Номинация: «Инновациялық проект»
ТАҚЫРЫБЫ: «Бастауыш сынып оқушылырының танымдық іс- әрекеттерін белсендірудің педагогикалық жағдайлары»
Арынова Гүлбану Серікқызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Мазмұны
І.Кіріспе_____________________________________________________________________3
ІІ. Негізгі бөлім
1.Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс- әрекетінің қалыптасуы______________5
2.Танымдық белсенділікті қалыптастыруда ойынның маңызы_______________________10
ІІІ.Қорытынды_______________________________________________________________14
Кіріспе
Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны ерекше. Бастауыш саты-білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы болып табылады. Біздің міндетіміз-жеке тұлғаны дамытып, білімге деген сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.
Қазіргі заманғы ғылыми-техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан- жақты жетілген, ақыл- парасатты, ой- өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу- қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармашылық ізденіспен жаңаша істеуін қажет етеді.
Мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен қарым- қатынастың маңызы ерекше. Танымдық іс-әрекет-шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл-ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан және әрекеттiң негiзiнде оқушылардың белсендiлiгiнен iзденiмпаздық қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |