Бастауышпен қоштасу



бет3/6
Дата08.04.2023
өлшемі32,22 Kb.
#80484
1   2   3   4   5   6
Ерсұлтан:
Жүрегімде ұстаз берген сабағы
Өң бойымда тамырланып тарады.
Ұмытпаймын салған жолын ақылын
Мәңгі, мәңгі есімізде қалады.
Ақниет:
Ұлы өмірге жетелеп
Ашқан білім есігін
Құрметтейік мәпелеп
Ұстаздардың есімін
Келешекке алтын бақ
Қосар таудың үлесін
Жасай берсін жарқылдап
Ұстаз атты ұлы есім
Аманғали
Ұқсаттыңыз сіз бізді балаңызға
Ұқсатып ек біз сізді анамызға
Жақын тарттық біртіндеп бауыр бастық
Жүргеніңді ұнаттық арамызда
Аягөз :
Маған ұстаз үйретті,
Әліппесін өмірдің.
Жан жүйемді билетті,
Күйі шалқып көңілдің.
Қиялымды кездірді,
Таптым ойдың тұрағын,
Маған ұстаз сездірді,
Алдағы өмір шырағын.


Нұрәділ
Әр үйдің ерке өскен тентегі едік,
Ақылға келе алмадық ерте көніп.
Бойымыз бірте-бірте үйренісіп,
Мектептің ережесін үйрендік біз.
Ұлжалғас :
Мол өнеге ұрпаққа мол дәрісін,
Қанаттандыр қатайтып қолдан ұшыр.
Сізге деген алғыстың шегі де жоқ,
Әр бірінің азамат болған үшін.
Басса бұрыс, жол сілтеп қате дейсіз,
Әр балаға сіз ана, әкедейсіз.
Болашақтың көктеген жас шыбығын
Бағбанындай аялап мәпелейсіз,
Ұлағатты ұстаздарға бас иеміз!
Елнұр :
Алғашқы ұстазымыз анамызбен тең келеді,
Бар асылын бізге жиып, мол береді.
Қанатымен су себелеп асыл жан
Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.:
Аяна:
Тек үйреттің әділдікті , адалдықты,
Жирендік, ажыраттық жамандықты.
Жалғастырар ақ жолың сенің салған,
Бар деп ұққын әрқашан балаң мықты. 
Аманғали :
Кітап қалам қолға алдық 
Бір сыныпқа жиналдық.
Ажырамай арамыз
Болашаққа барамыз.
Жанар:
Жасқана кіріп жарық сыныпқа біз ,
Әр бетін Әліппенің күле ашқанбыз
Мұғалім сабақ өтіп жатқан кезде,
Қайталап атымызды сұрасқанбыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет