Батыр елдің сәулеті (өлкенің батырлары туралы)



Pdf көрінісі
бет37/43
Дата06.01.2022
өлшемі2,45 Mb.
#14421
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43
 
 
 


 
117 
Бәйетұлы Өте батыр (т.ө.ж. белгісіз) 
 
Арынды болсын шабысың, 
Алымды болсын табысың, 
Найзадай болсын намысың, 
Ер жігітке бәрі сын. 
 
  Момыштың батасы. 
 
Бәйетұлы Өте батыр  – қаңлы руының Бадырақ аталығына жататын айтулы 
батырлырдың  бірі.  Оның  өмір  сүрген  кезеңі  XVIII  ғасырдың  орта  тұсына 
шамалас  келеді.  Ол  жоңғар  шапқыншылығынан  соң  қоқан  хандығының 
билеушілерімен, қырғыздармен болған соғыстарға қатынасқан. 
Бадырақ  қаңлылардың  төл  шежіресі  бойынша  Өте  батыр  Бадырақ 
қаңлылардың  Бекес  аталығынан  тарайды.  Бекестен  –  Таңқошқар,  Тайбұға, 
Дәулетбай туылған, Таңқошқардан – Бәйет. Бәйеттің жеңге алған әйелінен – Өте, 
Орыс, Орман, Ноғай атты ұрпақ тараған. 
Өте  –  әкесі  Бәйеттен  небәрі  он  төрт  жас  қана  кіші  болған  көрінеді.  Ол 
жастайынан  алғыр,  өжет  болып  өседі.  Қаршадайынан-ақ  ол  қорықпай  түнде 
жылқы бағуға шығады. Балаң жігіт әкесі Бәйетпен ілесіп он бес жасынан бастап 
елін  қорғау  үшін  атқа  қонады.  (Өтенің  сооғысқа  араласуы  жоңғарлардың  қазақ 
жерінен қаша бастаған кезі болуы керек). Олар өздерінің атамекен туған жерінен 
қалмақтарды  түре  қуады.  Асығыс  қашқан  жаудың  артында  қатын-бала,  дүние-
мүлкі де қазақтардың қолында қалып қояды. 
Сондай  шайқастардың  бірінде  Өте  батыр  көшкен  қараша  үйдің  жүк 
аяғының астында жасырынып жатқан қалмақтың әйелін қолға түсіреді. Қазақша 
тіл білмейтін қалмақ әйелі бажылдап Өтеге бірдеңені түсіндірген болады. Сөйтсе 
киіз  үйге  жақын  жердегі  жырада  қалмақ  әйелдің  күйеуі  тығылып  жатыр  екен. 
Өте  батыр  қылышын  суырып  алып  қалмақтың  басын  шауып  тастауға  оқталған 
кезде әйел тағы да бажылдап, екі жұдырығын бір-біріне тоқпақтап араға түседі. 
Өте  оларды  тұтқындап  ауылға  алып  келеді.  Ауылға  алып  келген  соң  оларды 
Жабағы байға тапсырады. Жабағы бай ерлі-зайыпты екеуін үй шаруасына жегіп 
құл мен күң ретінде пайдаланады. 
Қалмақтың аты «Нәжі» екен. Ол ағаштан, темірден түйін түйген шебер екен. 
Әйелінің  екі  жұдырығын  тоқпақтап  ымдап  көрсеткен  себебі  сол  екен.  Сол 
Нәжінің  ұсталықпен  қатар  емшілік-тәуіпшілік  те  өнері  бар  екен.  Екеуі  Жабағы 
байдың есігінде жүріп қазақша тіл үйреніп, Өтенің ауылына сіңіп кетеді. Уақыт 
өте келе Нәжі өзін Бекеспіз (Бадырақпыз) деп Жабағы байға еншілес атанады. 
Бірде  Өте  батыр  жорықта  жүргенде  мынандай  бір  оқыс  оқиға  болады. 
Әбден  титықтаған  Өте  бір  шайқастан  кейін  ер-тоқымын  жастанып  бір  талдың 
түбіне  қисая  кетеді.  Ұйықтап  жатып  түсінде  тастай  су  ішеді.  Таңертең  қарны 
ашып  оянады.  Ішін  бірдеңе  жалап  бара  жатқандай  дөңбекши  бастайды.  Бұл 
жағдайды көрген Нәжі: 
-Сіздің  ішіңізге  жылан  кіріп  кеткен.  Ұйықтап  жатып  тастай  су  іштім 
дегеніңіздің себебі сол, - дейді. Өтенің жанындағы жігіттерге атқа мініп ары-бері 


 
118 
шабыңдар.  Ат  сүмек  болып  терлесін  деп  бұйырады.  Жігіттер  оның  айтқанын 
жасап  алдына  келгенде  Нәжі  аттардың  сауыр,  шат,  қолтықтарындағы  терін 
сыдырып  бір  ыдысқа  тосып  алады  да  домалап  жатқан  Өтеге  ішкізеді.  Шай 
қайнатым  уақыт  өтпей  жатып  батыр  лақылдытып  құса  бастайды.  Сонда  іштен 
іртік-іртік болып жылан бөлініп түскен екен деп баяндайды қариялар (Әрине бұл 
әңгіме  ақиқат  пен аңыз  аралығындағы адам  сенер-сенбес  оқиға алайда, біз  оны 
қариялардың айтуы бойынша қағазға түсірдік). 
Бадырақ  қаңлылар  арасында  Нәжі  өсіп-өніп  ұрпақ  өрбітеді.  Нәжіден  Боқы 
және Шоқы деген балалар туылады. Жасы үлкені Боқы момын әрі шаруа болып 
ер  жетеді.  Шоқы  болса  сөзге  де,  іске  де  пысық,  тындырымды,  елгезек  болып 
өседі. 
Өте  батырдың  кейінгі  ұрпақтары  Боқы  мен  Шоқы  және  олардың  бала-
шағасы  Бекестен  тараған  қырық  үй  белгісіз  жағдайлармен  Талдықорған 
облысының Алтынемел  және  Сарыөзек аймақтарына  көшіп  кетеді. Біразы  одан 
әрі Қытай асады. 
Нәжінің  балалары,  одан  өрбіген  немерелерінің  барлығы  да  он  саусағынан 
өнер тамған ұста, зергер болыпты. 
 Шоқының  тағдыры  туралы  Бадырақ  қаңлының  шежіреші  қариясы  Айып 
Бескемпірұлы төмендегідей етіп жазады: 
«Шоқы  кейін  өскен  соң  Абылайдың  тұқымы  Әділ  төреге  он  сегіз  жылдай 
адал қызмет етіп, би атанған. Әділ төреге Талдықорған аймағындағы Айнабұлақ 
деген жерде тұрған. Оның жеті әйелінен он екі перзент көрген. Кейін Әділ төре 
Көкшетауға көшерде Ералы, Нұралы  
деген ұлдарын Айнабұлақта қалдырады. Сол Нұралының ұрпағынан тарған 
Тезек төре кейін ел билейді. Әйгілі Шоқан Уәлиханов Тезек төренің қарындасын 
алуға  келгенде  науқастанып,  сол  жерде  қайтыс  болған.  Шоқанның  қабірі  мен 
музейі қазіргі «Шоқан совхозы» аталатын жерде (А.Қаражігітов. бадырақ қаңлы 
шежіресі. Алматы, 2008. 48 бет). 
Ағайынды  Боқы  мен  Шоқы  бір  шапқыншылықта  қалмақтардың  қолына 
түсіп,  тұтқында  кетеді.  Қалмақтар  Боқыға  жылқы  бақтырып,  Шоқыны  үй 
төңірегіндегі шаруашылық жұмыстарға құлдыққа жегеді. Шоқы бір күні қайнап 
тұрған  қазандағы  сорпаны  жазатайым  үстіне  төгіп  алады.  Бетін,  қолдарын, 
қарнын  күйдіріп  алып,  содан  ол  «Тыртық»  атанады.  Қалмақтар  Шоқының 
пысықтығынан  күдіктеніп,  қашып  кетпесін  деп  үй шаруасы біткен  кезде  кешке 
қарай оны меске салып, мойнынан байлап қоятын көрінеді. 
Бірде  қазақ  жасақтарының  шабуылынан  кейін  Боқы  мен  Шоқы  бостандық 
алып,  қалмақтардың  бір  үйір  жылқысын  айдап,  Айнабұлақтағы  Әділ  төреге 
сіңеді.  Әділ  төре  Шоқының  әділдігіне,  пысықтығына  разы  болып  оны  сол 
аймаққа  би  етіп  тағайындайды.  Әділ  төре  Шоқыны  «Тыртығым»    деп  атайды 
екен. 
Бірде  Әділ  төре  елдің  бәрі  қыбырлап  тірлік  істеп  жүргенде  Шоқының 
көлеңкеде  шынтақтап  жатқанын  көреді.  Сонда  Әділ  төре  Шоқыны  сынамақ 
болып: 
-Әй  Тыртығым,  елдің  бәрі  еңбектеніп  жатқанда  сенің  шөп  басын 
сындырмай  жатқаныңа  жол  болсын?  –  дейді.Шелектегі  суды  етегіме  құй  деп 


 
119 
Әділ төре шапанының етегін бүрмелеп тосады. Шоқы төренің етегіне су құяды. 
Әділ  суды  етегіне  шайқап-шайқап  төгіп  тастайды.  Шоқы  шапанның  етегіне 
судың жұқпағанын көреді. Әділ төре: 
-Су  шапанымның  етегіне  жұқпады,  жақсыға  не  жұғады?  –  деп  сұрайды. 
Сонда Шоқы: 
-Мен  сіздің  отыңызды  жағып,  күліңізді  шығарсам  сырттан  көрген  жұрт: 
«Төренің  отын  жағып,  күлін  шығарып  жүрген  күңнен  қандай  билік  шығады?» 
демей ме? – депті. Сонда Әділ төре: 
-Шоқы,  сенде  өзгеге  бітпеген  бойыңда  асыл  қасиет  пен  даналық  бар  екен. 
Ұрпағың көп болып, өркен жайсын! – деп батасын беріпті. Бүгінде Нәжінің ұлы 
Шоқының  моласы  сол  Айнабұлақта  ал,  Шоқының  моласы  Майтөбеде  жатыр 
дейді. 
Өте  батырдың  Қоқан  хандығының  тұсында  жасаған  бір  ерлігі  былай 
баяндалады: 
Әулие  ата  аймағын  қоқан  хандығы  билеп  тұрған  шақта  түндік  басына 
салынатын  салық  қисапсыз  болған.  Қой,  көмір,  сексеуіл  т.с.с.  салық  түрлері 
болады.  Егін  салған  дихандар  өнімнің  үштен  бірін  беруге  тиісті  еді.  Ал  салық 
төлеуге шамасы келмегендердің кепілдікке жас балаларын алатын болған. Қоқан 
билеушісі  Әлімқұлдың  салық  жинаушылары  Бадырақ  ауылына  келіп  тиесілі 
салықтан бөлек жеті-сегіз жасөаспірім баланы кепілдікке алып кетеді. Өте батыр 
болса бұл кезде Меркі, Қарабалта жағында қырғыздармен болған соғыста жүрген 
екен. 
Өте  ауылға  келгенде  ел  шулап  оған  бар  жағдайды  айтып  жеткізеді.  Өте 
батыр  жанына  сенімді  деген  он  шақты  жігіттерін  ертіп  салық  жинаушылардың 
соңынан  кетеді.  Межелі  жерге  жетіп  барласа  зекетшілердің  күзеті  жиырма 
шақты  адамнан  тұрады  екен.  Таң  атар  алдындағы  тәтті  ұйқының  кезінде  Өте 
батыр жігіттермен қоқандық зекетшілерді қырып салады. Олардың он шақтысын 
өлтіріп,  бес-алтауын  қолға  түсіреді.  Сөйтіп  тұтқындағы  бауырларын  құтқарып 
қалады (Өте батырдың бұл ерлігін А.Қаражігітов өз әкесі Бескемпірден естігенін 
айтады). 
(Бадырақ  қаңлы  шежіресінде  Бәйетұлы  Өте  батырдан  басқа  Бармақ  батыр, 
Жұмағұл  батыр,  Шынбай  батыр,  Сайлыбай  батыр  деген  батырлардың  аты 
аталып,  қысқаша  ғана  мәліметтер  келтірген.  Олар  туралы  деректер,  ауызекі 
әңгімелер    мардымсыз  болғандықтан  біз  оларға  тоқталған  жоқпыз.  Өте  батыр 
туралы дерек көзі Бадрақ  қаңлы шежіресінен алынды). 
 
 


 
120 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет