«Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі» Теріс емес бүтін сандарды оқыту әдістемесі


Бастауыш сыныпта «Жаратылыстану» пәнінен сабақ барысында орындалатын өзіндік жұмыстардың түрлері, маңызы



бет5/6
Дата09.06.2023
өлшемі327,95 Kb.
#99956
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
ГОС 2 жауаптарымен

Бастауыш сыныпта «Жаратылыстану» пәнінен сабақ барысында орындалатын өзіндік жұмыстардың түрлері, маңызы.

Бастауыш сыныпта «Жаратылыстану» пәнінің оқу бағдарламасына көз жүгіртететін болсақ, ол зерттеу, ойлау, коммуникативтік дағдылар мен біліктіліктер негіздерінің қалыптасуына бағытталған:
-Гипотеза құру және оларды тексерудің жолдарын ұсыну, эксперимент арқылы алынғаннәтижелер негізінде қорытынды жасау;
-Мәселені анықтау, сұрақтарды дұрыс құру, зерттеу жұмысының жоспарын құру, бақылау, эксперимент жүргізу, зерттеу жұмысының нәтижесін бағалау және сипаттау, пайымдау,қорытынды шығару;
-БАҚ хабарламалары мазмұнындағы,интернет ресурстарындағы, ғылыми көпшілік әдебиеттердегі ғылыми ақпараттармен жұмыс:
-Іздеу әдістерін игеру, ақпараттың мағыналық негізін айрықшалау және ақпараттың растығын бағалау;
-Жанды және жансыз табиғаттағы үдерістердің сипатын, экожүйе компоненттерінің өзара байланысын, адам әрекетінің қоршаған тигізетін әсерін анықтауға көмектесетін қарапайым эксперименттер мен бақылаулар жүргізу;
-Өзіндік қарапайым зерттеулердің қорытындыларын түрлі формада ұсыну;
-Жаратылыстану ғылымы саласындағы маңызды жетістіктердің қолданбалы мәнін түсіндіру.
-Ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту;
-Адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру (әлемнің біртұтас бейнесі);
-Рухани-адамгершілік құндылықтарын дамыту;
-Оқудың функционалдық дағдыларын қалыптастыру:санау,оқу,жазу, өз ойын нақты әрі дәл жеткізе білу, себеп-салдарлы байланыстар орнату.
Бұл дегеніміз, оқушыға білім дайын күйінде берілмейді,оны оқушы өндейді, өзінің оқу әрекетінің мазмұны мен түрлерін ұғынады, оның ережелер жүйесін түсінеді және қабылдайды, жетілдіруге белсенді қатысады. Ол өз кезегінде білімдердің, біліктердің, оқып-үйрену және кең ауқымды дағдылардың белсенді әрі сәтті қалыптасуын қамтамасыз етеді. Осы тұста интернет-ресурстарды қолданудың тиімділігі оқушылардың жаратылыстану пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығы кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы ғаламтор сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабақта бейне ролик, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану – оқушының дүниетанымын кеңейтеді Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптасытырып, шығармашылығын дамытады. Интернет-ресурстарын пайдалана отырып үнемі лабороториялық тәжірибелер, практикалық жұмыстар кезінде виртуальды зертханалық жұмыстар көрсетіп, оқушылар өздері компьютер көмегімен сүйене отырып практикалық жұмыстар жасай алады.
Ал мұғалім болса, оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын меңгеріп, оны пайдалану арқылы өзінің материалдық базасын толықтырып, әрі уақытты үнемдейді. Сонымен қатар, ақпараттық коммуникациялық технологиялар арқылы оқушылармен байланысын жеке-дара жақындаса алатындай жолмен жүргізуге мүмкіндік алады, Сондықтан, пәндерді оқыту әдістемесіне ғаламтор жүйесін қосу сапалы білімнің қайнар көзі болар еді. Ғаламтор жүйесі арқылы оқыту оқушылардың өзара ақпарат алмасуын мүмкін етеді, танымдық қызметін арттырады, білім алуға қызығушылық ұлғайып, өз бетінше ізденуге ұмтылдырады. Оқушылардың мұндай қабілеттерін ашып, танымдық іс-әрекетін қалыптастыратын әрине, мұғалім екені даусыз. Оқытудың бұл жүйелерінде мұғалім тек басшылық жасайды әрі ұйымдастырушы, бағыттаушы рөлінде болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет