Бастауышпен қоштасу мерекесі Тақырыбы: «Аттандық бала шақтан-болашаққа»



бет3/9
Дата18.04.2023
өлшемі41,69 Kb.
#83937
1   2   3   4   5   6   7   8   9
9 оқушы: Махамбет Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып , мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан,
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,


Жирендік , ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты.


10 оқушы: Кәусәр Жарық күннен жылы жүзің елестер,
Құлағымда өзің берген кеңестер.
Жанарымда алыс тартқан қара жол,
Көз жұмсам да көре тұғын белестер.

Қоңыр үнді даусың әсем таңдардай ,


Ұстазымның жүзіндегі нұр қандай?
Мейірлене қарап қойып біздерге,
Күн астынан сабақ беріп тұрғандай
 
11 оқушы: Саят Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,
Басталған ақ батаңнан жас талабым.
Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,
Ұстаздың ұлағатынан басталарын.
 
Мұғалім ұстазысың балалардың,
Болашақ ғалымдардың , даналардың.
Өмірде сенің алар орыныңа ,
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.


12 оқушы: Дильназ Жаралған жақсы үмітпен мұраттардан ,
Жансыз ғой әлдилеген шуақты арман.
Жатталады жан жүректе есіміңіз,
Анамның аяулы үні сияқтанған.

Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,


Бейнеңіз жүректерде сақталады.
Біз әлі биіктерден көрінеміз,
Үміт пен сеніміңіз ақталады .


Ақнұр Зыр жүгіріп футбол қуып жүргенде
Секір, жүгір шымыр болар денең деп
Салауатты өмір салтын уағыздап
Денемізді шынықтырған бар күш сап 
Самат ағайға мың алғыс!


Ершат Орыс тілін үйренеміз,
Әр сөзін біз меңгереміз.
Мың алғыс айта отырып,
Светлана апайға бас иеміз!


Айсұлу Шәкіртін сүйген жұдырықтай жүрегі
Тым еңбекқор, жан-тәні де әдемі
Шет тілімен шәкірттерін қашан да
Гүлшат апай сусындатып жүреді


Дина Гүлзат апай саналады жеке-дара
Мектепте онсыз өтпес ешбір шара
Деніңіз сау болсын деп тілейді
Әніңізді жаттаған әрбір бала




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет