Бастауыш сыныпта ќазаќ тіліндегі туынды тїбірлердіѕ ќўрылымы



бет2/7
Дата19.06.2023
өлшемі188,5 Kb.
#102368
1   2   3   4   5   6   7
Зерттеу мақсаты: Әрбір жаңа мағына әр сөздің білдіретін мағынасының айрықша қасиетінең түрліше сыр-сипатынан келіп шығады. Сөз өзінің білдіретін затың құбылысын барлыкқ қасиетімен толық бірден қамтып, суреттеп бере алмайды. Егер сөз өзінің білдіретін үғымын барлық ерекшеліктерімен түгел жинақтап, бірден көрсеткен болса, онда сөз ауыспалы мағынада айтылмаған болар еді. Ал сөз ауыспалы мағынада жұмсалмаған болса, онда тілде көп мағыналы сөздердің кездеспеуі мүмкін.
Зерттеу жұмысының негізгі көздері: тіл туралы, философия, психология, лингвистикалық, педагогикалық еңбектер мен еліміздің тіл туралы заңдары мен құжаттары, әдістемелік еңбектер мен озат мұғалімдердің іс тәжірибесі, көркем сөз шеберлерінің туындылары.
Зерттеу әдістері: әдебиеттің теориялық талдауы, оқушыларының таным процестерін дамыту туралы ғылыми еңбектерге теориялық талдау жасалынды орта мектеп оқушыларының таным процестерін дамытуда қолданылатын шығармашылық тапсырмалар таңдап алынды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.


І. Сөздің морфологиялық құрылымы.

1.1. Түбір морфема және сөздің негізі.


Грамматика саласындағы ең маңызды мәселелердің бірі - сөздің морфологиялық құрылымы. Сөздің морфологиялық құрылымын дұрыс талдау жасау үшін ең алдымен сөздің құрылымына тікелей қатысы бар негізгі морфологиялық ұғымдарды алдын-ала айқындап алу қажет. Ондай негізгі морфологиялық ұғымдардың мазмұнына морфема туралы ұғым мен оның түрлері түбір морфема (немесе негіз морфема) және аффикстік морфема (немесе көмекші морфема) деп аталатын түрлері жайындағы ұғымдар енеді.
Сөздің құрамындағы морфемалар білдіретін мағынасы мен атқаратын қызметі жағынан және тұрған орнына қарай біркелкі болмайды. Мысалы, сүйемін және тілін деген сөздердегі сүй, тіл және е, мін, і, н, морфемаларын салыстырайық. Сүй, тіл бөліктері сөздегі негізгі лексикалық мағынаны, сол арқылы сөздің қандай тұлғада айтылса да жалпы грамматикалық мағынасын білдіреді, басқа түрлі мағыналы сөз жасауға ұйытқы бола алады және басқа формалар бұларға келіп жалғанады. Ал е, мін, і, н морфемалары жеке тұрып ешбір мән-мағына бере алмайды. Тек алғашқы морфемаларға қосылғанда ғана барып оған әр түрлі грамматикалық мағына үстейді және сол алғашқы морфеманың сыртқы дыбыстық ерекшелігіне байланысты кұбылып, өзгеріп те отырады. Айтамын, басын дегендердегі а, ы морфемаларынан сүйемін, тілін дегендегі е, і морфемаларының мағыналық қызметінен ешбір айырмашылығы жоқ, айырмашылық тек дыбыстық жағында, яғни бұлар бір қосымшаның жуан және жіңішке нұсқасы болып табылады.
Түбір морфема дара түрде де, қосымша морфеманы жалғап та жұмсала береді. Осымен бірге түбір морфемалар қайталанып (қора-қора қой, мая-мая шөп), қосарланып (аяқ-табақ, жол-жоба), бірігіп те (желбау, ашудас бір-бірімен тіркесу арқылы күрделеніп те он жеті, қара торы, тас бақа, темір жол) жеке сөз ретінде қолданыла береді және оларға тілдің құрылымдық заңы шеңберінде қажетінше қосымша морфема үстемелей алады.
Морфемалар мағынасы мен қызметі жағынан әр түрлі. Морфемалардың ішінде негізгі лексикалық мағына білдіретіндері, де грамматикалық мағынаны білдіретіндері де бар. Мысалы, көнімшіл деген сөздің құрамындағы көн морфемасы негізгі лексикалық мағынаны білдірсе, -ім, және -шіл морфемалары лексика-грамматикалық мағынаны білдіреді.
Лексикалық мағынаны білдіретін морфема түбір морфема немесе негізгі морфема деп аталады. Кейде көмекші морфема деп те аталады. Лексикалық мағынаны білдіретін морфема түбір морфема деп аталса, грамматикалық мағына білдіретін аффикстік морфема деп аталады.
Түбір морфема сөздің әр-түрлі лексика-грамматикалық топтары үшін бірдей ортақ морфема ретінде қызмет ете алады. Мысалы, бас морфемасы бастық, басшы, баспалдақ, баспа деген зат есімдердің де басты, бассыз деген етістіктердің де түбірі болып саналады.
Түбір морфема - сөздің қандай лексика-грамматикалық топқа (қай сөз табына) жататындығына қарамастан олардың бәріне бірдей тән, күллісіне бірдей ортақ, баршасына бірдей негізгі ұйытқы болатын элемент. Түбір морфема сөздердің ары қарай бөлшектеуге келмейтін және негізгі лексикалық мағынаны білдіретін түп бөлшегі болса, негіз әдетте, түбір мен жұрнақгың қосындысынан да жасалады. Мысалы: малшы, достық, таулы, бағала.
Ал негіздің (основа) түбірден айырмашылығы сол, ол сөздердің әр түрлі лексика-грамматикалық тобының формаларына ортақ болып келеді. Мысалы, бас морфемасы жоғарыда аты аталған зат есімдердің де, сын есімдердің де, етістіктердің де - бәріне бірдей ұйытқы, бірдей ортақ түбір болса, бастықтар, бастыққа, бастықтан, бастығың, бастығы деген зат есімдер табына енетін сөздердің формаларына ортақ негіз - бастық. Ал man, тағалы, таған, бастайтыны деген етістіктердің формаларының бәріне ортақ негіз - баста. Ал басқара басқарып, басқарған, басқалар, басқаратын деген етістік формаларының негізі басқар болып саналады. Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады: Түбір морфема - сөздердің қандай лексика-грамматикалық топқа жататындығына қарамастан, олардың бәріне бірдей тән, күллісіне бірдей ортақ, баршасына бірдей негізгі ұйытқы болатын элемент те, негіз - белгілі бір лексика-грамматикалық топқа (сөз табына) қатысты бір сөздің әр түрлі формаларының бәріне бірдей ортақ ұйытқысы. Негіз бір ғана морфологиялық элемент - таза түбірден де құралуы мүмкін. Мұндайда, жоғарыда аталып өткеніндей, түбір мен негіз, сөз бен түбір немесе негіз бен сөз тәрізді единицалар бір-бірімен сәйкес келеді. Мысалы, от, өт, бел, без, жер, жел, mac, жаз, ай, күн т.б. (Аханов, 1978, 275-б.)




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет