Жаңартылған білім мазмұнына байланысты оқытуда пайдалануға тиімді әдіс-тәсілдер,формативті бағалау түрлері және кері байланыс топтамалары.
-Қалыптастырушы бағалаудың түрлерін, кері байланыс тәсілдерін тиімді қолдана білу
-Жаңартылған білім бағдарламасының мазмұндық ерекшеліктеріне сай оқытудан күтілетін нәтижелерге оңтайлы қол жеткізуге мүмкіндік беретін стратегияларды, әдіс-тәсілдерді жетік білуді және таңдап қолдануды талап ету;
ІV
.Дидактикалық ойындар.
Ойындар арқылы қызығушылықтарын арттыру,белсінділікке баулу;
І бөлім. Психологиялық дайындық және ширату жаттығулары. Мақсаты:Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру, назарын сабаққа аудару,топтарға бөлу жұмыстарына қолдану; сыныпта қолайлы психологиялық ықпал туғызу.
Сәлемдесу
Жылы – жылы жүзбенен,
Маңдайынан сипайын
Жылы – жылы сөзбенен,
Жүрегімді сыйлайын.
Ыстық алақаныммен,
Қолыңды бір қысайын
Амандасып өзіңмен,
Құшағыма қысайын.
*************
Әрбір ісің-тірлік,тірек,адамдық,
Әрбір сөзің- шындық,бірлік,адалдық.
Әрбір адам-туысым,досым,жұрағат,
Әрбір сабақ-үйрену,ұғу,ұлағат.
Күн мен сені сүйемін.
Саған басымды иемін,
Жылу бер, шуақ бер.
Мейірімді қуат бер.
Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!
Қол ұстасып бәріміз,
Жылылықты сезейік.
Шуақ шашқан күндей боп,
Күлімсіреп жүрейік.
Ширату жаттығулары. Мақсаты: оқушыларды сабақ алдында топқа оңай бөлінуін қамтамасыз ету.
“Ара” жаттығуы Оқушылар шеңбер құрып тұрады, қолды бір рет шапалақтаған кезде көздерін жұмып аралар сияқты ызылдап жүреді, екі рет қол шапалақтаған кезде шеңбер жасауға тырысады. Көзді ашуға болады дегенде ғана ашады.