Проблеманы шешуде қолданылатын әдістер: Бастауыш мектепте оқыту процесінде дидактикалық ойындар әрі оқу, әрі ойын қызметін қатар атқарумен ерекше орын алады. Ойын-оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді. Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне, танымдық қабілетін дамытуға үйретеді.
а) дидактикалық ойындарды ұлттық тәлім- тәрбие көздерімен ұштастыруда жұмбақтарды, мақал- мәтелдерді, халықтың даналық, өсиет сөздерін оқыту барысында ойындар арқылы кеңінен қолдану;
ә) көркем шығармаларды дидактикалық ойын түрінде беру арқылы оқушылардың ұлттық мәдениет пен әдебиетке дұрыс көзқарасын қалыптастыру;
б) дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға шешендік сөздерді үйретіп, олардың тіл мәдениетін жетілдіру.
Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық ойындары балалардың ой- өрісін қалыптастыратын, білгірлікке шыңдайтын бірден-бір құрал болып есептеледі. Ол балалардың бос уақытын көңілді өткізіп, денсаулықтарын шыңдай түсуімен бірге халықтың салт- дәстүрін, тілін дамытуға көмегін тигізеді.
Әрбір сабақта оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендіру үшін ойын технологиясының осы түрлерімен қоса тірек сызбалар оқушының белсенділігін арттыруға себепші болса, шығармашылық сипаттағы тапсырмалар да ерекше мәнге ие болмақ.
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл- ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу процесін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйренетін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.
Білім негізі бастауыштан басталатыны белгілі. Бастауыш сынып оқушысы не нәрсені болса да білуге құмар, қолымен ұстап, көзбен көргенді ұнатады. Зейіндері тұрақсыз болғандықтан бір сарынды оқудан тез жалығады. Сондықтан оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру үшін жан-жақты іздене отырып, өз алдыма мынандай мақсат қойдым:
«Бастауыш сынып оқушыларының танымдық үрдістерін дамыту жолдарын айқындап көрсету».
Әр сабағымды қызықты, өзгеше өткізу үшін, әр пән бойынша көптеген жұмыстар жасауға тура келеді.
Танымдық белсенділік дегеніміз- оқушының оқуға, білімге деген ынта- ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Ал, «таным- ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой- өрісінің күрделі үрдісі».
Таным теориясы оқу әрекетіне тікелей қатысты. Білім игеру әрқашан таныммен байланысты келеді. Оқудың міндеті- табиғат, қоғам және оқушының психикалық процестерінің даму заңдылықтарын оқушы санасына ендіру. Таным мен оқу арасында жалпы ортақтастық көп. Оқушы қоршаған дүниені тану арқылы дамиды, кемелденеді. Оқу жұмысын таным істерінің өзінше бір формасы ретінде қарастыруға болады.
Оқу- танымдық іс- әрекет- бұл арнайы оқушының өзі ұйымдастырған және адамзат баласы жинақтаған мәдени байлықты игеру мақсатында сырттай тану. Оның пәндік нәтижесі ғылыми білім, білік, дағды, тәртіп үлгісі және оқитындар меңгеретін іс - әрекеттер түрлері болып табылады.
Оқу- танымдық іс- әрекет педагогикалық процестің құрамды бөлігі. Оқу - танымдық іс- әрекетке, педагогикалық процеске оқушының әлеуметтік болмысының ең маңызды, мәнді бөлігін қамтиды, бұл ұғымды көптеген ғылымдар: философия, әлеуметтану, психология, педагогика, білім беру философиясы, педагогикалық психология т. б. қарастырады. Оқу- танымдық іс- әрекетін ұйымдастыруда оқушыларды ғылымдар, білімдер жүйесімен, іскерлік дағдылармен қаруландыру, ақыл- ой, ерік- күш жігерін, психикалық процестерін: зейінін, есін, қабілетін дамыту, іс- әрекетті орындаудың нақты амал әрекеттерін пайымдау, дүниетанымын және жеке басын дамыту жолдарын, қалыптастыру тәсілдерін зерттейді.
Танымдық іс- әрекеттің өзге әрекет түрлерінен ең басты ерекшелігі- оқушының үнемі «жаңа дүниеге енумен», әрбір жаңа әрекеттерді оқушының оның бірінен екіншісіне ауысып отырумен байланысты. Сондықтан, оқу үрдісінде оқушының білім алуға, өз бетімен әрекет етуге деген құлшынысын оятуға, ақыл- ойының дамып, жетілуіне түрткі болатын танымдық іс- әрекетті ұйымдастырудың тиімді әдіс- тәсілдерін іздестіру өзекті сипат береді. Терең білімге негізделген танымдық біліктердің қалыптасуы оқушылардың білімді теориялық негізде қорыта алуға мүмкіндік беріп, интеллектуалдық белсенді ойлауын жандандырып, шығармашылыққа жетелейді, нәтижесінде, оқушы жеке тұлғасының қалыптасуына негіз болaды.
Мұғалім мен оқушы арасындағы бірлескен қарым- қатынастың маңызы ерекше. Оқушының ой- пікірі мен бастамасы, ұсынысы мен тапсырманы орындау шеберлігі, сөйлеу мәдениеті мен ой тұжырымы, пайымдаулары, талпыныстары мен ізденістері, қызығушылығы мен байқампаздығы, іскерлігі мен дағдысы, іске батыл, сеніммен кірісуі жүзеге асады, мұнда бағыт- бағдар беру, істің дұрыс- бұрыстығын анықтау педагог тарапынан болуы шарт. Оқушының танымдық ынтасын құптау, оған сенімділік таныту- оның мінез- құлқында тұрақтылықты, өзін- өзі бағалауды, ерік әрекетінде батылдық пен табандылық, ұстамдылық пен сабырлылықты, өзіне- өзі талап қоя білуді, т.б. үйретеді.
Оқушының танымдық іс- әрекет құрылымын: танымдық қызығушылықтан, танымдық белсенділік, танымдық ізденімпаздық және шығармашылық іс- әрекеттен тұрады. Оқушы қоғам өмірінде маңызды іс- әрекетке дайындалып жатқандықтан, оның оқу- танымдық әрекеті болашақ кәсіби әрекетінің дидактикалық бейнесі болуы керек. Сондықтан оқушының іс-әрекеті бағытталған, ал оның әлеуметтік және танымдық белсенділігі оның өмірлік жолын анықтаудағы ұмтылысы болып табылады. Сонымен қатар, оқушылардың іс-әрекет ерекшелігіне: өзіндік мақсаты мен нәтижесінің болуы (білім, білік және дағдыны игеру, жеке қасиеттерінің дамуы); оқу нысанының ерекше сипаты (ғылыми білім, болашақ қызметі туралы ақпарат және т.б.); оқушы іс-әрекетінің жоспарлы жағдайда өтуі (бағдарлама, оқыту мерзімі); оқыту құралдарының болуы- кітаптар, лабораториялық құрал- жабдықтар, болашақ кәсіптік еңбектегі модельдер, техникалық құралдар, т.б. жоғары интеллектуалды жүктеме (емтихан, сынақ тапсыру, ғылыми жұмыс қорғау, т.б.) жатады.
Оқушылардың танымдық белсенділігі оқу үрдісінде қалыптасады. Белсенді оқу-танымдық іс- әрекетінің көздейтін мүддесі, білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттілігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғары көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білу болып табылады. Демек, оқушылардың оқу- танымдық белсенділігін қалыптастыру-оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты ретінде қарастыру қажеттілігі туындайды.
Оқушының белсенділігі, негізінен, екі түрлі сипатта болатындығын айтты. Олар: сыртқы және ішкі белсенділік. Сыртқы белсенділік дегеніміз- оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл- қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, т.б.). Оқушының ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады. Белсенділік жеке басқа тән, маңызды бір қасиет болып саналады. Бұл қасиетсіз адамның қандай да болсын жұмысы нәтижелі болуы мүмкін емес.
Жеке оқушының белсенділігіне жасалған талдау негізінде белсенділікті жеке тұлғаның сипаты деп айқындауға негіз беретінін атап өтеміз, ол адамның әрекетке қатынасынан көрініс табады, бұл әрекет етуге дайын болушылық, ұмтылушылық, оны жүзеге асыру сапасы, алға қойылған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдау. Жеке адамды білім алуға қол жеткізген білімін тереңдетуді, қоғамдық рухани мәдениетін ұғынуды, өз қабілетін көрсетуді қажетсінуі танымдық белсенділіктің қайнар көзі болып табылады.
Оқудағы белсенділік оқып-үйренетін тақырыпқа, пайда болған мәселеге, міндетке тұрақты ынтаның пайда болуымен, назар мен ой- сана операциясының бағыттылығымен (талдау мен синтез, салыстыру мен салмақтау, т.б.) оқып жатқан материалды түсінумен бейімделінеді.
Белсенділік адамның әрекетке қатынасын өз бетінше әрекет етуге дайын болудан ұмтылысынан, алға қойған мақсаттарға жету үшін оңтайлы жолдарды таңдай білуден көрініс табатын жеке тұлғаның сипаты ретінде айқындалады.
Оқушының танымдық белсенділігі өз кезегінде қабылдау, есте сақтау, ойлау, қиялдау үрдістері мен зейіннің тұрақты күйін қажет етеді. Оқу барысында оқушының танымдық белсенділігін арттыруда олардың өз бетінше танымдық ықылас-ынтасын, шығармашылық әрекетін дамытатындай етіп ұйымдастыру қажет. Оқушының қабылдауы, негізінен мұғалімнің сабақты жүйелі түрде жүргізуіне байланысты. Оқушылардың жаңа материалдарды қабылдауына негіз болатындай етіп даярлық жұмыстары жүргізіледі. Оқушылардың оқу-танымдық қызметін арттыру дұрыс әрі нақты әрекеттер негізінде іске асады. Оқушының өзіндік сезімдік танымы (қалауы, ынтасы, құштарлығы, әсерленуі) негізінде қабылданған білім, дағды, ептілік әлдеқайда нәтижелі әрі жемісті болады.
Оқушылардың оқу-танымдық іс- әрекетін белсендіруде оқу материалының маңыздылығы дәрежесіне қарай, оның құндылығын анықтай білу, сабақ беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор. Оқытудың мазмұнына да фактілерден, әрекет тәсілдерінен басқа оқытудың шын мазмұнымен бірге оқу үрдісінде қатысушылардың арасында ақпарат алмасу қорын құратын және оқушылардың осы мазмұнды игеруіне және оны практикада қолдануына қызмет ететін мәліметтер қамтылады.
Қазіргі кезеңгі қоғам талабына сай оқытуда жаңа технологияны пайдалана отырып, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендірудің шығармашылық әлеуетін көтерудің маңызы зор.
Жаңа технология үрдістерінің талабы- оқушыларға білім беруде белгіленген мақсатқа жету, оқушылардың іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын, оқу- танымдық іс-әрекетін белсендіре отырып, сабақтағы үш біріккен мақсатты жүзеге асыруға қол жеткізу.
Белгілі бір дәрежеде оқу- танымдық іс- әрекетті белсендірудің қажеттігі туындайды. Мұнда оқыту үрдісіндегі әдістемелік жүйенің (мазмұн, әдіс- тәсілдер, оқыту формасы, оқыту құралдары) өзара байланысы негізінде оқу- танымдық іс- әрекет міндеттерін жүзеге асырылуын талап етіледі. Оны оқу- тәрбие үрдісінде қолдану үшін мына ұстанымдар жүзеге асуы тиіс:
1. Оқушының өзіндік жұмыстарының жоғары формасы болып табылатын олардың өз еркімен жаңа амал- тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстарына басты назар аударылуы тиіс.
2. Жаңа педагогикалық технологияны қолдану оқушылардың оқу-танымдық белсенділігін арттырып, өзін- өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік береді.
Оқыту үрдісінде оқушының оқу- танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін барлық қажетті шарттарды: білімдер мен әрекет тәсілдерін алуды, қажетсінуді қалыптастыратын шарттарды, өзін- өзі бейімдеу шарттарын, проблемаларды шешудің түрлі нысандарын ұйымдастыру дағдыларын дамытудың шарттарын қамтамасыз етуге тиіс.
Оқу- танымдық белсенділіктің деңгейлерінің даму барысы дәл анықталуы, мүмкіндігінше неғұрлым дәл бақылау өлшемдеріне ие болу үшін қажет. Бұл адамның «ішкі» мүмкіндіктерін «сыртқы» факторлар арқылы жарыққа шығару нәтижесінде жүзеге асады.
Оқушылардың белсенділігін арттырудың жаңа формаларын епті пайдалана отырып, жаңашыл ұстаз белсендіру әсерін жүзеге асырады, онда оқушылар: өз пікірінде тұра алуы; пікірталастар мен талқылауларға қатысуы; өз жолдастарына және мұғалімдеріне сұрақ қоя алуы; жолдастарының жауаптарын түзету; жолдастарының жауаптары мен жазба жұмыстарын бағалай білу; артта қалған оқушыларды оқытуы; үлгерімі нашар оқушыларға түсініксіз жерлерді түсіндіруі; өз бетінше шамасы келетін тапсырмаларды таңдауы; танымдық міндетті (мәселені) шешудің бірнеше түрін табуы; өзін- өзі тексеру үшін, өзіндік танымдық және тәжірибелік әрекеттерін талдау үшін жағдайлар ойластыруы; танымдық міндеттерді шешімнің өзіне белгілі тәсілдерін жинақтап қолдануы. Көптеген зерттеушілердің пікірінше, өз бетінше үздіксіз білім алудың қажетті жағдайы ретінде оқу-танымдық белсенділікті қалыптастыру болып табылады. Алайда, мектептерде оқушының осы қасиеттерін дамытуға байланысты бағытталған оқушылардың өзіндік жұмысының жүйесі әзірге қалыптасқан жоқ.
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк- экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай- ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi-рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы- ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.
Танымдық әрекет- шәкiрттiң бiлiмге деген өте белсендi ақыл- ой әрекетi. Ол танымдық қажеттiлiктен, мақсаттан, таным қисындарынан және әрекеттiң негiзiнде оқушыларда танымдық белсендiлiктерiнен iзденiмпаздық қалыптасады.
Танымдық iзденiмпаздық ұғымы және оны қалыптастыру проблемасын көптеген педагогтар, психологтар мен әдiскерлер зерттеп, ғылыми еңбектер жазды. Бұл проблеманың түп тамыры сонау көне замандардан бастау алады.
Егер баланың қызығушылығы жайында жүйелi мәлiмдемелер түсiп отырса, баланың даму үрдiсi шапшандайды. Бұл жерде Л.В. Занковтың идеясын негiзге алдым. Ол баланың қоғамдық өмiрдiң әртүрлi жақтарымен еркiн араластыру керек, әртүрлi баланың дамуы үшiн туындайтын шегiнiстерден қашпауымыз керек, керiсiнше, баланың дамуына қандай дәрежеде ықпал еткенiн айқындай отырып, жүргiзу қажет деген ұсынысын зерттеуiмiзге басшылыққа алдық. Тарихи ескерткiш мұраларға жүргiзiлген саяхат- сабақтар мен эксурсиялар баланың танымын қалыптастыруда негiзгi орын алатынын практика барысында айқын байқадық.
Әртүрлi жүргiзiлген саяхат жұмыстары бастауыш сынып оқушыларының ынтымақтастығын жетiлдiре түседi. Бұл туралы психолог Л.С.Выготский «Дербес жұмыс iстегеннен гөрi бала ынтымақтастықта күштiрек әрi ақылдырақ болып, ол өзi шеше алатын интелектуалды қиындықтар деңгейi жөнiнен биiкке көтерiледi…», - дейдi.
Жалпы жеке тұлғаның бойындағы адамгершiлiк құндылықтарын қалыптастыруға байланысты арналған ғылыми- зерттеу еңбектерiн зерделеу барысында бастауыш сынып оқушыларының қалыптасуы, олардың психологиялық дамуына байланысты арналған еңбектер сараланып, жүйеленгенiн байқадық. Мәселен, С.Төрениязова «Бастауыш мектеп оқушыларын сыныптан тыс оқу- тәрбие жұмысы арқылы дамытудың педагогикалық негiздерi» атты ғылыми- зерттеу жұмысында оқушыны дамытуда бiлiм мен тәрбие негiзгi орын алатынын атап көрсете келе, дамудың бес жағдайын нақтылайды:
- психикалық дамуға- оқушының мiнез- құлқының, ерiк- жiгерiнiң, қабiлетiнiң дамуы;
- денелiк дамуға- дене бiтiмiнiң өз жасына сай болуы;
- рухани дамуға- оқушының iшкi жан дүниесiнiң сырттан әсер ететiн күшпен өзара бiрлiгi;
- әлеументтiк дамуға- өздерi өмiр сүрiп отырған қоғамдық ортаға үйлесе дамуы;
- жалпы дамуға- оқушының жан- жақты үйлесiмдi дамуы, - деп қорытындылай келе, сыныптан тыс уақытта бастауыш сынып оқушыларын дамытудың ғылыми- теориялық негiзiн айқындай отырып, бастауыш сынып оқушыларымен жүргiзiлетiн жұмыстардың тиiмдiлiгiн арттыруға ойын жұмыстарының тиiмдiлiгiн нақтылайды.
Бастауыш мектепте оқыту процесінде дидактикалық ойындар әрі оқу, әрі ойын қызметін қатар атқарумен ерекше орын алады. Ойын- балалар әрекетінің бір түрі. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мақсатындағы қарым- қатынастың әдісі мен құралы. Ойын әрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным процесіне әсерін тигізеді.
Ойын- оқытуда жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. «Ойын» ұғымына түсініктеме берсек- бұл адамның мінез- құлқын өзі басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде әс-әрекеттің бір түрі. Ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:
Ойын- сауық·
Коммуникативтік немесе қарым- қатынастық·
Диагностикалық (ойын барысында өзін- өзі тану)·
Коррекциялық (өзін- өзі түзету)·
Әлеуметтендіру
Ойын- адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді. Ойын арқылы ұйымдастырылған сабақ балаларға жеңіл әрі тартымды, әрі түсінікті болады. Ойын сабақтары оқушылардың өздігінен жұмыс істеуге, танымдық қабілетін дамытуға үйретеді.
Достарыңызбен бөлісу: |