Батыр елдің сәулеті (өлкенің батырлары туралы)


Мырзабекұлы Сайлыбай батыр (т.ө.ж. белгісіз)



Pdf көрінісі
бет38/43
Дата06.01.2022
өлшемі2,45 Mb.
#14421
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43
Мырзабекұлы Сайлыбай батыр (т.ө.ж. белгісіз) 
 
... Өмірді өмір сүріңдер. 
Жауға қарсы жүріңдер. 
Жолатпаңдар жеріңе, 
Қалқан болып тұрыңдар. 
Қашанда бір қасқайып, 
Мынау тұрған еліңе. 
Жау шетіне тигенде. 
 
С.Бәуов 
 
Жуалы  аймағында  ел  аузында  осы  уақытқа  дейін  батырлығы  ел  аузында 
айтылатын  айтулы  батырлардың  бірі  Қаңлы  руының  Бадырақ  аталығынан 
тарайтын – Сайлыбай батыр. 
Бадырақ  қаңлының  шежірешілері  таратқан  ұрпақ  жалғастығы  бойынша 
Сайлыбайдың әкесі Мырзабек. Оның әкесі Орыс. Орыс болса біз бұрын баяндаған 
Өте  батырмен  емшектес  Бәйеттен  келіп  тарайды.  Бәйет  -    Таңқошқардан  ал, 
Таңқошқар Бекестен (Бадырақтан) келіп шығады. 
Сайлыбай  батыр  туралы  әңгімелер  тек  ауызекі  ел  аузында  ғана  сақталып 
қалған. Сол әңгімелерге қарағанда Сайлыбай батырдың өмір сүрген кезеңі XVIII 
ғасырдың аяғы мен XIX басына келеді.  
Туып-өскен өңірі Алатаудың етегіндегі бұрынғы Бадырақтардың ескі жұрты.  
Сайлыбай  батыр  туралы  аңыз  әңгімелер  көп.  Ол  кісі  әсіресе  Қоқан 
хандығының  жандайшаптарының  зорлық-зомбылықтарына  қарсы  күресіп  өткен. 
Жастайынан-ақ үлкен жиын, ас тойларда күреске түсіп атағы шығады. Батырдың 
немересі  Молжігіттің  аузынан  жазып  алынған  Сайлыбай  батырдың  ерлігі 
мынандай: 
Алатаудың  етегіндегі  жасыл  алқапта  Бадырақ  Қаңлыдан  шыққан  Бәйелі 
деген  кісіге  үлкен  ас  беріледі.  (Бәйелі    -  біз  бұрын  жазған  өте  батырдың  әкесі 
болуы  керек  деп  ойлаймыз).  Ол  асқа  Әулие  атадан  бергі  аймақ,  мына  жағы 
Сайрам,  Манкент,  Түлкібас  ауданының  бай-бағландары,  би-көсемдері,  ақын-
палуандары түгел қатысады. Аламан бәгеге он екі ата Дулат, алты ата Қаңлы тағы 
басқа  рулардан  барлығы  306  таңдаулы  сәйгүліктер  қосылады.  Бұлардың  ішінде 
Қоқан хандығының құсбегі, бүкіл оңтүстік өңірде қаталдығымен, озбырлығымен 
аты  шыққан  атақты  Тәйтелі  би  де  өзінің  үкілеп  алып  келген  сәйгүлігін  қосады. 
Талай жерде бас бәйге алып жүрген атына, жауырыны жерге тимеген палуанына 
сенімді болған би: - Атымды шаптырмай, палуанымды күрестірмей бәйгемді бер, - 
деп қиғылық салады. 
Ас иесі Қаңлы балалары бұл талапты орындамай, бәрін де жалпақ жұрттың 
көзінше өткіземіз, бәйгінің сыйлығы жеңімпаздарға қарай беріледі дейді.  
Аламан  бәйгеден  Сыйқым  Шерімұлы  Мақұлбектің  атақты  қара  аты 
өзгелерден арқан бойы озып бірінші келеді. Тәйтелі бидің қосқан сәйгүлігі екінші 
болып  келеді.  Палуандар  күресінде  де  Сайлыбай  Тәйтелі  бидің  алып  келген 
палуанын  жығып,  астың  соңы  үлкен  сабаласқа  айналады.  Тәйтелінің  бес  жүзге 
тарта сойыл соғар жігіттеріне Сайлыбай батырдың екі жүз қаралы жігіттері қарсы 
тұрады. Сайлыбай – Тәйтелімен жекпе-жекке шығып Тәйтелі басы жарылып аттан 


 
121 
құлайды.  Сол  шайқастан  кейін  ел  аузында:  «Тәйтелі  бидің  бағы  Сайлыбай 
батырдың қылышынан тайған» - деген аңыз қалған. 
Сайлыбай батырдың саятқа да, жорықтарға да бірге шығатын сенімді серігі – 
Бадырақ  Жұмағұл  деген  досы  болған.  Жұмағұл  –  атқан  оғы  мүлт  кетпейтін 
садақты  да,  білтелі  мылтықты  да,  құралайды  көзге  атқан  дейтіндей  мерген 
болыпты.  Жұмағұлдың  дене  бітімі  аса  ірі  болмағанымен  кепкен  қайызды 
қысқанда  су  шығаратындай  әсіресе  білек  күші  мықты  болыпты.  Оған  Сайлыбай 
батырдың өзі таң қалады екен.  
Жорыққа  шыққанда  Жұмағұл  Сайлыбайдың  артындағы  атқа  теріс  мініп, 
жауына садақ тартып, мылтық атқан. Ол кісінің өзі: алдағы жау ор, арттағы жау 
құз,  ордан  жақсы  ат  аман  алып  шығады,  арттағы  жаудан  сенімді  серік  аман 
қалдырады, - дейтін көрінеді. 
Жуалы  және  Түлкібасы  аймағында  Сайлыбай  батырдың  есімімен  аталатын 
бірқатар жер-су атаулары сақталып қалған. Мысалы: Ақсу-Жабағылы аймағында 
«Сайлыбайдың  сайы»,  «Сайлыбайдың  жотасы»  деген  жерлер  бар.  Қаратаудың 
Күйік  асуының  тұсында:  «Сайлыбайдың  қыстауы»  деген  атаулар  сол  кісі  мекен 
еткен жерлер. 
Құлжабаев Молжігіттің (марқұм) айтуынша Сайлыбай 82 жасында дүниеден 
өткен. Сайлыбай батырдың кейінгі ұрпақтары (немерелері) – Құлжабаев Молжігіт 
Ұлы  Отан  соғысына  бастан  аяқ  қатынасқан.  КСРО  халық  Комисариаты 
Қауіпсіздік  Комитетінің  қарсы  барлау  саласында  ұзақ  жылдар  қызмет  етті.  Ол 
кісінің  шау  тартқан  кезінде  де  жиын-тойларда  күреске  шыққан  кезін  көзбен 
көрдік. Молжігіт ақсақалдың інісі гвардия подполковнигі Амангелді Құлжабаев та 
бүкіл  Жуалы  өңіріне  танымал  адамдар.  Сайлыбай  батырдың  қазіргі  ұрпақтары 
Жамбыл  облысының  аймағында,  Жуалы  ауданының  Тәттібай,  Шақпақата, 
Б.Момышұлы ауылдарында тұрады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет