Оқушыларды ұлттық танымдылыққа тәрбиелеудің нақты жолдары төмендегі жұмыстар бойынша жүргізіледі:
а) дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім- тәрбие көздерімен ұштастыруда жұмбақтарды, мақал- мәтелдерді, халықтың даналық, өсиет сөздерін оқыту барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану;
ә) көркем шығармаларды дидактикалық ойын түрінде беру арқылы оқушылардың ұлттық мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын қалыптастыру;
б) дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға шешендік сөздерді үйретіп, олардың тіл мәдениетін жетілдіру керек.
Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық ойындары балалардың ой- өрісін қалыптастыратын, білгірлікке шындайтын бірден- бір құрал болып есептеледі. Ол балалардың бос уақытын көңілді өткізіп, денсаулықтарын шындай түсуімен бірге халықтың салт- дәстүрін, тілін дамытуға көмегін тигізеді.Ойындардың жіктемесін жасауда біз оқытудың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарына жетуге бағытталған мазмұндық мотивациялық аспектісін негізге алдым.
Енді, әрбір сабақта оқушылардың оқу- танымдық іс- әрекетін белсендіру үшін ойын технологиясының осы түрлерімен жіктеп жүргізілген жұмыс мазмұнына тоқталайын.
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың оқу- танымдық іс- әрекетін белсендіруде мынадай жұмыстар жүргізіледі.
«Сөйлем» тақырыбын өту барысында «Сөз қуаласпақ», «Ұйқасын тап», «Жалғасын тап», «Жоғалған сөз», т.б. дидактикалық ойындар қолдану оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. «Сөз таптары», «Сөйлем түрлері» тақырыптарын өту барысында тірек сызбалар да балаларға ерекше әсер етіп, оқуға деген құштарлықтарын, танымдық белсенділіктерін арттыруға себепші болады.
Ана тілі сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруда шығармашылық сипаттағы тапсырмалар ерекше мәнге ие болады.
Сонымен, ана тілі сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін басты назарға алатын нәрсе:
- өлең шығаруға үйрету;
- ұйқасын тапқызу, сөзбен- сөзді байланыстыру;
- ой тастау.
Дүниетану сабақтарында оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыруда хрестоматиялық материалды пайдаланудың мәні өте зор.
Оқушылар тақырыпқа сәйкес көркем әңгімелерді, өлеңдерді, ғылыми-көпшілік кітаптарынан алынған сипаттамаларды, қызықты деректерді ықылас қойып, зор ынтамен қабылдайды. Соның арқасында олардың пәнге деген қызығушылығы артады, ой-өрісі кеңейіп, қоршаған орта туралы білімдері жаңа деректермен молая түседі. Оқу үрдісіндегі «есеп» оқушылардың танымдық белсенділігін арттыратын маңызды айғақтардың бірі екенін және есепті шешу үшін ондағы берілген шарттары мен талаптарды ескеру тиістілігіне баса назар аудару қажет.
Оқушының математика сабағында шығармашылық қабілетін дамыту.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында математика сабағын түрлендірудің маңызы зор. Теңертең тұрғанда күн дене жаттығуынан басталатынын сияқты сабақты «ой жаттығуларынан» бастауды әдетке айналдырдым:
Жылдың жетінші айын ата.
Бағдаршамның қай түсі жанғанда тоқтау керек?
Мұрын адамға не үшін керек?
Есік қандай геометриялық фигура?
Мұндай сұрақтар балалардың назарын бірден сабаққа аударып, белсенділіктерін арттырады, зейінділігін қалыптастырады
Осындай тапсырмалардан кейін нәтижесінде қоғамымызда табиғатты сүйе білетін, қайырымды, мейірімді, өзін-өзі тани алатын, байқағыш, үнемді, табиғат құндылығын түсіне білетін тұлға тәрбиеленеді. Міне, осындай танымдық белсенділікке байланысты шығармашылық тапсырмаларды қолдану барысында оқушының сабаққа деген қызығушылығы артып, дамиды.
Оқушы дамуы
Азды-көпті жаңа сапаға көтерілуі
Біртіндеп алға басып, қалыптаспаған дамуын жетілдіріп, дамудың жоғарғы алты сатысына көтеріледі
Есте сақтау, зейіні, ойлау, сөздік қоры,
Интеллектуалдық, эмоцианалдық, сөйлеу, тәртіп, коммуникативті,физикалық,
Мұғалімге
Өз күшіне
Зерттеліп отырған мәселе бойынша жүргізілген талдаулар мынадай өлшемдерді бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:
ғылыми және пәндік білімдерінің болуы;
танымдық іс- әрекет тәсілдерін игеруі;
танымдық тапсырмаларды орындауда оны жоспарлай алуы;
танымдық іс- әрекетті ұйымдастыра білуі;
танымдық іс- әрекеттерді орындауда ұйымдастыру амал- тәсілдерін білу және оны жаңа жағдайда пайдалану;
танымдық тапсырмаларды орындауда оны алдын-ала болжау, нәтижесін елестету және маңыздылығына сын баға беру;
Осының бәрін ескере отырып, оқушылардың қабілеттеріне байланысты өз бетімен іздену мен қызығушылығын арттыру мақсатында берілетін тапсырмаларды оқушының деңгейін ескере отыра дұрыс ұйымдастыру.
жеке дара тапсырма беру барысында;
үй тапсырмасын беру барысында
Мұндай тапсырмалар беру арқылы мұғалім қабілеті төмен оқушының танымдық іс-әрекетінің жоғарлауын байқайды. Оқыту мен тәрбиенің негізгілерінің бірі ретінде баланың идеяларын қолдау арқылы оның барлық кезде міндетті түрде өзімен өзін салыстырып отыру қажет. Мысалы: «Маратқа қара, ол қалай жақсы оқиды», деп айтпай. «Кешегіге қарағанда бүгін сен тапсырманы жақсы орындадың», «сенің қабілетін жетеді» тағы басқа осындай мақтауларды пайдалану қажет. Бұл оқушының ішкі танымдық іс- әрекеттері мен сыртқы даулы жағдайды шешуге көмектесетін оқу- тәрбие принципі. Оқыту процесінде өзіне мақсат қойып, оны орындауға тырысады.
Қорытынды
Мектептегі оқу үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттыру және болашақта білімді өз бетінше жинап алу қабілеттерін дамытуда жетекші рөл атқарады. Пәндерді оқыту барысында көзделетін білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарын жүзеге асыруда оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту және қалыптастыруда сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданудың тиімділігіне көз жеткізуге болады.
Өзімнің баяндамамды қорыта келіп, мынадай түйін түюге болады.
Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артады.
Оқушылардың танымдық белсенділіктері дамиды.
Осы шығармашылық тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданудан, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы молаяды.
Оқушылардың логикалық ойлауы, шығармашылық іс- әрекетке қабілеті артады.
Оқушылардың білім сапасы көтеріледі.
Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы дамыған шәкірттеріміздің танымдық қызығушылығы арта отырып, шығармашылық әрекеті жоғары деңгейге көтеріледі. Жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымда практика жүзінде үнемі пайдаланамын және іс-тәжірибемді әріптестеріммен бөлісіп отырамын.
Достарыңызбен бөлісу: |