Мұса Өзін-өзі тану сабағы
Біздерге қатты ұнады
Гүлвира апай көп рахмет
Үйреткен бізге жақсыны
Арайлым Мінезі жайлы, жайдарлы қызығасың,
Кейде ашусыз мінезіне табынасың.
Күліп жүрер үнемі Сәулет апай
Бейнелеудің қыр-сырын ұғынарсың!
1-жүргізуші Көрмеген артық сөйлеп, артық күліп,
Шәкірттерін баулыды тәртіпті қып.
Қоштасамыз біз бүгін ұстазбен
Ұстаз әнін жаңғыртып айтып тұрып. Келесі тыңдайтын «Ұстазыма мың тағзым» атты әні барлық ұстаздарға арналады. ( Өлең аяқталғаннан кейін ұстаздарға сыйлықтар тапбысталады) 8 басшы , 6 мұғалім
2-жүргізуші Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де сол кісілердің арқасы.
1-жүргізуші Иә , Дильназ дұрыс айтасың , біздің осындай үлкен азамат болғанымыз , сол кісілердің арқасы. Әнімізде , жырымызда , осында отырған ата-аналарымызға арналады.
1-оқушы Әлішер Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,
Суыққа шалындырмай, мәпелеген.
Өмірдің соқпағымен өрге тартып,
Алдымен адам бол деп жетелеген.
2 оқушы: Дина Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,
Аумайсың жарығы мол ашық күннен.
Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.
Ақылды балаларың оны білген.
3-оқушы Арайлым Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,
Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.
Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,
Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!
4 оқушы: Жәңгірхан Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,
Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.
Білім алып, тер төгем , еңбек етем,-
Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!
Ән «Ай дидарлы анашым»
2-жүргізуші Мың бұралса біз қарап тамсанайық,
Сіздерге жақсылықпен жар салайық.
Бишілерді сахнаға біз шақырып,
Қол соғып, қошеметпен қарсы алайық – сыныбымыздың ұлдарын «Жүрегімнің есігін аш » биімен қарсы алаңыздыр
Достарыңызбен бөлісу: |