Батырбаева нургуль базиловна


  Өсімдік  шаруашылығының  жанама  өнімдері  негізінде  жемдік



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата03.03.2017
өлшемі5,68 Mb.
#7249
1   2   3   4   5   6   7   8

 
3.5  Өсімдік  шаруашылығының  жанама  өнімдері  негізінде  жемдік 
қоспа өндірісінің технологиялық сызбасын жасау 
Өсімдік  шаруашылығының  жанама  өнімдері  негізінде  жемдік  қоспа 
өндіруге қажетті шикізаттар: бидай және жүгері тұқымдық бүршіктері, жүгері 
глютені,  жүзім  сығындысының  ұны,  қызанақ  сығындысының  ұны,  кепкен 
картоп  қалдығының  ұны,  жемдік шунгит,  тұз, бор және  «Биоконс»  прибиотик 
препараты.  
Пробиотик 
«Биоконс» 
препараты 
сүтқышқылды 
бактериялардың 
штамдарынан  тұратын  тірі  микроб  массасы.  Оның  монокультураларға 
қарағанда  шартты  –  патогенді  микрофлораға  қатысты  антагонистік  қасиеті 
жоғары. 
Препараттың 
В.subtilis, 
Echerichiacoli, 
staphulococcusaureus, 

83 
 
Salmonellareadihg, 
Salmonellatuphimurium 
бактерияларына 
қатысты 
антибактериалдық  қасиеті  бар,  сондықтан  ауыл  шаруашылығы  малдары  мен 
құстарын  азықтандыруда  емдік  және  сауықтыру  мақсатында  қолданылуы 
мүмкін. Препараттың антогонистік қасиеті консорциумға кіретін сүтқышқылды 
бактериялардың  кейбір  дақылдарының  молекулярлы  массалары  3500  –  4500Д 
төмен  молекулярлы  пептидтерінің  синтезделуіне  байланысты.  Сонымен  қатар 
препараттың  аминқышқылдық  құрамы  да  бай  [188,189].  Препараттың 
аминқышқылдық құрамы 21 – кестеде берілген. 
 
Кесте 21 – «Биоконс» препаратының аминқышқылдық жоспары 
 
Аминқышқылдары 
Мөлшері, мг / 100 г 
Аланин 
790 
Глицин 
502 
Валин 
1115 
Лейцин 
2395 
Изолейцин 
1271 
Треонин 
1098 
Серин 
1505 
Пролин 
2892 
Метионин 
604 
Аспаргин қышқылы 
2101 
Цистин 
180 
Оксипролин 
33 
Фенилаланин 
1168 
Глютамин қышқылы 
5263 
Орнитин 
22 
Тирозин 
1301 
Гистидин 
483 
Аргинин 
661 
Лизин 
1431 
Триптофан 
322 
 
Өсімдік  шаруашылығы  жанама  өнімдері  негізіндегі  жемдік  қоспа 
өндірісінің  технологиялық  сызбасына:  жүзім  сығындысының  ұны,  қызанақ 
сығындысының ұны, кепкен картоп қалдығының ұны, бидай тұқымдық бүршігі, 
жүгері  глютені  мен  жүгері  тұқымдық  бүршігі,  тұз,  бор,  жемдік  шунгит, 
«Биоконс»  препаратын  сақтауға  арналған  силосты  типті  сыйымдылықтар 
кіреді. 

84 
 
 Жемдік 
қоспа  технологиясы  технологиялық,  транспорттық  және 
электротехникалық  құрал  –  жабдықтар  кешенінен  тұрады,  бұларға  кіретін 
дайындау желілері: 

 
 жүзім сығындысының ұнын дайындау ,  

 
 қызанақ сығындысының ұнын дайындау ,  

 
 кепкен картоп қалдығының ұнын дайындау, 
–  бидай  тұқымдық  бүршігі,  жүгері  тұқымдық  бүршігі  және  жүгері 
глютенін дайындау,  

 
 тұз, бор, жемдік шунгитті дайындау желілері. 
Жемдік  қоспа  құрауыштарын  мөлшерлеу  және  араластыру  желілері 
көлемдік  мөлшерлегіштер,  магниттік  бағандар,  премиксті  және  «Биоконс» 
препаратын  енгізуге  арналған  қораптардан,  араластырғышқа  тиеу  нориясынан 
тұрады. Жемдік қоспа өндірісінің технологиялық желісі 17 – суретте берілген. 
 
 

85 
 
 
 
Сурет 17 – Жемдік қоспа өндірісінің технологиялық желісі 

86 
 
Түйіршіктеу 
желісі 
қораптардан, 
мөлшерлегіштен, 
кептіргіштен, 
араластырғыштан, балғалы ұнтақтағыштан, елегіштен, түйіршіктегіштен, суыту 
колонкасынан  тұрады.  Минералды  шикізат  және  «Биоконс»  прибиотик 
препаратын  дозаларға  бөліп  әрбір  сынамаға  ары  қарай  жинақтаушы  қораптың 
үстіндегі араластырғышқа түседі. 
Жемдік қоспа технологиясы келесідей операцияларды құрайды:  
 –  жемдік  қоспаның  құрауыштарын  келісілген  рецепт  бойынша  көлемді 
мөлшерлегіште мөлшерлеу, араластырғышқа беру; 
 – жемдік қоспаны ұнтақтағышта  ұнтақтау
 –  шашыранды  жемдік  қоспаны  түйіршіктегіште  түйіршіктеу,  конвейерлі 
суыту бағанында түйіршіктерді суыту; 
 –  түйіршіктегіште  жемдік  қоспаны  ұсақ  қиқымдардан  тазарту  үшін  елеу 
және дайын өнімді жинастыру. 
Дайын  жемдік  қоспаны  қажет  болса  қоймаға  жіберер  алдында  нория 
арқылы  автоматты  таразыда  өлшеуге  жіберуге  болады.  Жемдік  қоспаны 
таразыға тарту аппаратында өлшеп, қаптарға салу қарастырылған. 
Жемдік қоспаның микробиологиялық қасиеттерін жақсарту және қоректік 
құндылығын жақсарту үшін түйіршіктеу қарастырылды.  
Түйіршіктеу  жемдік  қоспаның  тазалық  жағдайының  жақсаруына 
көмектеседі, сонымен қатар экологиялық таза өнім алуға септігін тигізеді. 
Түйіршіктелген  және  шашыранды  жемдік  қоспаның  микробиологиялық 
көрсеткіштері 22 – кестеде (Қосымша Ж) ұсынылған. 
 
Кесте  22  –  Түйіршіктелген  және  шашыранды  жемдік  қоспаның 
микробиологиялық көрсеткіштері 
 
Микробиологиялық 
көрсеткіштері 
НТҚ бойынша 
нормасы 
Жемдік қоспа 
шашыранды 
түйіршіктелген 
Жалпы 
бактериямен 
тұқымдануы, 
КОЕ/г, 
астам 
5х10
4
 
5,7х10
5
 
4,6х10
4
 
БГКП (колиформы), 1г – 
да 
жіберілмейді 
жоқ 
жоқ 
Патогендік 
микро 
ағзалар,  соның  ішінде 
сальмонелла, 25г – да 
жіберілмейді 
жоқ 
Жоқ 
Көгерткіш 
зеңдер, 
КОЕ/г, 
5х10
1
 
4,0х10
1
 
2,9х10
1
 
 
18  –  19  суреттерден  көріп  отырғандай,  түйіршіктелген  жемдік  қоспадағы  
шашыранды жемдік қоспаны салыстырғанда микроағзалар мөлшерінің 12,4 есе 
азайғаны, сонымен қатар көгерткіш зеңдер 1,4 есе азайғаны көрінеді. 
 

87 
 
 
 
Сурет 18 – Түйіршіктелген және шашыранды жемдік қоспадағы 
микроағзалар мөлшері  
 
 
 
Сурет 19 – Түйіршіктелген және шашыранды жемдік қоспадағы көгерткіш 
зеңдер мөлшері 
 
Түйіршіктелген және шашыранды жемдік қоспа 20 – суретте көрсетілген. 
 

88 
 
         
 
 
Сурет 20 – Түйіршіктелген және шашыранды жемдік қоспа 
 
3.6 Жемдік қоспаның гигроскопиялық қасиеттерін зерттеу 
Жемдік  қоспаның  қоректік  құндылығы,  сақтаудағы  тұрақтылығы  оның 
құрамына  кіретін  органикалық  және  минералдық  заттардың  шығу  тегіне 
байланысты.  Барлық  қоспа  құрауыштарының  ішінен  көп  жағдайда  сақтау 
мерзіміне судың әсері зор.  
Мәдени  өсімдік  тұқымдары,  астық  массасының    қоршаған  ортаның  
газдары мен әртүрлі заттарының буын сіңіру қабілеттілігі бар.  
Астық  массасының  газтәріздес  және  бутәріздес  заттарды  сіңіру    үрдісі 
сорбция,  ал  астық  массасының  бұл  заттарды  сіңіру  дәрежесі  –  сорбциялық 
сиымдылық деп аталады. 
Астық  массасы,  құрама  жем  құрауыштары  кері  үдеріс  –  десорбцияға    да 
қабілетті болып келеді, яғни сіңірген заттарды қоршаған ортаға бөлу. 
Жемдік  қоспаның  тұрақтылығына  оның  сорбция  және  десорбцияға 
қабілеттілігі  әсер  етеді.  Қоршаған  ортадан    су  буларын  сіңіру  немесе  бөліп 
шығару су сіңіргіштігі   деп аталады. 
Су  буларын  сіңіру  дәрежесі  ауаның  салыстырмалы  ылғалдылығы,  оның 
химиялық құрамы, бөлшегінің өлшеміне байланысты. 
Құрама жем құрауыштарының су сіңіргіштігі гигроскопиялық тепе-теңдік, 
яғни  құрама  жем  құрауыштары  мен  ауа  арасындағы  ылғал  алмастыру  сәті 
орнағанда тоқтайды. 
Ауаның  белгілі  салыстырмалы  ылғалдылығы  мен  температурадағы 
орнаған ылғалдылық тепе-тең ылғалдылық деп аталады. 
Сондықтан жемдік қоспа құрауыштарын сақтау, тасымалдау және белсенді 
желдетуде оның бу мен газды белсенді сіңіруін есепке алу қажет. 
Құрама жем құрамындағы құрауыштардың тепе – теңдік ылғалдылықтары 
әртүрлі  және  олардың  физикалық  –  химиялық  қасиеттеріне  байланысты. 
Бөлшегі ірі өнімдерде тепе – теңдік ылғалдылық майда ұнтақталған өнімдерге 
қарағанда  ұзақ  уақытта  орнайды.  Ең  жоғарғы  ылғал  тартқыштық  қасиеттерге 
минералды  шикізаттар  (ас  тұзы,  бор,  микроэлемент  тұздары,  әсіресе  күкірт 

89 
 
қышқыл),  биологиялық  белсенді  заттар  (холин  -  хлорид,  лизин  жемдік 
концентраты), карбамид, бидай мен жүгері тұқымдық бүршігі ие. Клетчатканы 
көп сақтайтын өнімдердің ылғал тартқыш қасиеттері төмен болады.  
Астық массасы, құрама жем құрауыштарының тепе-теңдік ылғалдылығын 
тензиметриялық және динамикалық әдістер арқылы анықтайды. 
Зерттеуде тензиметриялық әдіс қолданылды. 
Дән  массасының  тепе  –  теңдігін  анықтау  үшін,  анықталатын  дәннің  5  г 
сынамасын  алып,  өлшенген  әйнекті  бюкстарға  несесе    шыныларға  салып,  
ішіндегі ерітіндісі бар эксикаторға орналастырады.  
Гигроскопиялық қасиетін уақыт өткен соң дәннің ылғал сіңіру дәрежесіне 
байланысты анықтайды. Тәжірибе үрдісіне сай, дәннің белгіленген тепе-теңдік  
ылғалдылығы  сынаманы  кептіру  шкафында  105
  0
С  температурада    кептіру 
арқылы  анықтап,    құрғақ  салмақтан  тұрақты  салмаққа  дейін  пайызбен 
белгіленеді. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын жасау үшін эксикаторға 1 – 
2  л  (эксикатордың  көлеміне  байланысты)  қажетті  мөлшердегі  күкірт 
қышқылының  ерітіндісін немесе қаныққан  тұз ерітіндісін құяды [190, 191]. 
Тәжірибе көрсеткендей жемдік қоспаның ылғалдылығымен салыстырмалы 
ауа ылғалдылығы арасында байланыс бар, яғни екеуінің арасында тепе – теңдік 
сақталады. 
 
Кесте 23 – Жемдік қоспаның тепе – теңдік ылғалдылығы 
 
Жемдік 
қоспа 
нұсқалары 
Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, % 
40 
50 
60 
70 
80 
90 
100 

4,00 
5,50 
6,51 
7,58 
10,21 
17,68 
27,6 

4,30 
5,20 
5,81 
6,62 
8,91 
15,58 
25,8 

4,80 
6,20 
7,22 
8,18 
10,60 
21,78 
37,5 
 
Жемдік  қоспа  мен  ауа  арасындағы  ылғал  ауысу  ауаның  салыстырмалы 
ылғалдылықтарына байланысты 40....48 тәулікте тоқтайды. 
Зертханалық  тәжірибе  нәтижелерін  қарастыра  отырып  оның  стационарлы 
жағдайда  зертханада  алынғанын  ескеру  қажет.  Алайда  тепе  –  теңдік 
ылғалдылықты  анықтау  нәтижелері  жемдік  қоспаны  ауаның  салыстырмалы 
ылғалдылықтары әртүрлі болғанда қауіпсіз сақтауға мүмкіндік береді. 
 
3.7 
Сақтау  кезіндегі  жемдік  қоспа  көрсеткіштерінің  өзгеру 
динамикасын зерттеу  
Жемдік  қоспаның  тәжірибе  партиясының  сақталуын  зерттеу  үшін 
шашыранды  және  түйіршіктелген  жемдік  қоспа  нұсқалары  құрама  жем 
зауытының еден типтегі қоймасына сақтауға қойылды (кесте 24). Тәжірибе 6 ай 
маусымнан қарашаға дейін жүргізілді. Бұл кезде ауа температурасы қоймада + 

90 
 
8 ден + 5 
0
С – дейін ауытқыды, салыстырмалы ылғалдылық 45,7 – тен 84 % – ға 
дейін ауытқыды (Қосымша И). 
 
Жемдік  қоспа  ылғалдылығының,  майдың  қышқылдық  санының  өзгеруі, 
майдың  асқын  тотық  санының  сақтау  мерзіміне  байланысты  өзгеруі  21  –  23 
суреттерде берілген. 
 
Кесте 24 – Жемдік қоспаның сақтау кезіндегі сапа көрсеткіштері 
 
Сапа көрсеткіші 
Сақтау 
мерзімі, 
айлар 
Жемдік қоспа  
шашыранды 
түйіршіктелген 
 
Ылғалдылығы, % 
 

11,58 
11,70 

11,74 
11,81 

13,93 
12,80 

15,4 
13,9 
 
Шикі протеин, % 

18,09 
18,02 

17,88 
17,86 

17,79 
18,00 

17,41 
17,91 
 
Шикі май, % 

4,52 
4,52 

4,37 
4,60 

4,15 
4,18 

4,03 
4,22 
Майдың қышқылдық 
саны, мг КОН 

16,08 
15,41 

24,71 
21,12 

41,65 
28,14 

63,19 
41,27 
Майдың асқын 
тотығының саны, % 
йод 

0,104 
0,096 

0,290 
0,176 

0,452 
0,283 

0,566 
0,405 
 

91 
 
 
 
Сурет 21 – Ылғалдылықтың сақтау мерзіміне байланысты өзгеруі 
 
 
 
Сурет 22 – Майдың қышқылдық санының өзгеруі 
 

92 
 
 
 
Сурет 23 – Майдың асқын тотық санының өзгеруі 
 
23  –  кестеден  байқалғандай  жемдік  қоспа  нұсқаларының  ақуыздық 
фракциясы  6  ай  сақтаудан  кейін  көп  өзгеріске  түспеді.  Жемдік  қоспадағы 
майдың сапасы қышқылдық және асқын тотық саны бойынша бағаланды.  
Сақтау барысында барлық нұсқалардағы майдың қышқылдық және асқын 
тотық  санының  өскені  байқалды.  Шашыранды  жемдік  қоспадағы  майдың 
қышқылдық  саны  4  айдан  соң  16,08  –  ден  41,65  мг/КОН  көтеріліп,    6  айдан 
кейін 63,19 мг/КОН – ға көтерілген. Түйіршіктелген жемдік қоспадағы майдың 
қышқылдық саны 4 айдан соң 15,41 ден 28,14 мг/КОН көтеріліп,  6 айдан кейін 
41,27 мг/КОН – ға көтерілген. Майдың асқын тотық саны осы 4 ай уақыт ішінде 
шашыранды жемдік қоспада 0,104 – тен 0,452 % йод – қа, 6 айдан кейін 0,566 % 
йодқа  көтерілген,  түйіршіктелген  жемдік  қоспада  0,096  дан  0,283  йод  –  қа,  6 
айдан кейін 0,405 % йодқа көтерілген. 
Берілген  мәліметке  сай  шашыранды  жемдік  қоспаны  сақтау  мерзімі  2  ай 
болып саналады, өйткені 4 ай сақтағаннан кейін майдың қышқылдық саны мен 
асқын  тотық  саны  көрсеткіштері  шектік  деңгейден  асты,  ал  түйіршіктелген 
жемдік  қоспаны  4  ай  сақтауға  болады,  өйткені  қоректік  құндылығы 
айтарлықтай  дәрежеде  және  майлық  фракциясы  мен  ақуыздық  сапалылығы 
сақталды. 
 
 
 
 

93 
 
3.8 Ауыл шаруашылығы малдарына арналған жемдік қоспа енгізілген 
құрама жем рецебін жасау 
Құрама  жем  өндірісінде  әртүрлі  шикізаттарды  тиімді  қолдану  үшін  
қолдағы  бар  рецептерді  пайдалана  отырып,  рецептегі  бір  түрлі  шикізатты 
қоректік  құндылығы  ұқсастау  басқа  түрімен  алмастыруға  болады    және 
қоректілігі мен бағасы да салыстырмалы түрде таңдалып алынады. 
Бұл  алмастырылу  дайын  құрама  жемнің  сапа  көрсеткішіне  өзгеріс  әкелуі 
мүмкін. Бірақ – та, қатаң стандарттық рецебпен дайындалған құрама жемнің  де 
сапа  көрсеткіштерінің  айырмашылықтары  болады.  Өйткені,  сол  алып  отырған 
бір  өнімнің  өзінде,  қоректік  көрсеткішінде  ауытқушылық  болады.  Мысалы, 
дәнді шикізаттардың (бидай, арпа, сұлы, жүгері және басқа) сапа көрсеткіштері, 
сол  өнімнің  өсірілген  жеріне,  атмосфералық  –  климаттық  жағдайына,  жер 
қабатының  күйіне  және  т.б.  факторларға  тәуелді  болады.  Бұдан  басқа,  құрама 
жем  өндірісінде  стандарттық  рецептерді  пайдалану  жергілікті  шикізат  түрін 
қолдануда қиындық туғызады. 
Құрама  жемге  қоятын  негізгі  талап,  оның  құрамы  емес,  қоректік 
көрсеткішінің қатал сақталуы болып табылады. 
Сауын  сиырларға  арналған  құрама  жемнің  сапасына  қойылатын  талаптар 
25 – кестеде көрсетілген[ 163]. 
 
Кесте 25 – Сауын сиырларға арналған құрама жемнің сапа көрсеткіштері 
 
 Көрсеткіштері 
Сауын сиырларға арналған 
құрама жем 
Жемдік  бірлік  100  кг  құрама  жемдегі,  кем 
емес 
80,0 
Шикі протеин, %, кем емес 
16,0 
Шикі май, %, кем емес 
2,5 
Шикі клетчатка, %, аспауы керек 
7,0 
Кальцийдің массалық үлесі,% , кем емес 
0,6 – 0,8 
Фосфордың массалық үлесі,% кем емес 
0,8 – 0,9 
 
Өсімдік  шаруашылығының  жанама  өнімдерінен  жемдік  қоспа  негізінде 
құрама жем дайындау рецебі 26 – кестеде берілген. 
 
 
 
 
 
 
 

94 
 
Кесте 26 – Сауын сиырларға арналған жемдік қоспа негізіндегі құрама жемнің 
рецебі  
 
Құрауыштар 
Құрама жем, % 
ірі қара мал 60 – 5К 
бақылау 
тәжірибе 
Жемдік арпа 
21,1 
11,0 
Жемдік сұлы  
5,0 
 –  
Бидай жанама өнімдері 70 – 85% 
6,0 
 –  
Бидай кебегі 
55,2 
55,2 
Күнбағыс шроты 
6,5 
6,5 
Шөп ұны 
2,0 
 –  
Үш кальций фосфаты 
1,3 
1,3 
Бор  
1,1 
 –  
Тұз  
0,8 
 –  
Премикс 
1,0 
1,0 
Жемдік қоспа 
 –  
25,0 
Барлығы  
100,0 
100,0 
100 кг құрама жем құрамында 
Жемдік бірлік, кг 
83,2 
84,97 
Шикі протеин, % 
15,1 
16,42 
Шикі май, % 
3,85 
4,22 
Шикі клетчатка, % 
7,11 
9,49 
Кальций, % 
0,9 
0,97 
Фосфор, % 
0,95 
1,1 
 
26  –  кесте  нәтижелері  жемдік  қоспаны  дәнді  дақылдар  –  жемдік  сұлы, 
бидай жанама өнімдері, шөп ұны, тұз, бор есебінен 25% құрама жем құрамына 
енгізуге болатындығын көрсетті. 
 
3.9 
Жемдік  қоспа  негізіндегі  құрама  жемнің  жетілдірілген 
технологиясын жасау 
Құрама  жем  өндірісіндегі  технологиялық  үрдістерді  жекеленген 
технологиялық  желілерге  бөлуге  болады.  Бір  технологиялық  желі  параллелді 
түрде болса, одан кейінгісі – бірізді болады. Технологиялық желілердің саны ол 
құрама  жем  зауытының  өнімділігіне,  өндірісте  өндірілетін  өнімнің 
ассортиментіне,  бастапқы  шикізаттың  сапалық  және  технологиялық  схеманың 
түпкі құрылымына байланысты.  
Жалпы  ережеге  сай  құрама  жем  зауыттарында  технологиялық  желілер 
саны  16  –  дан  20  –  ға  дейін  болуы  мүмкін.  Ал,  кішкене  және  орташа  қуатты 
өндірістерде бір технологиялық желіде орындалады.  

95 
 
Құрама  жем  өндірісінің  қысқартылған  технологиясы  бойынша  жұмыс 
істейтіндері  шағын  болып  келеді,  құрылысы  арзанырақ,  эксплутацияға 
ыңғайлы.  Олар  толықтай  механизацияланған  өндіріс  және  жоғары  өнімділікті 
еңбекпен ерекшеленеді.  
Түйіршіктелген жемдік  қоспа ұнталған күйде келетіндіктен оны өндірісте 
технологиялық қасиеттері ұқсас - тамақ өндірісінің жемдік өнімдері желісімен 
беруге  болады.Түйіршіктелген  жемдік  қоспа  елегіште  еленіп,  еленбеген  кесек 
бөліктері  балғалы  ұнтақтағышта  ұнтақталып,    мөлшерлеу  алдындағы  желіге 
жіберіледі.  Автоматты  таразыда  өлшенген  құрама  жем  құрауыштары 
араластырғышта 6 минут араластырылып, шашыранды құрама жем алынады. 
Жемдік қоспа негізіндегі құрама жем технологиясы келесі операциялардан 
тұрады:  
 – дәнді шикізаттарды дайындау және өңдеу; 
 – ұншықты шикізатты дайындау және өңдеу; 
 – жемдік қоспаны енгізу; 
 – минералды шикізатты өңдеу және енгізу;  
 – премиксті енгізу; 
 – құрама жем құрауыштарын мөлшерлеу және араластыру. 
Құрама  жем  құрауыштарын  мөлшерлеу  және  араластыру  желілері: 
таразылы  мөлшерлегіш,  шнектер,  минералды  шикізаттарды  енгізу  желісі, 
үлестік  араластырғыш,  тиеу  нориясы  және  дайын  өнімге  арналған  қораптан 
тұрады.   
Ауыл  шаруашылығы  малдарына  арналған  (ірі  қара)  жемдік  қоспа 
негізіндегі  құрама  жем  өндірісінің  технологиялық  сызбасы  24  суретте 
көрсетілген. 
 

96 
 
 
 
1  –  қорап;  2  –  скальператор;  3  –  ауалы-електі  сепаратор;  4  –  елеу 
машинасы; 5 – магниттік айырғыш; 6 – балғалы ұнтақтағыш; 7 – көп құрамды  
таразылы мөлшерлегіш; 8 – араластырғыш. 
 
Сурет 24 – Ауыл – шаруашылық малдарына арналған жемдік қоспа негізіндегі 
құрама жем өндірісінің технологиялық сызбасы 
 
Үшінші бөлім бойынша қорытынды 
1.  Өсімдік  шаруашылығы  өнімдерін  өңдеудегі  алынатын  қалдық 
өнімдердің  физикалық  –  технологиялық  қасиеттерінің  нашар  екендігі,  жүзім 
сығындысының көлемдік салмағының аздығы, ал бөлшегінің орташа өлшемінің 
жоғары  екендігі  көрінеді,  сонымен  қатар  жемдік  қоспа  құрауыштарымен 
салыстырғанда  қызанақ  қалдықтарының  физикалық  –  технологиялық 
қасиеттерінің нашарлығы байқалды, қызанақ қалдығы ұнының қышқылдылығы 
4  –  6  тәулікте  сақтаудан  кейін  18  –  22  %  –  ға  жоғарылап,  жіберілетін  норма 
деңгейінен  асып  кетті.  Өсімдік  шаруашылығы  өнімдерін  өңдеудегі  жанама 
өнімдердің  химиялық  құрамын  зерттеу  нәтижесі  оларда  құрама  жем 
шикізаттарының  жемдік  құндылығын  бағалайтын  қоректік  заттар:  жүзім 
сығындысы  ұнында  ақуыз  –  9,82  %,  қызанақ  қалдықтары  ұнында  –  19,77  %, 
құрғақ  картоп  қалдығының  ұнында  –  6,22%,  ақуыздың  көп  мөлшері  –  жүгері 
глютенінде  –  61,76  %  сақталатынын  көрсетті.  Ал,  клетчатка  мөлшері  жүзім 
сығындысында көп – 17,8% сақталады.  

97 
 
Сонымен  қатар  өсімдік  шаруашылығы  өнімдерін  өңдеудегі  жанама 
өнімдердің  аминқышқылдық  құрамы  зерттелінді:  құрама  жем  өндірісінде  кең 
қолданылатын  бидай,  жүгерімен  салыстырғанда  жүзім  сығындысының  ұны 
лизинді бидайдан 1,2 ал, жүгеріден 1,5 есе көп сақтайды, ал триптофанды жүзім 
сығындысы  бидайдан  4,5  есе,  жүгеріден  11,3  есе,  ал  қызанақ  сығындысының 
ұны бидайдан 1,9, жүгеріден 4,8 есе көп сақтайды, треонинді сақтауы бойынша 
жүзім сығындысының ұны бидайдан 2,1, жүгеріден 2,3 есе жоғары.  
Жүзім  сығындысында  кальций  мөлшері  бидайға  қарағанда  1,8  есе, 
жүгеріге  қарағанда  4  есе  көп,  қызанақ  сығындысының  ұнында  кальций 
бидаймен салыстырғанда 10 есе, жүгерімен салыстырғанда 26 есе көп. Пектин 
мөлшері жүзім сығындысында 5,7 г/кг, қызанақ және картоп сығындыларында 
– 0,3 – 0,5 г/кг сақталады.  
Өсімдік  шаруашылығы  жанама  өнімдерінің  дәрумендік  құрамын  зерттеу 
нәтижелері А дәрумені жүзім сығындысында 7,7 мг/кг, қызанақ сығындысында 
21,4 мг/кг сақталады, ал картоп қалдығында Е дәрумені көп сақталады. 
Бұл  мәліметтер  қалдық  өнімдерді  дәнді  дақылдар  есебінен  қолдану 
қоспаның  аминқышқылдық,  дәрумендік  және  минералдық  құрамын 
жақсартатынын көрсетті. 
2.  Жемдік  қоспа  жасау  үшін  жүзім  сығындысы,  қызанақ  сығындысы, 
құрғақ  картоп  қалдықтарынан  әртүрлі  қатынаста  3  нұсқа  құрастырылды. 
Құрастырылған рецепт бойынша жемдік қоспа нұсқаларын зерттеу нәтижелері 
мынаны көрсетті, жүзім сығындысы мен қызанақ сығындыларының ұнын 14 % 
жоғары  енгізуде  технологиялық  қасиеттерінің:  сусымалдығы  нашарлап, 
қышқылдықтарының  өсуі  байқалды,  қызанақ  сығындысын  16  %  енгізген  №1 
нұсқаның қышқылдығы басқа 2 нұсқаға қарағанда жоғары болды. 
Жемдік  қоспа  нұсқаларының  қоректік  құндылығын  талдау  нәтижелері: 
Шикі  протеин  мөлшері  16,49...18,06  %,  ол  рецепт  құрамына  енетін  глютеннің 
мөлшеріне  байланысты.  Май  мөлшері  рецепке  байланысты  2,18...2,29  % 
аралығында.  Шикі  күл  мөлшері  3,54...4,12  %  аралығында.  Шикі  клетчатка 
мөлшері  9,35...9,59  %  аралығында.  Шикі  протеин  мөлшерін  көп  сақтауы 
бойынша  өсімдік  шаруашылығы  өнімдерін  жемдік  қоспа  құрамына  енгізудің 
қолайлы нұсқасы №2 рецепт болып табылды. 
Жемдік  қоспа  нұсқаларының  микробиологиялық  қасиеттерін  зерттеу 
нәтижесі  пестицидтерді  сақтамайтынын,  микробиологиялық  көрсеткіштері, 
оның  ішінде  жалпы  бактериямен  тұқымдануы  көрсеткіші  нормадан  асып 
тұрғаны байқалды. Осыған байланысты жемдік қоспаның қоректік құндылығын 
жоғарылату,  санитарлық  сапасын  жақсарту  және  сақтау  мерзімін  ұзарту  үшін 
оны түйіршіктеу қарастырылды. 
3. Жүзім сығындысы, қызанақ  сығындысы, кепкен  картоп  қалдығын  және 
олардың  қоспасын  ұнтақтау  тәжірибелері  жүргізілді.  А1  –  ДМР 
ұнтақтағышында  бір  кезеңді  және  екі  кезеңді  ұнтақтау  нәтижелері 
ұнтақтағыштың  ең  жоғарғы  өнімділігі  және  ең  төменгі  электр  қуатының 
шығыны жүзім және қызанақ сығындыларын ұнтақтағанда байқалды. Елегінің 
саңылауы  2,  3,  4,  5  мм  ұнтақтағыштың  өнімділігі  0,2,  0,3,  0,4,  0,5  т/сағ,  ал 

98 
 
электр қуатының меншікті шығыны 1,6; 1,4; 1,2; 1,1 кВт•сағ/т құрады. Кепкен 
картоп  қалдығын  ұнтақтағанда  қызанақ  сығындысын  ұнтақтау  мен 
салыстырғанда  ұнтақтағыштың  өнімділігінің  8.....15,5  %  –  ға  азайғаны,  электр 
қуатының меншікті шығынының 5.....14,5 % – ға көбейгені байқалды.  
Жанама  өнімдердің  қоспасын  бір  –  және  екі  сатылы  ұнтақтау  әдістері 
мынаны  көрсетті,  ұнтақталған  қоспа  бөлшегінің  орташа  өлшемі  бір  кезеңді 
ұнтақтауда  1,5  мм,  ал  екі  кезеңді  ұнтақтауда  1,1  мм  және  біркелкі  болды. 
Зерттеу  нәтижелері  жүзім,  қызанақ  сығындылары  мен  құрғақ  картоп 
қалдықтарын қоспа күйінде екі кезеңді ұнтақтаудың тиімділігін көрсетті.  
Жемдік  қоспаны  араластыру  үрдісі  зерттелінді.  Жемдік  қоспаны 
араластыруда  вариация  коэффициенті  10,5  тең  болды,  бұл  қоспаның  жақсы 
араласқанын көрсетеді. 
 Құрама  жемді  түйіршіктеу  үрдісін  оңтайландыру  қарастырылды.  Құрама 
жемді түйіршіктеу әдісі ДГ – 1 сыққыш түйіршіктегіште матрица диамерті 9,7 
мм  –  де  жүргізіледі.  Математикалық  өңдеу  арқылы  түйіршіктеудің  оңтайлы 
параметрлері алынды:  
  берілетін бу қысымы Х
1
.......0,3 мПа;  
  жемдік қоспаның ылғалдылығы Х
2
.......17,0 %. 
  матрица мен біліктің арақашықтығы Х
3
......5·10
 – 4
м немесе 5 мм болды. 
Шашыранды  және түйіршіктелген жемдік  қоспаның  сақтау  кезіндегі  сапа 
көрсеткіштерінің өзгеруі зерттелінді. Шашыранды құрама жемді сақтау мерзімі 
2 ай болып саналды, өйткені майдың қышқылдық саны мен асқын тотық саны 
көрсеткіштері  шектік деңгейден  асты, ал  түйіршіктелген жемдік  қоспаны 4  ай 
сақтауға  болады,  өйткені  қоректік  құндылығы  айтарлықтай  дәрежеде  және 
майлық фракциясы мен ақуыздық сапалылығы сақталды. 
Түйіршіктелген жемдік қоспаның микробиологиялық қасиеттерін анықтау 
нәтижесі  шашыранды  жемдік  қоспамен  салыстырғанда  микроағзалар 
мөлшерінің  12,4  есе  азайғанын,  сонымен  қатар  көгерткіш  зеңдер  1,4  есе 
азайғанын көрсетті.  
4. Сауын сиырларға арналған құрама жем құрамында жемдік қоспаны 25 % 
дәнді  дақылдар  есебінен  енгізу  рецептері  есептелді.  Жемдік  қоспаны  тамақ 
өндірісінің жемдік өнімдері желісі бойынша құрама жемге енгізуге болады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет