Бастауышпен қоштасу мерекесі Тақырыбы: «Аттандық бала шақтан-болашаққа»



бет8/9
Дата18.04.2023
өлшемі41,69 Kb.
#83937
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2 жүргізуші:Келесі құттықтау сөзді балапандарының өнеріне тәнті болған мейірімі мол ата-аналарға берсек.
1 жүргізуші
Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Сау болып тұрыңыздар кездескенше,
Осымен бүгінгі кеш аяқталды. Бірге: Кездескенше сау-саламатта болыңыздар.
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар, 
Білім іздеп инемен құдық қазғандар. 
Сан ұрпақты тәрбиелеп оқытқан
«Өмір» деген ұзақ жолда тарландар! 

Бүгін, міне, қоштасады бастауышпен балбұлақ, 


Әні менен жырларына тарландарым, сал құлақ, 
Кеше сәби, бүгін міне, жас ұлан, 
Лаулап жансын болашағың, шамшырақ... 

Білім бізді қызғалдақтай гүлдетті, 


Бастауышты тәмәмдайтын күн жетті. 
Қошеметпен шақырамыз ортаға, 
Қадам басқан шәкірттерін құрметті, - дегендей, бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық! 

Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да 


Мұндай күй болған сірә қаншаңызда. 
Қол соғып, қошеметтеп қарсы алайық
4 «А» сыныбын ортамызға! 
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға шығады. 

Бала шаққа болашақты жырлатып, 


Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты. 
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге, 
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты. 

Армысыздар, әжелер мен аналар, 


Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар. 
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп, 
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар. 

Армысыздар, өр тұлғалы әкелер, 


Қыран құстай балапанын мәпелер, 
Бүгін міне бастауышпен қоштасар, 
Азамат боп кешегі сәби еркелер. 

: Армысың сен алтын ұя мектебім 


Саған айтар жыр алғысым көп менің. 
Жүректерге жаққан білім шырағын
Мектебіме арналады бұл әнім.

Ия, мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық. 

Мектеп деген білім кені жыр кені, 
Мектеп деген ғылымның ең үлкені. 
Мектеп деген тәрбиеші адамға, 
Мектеп деген даналардың мекені. 

Мектебім білім берер алтын ұям, 


Ер жетіп сенде сөзім артты санам. 
Баулыған 4 жыл бойы ата - анамдай 
Әрқашан қасиетті атың маған. 

4.Білімнің кілтіндей


“Әліппе” ұстатқан
Оқуға іркілмей
Тоқуға ұстартқан.
Қамқоры ұл, қыздың –
Мұғалім – ол біздің.

5. Қиынға төзуге


Үйреткен қашанда,
Жаманнан безуге,
Жақсылық жасауға.
Қамқоры ұл, қыздың –
Мұғалім – ол біздің.

6.Шыңдап күнде мен енді


Шынықтырам денемді
Сүйемін ән-күй сабағын
Суретті сәндеп саламын

Мектеп – кеме, білім – теңіз, 


Барар жерге тез жетеміз. 
Төрт жыл алған білім нәрін
Азық етіп ер жетеміз. 

! Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді, 


Бар асылын бізге жиып, мол береді. 
Қанатымен су себелеп асыл жан, 
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді. 

11.-Үлкендерді сыйлауды,


Құнды кітап жинауды

12.-Адалдарды сүюді,


Тентектерді тыюды,

13.-Оқуды ауыр көрме! – деп,


Ылғи да алға өрле! – деп,

14.-Жақсы істерді құп ал! – деп,


Досың үшін қуан деп.

15.-Санамай жылдың күн, айын,


Баулыдыңыз ұдайы

16.Ұсындыңыз қол үшін:


Рақмет Сізге сол үшін!

Сонымен қатар бізге пән мұғалімдері де сабақ берді, ол мұғалімдерге де айтар алғысымыз көп.

Алтынай Сланбековнаға
Зыр жүгіріп футбол қуып жүргенде
Секір, жүгір шымыр болар денең деп
Салауатты өмір салтын уағыздап
Денемізді шынықтырған бар күш сап 
Алтынай апайға мың алғыс!



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет