Бастауышпен қоштасу мерекесі Тақырыбы: «Аттандық бала шақтан-болашаққа»



бет5/9
Дата18.04.2023
өлшемі41,69 Kb.
#83937
1   2   3   4   5   6   7   8   9
1-жүргізуші Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең мақтанышың.
Білім алып, тер төгіп еңбек етем,
Өздеріңнің сеніміңді ақтау үшін! –
Бәріміз де бала болдық ,ақын да , күйші де , әнші де ,тіпті тележүргізуші де ұстаздан білім алған соң.Сонымен елестетейік отандық жұлдыздар бір мектепте оқыса қалай болар еді. Келесі тамашалайтындарыңыз «Отандық жұлдыздар бір мектепте оқыса » көрінісі
1-жүргізуші Ертөре
Риза болшы ұстаз қауым ардақты,
Шәкірт жүрек сізге арнау арнапты.
Жылдар жылжып, айлар зулап өтсе де,
Бастауышты орта буын жалғапты. Осы әнді барлық бастауыш сыныпта білім берген пән мұғалімдеріне арнаймыз. Бейсенбек Дильназ бен Дастанқызы Кәусәрдің орындауында «Бастауышпен қошатасатын кез келді» әнін тамашалаңыздар.
1-жүргізуші Мың бұралса біз қарап тамсанайық,
Сіздерге жақсылықпен жар салайық.
Бишілерді сахнаға біз шақырып,
Қол соғып, қошеметпен қарсы алайық – сыныбымыздың қыздарын « Қызбала гүл » биімен қарсы алаңыздыр
2-жүргізуші Дильназ Бастауышым – балқұрағым,
Лаулап жансын шам-шырағың.
Өзің берген біліміңмен
Самғап ұшты тау қыраным. Серікжан Ертөренің орындауындағы « » әнін қабыл алыңыздар
1-жүргізуші Мектеп - деген білім кені , жыр кені,
Мектеп - деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп - деген тәрбиеші адамға.
Мектеп - деген даналардың мекені- келесі «мектепің қызықты сәттері» атты көріністі тамашалаңыздар.
2-жүргізуші Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Мектебімде алаулаған жыр жалын
Кетер мәңгі сөнбей талай жылдарға – Балхаш Саяттың орындауындағы «Қимай тұрмын» әнін қабыл алыңыздар
Бүгінгі біздің бастауышпен қоштасу ертеңгілігіміз аяяқталды , көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

Іс келгенде алдына


Жан салмайтын қызымыз
Ер мінезді, көрікті
Кәусәр біздің ержүрек
Атыңнан айналайын Саят деген
Сенің жақсы ісіңе баға берем
Жеңіс туын тігерсің болашақта
Үміті зор осы сыныптың саған деген


Айсұлу деген қызымыз
Қатысқан талай сайысқа
Тамылжытып ән айтып
Жеткен талай табысқа
Үндемей бәрін тындырған
Сыныптың салмақты қызысың
Жымиып күлген күлкісі
Арайлымның тұйық мінезі-ай

Білімді, ақылдысы сыныптағы


Талай қиын есепті құрықтады
Махамбеттің алдында талай іс тұр
Болашақта жандырар үміт отты

Өзі ұялшақ үндемес


Мінезіне ешкім тең келмес
Үндемес қыз Динаға
Сыныпта ешкім тең келмес 
Ару қызы қазақтың
Мектептің бір озаты
Келбеті де сымбатты
Гүлім біздің ибалы
Он саусағынан өнер тамған
Есепті де жаңғақша шаққан
Суретшіміз кішкентай
Бекзат келді ортаға
Барлық істе алда жүретін
Ән, айтып, биде билейтін
Сыныптың белсенді аруы
Диана өнерлі қызымыз
Математика елінде жан салмайтын
Жауабын табар талай сұрақтың
Сыныбының атақты белсендісі
Арғын келеді арамызға күлімдеп
Ер жігіті қазақтың
Еркесі Ақжол бір үйдің
Адалдықты жаны сүйген қашаннан
Бекзат та бар қатарынан қалмаған
Ер жігіті елімнің
Тұлғасы көкте самғаған
Қатысқан талай жарысқа
Спортшы Елдар сахнада 4 «а сынып жетекшісі Құралай Бақытқызы
Сабыр берген салмақты
Ақыл берген ардақты
Алдиярдай балаға
Білім берген жан-жақты
Дараласа әкесі, аялаған анасы
Ән де, би де, өнер де
Бір өзінен табылған
Аяулымға қарашы
Тақылдаған таңдайың
Жарқырап атқан таңдайсың
Таңшолпан атыңа сай бол болып
Жарқырасын маңдайың
Мықты, күшті Нұрболат
Әлсіздерді шиырған
Бала мінез Мейіржан
Өзі сондай мейірбан
Түрлі-түсті бояумен
Өрнектейтін әр істі
Ершатымыз сыныптың
Суретшінің нақ өзі
Мың салса бір баспайтын
Еш уақытта аспайтын
Аяжан мен Серіктей
Сыныпты алға бастайтын
Мың бұралып би билеп
Әркез алға ұмтылған
Зарина мен Айдана
Әсемдікті ұқтырған
Жайсаң, жуас мінезі
Айғаным бар бір ізді
Тәрбиелеп баптаған
Анасына мың алғыс
Санасына жаттаған 4 «ә» сынып жетекшісі Гүлден Асылханқызы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет