Бастауыш сыныптарына арналған диктанттар жинағы



бет13/20
Дата03.04.2023
өлшемі174,5 Kb.
#78745
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
диктант 3-4 сынып

ЕКІНШІ ТОҚСАН

Тақырыптар бойынша сын жұмыстары


Сөз және оның құрамы


Көкек
Жаз айларында орманға барған адам әсем дауысты естиді. Бұл – кәдімгі өз атын өзі шақыратын көкектің үні. Көкектер балапан басып шығармайды. Жұмыртқасын басқа бір құстың ұясына тастап кетеді. Одан шыққан балапан қасындағы ұяластарын итеріп құлатып жібереді. Көкек – тамақсау құс. Ол зиянкес жәндіктерді жояды. (42 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: ұяластарын, зиянкес, тамақсау.
1.Бірінші сөйлемде қанша сөз барын жақша ішінде цифрмен көрсетіп жазыңдар.
2.Жаз, көкек, балапан деген сөздер неше буыннан құралғанын жақша ішінде цифрмен көрсетіп жазыңдар.


Дуадақ
Дуадақ – биіктігі метрге жететін түз құсы. Өзі ірі. Түсі сұргылт сары боп келеді. Қанаты мен жотасында жолақ қара дақтары болады. Қазақстанда дуадақтың тағы бір ұсақтау түрі бар. Ол ірі дуадақтаң салмағы жағынан екі еседей кішілеу. Қоразының түсі қара. Дуадақтар тамақ
талғамайды. Қазақстанның дуадақтары Қызыл кітапқа жазылған. (46 сөз)
1.Сегізінші сөйлемдегі сөздерді буынға бөліңдер. Оны жақша ішінде цифрмен көрсетіп жазыңдар.
13


Сауысқанның белгісі

Орман ішімен түлкі келе жатыр. Ашық жерлермен жүгіріп өтеді. Ағаштардың арасынан


сыбдырлатпай ептеп жүрді. Ол кенет жер бауырлап жата кетті.Әлденені аңди қалды. Бөдене балапандарының иісін сезді. Түлкінің дәл төбесінде сауысқан шықылықтады.Ол сауысқанға тісін ақсита қарады.Түлкінің арам ниеті белгілі болды. Бөдене балапандары ұша жөнелді. Сауысқанның белгісін ормандағылар түгел түсінді.(52сөз)

Жазылуы қиын сөздер:сыбдырлатпай,ормандағылар.


1.Бірінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
2.Қатаң дауыссыздарды табыңдар.
Бекіре
Бекіреде тұрақты мекен жоқ.Ол көшпелі балық. Бекіренің бастапқы шағы өзенде өтеді. Олар өсіп жетілген соң теңізге бет алады. Мұнда оларға азықтар өте мол.Бұл балықтар ерекше дәмді жұмсақ етімен атақты. Олардың қара уылдырығы дүние жүзінде жоғары бағаланады. Көптеген бекірелердің дене тұрқы үш метрге жетеді. Салмағы екі жүз килограмға дейін барады.(54сөз )
Жазылуы қиын сөздер:уылдырығы,килограмға.
1.Бірінші сөйлемдегі жуан буынды сөздерді бір,жіңішке буынды сөздерді екі сызыңдар.
2.Мәтіннен сан есімдерді табыңдар.
28


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет