Бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу тапсырмалар жиынтығы Әдістемелік көмекші құрал



Pdf көрінісі
бет2/18
Дата07.02.2023
өлшемі0,63 Mb.
#65889
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
бастауыш

 
Әдебиеттер тізімі 
35 
 



КІРІСПЕ
Бүгінгі күні еліміздің білім беру жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға 
негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Жалпы орта білім 
берудің жалпы ұлттық деңгейдегі басты мақсаты – Қазақстан 
Республикасының әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өмірге 
белсенді араласуға дайын, құзыретті тұлғаны қалыптастыруға ықпал ету.
Оқыту жүйесінде оның ішінде бастауыш сатыдағы білім мазмұнын 
жаңарту біліми кеңістікті оқушыға жеке тұлғалық тұрғыдан ұйымдастыруды 
қамтамасыз ететін деңгейде өзгертумен қатар, оқу пәндері бойынша түйінді 
құзыреттіліктерін 
қалыптастырудың 
басымдылығы 
берілетін 
білім 
мазмұнына да өзгеріс енгізудің қажеттілігі артуда.
Қазіргі өскелең талапқа сәйкес әрбір оқу пәні бойынша білім, білік және 
дағдыны ғана игеру оқушы құзыреттілігі үшін жеткіліксіз болып табылады. 
Құзыреттілік – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім
дағдыны тәжірибеде қолдана алу, мәселені шеше білу секілді оқушының 
дайындық сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа.
Н.Ә.Назарбаев 
өзінің 
Қазақстан 
халқына 
Жолдауында 
«Бізге 
экономикалық және қоғамдық дамудың қажеттіліктеріне сәйкес келетін жаңа 
білім беру жүйесі қажет» деп атап өтеді. Бүгінгі қоғамда оқушының 
академиялық – энциклопедиялық білім жиынтығы жеткілікті болғанымен, 
күнделікті өмірде кездесіп отырған түрлі жағдаяттарға икемсіздігі байқалып 
жатады. Бұл оның өмір сүру үдерісінде қажетті құзіреттіліктерінің 
қалыптаспағанын айғақтайды. 
Осы міндеттерді жүзеге асыруда тұлғаны дамытуға, оның әлеуетін 
анықтауға, дербестігін қалыптастыруға бағытталған дәстүрлі сынып-сабақ 
жүйесінің орнына ізгіліктік философия, психология және педагогиканың 
идеяларын біріктірген тұлғалық-бағдарлы оқыту жүйесі келуде. Аталған 
жүйе адамды субъект ретінде өз өмірін қалыптастыруға мүмкіндік береді; 
оқушыларды белсенділіктің барлық түрін (танымдық, әлеуметтік, 
шығармашылық және т.б.) жауапкершілікпен жүзеге асыруға үйретеді. Білім 
берудің жаңа сапасына 12 жылдық жалпы білім беретін мектептер 
жағдайында қол жеткізуге болады. Осыған сәйкес жалпы білім беретін 
мектептің екінші сатысында оқушылардың ғылым жүйесінің базистік 
негіздерін игеруі, олардың бойында адамдар арасындағы қарым-қатынастығы 
биік мәдениетін, өзін-өзі тануды және кәсіби бағдарды қалыптастыруда 
бастауыш мектеп қызметінің басым бағыттары болып табылады.
12 жылдық оқыту мерзімімен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті 
жалпы орта білім беру стандартының мазмұны әр оқушының жеке 
ерекшелігіне қарай білім нәтижесі түріндегі құзыреттер жиынтығын игеруге 
бағдарланып белгіленген. Онда білім беруден күтілетін нәтиже проблеманың 
шешімін табу, ақпараттық және коммуникативтік деп аталатын негізгі 
құзыреттер түрінде берілген. Бұл нәтижелер жиынтығы оқушының оқу-
танымдық әрекетіндегі өзіндік қызметін анықтауына, өзінің бағдары мен өз іс-
әрекетіне баға беруіне, іс-әрекет нәтижесін өзгемен салыстыруға мүмкіндік 



туғызады. Соның ішінде бүгінгі өскелең қоғамда коммуникативтік 
кұзыреттіліктермен терең қаруланған ұрпақ тәрбиелеу алдыңғы қатарлы 
мақсаттардың бірі болып отыр.
Коммуникативтік құзыреттілік адамдармен өзара әрекет пен қарым- 
катынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу 
дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауды, өмірдегі 
нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін 
қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық
қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады. Демек, 
оқу-ағарту саласында өзекті мәселенің бірі – бастауыш сынып оқушысын 
сапалы қарым-қатынасқа даярлап, тұлғаның коммуникативті құзыреттілігін 
қалыптастыру. Бастауыш сынып оқушысының тілдік қарым-қатынасын 
жетілдіру, дамыту арқылы қоғамға жан-жақты дамыған, белсенді, өздігінен 
жасампаздықпен ойлай алатын және өз ойын шығармашылықпен жеткізіп
шебер қарым-қатынас жасай білетін, тілдік қатысымды тиімді қолданатын 
баланың коммуникативтік қабілеттерін дамыту қажет. Коммуникативтік 
құзыреттілік тұлғаның оқу-танымдық, кәсіби және мәдени-танымдық 
қызметтің өзекті салаларында сөйлеу әрекетінің барлық түрлерін меңгеруге 
байланысты іс- әрекет жасауына мұмкіндік береді. 
Құзыреттілікке бағдарланған тапсырмалардың ерекшелiктерi олардың 
тәжірбиеге бағдарланатындығында, алайда оны орындау пәндiк бiлiмдi, тiптi 
кейде бiрнеше пәндік бiлiмдi қажет етедi. Құзыреттілікке бағдарланған 
жағдаяттық тапсырмаларды шешу көбiнесе, нақты өмiрде, қоғамда болып 
жатқан, мұғалiмге де, оқушыға да жаңа болып табылатын өзгерiстерге терең 
талдау жасаумен байланысты болып келедi. Бұл жағдайда мұғалiм мен 
оқушының арасындағы өзара қарым-қытнас өзгередi, яғни олар тең құқылы 
серiктестер 
ретiнде 
қарастырылады. 
Құзыреттілікке 
бағдарланған 
тапсырмалар пәнаралық байланысты, кіріктірілген бола отырып, iс-әрекеттiк 
тәжірбиеге бағдарлау негiзiнде пәндiк бiлiмдi жүйелеуге мүмкiндiк жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет