Бастауыш сыныптарда ойын технологиясын пайдалану



бет49/51
Дата12.06.2022
өлшемі2,98 Mb.
#36743
түріСабақ
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
13-оқушы. Жазушы Төлен Әбдіков. «Абай халқымыздың мақтанышы ғана емес, біздің ұлттық ұранымыз. М. Әуезов Абайды әлемге таныту арқылы әлемге қазақты танытты»,- деді. М. Әуезовтің «Абай жолы» роман- эпопеясымен қысқаша әңгімелер арқылы танысып келе жатырмыз. Енді осы әңгімелерді еске түсірсек. «Бала Абай».
Ойды түйіндеу
Бүгінгі сабағымызды Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мына өлеңімен аяқтағым келеді.
Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге.
Қамшының сабындай ғана қысқа өмірінде артына өшпес із, өлмес өсиет қалдырып кетуді ақын сөзімен айтсақ:
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...
Қасиетті қара сөздерден ғибрат алып қана қоймай, өмірлік нұсқау алдық. Қазақ сөзінің киесі қонған бұл қара сөздер кез келгенімізге өмірлік бағыт-бағдар, ақыл қосушы. Сондықтан, балалар, біз Абай атаны жадымызда ұстаймыз.

Құрметтейік атамды,
Ардақтаймын апамды.
Көкемді жақсы көремін
Үнемі көмек беремін:
Үлкенді сыйлау – кішілік
Үлгілі мінез – кісілік


Тәуелдеулі сөздерді септеп жазыңдар.
Атам, әжең, әкесі, анам, орамалдары, камзолың, немерем, сыйлығым, балалары, қызымыз, ағасы, апаң, қарындасым.

Әр топқа бастапқы кезде таратылған суреттер бойынша бір сөз айтқызып ,енді соны үш жақта тәуелдеп берулерін сұрау.


1-топ: қаз; менің қазым,сенің қазың,оның қазы.
2-топ: гүл; менің гүлім,сенің гүлің,оның гүлі.
3-топ: машина; менің машинам,сенің машинаң,оның машинасы.
4-топ: ана; менің анам,сенің анаң,оның анасы.
Енді осы сөздерді септеп көрейік.
1-топ: қаз- қазым,қазымның,қазыма,қазымды,қазымда,қазымнан,қазыммен (1 жақта)
2-топ: гүл- гүлің,гүліңнің,гүліңе,гүліңді,гүліңде,гүліңнен,гүліңмен. (2 жақта)
3-топ: машина- машинасы,машинасының,машинасына,машинасын,машинасында,машинасынан,
машинасымен.(3 жақта)
4-топ: ана- анаңыз,анамңыздың,анаңызға,анаңызды,анаңызда,анаңыздан,анаңызбен.( 2 жақ сыпайы түрде)

Ей қазақтың ұланы,


Болғайсың дала қыраны.
Жер суын қорғау бабаңның,
Өлмейтін мәңгі ұраны.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет