Бастауыш сынып оқушыларын казак тілі сабағы арқылы отан сүйгіштікке тәрбиелеу


Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағында отансүйгіштікке тәрбиелеудің тәжірибелік-эксперимент нәтижесі



бет8/8
Дата09.05.2022
өлшемі274,32 Kb.
#33789
1   2   3   4   5   6   7   8
2.3. Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағында отансүйгіштікке тәрбиелеудің тәжірибелік-эксперимент нәтижесі.

Қалыптастыру кезеңінде эксперимент 4«А» сыныбында жүргізілген сабақтардың үлгісі мен шығармашылық тапсырмалар, ой-өрісін дамытатын ойын түріндегі тапсырмалар беріліп, осы бағытта жұмыстар істелінді. Ана тілі сабағында берілген тапсырмалар арқылы танымдық, шығармашылық белсенділіктерін дамыту жұмыстары жүргізіліп, оқушылардың танымдық және шығармашылық белсенділіктері жоғары деңгейге жетті деген ойдамын. Тәжірибелік–эксперименттік жұмысымның үшінші қорытынды кезеңі. Қорытынды кезеңінде эксперименттен кейінгі зерттеу әдістерін қарастырайық.

Әдіс 4. Ашық тест

Нұсқау: Бұл тәсіл бойынша оқушыларға ашық тесттер беріледі. Тізбектің әрбір бөлшегінде тапсырмалар берілген. Берілген тапсырмалардың дұрыс жауаптарын өздері касындағы тізбекке жазады. Зерттеуді жүргізуші баланың тапсырманы орындауға жұмсалған уақытын қадағалап, белгілеп отырады. Тапсырманы орындау кезінде берілген дұрыс жауап ұпаймен саналады, соның нәтижесінде баланың қабылдауының даму деңгейі жайында қорытынды шығарылады. Бұл тапсырманы өткен сабақта бергенде басқа тақырыпта берілген болатын. Ендігі тапсырмада «Туған өлкем – тұғырым» деген бөлімдегі Қали Сапарбаевтың «Туған жердің ыстығы-ай» мәтініне жүргіздім.



Жазушы қандай оқиғаға куә болды?




Жалғыз өркешті нар түйе қай жерді мекендеп жүр екен?




Түйе ботасын ертіп қайда ерітпекші болды?




Отан, туған жер, елін сағынған түйеден қандай үлгі алар едің?




Мәтінде жалпы не туралы айтылған?




Бағалау критерийі:

10 ұпай-бала тапсырманың бесеуін дұрыс орындап шықты, осы уақыт ішінде берілген тапсырмаларды жазып үлгеріп болды.

8-9 ұпай-берілген тапсырманың төртеуін дұрыс орындап, қалғанын орындауға уақыт жетпей қалды.

6-7 ұпай-берілген тапсырманың үшеуін дұрыс орындап шықты, тапсырмаларды орындауда уақыт жетпей қалды.

4-5 ұпай-берілген тапсырманың екеуін дұрыс орындап шықты, тапсырмаларды орындау үшін уақыт қажет болды.

2-3 ұпай-берілген тапсырманың біреуін дұрыс орындап шықты, тапсырмаларды орындау үшін уақыт жетпей қалды.

Даму деңгейінің қорытындысы:

10 ұпай-жоғары

6-9 ұпай-орташа



2-5 ұпай –төмен
Кесте 4 «Ашық тест» әдісінің даму қорытындысы.




Бақылаушы топ

Жоғары

Орташа

Төмен

Эксперименттік топ

Жоғары

Орташа

Төмен

1

Азат Жаннұр

++

+




Айтқожинов Мәди




++

+

2

Даниал жандос




+

+

Ақылбек Әминә

+

+




3

Ғазиз Қазбек




++




Асқар Мирас

++




+

4

Раханов Бекзат

++







Ахметова Алсу

+

+

+

5

Каримова Нәзгүл







++

Бейсенов Жангельды

+

+




6

Ғазиз Азиза

+

+




Бигалинова Дана

++







7

Батыр Бекзат

+

+

+

Даненов Даниал

+

+

+

8

Макашев Өмір




++




Демисенова Дана

+




++

9

Сисенгалиева Мадина

++




+

Ембергенова Бағдат

+

+




10

Мукушева Руслана

+

++




Жанакаев Адай




++




11

Құсымбаев Алан




+

+

Жолбарыс Аружан




++




12

Салназарова Жанар

+

+




Жолдыбаева Диана

2

+

3

13

Қаныбек Нұрсұлтан

+







Жумагалиев Адлет

+










Барлығы

6

4

3

Барлығы

7

5

1




Барлығы %

46

31

23

Барлығы %

53

39

8


Диаграмма 1


Әдіс 5. «Шығарма»

Нұсқау: Бұл тәсіл бойынша оқушыларға тақырып беріледі. Тақырып «Туған елге сағыныш» осы тақырыпқа байланысты өз ойларын қағазға түсіріп шағын шығарма жазып ой-өрістерін дамытады. Алдыңғы жазған шығарамаларын есіне түсіріп, өздерін жат елге барып келген кездеріндегі сезімдерін жазады. Бұл шығарма оқушылардың өмірімен тығыз байланысты. Сондықтан оқушылар туған елге, жерге деген сағыныштарын, сезімдерін жеткізуге тырысады. Бұл тапсырмалар оқушылардың ойлау қабілетін, шығармашылығын дамытады. Бұл тапсырмада оқушылардың шығармашылығына байланысты туған жерін сүюге деген сезімдері артады. Әрбір оқушыны жазған шығармаларының мазмұнына және сауаттылығына байланысты ұпаймен бағалаймыз. Осының нәтижесінде оқушылардың даму деңгейіне қорытынды шығарылады.


Бағалау критерийі:

10 ұпай-оқушы тапсырманы қатесіз және мазмұны жағынан шығармалық қабілеттерін қосып әртүрлі қиялмен жазды.

8-9 ұпай-берілген тапсырманы оқушы сөздерді жазу кезінде 1-2 қате сөздерді жазған, мазмұны жағынан әртүрлі шығармалық қабілеттерімен жазды.

6-7 ұпай-берілген тапсырманы оқушы бірнеше қателіктер жіберіп, мазмұны жағынан дұрыс құралмаған сөйлемдер болды.

4-5 ұпай-оқушы берілген тапсырманы орындау барысында көптеген қателіктер жіберіп, мазмұны жағынан дұрыс құрылмаған сөйлемдер болды.

2-3 ұпай-берілген тапсырманы орындағанда көптеген қателіктер жіберіп соның ішінде сөйлемдері дұрыс құрылмаған мазмұны жағы мүлдем дұрыс ойластырылмаған.


Даму деңгейінің қорытындысы:

10 ұпай-жоғары

6-9 ұпай-орташа

2-5 ұпай –төмен


Кесте 5 «Шығарма» тәсілінің даму қорытындысы





Бақылаушы топ

Жоғары

Орташа

Төмен

Эксперименттік топ

Жоғары

Орташа

Төмен

1

Азат Жаннұр

++

+




Айтқожинов Мәди




+

+

2

Даниал жандос




++

+

Ақылбек Әминә

+

+




3

Ғазиз Қазбек

+

+




Асқар Мирас

+

+

+

4

Раханов Бекзат

++







Ахметова Алсу

+




+

5

Каримова Нәзгүл







++

Бейсенов Жангельды

+







6

Ғазиз Азиза

+

+




Бигалинова Дана

++







7

Батыр Бекзат

+




++

Даненов Даниал

+

+

+

8

Макашев Өмір




++




Демисенова Дана

+




++

9

Сисенгалиева Мадина

++




+

Ембергенова Бағдат

+

+




10

Мукушева Руслана

+

++




Жанакаев Адай




+




11

Құсымбаев Алан

+

+




Жолбарыс Аружан




++




12

Салназарова Жанар

+

+




Жолдыбаева Диана

+




3

13

Қаныбек Нұрсұлтан

+







Жумагалиев Адлет

+










Барлығы

8

3

2

Барлығы

8

4

1




Барлығы %

61

24

15

Барлығы %

61

31

8



Қорытынды

«БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН АНА ТІЛІ САБАҒЫ АРҚЫЛЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ» атты дипломдық жұмысымыздағы негізігі қарастырған мәселелеріміздің маңызды, қоғамның бүгінгі таңдағы стратегиялық міндеттерінің бірі екенін сезіндім. Жақында Мемлекет басшысы бекіткен 2006 – 2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы азаматтарына патриоттық тәрбие берудің мемлекеттік бағдарламасында жеке адамды тәрбиелеудегі маңызды бағыттар айқындалды. Бұл ретте, әсіресе жастардың отансүйгіштік сана – сезімін қалыптастыруда, Отан мүдделерін қорғаудағы азаматтық борышы мен міндеттерін орындауға тәрбиелеуде үлкендердің (аға буынның, педагогтардың, тәрбиешілердің және т.б.) атқарар рөлі де, жауапкершілігі де орасан.

Бастауыш сынып оқушыларына отансүйгіштік сезімін дамытудың шаралары:


  • Патриоттық бағыттағы азаматтарды бастауыш буыннан бастап тәрбиелеу;

  • жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу жүйесін дамыту;

  • бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысында отансүйгіштік бағыт пен кәсіби мәдениетті арттыру;

  • оқулықтарға көптеген отансүйгіштік бағыттағы тақырыптар енгізу;

  • елін, жерін қорғайтын азаматты тәрбиелеуде көптеген іс-шаралар өткізу.

Отанды қастерлеудің озық үлгісін Елбасымыздың «Қазақстан жолы» атты жаңа кітабын оқып көз жеткізуімізге болады. Автор кітаптары түйін сөздің оқу – білім мәселесіне арнап, сонымен бірге адамның бойында Отанға, туған жеріне деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелейтін әрбір жасқа таным нәрін егетін, тиімді еңбек ету машығын үйрететін бәсекеге қабілетті білім беру жүйесіне де байланысты екенін айтады.

Отанға деген сүйіспеншілік – патриотизим ата – ананы, жасы үлкенді құрметтеуден басталып, өркендейді. Бала ата – анасы өнегесіне, өмір мен өнердегі әйгілі қаһармандарға, көш бастайтын ерлерге қарап есейеді, тәжірибе жинақтайды. Әсіресе, бастауыш сынып оқушысы еліктегіш келеді соған байланысты отансүйгіштік қасиет бірінші ата-анасы жағынан беріліп содан кейін мектеп қабырғасынан бастап алады. Осыған орай бастауыш сынып мұғалімі көбінесе ана тілі, қазақ тілі және дүниетану сонымен қатар сыныптан тыс жұмыстар арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беріп отырады.

Бастауыш сыныпта Отан туралы ұғым тілі, діні туралы, қазақ тарихы, мәдениеті, елдің жырын жырлайтын жыршылары мен сазгерлері, әдет - ғұрып, салт - дәстүрін туған - туыстарын сыйлау қазақ батырлары, сөзге шешен, ел ішіндегі көсем адамдардарды білу арқылы қалыптасқан. Мысалы:Абылай, Алпамыс, Ағыбай, Махамбет, Амангелді, Қабанбай, Наурызбай, Бөгенбай, Сырым, Райымбек сынды батырларымыздың ерлік істері арқылы оқушылардың бойына патриоттық тәрбие сіңіре білу керек. Оқу бағдарламаларын, оқулықтарды оқу әдістеме құралдарын зерделеп қарасақ : ана тілі, қазақ тілі , дүниетану, еңбекке баулу, сабақтарында халықтық педегогиканы негізге ала отырып, патриоттық тәрбие беру жағына көбірек көңіл бөлінген. Әсіресе ана тілі пәнін оқыта отырып Отан туралы ұғым, туған жер, атамекен туралы ұғым халқының төл тарихын, өнерін, әдебиетін біле отырып қалыптаспақ. Отансүйгіштік тәрбиенің мақсаты : оқушыда өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімін оятып, оған адал қызмет жасауға оны қорғауға баулу, туған ел тарихы, өз халқының мәдени мұрасын, салттары мен дәстүрлерін қастерлеу қатынасын қалыптастыру. Халқымыздың әдебиеті мен тіл өнері бабамыздың бізге қалдырған бай мұрасы ана тілімен Отан деген ұғымдар бір-бірінен ажыратуға келмейтін түсініктер. Қазақ халқы, яғни біздің ата бабаларымыз тәрбиенің негізгі мақсаты сегіз қырлы бір сырлы, жетілген адамды тәрбиелеу деп санаған. Отанын адамның өзі тануы тиіс. Оны жете біліп, қадір қасиетін ұққанда тарихын, өткен жолын, қыйындық мехнаттарын, рухын, тар жол, тайғақ кешулерін көз алдынан өткізіп, жанымен сезе білгенде елдің басын біріктірген жат жұрттардан жерін, суын, даласын, тауын қанын төгіп, қайсарлықпен қорғап алған ерліктерін сезіп білгенде ғана соған деген мақтаныш сезімі оянады. Жалпы кез келген адам іс әрекеттерінде немесе басқа жағдайларда ерлік істерге бару үшін алдымен рухани жағынан дайын болуы керек.

Патриотизм дегеніміз – ол сіз бен біздің Отанға деген қарым – қатынасымыз. Отанға деген сезім Ұлы Отан соғысы кезінде шынайы көрініс тапқанын білемін. Ұлы Отан соғысы кезінде қазақ халқының өз елі, жері үшін соғысып қасық қандары қалғанша күреседі, Отан үшін жандарын қияды.

Бертін келе, Желтоқсан оқиғасы кезінде ешнәрседен тайынбаған қаншама қазақтың қыздары мен жігіттері болғанын, ақ қарда бұрымдары шашылып, қандары төгілген қазақтың ару қыздарының қайсарлығын қазіргі жас ұрпаққа ұқтырып, солардан үлгі алып нағыз отанды қорғайтын азаматты дайындау. Ендігі мақсат: осы өмірден көрген – білгендерімді, университетте алған білімдерімді өскелең ұрпақтың ойында патриотизмді дамытуға жұмсаймын. Өз елін сүйетін, өз Отанын қастерлейтін, өз халқын мақтан ететін, Қазақстандық жастарды елшіл отаншыл, мемлекетшіл қасиеттерге баулып, жақсыдан үйренуге, жаманнан жүйренуге үйретемін. Әрбір Қазақстан азаматын «Бұл менің Отаным» деген мақтанышты сезімге тәрбиелеуге тағылымды үлес қосамын және де қиындығы мен қызығы да бар бұл іске бүкіл қазақстандықтарды шақырамын. Әрқайсымыз ұлтжанды, бауырмал болсақ, мемлекетіміздің тірегі нығайып, болашағымыз жарқын болары анық. Жастарды отаншылдыққа, имандылыққа, салауатты өмір сүруге, адамгершілікке тәрбиелеу абыройлы іс. Оны іске асырудың жүгі де жеңіл емес.

«Мен жастарға сенемін!», - деп Мағжан Жұмабаев айтпақшы, қоғамды алға сүйрейтін тәрбиелі де білімді азаматтарды қалыптастыру барша қоғамның ісі.



Пайдаланған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының орта білімнің тәлім-тәрбие тұжырымдамасын // Егемен Қазақстан, Алтамы, 2003, 26 желтоқсан.

  2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын // Егемен Қазақстан, Алматы 2011

  3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан, Алматы, 2004

  4. 1993Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан, Алматы 2004

  5. Д.Кішібеков. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең. Алматы, 1999,

  6. А.Қоңыратбаев. Алматы, 1999,

  7. С.Қасқабасов. Алматы, 2001,

  8. Н.Ә.Назарбаев. Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде . Алматы,

  9. Ж.Қалиев.Халық педагогикасы құндылықтары негізінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Астана,2005

  10. С.Мусин. Педагогика тарихы. А., 1997

  11. Н.Ә. Назарбаев Қазақстан болашағы қоғамның ұлттық бірлігінде. Алматы. Қазақстан, 1993 жыл

  12. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика, А, 2002,

  13. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы 2006 жылғы 10 қазан №200 // Қызылжар нұры – 2006 - 24 қараша.

  14. М.Құрманбаева. М.Ғабдулин мұрасындағы этнопедагогикалық құндылықтар арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу. Алматы, 2003

  15. Патриоттық тәрбие және Б.Момышұлы // Қазақстан мектебі – 2005 -

  16. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын // Егемен Қазақстан, Алматы 2011

  17. Жастарды патриотизмге тәрбиелеу - мұғалімнің басты міндеті // Қазақстан орта мектебі – 2005 - №9

  18. Жарықбаев Қ. Б., Қазақ ағартушылары жастарды тәрбиелеу туралы. – Алматы, 1965.

  19. Т.Сабыров. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары, А, 1978,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет