Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану


әже әке Әсел Әлібек Әмір Әсет Әмір тәлім зәулім сән



бет28/51
Дата12.06.2022
өлшемі2,98 Mb.
#36743
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51
Байланысты:
Документ Microsoft Office Word

әже әке

Әсел Әлібек


Әмір Әсет

Әмір тәлім зәулім сән


сәбіз тәулік

әріп шәлі әр кәрі дәрі


Шәріп бәсіре

дәрігер Әсем әтеш Сәкен

Әлібек Әсет





























Теңге – тәуелсіздік символы. 1993 жылғы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы — теңге айналысқа енгізілді. (танымдық сабақ)


Мақсаты: Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Ақшаның пайда болу тарихы, өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат беру. Басқа ел валюталарымен таныстыру. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек таныстыру.
Күтілетін нәтиже Оқушылардың Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.
Көрнекілігі: теңгелер бейнеленген жинақ, «Теңге — тәуелсіздік символы» көрмесі, көрмеге басқа елдер ақшалары мен монеталары қойылады, слайд шоу.
Сабақ барысы
1 — жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Теңге – тәуелсіздік символы» атты танымдық кітапханалық сабағымызды бастаймыз. Әр мемлекеттің өзіне тән белгілері болады. Бүгінгі сабағымызда сол басты белгілердің бірі Қазақстанның ұлттық валютасы теңге туралы әңгімелейміз.
Қазақстан Республикасының «Ән ұраны» айтылады.
2 — жүргізуші: Сабағымызға белсене араласып, зейін қойып тыңдай отырыңыздар, сабақ соңында тапқырлар мен зейінділікті шыңдайтын сұрақ — жауап ойынымыз бар.
1 — оқушы: Тәуелсіздік алған елдің ең бірінші айрықша белгісі — ұлттық валюта. Ол — Қазақстан Республикасы көлемінде пайдаланылатын заңды төлем құралы. Ақша — асыл қазына, халық байлығы.
2 — оқушы: Халқымыз теңгені бұрын да пайдаланған. Теңге атауы орта ғасырлардан бастау алады. VIII — IX ғасырларда әр билеушінің өз руының рәміздері бейнеленген теңгелері айналымда жүрді. XIV ғасырдың аяғында Қазақстан аумағында Әмір Темірдің мәнеті айналыста болды.
3 — оқушы: XVI — XVIІІ ғасырларда мыс тиындар қолданыста жүріп, Қазақстанның Орта Азия мемлекеттерімен және Ресеймен сауда — саттық байланыста болғанын айғақтайды. Қазақтың «тәнге» деген ақша атауының орыстың «деньги» деген сөзі шыққан. Ерте замандарда теңгелерді Түркістан, Тараз қалаларындағы арнаулы шеберханаларда жасаған.
2 — жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар, енді теңгенің айналымға келу тарихымен танысайық.
4 — оқушы 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Теңге өмірге оңайлықпен келген жоқ. Елбасымыз өз теңгемізді шығаруға қаржыгерлерге арнайы тапсырма берді. Ұлттық валютамыздың өз дизайні, өз идеясы болуы керектігін қатаң тапсырылды. Қазақстан аймағында ерте кезеңде қандай ақша болғанын, тарихта бұл жөнінде қандай деректер бары іздестірілді.
5 — оқушы: 1992 жылы тамыздың 27 — сі күні Ұлттық банк басқармасы теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Бірінші бетінде қазақ халқының әйгілі ұлы тұлғаларының әл — Фараби, Сүйінбай, Құрманғазы, Шоқан, Абайдың бейнелері басылды. Екінші бетінде ою — өрнектер, табиғат көріністері бейнеленіп, елтаңбамыз салынған. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Ғабжәлеловтер Англияға аттанды.
6 — оқушы 1993 жылдың күзінде Қазақстан ТМД елдерінің ең соңында рубль аймағынан шықты.
7 — оқушы: Теңге Ұлыбританияның әлемге әйгілі әрі ең көне «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын банкноттық фабрикасында басылып шықты.
8 — оқушы: Теңгенің 16 — ға жуық құпия қорғанысы белгісі бар. Қазақстан теңгесі қазіргі ақша жасау технологиясының соңғы жетістіктеріне сүйеніп жасалған. Құпия белгіні үкінің көзімен қарасаңыз да, байқай алмайсыз.
9 — оқушы: 1993 жылы қарашаның 12 — сі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. Арада үш күн өткен соң, 15 қараша күні таңертеңгі сағат 8 — ден басталып, 20 қарашада сағат 20 — да аяқталып тәуелсіз Қазақстан Республикасының өз валютасы қаржы нарығында айналымға енгізіп, елдің қолына тиіп, ел мәре — сәре болысты. Өйткені төл теңгеміз тәуелсіздігіміздің басты белгісі еді.
10 — оқушы
Мен «Теңгемін, теңгемін!»
Қазақ деген елденмін.
Тәуелсіздік – тұғырым,
Жарқын менің ғұмырым!
11 — оқушы: Ұлттық Банк бастапқыда 1 теңгені сол кездегі мың рубльге бағалаған болатын. Дегенмен, еліміздің саяси, әлеуметтік мәселелері және мемлекетаралық қатынастар ескеріліп 1 теңге 500 сомға бекітілді. Теңге бірінші айналымға кірген күні 1 доллар 4, 75 теңге болып бекітілді.
12 — оқушы
Теңге, теңге, теңгелер,
Теңге адамға дем берер.
Тіршіліктің арбасы,
Теңгеменен дөңгелер.
13 — оқушы Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді. Банкнот — Ұлттық Банктің Алматы қаласындағы Банкнот фабрикасында, ал монета — облысымыздың орталығы Өскемендегі Монета сарайында шығарылады.
14 — оқушы: 1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2, 5, 10, 20 және 50 номиналды монеталар шықты. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы наурыздағы № 2155 «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңының 42 — бабына сәйкес, монеталар мынадай түрге бөлінеді:
— инвестициялық монеталар — инвестициялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан дайындалған монеталар;
— коллекциялық монеталар — коллекциялау және жинақталған ақша қаражаты объектісі болып табылатын, қымбат металдан және қымбат емес металдан шектеулі тиражбен дайындалған мерейтойлық, ескерткіш және арнайы соғылған монеталар;
— айналыста жүретін монеталар — қымбат емес металдан дайындалған және қолма — қол айналымға арналған монеталар.
15 — оқушы: Елімізде инвестициялық монеталар «Жібек Жолы» деп аталады, олар 1996 жылы 19 ақпаннан бастап айналысқа шығарылды.
16 – оқушы: ҚР 1995 жылғы 30 наурызда № 2155 Заңына сәйкес ҚР Ұлттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттары айналысқа шықты.
1 — жүргізуші Алдыңғы шыққан ақша мен қазіргі шыққан ақшаның арасында айырмашылықтар бар.
17 — оқушы
Гүл жайнаған елімде,
22 жыл төрімде
Теңгелерім ардақты
Ие болдың сенімге.

Алтын күз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет