Бастауыш сыныпта қазақ тілі пәнін дамыта оқыту тойбазарова Нагимаш Амирхановна – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент «Академиялық ұтқырлық және аккредитация»



бет4/4
Дата20.04.2022
өлшемі39,93 Kb.
#31630
1   2   3   4
1-әдістеме: 2 сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінен кең ауқымды дағдыларының даму деңгейлерін анықтау мақсатында берілген ширату жаттығуының тапсырмасы: Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою арқылы қай сөз табына жататынын ажыратыңдар және жауап беретін сұрақтарына қарап, екі бағанға бөліп жазыңдар.

1. Мен кеспе пісірдім.2.Сен қағазды кеспе.

3.Мәтінге кіріспе жаз.4.Оның ісіне кіріспе.

5.Заттар сақтайтын қойма. 6.Тамақтың бетін ашып қойма.

7.Көрме әдемі жасалған.8.Қиындық көрме.

9.Жаңа пісірілген нан.10. Оның әңгімесіне нан.

11.Атаңа құлақ сал. 12.Отқа отын сал.

Ұсынылған әдістеме нәтижелері «жоғары», «орташа», «төмен» деңгейлері бойынша бағаланды.



2-әдістеме: қазақ тілі пәнінен оқушылардың коммуникативтік, тілдік дағдыларының даму деңгейлерін анықтауға бағытталған ширату жаттығуының тапсырмалары:

Өзіңіз жақсы көретін киіміңіздің/ аксессуарыңыздың суретін салыңыз. Оны қасыңыздағы досыңызға сипаттап беріңіз және неліктен оны жақсы көретініңізді түсіндіріңіз.

Талқылау: Сіз өзіңіздің сүйікті киіміңізді/ акссесуарыңызды қайда киіп барасыз? Сіз оны қай мезгілде киесіз?

Өз суретіңізді топқа көрсетіп, неліктен дәл осы киімді/ аксессуарды таңдаған себебін түсіндіру.

Ұсынылған әдістемедегі әрбір жауапқа ұпай беріліп, ұпай санына байланысты бағаланды. Салған суретіне, оны досына сипаттап беруіне, түсіндіруіне, талқылау сұрақтарына берген жауаптарына қарай ұпай берілді. Жоғары ұпай саны 4- ұпай «өте жақсы», 3- ұпай «жақсы», 2- ұпай –«орташа», 1- ұпай – «төмен».

4-әдістеме. Ширату жаттығуының тапсырмалары:


  • Жұптар бір-біріне арқа түйістіріп отырады. Олар артына қарамаулары керек.

  • 1-тыңдаушыға сурет немесе зат көрсетіледі. 2-тыңдаушыға қағаз бен қалам/қарындаш беріледі.

  • 1-тыңдаушы суретті немесе затты сипаттайды, ал 2-тыңдаушы көлемі, мөлшерін және т.б. мүмкіндігінше егжей-тегжейлі ескере отырып, оның суретін салады.

  • 2-тыңдаушы қажетіне қарай қанша сұрақ қойғысы келсе, сонша қояды.

  • Белгіленген уақыт өткен соң, 1-тыңдаушы 2-тыңдаушы салған суретті өзіндегі суретпен немесе затпен салыстырады.

  • Содан соң тыңдаушылар рөлдерін ауыстырады.

Ұсынылған әдістеме нәтижелері «жоғары», «орташа», «төмен» деңгейлері бойынша бағаланды.

5-әдістеме. Ширату жаттығуының тапсырмалары:

- Достар туралы бейнебаянға зер салып қараңдар.

- Көрсетілген бейнебаянды әңгімелеңдер.

- Бейнежазба мазмұнын оқиға картасына түсіріңдер.

- Оқиға картасы бойынша мәтінді баяндап беріңдер.

Ұсынылған әдістемедегі әрбір тапсырма бойынша бағалау критерийлері құрылып, ұпай беріледі. Берілген ұпай санына байланысты бағаланады. Жоғары ұпай саны 5-6 ұпай «өте жақсы», 3-4 ұпай «жақсы», 2-3 ұпай –«орташа», 1 ұпай – «төмен».



6-әдістеме. Оқушылардың белсенділігін дамытуға бағытталған тапсырма.

Жұптық жұмыс: Мәтінмен жұмыс. Берілген шығарманы мазмұндау үшін төмендегідей тапсырмалар берілді:



  • Мәтінді мұқият тыңдау.

  • Мәтіннің негізгі бөлімдеріндегі іс-әрекетті анықтау.

  • Оқиғаны бүкіл топқа айтып беру үшін осы іс-әрекетті пайдалану.

  • Негізгі ойды анықтау, тыңдалған мәтіннің белгілі бір бөлігін өз сөзіңмен айтып беріңдер.

  • Мәтіннің мазмұндау үшін «Оқиға картасы» толтырыңдар.

  • Мәтінді өз қиялымен өзгертіп аяқтаңдар.

  • Мәтіннің мазмұны бойынша қарама-қарсы пікір айтып, дәлелдеңдер.

  • Мәтіндегі оқиғаларды, іс әрекеттерді салыстырыңдар.

Қорытынды. Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижесінде жарық көрген «Бастауыш сыныпта қазақ тілін дамыта оқыту: теориясы мен практикасы» атты монографияда тәжірибе жұмыстары мен сабақ жоспарлары нақты көрсетілді [4].

Педагогикалық тәжірибе барысында оқушылардың белсенділіктерін арттыруға, ізденімдік-шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған тапсырмалар жүйесі мен оны ұйымдастыру формалары сараланды. Оның нәтижесінде оқушылардың белсенділіктерін арттыруда шығармашылық жұмыс түрлерін қолдану мынадай тұжырым жасауға ықпал етті: оқу үдерісі шығармашылық сипатта (топтық, жұптық, өзіндік жұмыс түрінде) өтетіндіктен, оқушы оқу материалын тез қабылдайды; оқушының сабаққа қатысу ынтасы артады, енжар оқушы белсенді оқушыға айналады, баланың жауапкершілік сезімі артады, құрбысынан қалмауға тырысады, баланың оқу материалын толықтай меңгеруіне жол ашылады, оқушылар берілген проблемалық жағдаяттарды өздігінен шешуге әрекеттену арқылы жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруге тырысады, баланың өз ойын жеткізе білу қабілеті, оқуға қызығушылығы артады; оқушылардың сөздік қорын, ауызша, жазбаша тілін дамытады; танымдық үдерістері (жады, ойлау, зейін, қиялдау мен елестету қабілеттері) дамиды.



Тәжірибе нәтижесінде эксперименттің әр кезеңі бойынша (анықтаушы кезең мен қалыптастырушы кезеңдерде) эксперимент сыныбының пайыздық көрсеткіштерінде елеулі айырмашылықтар байқалды. Эксперимент нәтижесін 1-кестеден көруге болады.
1-кесте − Анықтаушы және қалыптастырушы эксперименттер барысындағы эксперимент сыныбының салыстырмалы көрсеткіштері


Деңгейлер

Анықтаушы эксперимент

Қалыптастырушы эксперимент

Жоғары

3

15%

12

60%

Орташа

6

30%

7

35%

Төмен

11

55%

1

5%
1-cурет. Анықтаушы және қалыптастырушы эксперименттер барысындағы
2 «А» эксперимент сыныбының даму деңгейінің салыстырмалы көрсеткіштері

Бақылау сыныбында анықтаушы және қалыптастырушы эксперимент нәтижелері бойынша елеулі өзгерістер болған жоқ. Бұл біздің зерттеу болжамымыздың дәлелденгендігін көрсетеді. 

Тәжірибе өткізу барысында «Дамыта оқыту жүйесінің күрделілігін ескере отырып, мұғалімдерге барлық сабақта бірдей проблемалық жағдай туындатып, оны шешіп отыру логикасы қиын болуы мүмкін, бірақ тек осылай құрылған сабақ қана өз көңіліңізден де шығады, бала да риза болады, өйткені таным күшінің ризалығы ерекше болады» дегенді әрдайым ескертіп, айтып жүрдік. Өйткені теориялық әдістерді қолдана білу үшін мұғалім, оның ішінде бастауыш сынып мұғалімі тіл теориясының қыр-сырына қанық болуы керек. Ал бастауыш мектеп мұғалімі – бірнеше пәннен сабақ беретін ерекше тұлға болғандықтан, көп мәселені үйіп-төгіп беру де дұрыс болмас еді. Осы мәселені ұтымды шешу мақсатында тәжірибе барысында мұғалімдерге жиі-жиі семинарлар мен кеңес берулер ұйымдастырылды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии.-Москва, «Народное образование», 1998.-253стр.

2. Д.Б.Эльконин-В.В.Давыдов. Теория развивающего обучения. – М., 1996.

3. Құрманова Н. Қазақ мектептерінде сөз тіркесі синтаксисін дамыта оқыту технологиясының ғылыми-әдістемелік негіздері: пед. ғыл. докт. ... дис. – Алматы: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты, 2004. –345 б.



4. Тойбазарова Н.А. Бастауыш сыныпта қазақ тілін дамыта оқыту: теориясы мен практикасы. Монография. – Ақтөбе, 2018.- 238бет.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет