Нұрмұхаммед:
Бастауышым – бал бұлағым ,
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып
Рахметімді жаудырамын
Хормен :
Білім берген біздерге,
Рахмет, ұстаз сіздерге !
Жүргізуші Асемай:
Арманым боп аңсаған,
Мәңгілік қалдым мекендеп,
Өзіңе арнап ән айтам,
Ардақтап ұстаз өтем деп.
Келесі ән сіздерге арналады, ардақты да аяулы ұстаздар.
Хор: «Ұстазыма мың тағзым»
Жүргізуші Сұлтанби: Иә ұстаздарымызға қандай жыр арнасаң да жарасады, сонымен қатар мектебімізге де. Ендеше сыныптастарымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық.
Аягөз:
Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,
Алтын ұя, ақ босаға киелі.
Қанат қаққан білім алып өзіңнен,
Күллі шәкірт саған басын иеді.
Ақниет
Мектебім , алтын ұям , нұрың жарық,
Жайнаттың үмітімнің гүлін жарып.
Сүйкімді сенің күміс қоңырауың,
Тұрады құлағымда сыңғыр қағып.
Аманғали:
Мектеп – үйім, ұстазым менің – ата- анам,
Сеннен өсіп, сеннен ғана нәр алам.
Саяң ыстық , сен мәуелі бәйтерек.
Тамырланып , сан тарапқа тараған.
Нұрмұхаммед
Мектеп деген білім кені, жыр кені,
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені.
Айерке :
Еркелігін көтеріп әр баланың,
Сусындатып білімнің тұнығынан.
Саған қарыз бар пенде ғаламдағы,
Нәр алып, ұшып шыққан қойыныңнан.
Нұрәділ :
Мектеп – кеме, білім – теңіз,
Барар жерге тез жетеміз.
Төрт жыл алған білім нәрін ,
Азық етіп ер жетеміз.
Жанар
Алтын ұя мектебім аялаған,
Бар балаға білім беріп, сая болған.
Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,
Жаманға да, жақсыға да пана болған.
Хор: «Учать в школе»
Жүргізуші Асемай:
Армысың сен, алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр- алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын ,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Достарыңызбен бөлісу: |