19
игерсе, онда коммуникативтік тапсырмалар өзіндік түрлі қырларын аша
түсіп, соған сай көрсетілген белгілерді қамтуы тиіс. Оны былайша дәлелдеп
көрейік.
Н.А.Менчинская коммуникативтік тапсырманы
оқушылардың өздеріне
белгілі бір мақсат қойып, сол немесе басқа да сұрақтарға жауап табуға,
мүмкіндіктер мен талаптарды ескере отырып қалаған нәтижеге қол жеткізуге,
оны шешудің тәсілдері мен шешу амалдарын табуға деген ұмтылысын
білдіреді деп қорытындылайды. Бұл мазмұнға
қатысты келесілерді
айтуымызға болады. Олар өзіне қарым-қатынастың пәнін, тақырыптарын,
мәселесін, педагогикалық жағдаяттарын және осылардың негізінде
дайындалған коммуникативтік жағдаяттарды таңдап алады. Зерттеуіміздегі
құралдарға
келер
болсақ,
онда
коммуникативтік
тапсырмалар,
педагогикалық қарым-қатынастағы педагогикалық құрал ретінде көрсетіледі.
Педагогикалық қарым-қатынасты «... жағымды
орта құруға бағытталған,
жан-жақты дамуға әсер ететін оқу тәрбие үдерісіндегі мұғалім мен
оқушының бірлескен әрекеті» ретінде түсіндіреміз. Психологиялық –
педагогикалық әдебиеттерге жүргізілген талдауда, қарым- қатынасқа үйрету
әдістері коммуникативтік тапсырмаларды шешудің мынадай әдістерін
анықтауға мүмкіндік берді: сюжетті-рольдік ойындар, режиссерлік ойындар,
ойын-викториналар, ойын-конкурстар,
топтық пікірталастар, аяқталмаған
ертегіні жалғастыру, ұжымдық сурет салу, жағдаятты ойнау және т.б.
Коммуникативтік тапсырмалар мәнінің тұғырын құрылымдық көзқарас
негізінде белгілейміз. Ол үшін «құрылым» (лат. structura)
ұғымына бір
нәрсенің құрамды бөліктерінің байланысы мен өзара орналасуы деген
анықтамасын келтірдік. А.О.Бурдина мен В.Е.Воладарский тапсырманың
Достарыңызбен бөлісу: