына ізгіліктерге көңіл аударылды:

-туған тіліне сүйіспеншілік – туған тілін білу, өз ана тілінде оқу мен сөйлей алу және жаза білу; ана тіліндегі шығармаларды еркін оқи білу – оқырмандық қабілет қалыптастыру аясы;

-туған жерге сүйіспеншілік – туған өлке табиғатын сүю, туған жерінің орман – көлі, тау-тасы, аң-құстарына қамқорлық жасау, оны аялау мен қорғау, күтіп баптау;

-туған елге сүйіспеншілік - өз ұлтын сүю, Отанын сүю, өз ұлтының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін қастерлеу, ұлт мәдениетінің өркендеуіне, ел экономикасының гүлденуіне үлес қосу – азаматтық аясы;

-отбасына сүйіспеншілік, ата-анасын, туыс –бауырын сыйлап, құрметтеу, қамқорлық жасау, сыйластық қатынас орната білу – кісілік қасиет қалыптастыру аясы;

-Қазақстанда мекен еткен халықтарға деген құрмет сезімін қалыптастыру – ұлт өкілдеріне, түсініктікпен қарап, сыйластық қатынас орната білу, өзге ұлттардың салт-дәстүрін сыйлау, халықтар мәдениетінен, әлемдік мәдениеттен үлгі алу - қатынас мәдениетінің аясы. [33; 56-59]

Бастауыш сынап ана тілі оқулығында оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында көптеген тақырыптар бар. Соның ішінде бірінші сынып оқулығындағы тақырыптар:

«Туған тілім» 6-бет

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар.

Туған тілім тіл болудан қалса егер,

Жүрегімді суырып-ақ алыңдар.

(Дихан Әбілов)

Осы өлеңде бастауыш сынып оқушыларын отансүйгіштікке, өз тілін құрметтеуге, қастерлеуге,оны барлық тілдерден үстем қоюға, өз ана тілін сүюге ынталандырған. Автор өз ойын белгілі сөздермен жеткізуге тырысып ана тілімізді асқақтатып көрсеткен. Егер әр елдің өз тілдері болса сол сияқты біздіңде қазақ тілімізді жақсы меңгеріп, құрметтеу керек екенін айтқан. Автор өз өлеңінде «Туған тілім тіл болудан қалса егер», «Жүрегімді суырып-ақ алыңдар» деп айтқан сөзі қазақ тілін соншалықты қадірлейтінін, қастерлейтінін, егер туған тілім болмаса мен неге өмір сүремін деген өзін өлімненде қорықпайтынын айтқан. Сол сияқты қазіргі жас ұрпақтың бойына осындай қасиеттерді сіңдіріп тәрбиелеу керек сондықтан туған тіл туралы өлеңдерді бастауыш сыныпқа көптеп енгізген.

«Отан» 39-бет

Отан - атам,

Отан - әжем!

Осы сөзім қате ме екен?!

Қате болса,

Неге біздер

Дейміз оны: «Атамекен?!»

(Әбдірашт Жарасқан)

Ана тілі сабағында оқушыларды патриоттық сезімге тәрбиелеу керек, сонда келешек ұрпақ отанын сүйіп оны қорғай біледі. Осы өлеңде оқушыларды отанын сүюге, оны қастерлеуге, адалдыққа, елжандылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу мақсатында ана тілі кітабына енгізген. Автор өз ойын Отанды ата, әже, әке, анаға теңеп оқушыларды осы ұғымдар арқылы отанын сүюге шақырған.

«Туған өлкем» 41-бет

Көгінде күн нұрын төккен,

Жерінде гүл жұпар сепкен.

Неткен сұлу, неткен көркем!

Осы менің туған өлкем!

(Өтебай Тұрманжанов)

Қазақстан жерін сұлу, әсем екенін айтып, өлеңде оқушыларды отанын сүюге тәрбиелеген. Кең байтақ, сұлу, әсем жеріміздің көгінде күн, жерінде гүл жайқалып тұрғанын автор айтып өткен. Осы сұлу, әсем, көркем Қазақстанымызды жаудың қолына түсірмей қорғап қалу керектігін оқушылардың санасына сіңдіру мақсатын көздеген. Әрбір оқушы туған өлкесін сүйіп оны қастерлеп өтуін де үйрету керектігін білдірген.

«Жусанда туған жердің иісі бар» 47-бет

Баяғы заманда қазақтың Бейбарыс деген ұлын соғысқан елдің адамдары ұстап, құлдыққа сатып жіберіпті. Бейбарыс бүкіл өмірін араб елінде өткізіпті. Қайдан келгенін есіне түсіре алмапты. Бір күні Бейбарыс сұлтан серуендеп жүріп, өсіп тұрған жусанға көзі түседі. Жұлып алып иіскейді. Жусанның жұпар иісі туған жерін есіне түсіріп, оған деген сағыныш жүрегін толқытады. Қазақта: «Жусанда туған жердің иісі бар» деген осыдан қалған.

(«Менің алғашқы энциклопедиям» кітабынан)

Оқушыларды туған жерге деген ұлы сезімдерін, өз еліне деген сағыныштарын осы мәтінде көрсетіп, түсіндірілген. Әрбір оқушы қай жақта жүрседе өз елін, жұртын ұмытпай есте сақтау керектігі айтылған. Сонда мәтінді оқып оқушылар өздеріне отанды сүйіп, оны қастерлеп, ұмытпау керек екенін ойларына түйеді.

«Қазақстан байрағы» 51-бет

Көк аспандай көгілдір

Қазақстан байрағы.

Нұрын күндей төгіп тұр

Жылдарымыз жайдары.

(Мұзафар Әлімбаев)

Қазақстан туы көгілдір түсті, қыран бүркіт, қазақтың ұлттық оюы бейнеленеген осының бәрін оқушылар біліп үйренгені дұрыс. Осы мақсатта автор өлеңінде барлық мәлімметтер көрсетілген. Ал оны оқушылар осы өлеңнен оқып біледі. Оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу үшін рәміздердің барлығын көрсетіп оны жете түсіндіру қажет.

«Біздің елтаңба» 54-бет

Алтын қанат көмкерген,

Шаңырақ бар, уық бар.

Әсем бейне сен көрген,

Жай бейне емес, ұғып ал!

(Оразақын Асқар)

Әрбір оқушы өз елінің рәміздерін біліп жүруі керек. Елтаңба туралы білімдерін арттырып, елтаңбаның бөліктерін, қандай бейне бар екенін оның жай бейне емес екенін түсіндіріп көрсеткен. Бұл өлеңде автор елтаңбаныңәр бөлігін жекелеп көрсеткен. Осы арқылы оқушылар өз білімдерін арттырып, тәрбиеленеді.

«Мемлекеттік тіл»

Егеменді елдің басты белгілерінің бірі – тіл. Қазақстан Республикасы конституциясының 7-бабында «Қазақстан Респубдикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі» деп көрсетілген.

(«Менің алғашқы энциклопедиям» кітабынан)

Әрбір оқушы өзінің қазақ тілінде сөйлеп, осы тілді жете меңгеруі керек. Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Әрбір елдің ең басты белгілерінің бірі ол тіл. Осыны оқушыларының санасына ұғындыру үшін бастауыш сыныпта оқып жатқан кезден бастап үйретеді. Осындай мәліметтер арқылы оқушыны өз тілін үйренуге, қадірлеуге, қастерлеуге, өз отанын сүюге үйретеді.

«Әнұран»

Әні


Сөзбен толығып,

Маздар бойда мал үміт.

Намыс, жігер жұптасқан,

Ол – әнұран.

(Өтепберген Ақыпбекұлы)

Рәміздердің бірі ол әнұран. Әнұранды Қазақстанда тұрған барлық ұлт өкілдері жақсы біледі. Оны әріп танығанан бастап жаттатқызып, үйрету керек сонда оқушылар әрқашан өз әнұранымызды біліп жүреді. Автор әнұранды әні мен сөзі адамға рух беріп отырады деп айтқан. Әнұранды тыңдаған әрбір адам өзіне рух алып шабыттанады.

«Ағайынбыз бәріміз»

Ақпыз, қара, сарымыз

Ағайынбыз бәріміз.

Ортақ болсын асқар тау,

Жеміс толы бақша – бау.

(Әнуарбек Дүйсенбаев)

Оқушылардың санасына отанды сүюге, мемлекетімізде тұрған әрбір ұлт өкілдерімен тату тәтті тұруға, отанды қадірлеуге сонымен бірге қастерлеуге үйрету үшін осындай өлеңдер оқып үйренгені жақсы. Оқушыларды барлығымыз бір Қазақстанда тұрғандықтан ағайын екенімізді оларды ажыратып бөлмей тату болып өмір сүруіміз керек деген сезім қалыптастыруымыз керек. Осы жолда автор өлеңіде көрсетіп жазылған.

«Балаларыма»

...Талай жылдар өтті, бірақ ешкім де біздің армияны жеңе алмады. Бұл армия Ұлы Отан соғысында фашистердің сағын сындырды. Отанның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғады.

(Бауыржан Момышұлы)

Айбынды армиямыздың қалай жеңіске жеткендігін ол үшін талай жастардың жаны қыршын қиылғаны жайлы айтылған осы мәтінді басауыш сыныптан бастап оқытып оларға патриоттық тәрбие беріп, кең байтақ жеріміз оңайлықпен келмегенін оны қадір тұту керек екенін саналарын сіңдіреді.

«Шығыс жұлдыздары»

Қапылыста қазаға ұшыраған Әлияны майдандас жолдастары «Шығыс жұлдызы» деп атады. Үкімет Әлияның майдандағы ерлігін жоғары бағалап, оған Кеңес Одағының Батыры атғын берді. Әлия Молдағұлованың асқан ерлігі мәңгі ұмытылмайды.

(Сейілхан Асқаров)



  1. Ұлы Отан соғыс жылдарында біздің елден жастарымыз тыл жұмыстарына, отан қорғауға алып кетіп жатты. Сол жылдары біздің батыр қыздарымыз Әлия мен Мәншүк өз еріктерімен соғысқа баруға келісті. Соғыс жылдарында майданда ерлікпен қаза табады. Осы туралы соғыста қалай ерлікпен қаза тапқаны жайында айтылған. Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, отанын сүйіп, қастерлеп оны қадір тұтуға үйрету керек

  2. 2- сынып. «Қартқожаның туған жері»

Ыстық қой, шіркін, туған жер! Кім сүймесін өз жерін? Сүймесе зердесіз сүймес. Жүрегі шерсіз, тілеуі бөлек, жетесіз сүймес... Туғалы ұзап шыкпаған, бауырмал әжесінің бауырында еркелеп өскен үлбіреген балапан жүректі Қартқожа қайтіп сүймесін? Қартқожа туған жерін жанындай сүйеді...

(Жүсіпбек Аймауытов)

Бұл мәтіндегі негізгі ой – туған жеріне деген ыстық махаббаты, сағынышы. Қартқожаның өз еліне, жеріне деген сағынышы. Ол туған жерінен ұзап көрмеген басқа жат елде жүріп өзінің елін сағынады. Осы еліне, жеріне деген сағынышы оның ыстық махаббатын оятады. Сол секілді оқушыларымызды жат елде жүрсекте өз жерімізді, елімізді ұмытпай оның топырағын сағынып отанды сүюге тәрбиелеу еді.

«Отан»


Гүлдердің ертемен

Қауызын ашқанын,

Көктемнің көкпеңбек,

Мөп – мөлдір аспанын,

Таулардың қол жетпес асқарын

Ұнатамын бәрін де,

Отан- ыстық оның топырағы да, өсімдіктері де, суы да әрбір нәрсесі қасиетті де қадірлі. Сондықтан отанды Ұлы Отан деп атаймыз. Әрбір азамат үшін өзінің елі, жері, отаны қасиетті. Оның топырағына ешқандай нәрсе жетпейді қай жақта жүрсекте отанымыздың топырағын аңсап жүреміз. Оқушыларға өз отанын құрметтеп, қастерлеуге бұл өлеңнің көмегі мол.

«Отан туралы»

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен онық құдіретті үнін сүйем.

(Жақан Смақов)

Отан туралы бұл өлеңде оқушыларға өз отанын сүйіп қастерлеу керек екені айтылған. Отанды сүю отбасынан басталады оның жалғасы бастауыш буында болады. Сондықтан отан туралы көптеген өлеңдер, мәтіндер ана тілі кітабында берілген. Соның ішінде отан туралы өлеңдер оқушылардың отанға деген сезімдерін оятады.

«Кімнің мекені жақсы»

Бір күні құрбақа, тышқан, құмырсқа – үшеуі кімнің жақсы мекені, жайлы қонысы бар екенін білмекші болып жолға шықты. Құрбақа секіріп, тышқан жорғалап, құмырсқа қыбырлап ұзақ жүрді. Талай шұңқыр, талай төмпешік артта қалды. Ақыры олар кішкентай шалшық суға кез болады. Шалшықтың маңынан борсыған иіс келеді. Шет жағасында жалғыз аяғымен қаздиып тұрған көкқұтаннан басқа бұл мағда ештене көрінбейді.

(Сәкен Жүнісов)

Әрбір адамзат немесе басқа да тіршілік иелеріне өздерінің мекені өмір сүретін отаны ыстық. Сондықтан бұл мәтінде тышқан, құрбақа, құмырсқа үшеуін мысалға алып көрсеткен. Үшеуіде өз мекендерінен басқа жерге барып тұрып ол жердегі көп нәрсе ұнамай өз мекендеріне қайтып, әрбірі өзінің мекендерін мақтайды. Сол сияқты бізде басқа елге барып өз жерімізде жүрген секілді жүре алмаймыз. Сондықтан оқушыларымызға өз отанын қадірлеуге үйрету болып табылады.

«Қазақстан»

Дүрсілдейді сонау Балқаш жағасы,

Баршы өзің, көңіл қойып қарашы!

Тұр ғой соғып туған дала жүрегі,

Жеріміз бар қасиетті, киелі,

Сен бақытты, атам қазақ баласы.

Бұл өлеңде оқушыларға патриоттық тәрбие беретін өз отанындағы көлдерді, тауларды, өзендерін сүюге арналған. Қазақ жерін құрметтеп, қадірлеп, қастерлеп ұлық тұту әрбір азаматтың міндеті екенін оқушылардың санасына ұғындыру.

«Батырдың мінезі»

Шайқас кезінде жауынгерлерге жігер беретін ең күшті жебеуші нәрсе не, Бауке? – деп сұрадым батырдан.


  • Командирдің жеке басының қайраты, - деді Баукең.

  • Осыған байланысты өз майдан жолыңыздан бір әңгіме айтып беріңізші Бауке?

  • Немене мақтауым керек пе?

  • Жоқ, болған оқиғаны айтып беруіңізді сұраймын.

  • Тыңда ендеше...

(Нығмет Ғабдуллин)

Осы мәтінде оқушылардың санасына енгізетін отансүйгіштік тәрбие. Отанды сүйіп, қастерлеу әрбір азаматтың міндеті сондықтан болашақ ұрпақ санасына бастауыш сыныптан бастап береміз. Ұлтжанды азамат әрқашан өз отанын қорғайды. Бұл мәтіндегі оқиға оқушыларға отаншылдық сезімдерін оятып қалыптастырады.

- Біз бүгін еліміздің бас қаласы – Астана қаласына саяхатқа барамыз, - деп мұғалім оқушыларды үлкен куанышка кенелтті. Астана саяхатшыларды Есіл өзенінен ескен қоңыр салқын самалымен, құшақ жайған кең даңғылдарымен қарсы алды. Бұл даңғылдар бойында жақында ғана салынған өте әсем ғимараттары бар.

(Н.Айтов)

Астана - бас қала. Қазақстанның астанасы. Оның әсемдігі мен көркемдігіне ешқандай қала жетпейді. Оқушылардың Қазақстан жеріне оның әрбір қалаларына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Суларына, аспанына, ғимараттарына деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады.

88-бетте Қазақстан Республикасы Ммелекеттік Әнұраны жазылған. Бұл Әнұранды Қазақстан Республикасының әрбір азаматы жатқа білуі қажет сондықтан бастауыш сынып оқулығына енгізген.

«Бостандық таңы атты»

Бостандық таңы атты,

Қазағым, көріңдер.

Арға ие басшының

Соңынан еріңдер.

(Шәкәрім Құдайбердіұлы)

Автор бұл өлеңінде бостандық, тәуелсіз ел болғанымыз жайлы айтқан. Тәуелсіз ел болғандықтан еліміздің басшысының артынан еріп одан әрі тәуелсіздігімізді мықты етіп орнатып сағымызды ешкім сындыра алмайтындай етуіміз керек екені жайлы дәріптеген. Тәуелсіз елдің балалары еріншектіктен, жалқаулықтан арылып білімді, жігерлі, намысты болуға шақырған.

«Үш бақытым»

Ең бірінші бақытым – Халқым менің,

Соған беремін ойымның алтын кенін.

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің.

(Мұқағали Мақатаев)

Үш бақыт – халық, тіл, Отан. Осы үшеуін қастерлеп, қадір тұтып әрқашан биікке көтеріп жүруіміз қажет. Автор бұл өлеңде әрбір халықтың өз отанын қадірлеуге шақырып оқушылардығ санасына отансүйгіштік сезімін енгізуге болады. Ана тілі оқулығына енгізілген Мұқағали атамыздың өлеңі кең ауқымды, мағынасы терең өлең. Бұл өлеңді жаттап өскен ұрпақ отанды, тілді қадірлеуге үйренеді.

«Туған тілім»

Туған тілім – бабам тілі – өз тілім!

Туған тілім – анам тілі – өз тілі!

Тған тілім – далам тілі – өз тілім!

Туған тілім – адам тілі – өз тілім!

(Дихан Әбілев)

Туған тіл – ол ең қасиетті де қадірлі. Сондықтан өз ана тілімізді жетік білуіміз шарт. Туған тіліміздің қадір-қасиетін түсіндіру оқушылардың ана тілде сөйлеп өз тілдерін ұмытпауына осы өлеңнің көмегі мол. Автор осы өлеңде ана тілімізді дәріптеген бұл өлеңді оқулыққа енгізіп оқушыларға ана тілімізді қадірлеуге, отанды сүюге, елін, жерін қорғайтын азамат болып өсулеріне көмегі мол.

«Мен елімді сүйемін»

Туған ел! Бұл кішкентай үйіңнің табалдырығынан басталады. Содан шетсіз, шексіз қияға өрлеп кете барады. Оның жұпар атқан жусаны, оның кеудеңе құйылған мөлдір аасы, жотаға өрлеген жалғыз аяқ жолдары – осының бәрі-бәрі сенің туған еліңді құрайды.

(Сырбай Мәуленов)

Әрбір адамзат өз елін қадірлеп, отанын сүйгенде ғана оны нағыз патриот деп айтға болады. Соған байланысты бастауыш сыныпта отанға, елге деген сүйіспеншілік тақырыптары қарастырылған. Автор өз шығармасында туған ел мағынасы тереңде жатқанын оны балалық шаққа, ана әлдиіне, әже ертегісіне керемет сипаттап жазған.

«Ата – бабам тарихы – менің тарихым» бөлімі.

«Халық қорғаны»

Жоңғар шапқыншылығы қазақ халқының тағдырын ойсыратып кетті. Атамекенімізге 70 мыңға жуық қолмен тұтқиылдан лап қойды. Олардың ойы қазақ халқын қырып салып, жерімізді басып алу еді.

(Ел ауызынан)

Бұл мәтінде жоңғар шапқыншылығы туралы айтып өткен тарихымызды еске түсірген. Қазақ елінің тарихын білген оқушы ертеңгі күні өз елін жаудан қорғап шығады. Осындай тақырыптағы мәтіндерді оқулыққа енгізіп оқушыларды отанды сүюге, қадірлеуге, қастерлеу керек екенін оқып үйренеді.

«Батыр Бауыржан»

Бұл 1941 жылғы қазанның бас кезі болатын. Дивизия Волоколамск стансасына келіп түсті. Полктар белгілі бұйрық бойынша сол маңнан бекініс, қорғаныс құрылыстарын жасауға кірісті. Полк командирі полктағы барлық командирлерді жинап алып, мәжіліс өткізді.

(Мәлік Ғабдуллин)

Бұл мәтінде 1941-1945 жылдар аралығында болған Ұлы Отан соғысы жайлы жазылған. Елін, жерн қорғауға ат салысқан батырымыз Бауыржан Момшұлы туралы айтылған. Отаны үшін жанын қиған батырымыздың ерліктері жайлы дәріптеген. Әрбір оқушымыз Бауыржан атамыздың ерліктерін біліп өссе ертеңгі күні өз Отандарын қорғап, қастерлеп өтетіні сөзсіз.

«Қажымұқан»

... Ипподромға халық жойқын көп жиналыпты. Трибуна алдына балуандар күресетін үлкен кілем жайылған. Тәртіп бұзушылардың басын шауып алуға әзірмін дегендей қолдарындағы қылыштары жарқ-жұрқ етіп, түрік солдаттары да алаңға келді. Офицер командасы естіліп еді, солдаттар қақ жарыла сапқа тізіліп тұра қалды.

(Мұратқан Тәнекеев)

Қазақ тарихындағы ең бірінші балуанымыз ол - Қажымұқан. Қазақ атын дүниеге жайған алғашқы қазақ балуаны. Осындай балуандарымыз қазақ ұрпақтарынан шыққандығын дәлелдеп ата-бабаларымыз секілді қайтпас, қайсар бола білді. Осындай балуандарымыз сияқты келешек ұрпағымыз болса, осындай мәтіндерді оқулыққа енгізудің оқушыларды батыр, қайтпас қайсар мінезді болып өсу үшін мүмкіндігі мол.

«Ту тіккен Рақымжан»

Соғыстың соңғы сағаттары. Берлинде әр үй, әр баспалдақ үшін қатты шайқас, қан төгіс ұрыс жүріп жатыр. Зәулім үйдің төртінші қабатында соғысып жүрген Рақымжанды батальон командирі подвалға шақырып алды.

(Кәкімжан Қазыбаев)

Соғыс жылдары қазақ батырлары өздерінің қайсарлықтарын көрсетіп үнемі өз отандрын қорғау үшін бір қасық қандары қалмағанша күресті. Осы жолда Рақымжан Қошқарбаевқа тапсырылған тапсырманы ерлікпен орындады. Туды апарып жаудың соңғы ұясына апарып тігеді. Оны көрген барша қазақ халқы оны мақтан тұтты. Бірақ Рақымжанға туды жаудың ұясына апарып тігу оңай болған жоқ. Сонда да өз жанын қиып жауға қарсы шығып қайсарлықпен туды апарып тікті.

4-сынып «Туған өлкем – тұғырым»

«Елтаңба мен Ту туралы жыр»

Сонау көне заманда, бүгінгі қазақ елінің төрінде, Ергенеқон елінде ай мүйізді, аққу қанатты қос Пырақ өмір сүріпті. Сол қос пырақты бүгінгі Қазақтың, кешегі Көк Түріктің, ертедегі Ғұн мен Сақтың ата-бабалары алғаш рет ауыздықтап, жанына серік етіпті.

(Кеңес Оразбекұлы)

Қазақстан Республикасының рәміздері Елтаңба және Ту, Әнұран. Әрбір елдің өзіне тән рәміздері болады. Сол рәміздер арқылы мемлекеттер ажыратылып тұрады. Елтаңба мен Ту туралы көптеген аңыздар бар, сол аңыздардың оқушылар санасына енгізіп отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыруға болады. Ана тілі сабағында оқушыларға отанға деген сүйіспеншіліктерін осындай тақырыптар арқылы беруге болады.

«Туған жер»

Шықшы тауға, қарашы кең далаға,

Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға.

О шеті мен бұ шетіне жүгірсең,

Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?

(Қасым Аманжолов)

Бастауыш сынып оқушыларының туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыруға осындай тақырыптарды оқулыққа енгізіп, отанға, туған жерге, отбасына, елге деген сүйіспеншіліктерін, махаббатын қалыптастыруға болады. Автор осы өлеңде туған жерді ұлағаттап жазып көрсеткен.

«Сүйемін, өскен Отаным» Сүйемін мен жерімнің

Топырағын, тасын да

Сүйемін думанды елімнің,

Кәрісін және жасында.

(Мұқағали Мақатаев)

Бұл өлеңде өз Отанын сүюге, тасын, топырағын да қастерлеп ұлық тұту қажет. Қазақ жерінің барлық көлдерін, өзендерін барлық азаматтар қорғауы үшін оларды өз отанын қорғауға, сүюге шақырып осындай тақырыптағы өлеңдермен баулуға болады. Өз отанын сүймеген азамат ол нағыз азамат емес, сондықтан әрбір азаматымызды мектеп кезінен бастап отансүйгіштікке шақыруымыз қажет.

«ҚазақстанЖақсыаттанды демессің сүйем десем,

Табынатын тәңірім, ием де сен.

Адам болып күн кешу қиын маған,

Арқа тұтып өзіңе сүйенбесем.

(Мұқағали Мақатаев)

Автор бұл өлеңде әрбір азаматты патриот болуға шақыру мақсатында осындай өлеңдерді жазып оны жас ұрпақ оқысын, білсін деген. Қазақстанды тәңірге, иесіне теңеп отанды қадірлегенін көрсеткен. Сол секілді біздің жас ұрпақта өз отанын қорғай білсін туған жерден артық ешнәрсе жоқ екенін ұғындыру қажет.

«Туған өлкем»

Қазақстаным,

Өзіңнен алдым

Бұрқанған асау жыр басын.

Өзіңсің менің мұңдасым,

Досым,


Сырласым.

(Қайрат Жұмағалиев)

Туған жеріміз кең байтақ қазақ елі туралы біздің ақындарымыз терең оймен, сезіммен жазып қалдырған. Қазақстанның кең байтақ ел екенін оны қорғау біздің борышымыз екенін түсіндіріп ана тілі оқулығындағы өлеңдерді оқып үйретуіміз қажет. Бұл өлеңде туған жерге деген махаббатын сезіндіріп жазған.

«Туған жердің ыстығы-ай»

Өткен жазда қызықты оқиғаға тап болдым. Амудария өзенінің бойында кен іздеп жүр едім. Соңында буыны қатпаған қаршадай ботасы бар нар түйе маң-маң басып өте берді. Ол өзен бойына келіп тоқтады. Түйе өзеннің арғы бетіне ұзақ қарап, боздады да тұрды.

(Қали Сапарбаев)

Туған жердің ыстық екенін сезіну үшін ұлы сезім мен махаббат қажет. Әрбір адамзат баласына өз туған жерінен артық, ыстық ешқандай нәрсе жоқ. Бұл мәтінде елге, жерге деген сағынышты көрсеткен. Адамзат болсын басқа тіршілік иесі болсын олардың барлығына туған жерлері ыстық, туған жерге ештеңе жетпейді. Автор туған елге сағынышын түйенің кейіпкер қылып жеткізгісі келген.

«Көкшетау»

Таудағы тасқындаған ағын судай,

Өлеңім басталады таудан ұдай.

Әсемін әңгіменің көп таратқан

Айтылмай қалған екен тау мынадай:

(Ілияс Жансүгіров)

Бұл өлең жолдары ақынның жазған әрбір сөзінде туған жеріміздегі әсем қалалардың бірі Көкшетау туралы. Осындай өлеңдерді оқыған әрбір азаматымыз отанға, елге, қаламызға, ауылға деген құрметі асып, сыйлап, қорғай білуге ұмтылады.

«Алматы – бас қалам,

Жас қала – Астанам»

Қарт Алатау – қазақтың қара шалы,

Өрлігіне кім оның таласады?!

Елге ғана осындай таулары бар

Алматыдай бас қала жарасады!...

(Жарасқан Әбдірашев)

Бұл өлең жолдары әрбір оқыған оқырманның жүрегін бір тебірентпей қоймайды. Біздің әсем қаламыз бен бас қаламыз туралы сөз маржандарын теріп теңеп жазған. Біздің елде ғана бар осындай қалаларды басқа елдегі қаласындай емес, әрбір жерін мақтап, мадақтап жазып қалдырған. Осындай елде өмір сүріп жатқанымыз үшін біз өзіміз мақтан тұтуымыз керек. Ал бұл өлеңдерді оқулыққа енгізіп оқушылардың отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыруға болады.

«Мен соғысты жек көрем!»

Мен соғысты жек көрем!

Мен соғысты

Жек көрем!

Көкем айтып отырса,

Кім қасірет шекпеген,

Кім көз жасын төкпеген!

(Қайрат Жұмғалив)

Соғыс кезіндегі қайғы қасірет шеккен ата-бабаларымыз жайлы жазылған бұл өлеңде. Соғыс кезінде қайғы көрмеген адам баласы қалмаған, сұрапыл соғыста біреулер әкесінен, біреулер ағасынан, біреулер баласынан айырылып жатты. Сұмдық соғысты көрген аталарымыз елдің тыныш болғанын қалап, енді қазақ елі ешқандай соғыс көрмеуі үшін дұға-тілектер айтып жатады. Ал елді қорғау қазақ баласының азаматтық борышы дейді. Азаматтық борышты орындау үшін мектеп кезінен оқушыларды дайындап отанды сүюге үйретеді.

«Шығыс шынары»

Әлияны «Артек» пионер лагеріне жіберу туралы әңгіме шығып еді, барлығы да «Молдағұлованы Артекке жіберу керек, ол үздік оқитын оқушы» деп шуласып кетті. Барлығыңыз бірдей шуламай, кезекпен сөйлеңіз. Пікірлеріңізді айтыңыз, - деді мектеп директоры.

(Әзиза Нұрмаханова)

Бұл мәтінде автор біздің батыр қызымыз Әлия туралы жазған. Әлияны шығыс шынары деп бекер айтпаған. Әлия үздік оқитын оқушы болған және мектептегі барлық іс-шараларға қатысып жүрген. Сондықтан Әлия Молдағұлованы барлық мұғалімдер жақсы көріп оны лагерге жібергіс келеді. Бұл мәтін батыр апамыздың балалық шағы туралы. Бастауыш сынып оқушысы еліктегіш болып келеді осындай тақырыпты оқыған оқшы өзі де осындай батыр, білімд болғысы келеді.

«Бала Мәншүк»

Саратовқа келгеннен кейін, Мәнсия (Мәншүктің шын аты – Мәнсия) балалар бақшасына бара бастады. Алғашқы күндері оған өте қиын болды. Бақшадағылардың бәрі дерлік орыс балалары. Ал Мәншүк болса, ауылдан жаңа келген қазақтың қызы бір ауыз орысша білмейді.

Бұл мәтінде қазақтың батыр қызы Мәншүк туралы. Мәншүктің балалық шағы туралы айтып берген өз анасы. Анасы Мәншүкті балабақшаға барған сәтінен бастап айтып берді. Ешқандай орысша білмейтін Мәншүкті орысша балабақшаға бергені туралы осы мәтінде айтылып өткен. Мәтінді оқыған әрбір оқушы өз санасына өз елінің патриоты болу керек екенін ұғынырып алады. Сондықтан осындай тақырыпты оқулыққа енгізіп көрсеткен

Осындай тақырыптар арқылы бастауыш сынып оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеуге болады. Бұл тақырыптарда оқушылардың сана-сезімі дамып отанға, жерге деген сүйіспеншіліктері артады. Халқымыздың әдебиеті мен тіл өнері бабамыздың бізге қалдырған бай мұрасы ана тілімен Отан деген ұғымдар бір- бірінен ажыратуға келмейтін түсініктер. Ана тілінің бүгінгі мен болашағына немқұрайлы қарайтын адамдар өз Отанының мүддесіне де дәл солай салғырт қарайды. Елін сүйген адам сол елдің салт санасын мәдени мұрасын қастерлеп, өнеге тұтуы тиіс. Абылай бабамыздан бастап кешегі желтоқсанға дейін азаттық үшін алысып, ұлы тұлғалардың ел тәуелсідігі жолындағы ерлік істерін ұғындыру мақсатында тәрбиелеу қажет. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері балалардың бойындағы отандық сезімді жастайынан қалыптастыру мәселесі күрделене түсті. Сондықтан «Қазақстан Республикасының жастарына үздіксіз тәлім тәрбие беру тұжырымдамасында» тәрбиенің негігі мақсаты дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, иманды, ақылды, парасатты, рухани ояу, дәрежесі биік, ар ожданы мол ,еңбекқор, іскер, талғамы жоғары және бойында тағы да басқа ізгі қасиеттері бар азаматтарды тәрбиелеу деп белгіленген. Қазақ халқы, яғни біздің ата бабаларымыз тәрбиенің негізгі мақсаты сегіз қырлы бір сырлы, жетілген адамды тәрбиелеу деп санаған. Отанын адамның өзі тануы тиіс. Оны жете біліп, қадір қасиетін ұққанда тарихын, өткен жолын, қиындық еңбектерін, рухын, тар жол, тайғақ кешулерін көз алдынан өткізіп, жанымен сезе білгенде елдің басын біріктірген жат жұрттардан жерін, суын, даласын, тауын қанын төгіп, қайсарлықпен қорғап алған ерліктерін сезіп білгенде ғана соған деген мақтаныш сезімі оянады. Жалпы кез-келген адам іс әрекеттерінде немесе басқа жағдайларда ерлік істерге бару үшін алдымен рухани жағынан дайын болуы керек



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет