ТЕСТ 1.Бірыңғай жуан дауысты дыбыстары бар сөздерді тап.
Белгі (Х) қой.
қала шілде ертек қырман бұлақ емен
2.Дауысты дыбыстан басталып тұрған сөздерді тап. Белгі
(Х) қойыңдар.
Лақ оймақ кілем үміт ине
3. Дауыссыз дыбыстан басталған сөздерді тап.
Белгі (Х) қой.
Диірмен айна алаң қарға омыртқа
4.Төрт буынды сөздерді тап. Белгі (Х) қойыңдар.
Құмырсқаларды өрмекші текеметті күрек
5.Дауыссыз у-ды тап. Белгі (Х) қой.
Ауыл улану әуес кеуде билеу
6.Дауысты у-ды тап. Белгі (Х) қой.
Уық ту жусан сусын оқушы
7.Дұрыс тасымалданған сөзді тап. Белгі (Х) қой.
Қу-ыршақ қуыр-шақ ау-ыз уә-де қау-ын та-уық
8.Дұрыс тасымалданған сөзді тап. Белгі (Х) қой.
О-қиды қа-йық жинал-ды ике-м
9.Қатаң дауыссыз дыбыстарды тап. Белгі (Х) қой.
Р М П Т Ғ Д З С
25
ТӨРТІНШІ ТОҚСАН
Талғаттың ерлігі Таңертең ұшқыштар өте маңызды тапсырма алды. Әскерлеріміз шабуылға шығуға дайын.
Талғаттың ұшағы аспанға көтерілді. Ұшақтардың қимылын командир жерден бақылап тұр. Ол Талғаттың жауға жасаған шабуылына өте риза болды. Ұшқыштар жаудың бекінісін қиратты. Одан соң жердегі әскерлер шабуылға шықты. Жау бекінісін тастап қашты. Жауынгерлік тапсырма орындалды. (45сөз)
Жазылуы қиын сөздер: бекіністерін, қимылын
1. Бірінші сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.
2.Ұшқыштар, аспанға деген сөздерді сөз құрамына талдаңдар.
Қамқоршылар Көктем келді. Асан мен Үсен далаға шықты. Бір топ бала жасаған ұяларын көтеріп алыпты.
Асан мен Үсен ойланып қалды. Үйлеріне қайтып келді. Қолдарына балға мен ара алды. Олар ұя жасауға кірісті. Ракетадан айнытпай ұя жасады. Мұндай әсем ұяны бұрын-соңды көрмеген балалар таң қалды. Құстар да қаптап кетті. Асан мен Үсеннің куанышында шек жоқ.(54 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: бұрын-соңды, қуанышында.
1. Екінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдаңдар. Тұрлаулы мүшелердің астын сызыңдар.
2.Мәтіннен жалқы есімді табыңдар. Астын сызыңдар.