Бастауыш сыныптарына арналған диктанттар жинағы


Диктантты өткізуге қойылатын жалпы талаптар



бет2/20
Дата03.04.2023
өлшемі174,5 Kb.
#78745
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
диктант 3-4 сынып

Диктантты өткізуге қойылатын жалпы талаптар



  1. Диктанттың өткізілетін түрі екі-үш күн бұрын оқушыларға айтылып, оған оқушылардың қалай дайындалуы керек екені (қайталау, жаттау, т.б.) ескертіледі.

  2. Диктант үшін ұсынылатын текстер орфографиялық тұрғыдан таныс, яғни өткен сабақ материалдары негізінде алынады. Егер текст құрамында өтілмеген емле, тыныс белгілері немесе айтылуы мен жазылуы қиын сөздер кездессе, олар түсіндіріліп, тақтаға жазылады.

  3. Диктанттың қай түрі болсын текст орфоэпиялық заңға сүйеніп, кідіріс (пауза) жасап, негізінен үш рет оқылады.

  4. Тексті жазбас бұрын оқушыларға оны бар ынта-зейінімен тындап, мазмұны бойынша жазу, ауыр тиетін сөздерді қадағалап отыру тапсырылады.

  5. Оқылған дыбыс, буын, сөз және сөйлемнің мән-мағынасын түсініп, іштей қайталап, қалай жазылатынын еске түсірген соң барып жазуға кіріскен жөн. Шала естіп, мағына, мазмұнын түсінбей қалған оқушы мұғалімнің екінші рет оқуын күтеді.

  6. Мұғалім тексті ең баяу жазатын оқушының үлгеріп жазу жылдамдығын сақтап оқиды.

  7. Диктант жазылып болған соң мұғалім тексті тағы бір рет түгел оқып шығады. Оқушылар жазғандарын

мұғалімнің оқығанына ілесе тексеріп, қалып қойған
сөз, әріп болса, қол көтеріп сұрап, мұғалімнің қайталауымен толықтырады.

  1. Ең соңында оқушылар жазған текстерін өз беттерімен тексеріп шыққан соң, диктант дәптерлері жинап алынады.

3


Астана қаласының елтаңбасы

Үлке қалалардың өз елтаңбасы болады.Елтаңбаны суретшілер,сәулетшілер жасайды. Астана қаласы елтаңбасының авторы-сәулетші Салауат Дембай. Елтаңбаның өзіндік мазмұны болады. Мысалы, Астана елтаңбасында бейнеленген қалқан-бейбітшілік пен тәуелсіздікті білдіреді. Елтаңбаның түсі-көгілдір. Жаңа астана Есіл өзенінің жағасында орналасқандықтан, елтаңбада су толқындары бар.Оның жоғары жағында қала қорғаны бар. Қорғанның қақпасында шаңырақтың суреті бар. Ол береке, ынтымақты білдіреді. Елтаңбадағы екі барыс пен алтын киімді жауынгер-тарихи рәміздер. Ал 14 жұлдыз-Қазақстанның 14 облысын білдіреді. (73 сөз)


Жазылуы қиын сөздер:тәуелсіздікті,авторы.

  1. «Елтаңба»деген сөзді жіктеп жазыңдар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет