Бастауыш сынып оқушыларына арналған оқу тапсырмалар жиынтығы Әдістемелік көмекші құрал



Pdf көрінісі
бет8/18
Дата07.02.2023
өлшемі0,63 Mb.
#65889
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18
құрылымдық компоненттерін былайша бөліп көрсеткен: талап сипаты, 
бастапқы мәліметтердің құрамы, шешу тәсілдері т.б.
Коммуникативтік тапсырмаға қолайлы тәсіл практикалық біліктіліктердің 
жиынтығы ретінде тұлғаның коммуникативтік белсенділігінің іс-әрекеттік 
компоненті құрамында (мұнымен қоса мотивациялық және рефлексиялық 
компонентті қоса қамтушы), коммуникативтік тапсырмалардың шешімі 
бойынша тұлға аралық қатынастың жолдары жөніндегі жалпы білім көлемі 
мен 
практикалық 
біліктіліктерін 
сипаттайтын 
Т.В.Ураковтың 
диссертациялық 
зерттеуінен 
көруге 
болады. 
Оның 
түсінігінше 
коммуникативтік тапсырмалар – қарым-қатынастағы мұғалімнің арнайы 
жасаған немесе пайда болған проблемалық жағдаяттар деп анықтаған.
Т.В.Уракова 
бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік 
белсенділігінің динамикалық қалыптасуын білдіретін коммуникативтік 
тапсырмалардың төрт түрін бөліп көрсетеді:
1) Коммуникативті – орындаушылық тапсырмалар (бағдарлау кезеңі) – 
бастауыш сынып оқушыларының бірлескен әрекеті барысында тұлғааралық 
байланыстарында 
қажеттіліктерін 
ретке 
келтіру. 
Коммуникативтік 
тапсырмаларды шешу бірлескен әрекет басында педагогтың толық 
түсіндірмесі, содан кейін оны орындауда бірнеше рет қайталау барысында 
этикалық ережелер мен тәртіпті анық орындаумен негізделеді. 


20 
2) Коммуникативті-репродуктивті тапсырмалар (ізденушілік кезең) – 
бастауыш сынып оқушыларының серіктесімен бірлескен әрекетінде 
конструктивті қатынасын ретке келтіруге деген ұмтылысын қалыптастыруға 
бағытталған. Тапсырманы шешу қатысушылардың бірлескен әрекетінде 
тұлғааралық қарым-қатынастың барлық жинақталған ережелерін, алғашқыда 
тікелей мұғалімнің жетекшілігімен, содан кейін өз бетінше қайта жасауына 
негізделеді.
3) Коммуникативті - жаттықтырылған тапсырмалар – бастауыш сынып 
оқушыларының әрекет үдерісінде қарым-қатынас субъектісі ретінде өзіндік 
көзқарасын дәлелдеуге бағытталған. Тапсырманы шешу бастауыш сынып 
оқушыларының өз әрекеттерін басқа қатысушылармен бірлескен әрекет 
талаптарымен бірге келісуге талпынысын педагог тарапынан жағдай жасауға 
негізделеді. 
4) Коммуникативті шығармашылық тапсырмалар (интегралданған кезек) – 
бастауыш сынып оқушыларының бірлескен әрекет нәтижелеріне қол 
жеткізуде өзіндік көзқарасына талдау жасау қажеттілігіне бағытталған. 
Тапсырманы шешу барысында тұлғаның коммуникативтік белсенділігі 
құрылымында рефлексивті компоненттің пайда болуына себепші болады.
Т.В. Ураковтың анықтауы бойынша коммуникативтік белсенділіктің 
пайда болуы, оған коммуникативтік тапсырмалардың жүйесін кіріктіріп, 
оларды кезең бойынша күрделендіру логикасында бастауыш сынып 
оқушыларының коммуникативтік біліктіліктерін қайта жасауға мүмкіндік 
береді. Сонымен зерттеу деректерінде коммуникативтік тапсырмалар 
бастауыш сынып оқушыларының бірлескен өнімді оқу әрекеті барысында 
вербалды және қызметтік өзара әрекет аймағында коммуникативті 
біліктіліктерге қызмет көрсету үшін практикалық біліктіліктер жиынтығын 
құрайды.
М.И. Лисинаның көзқарасы бойынша былайша жіктеуге болады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет