Батырбаева нургуль базиловна


Бірінші бөлім бойынша қорытынды



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата03.03.2017
өлшемі5,68 Mb.
#7249
1   2   3   4   5   6   7   8

Бірінші бөлім бойынша қорытынды 
Әдебиет деректерін сараптау нәтижесі мынаны көрсетті: 
1.  Жүзім,  қызанақ  сығындыларының  химиялық  құрамы  сұрыптарына, 
өсірілу  аймағына    байланысты  әртүрлі  болады.  Жүзім,  қызанақ 
сығындыларының  дәрумендік  және  минералдық  құрамының  құрама  жем 
өндірісінде  қолданылып  жүрген  дәстүрлі  дәндік  дақылдардан  бай  екендігі 
анықталды. 
2.  Украина,  Ресей  және  шетелде  жеміс  –  көкөніс  өндірістерінің  қалдық 
өнімдерінің  кептіру, ұнтақтау арқылы алынған ұндары құрама жем өндірісінде, 
мал  азығында    кең  қолданылады  және  құсты,  малды  азықтандыруда  басының 
сақталуына, қосымша өнім алынуына ықпал етеді. 
3.  Елімізде  өндірілетін  құрама  жемде  жеміс  –  көкөніс  өндірісінің  қалдық 
өнімдері кең қолданылмайды, өйткені балғын сығындылардың құрамында 50 % 
ылғал  болғандықтан,  олар  тез  ашып,  көгереді,  кептіруді  қажет  етеді,  қоқысқа 
айналып, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бұзады. 
Республикамыздың  әр  жерінде  жеміс-көкөніс  қалдықтарын  өңдейтін 
шағын  цехтар  жұмыс  істейді,  алайда олар  өңдеу  уақыты мерзімдік  аз  уақытта 
жүретіндіктен,  жұмыстарын  тоқтатып,  тез  жабылып  жатады,  сондықтан  бұл 
қалдықтар құрама жем зауыттарында жүйелі түрде қолданылмайды. 
4.  Әдебиет  деректері  бойынша  бұндай  қалдық  өнімдердің  сапасын 
жақсарту үшін кептіру, түйіршіктеу тәсілдері қолданылады. 
 
 
 

41 
 
2 ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ МЕН ӘДІСТЕМЕЛЕРІ 
 
2.1 Зерттеуді жүргізуді ұйымдастыру 
Қойылған  мақсаттарға  сәйкес  жұмыстың  бағдарламасы  қарастыратын 
зерттеулер: 
 –  өсімдік  шаруашылығының  жанама  өнімдері:  жүзім  сығындысы  және 
қызанақ  сығындысының  жемдік  ұндары,  құрғақ  картоп  қалдығының  жемдік 
ұны,  бидай  тұқымдық  бүршігі,  жүгері  тұқымдық  бүршігі  мен  глютені  және 
минералды  шикізат  –  жемдік  шунгиттің  химиялық  құрамы  мен  физикалық  – 
технологиялық қасиеттерін анықтау;  
 –  жеміс  –  жидек  (жүзім  сығындысы,  қызанақ  сығындысы)  және  көкөніс 
өнімдерінің  қалдық  өнімі  (картоп  өндірісінің  қалдығы)  мен  жемдік  шунгиттің 
химиялық құрамы мен физикалық – технологиялық қасиеттерін зерттеу; 
 –  жеміс  –  көкөніс  өнімдерінің  қалдық  өнімдері  негізінде  ауыл 
шаруашылығы  малдарына  арналған  жемдік  қоспаның  ғылыми  –  негізделген 
рецептерін жасау; 
 –  жемдік  қоспа  құрауыштарын  дайындаудың  технологиялық  режимдерін 
(ұнтақтау, мөлшерлеу, араластыру) анықтау; 
 –  жеміс  –  көкөніс  өнімдерінің  қалдық  өнімдерінен  жасалған  жемдік 
қоспаны түйіршіктеудің оңтайлы режимдерін анықтау; 
 –  жеміс  –  көкөніс  өнімдерінің  қалдық  өнімдері  негізінде  түйіршіктелген 
жемдік қоспа өндірудің технологиясын жасау; 
 – түйіршіктелген жемдік қоспаның сақтау мерзімін анықтау; 
 – түйіршіктелген жемдік қоспаны құрама жемге енгізу рецептерін жасау
 –  жемдік  қоспа  енгізілген  құрама  жемнің  тиімділігін  сауын  сиырлар 
азығында сынау; 
 – жүзім сығындысы негізіндегі құрама жемнің тиімділігін ет бағытындағы  
балапандар азығында сынау. 
Зерттеуді жүргізу сызбасы 1 – суретте берілген. 
 
 
 
 
 
 

42 
 
 
 
Сурет 1 – Зерттеуді жүргізу сызбасы 
 

43 
 
Эксперименттік  зерттеулер  Алматы  технологиялық  универиситетінің 
«Астық  өнімдері  және  өңдеу  өндірістерінің  технологиясы»  кафедрасының 
зертханасында,  Қазақ  қайта  өңдеу  және  тамақ  өнеркәсібі  ғылыми  –  зерттеу 
институтының  зертханасында,  «Алатау  –  Құс»  ЖШС,  «Байсерке  Агро»  ЖШС 
жүргізілді.  
Құрама  жемнің  рецебін  жасау  үшін  Қазақстандағы  құрама  жем 
өнеркәсібінде  қолданылатын  жемдік  өнімдер  туралы  ұсыныстар,  рецептерді 
есептеу туралы әдістемелік нұсқаулар қолданылды. 
 
2.2 Зерттеудің әдістері  
2.2.1 Зерттеудің физикалық – химиялық әдістері 
Жемдік  қоспаны  дайындау  үшін  мына  шикізаттар  қолданылды:  жүзім 
сығындысының  жемдік  ұны,  қызанақ  өнімдері  сығындысының  жемдік  ұны, 
құрғақ  картоп  қалдығының  жемдік  ұны,  бидай  тұқымдық  бүршігі,  жүгері 
тұқымдық бүршігі, жүгері глютені, жемдік шунгит, ас тұзы және жемдік бор. 
Материалдардың  физика  –  технологиялық  қасиеттері  қолданылып  жүрген 
әдістемелер бойынша анықталды: 
Сынама алу МемСТ 13496.0 – 80 [138] бойынша жүргізілді. 
Көлемдік салмақ пен табиғи құлама бұрыш МемСТ 28254 – 89 сәйкес [139] 
анықталды.  
Әдістің  мәні  бірлік  көлемдегі  өнім  массасын  өлшеуге  арналған. 
Қолданылатын  жабдық  –  құлайтын  жүгі  бар  литрлік  пурка.  Табиғи  құлама 
бұрышты анықтау сусымалы материал бөлшегінің сыйымдылыққа бос құйылуы 
негізіндегі түзілген конус пен негіз арасындағы бұрышты өлшеуге негізделген. 
Құрауыштардың ылғалдылығы МемСТ 13496.3 – 92 (ИСО 6496 – 83) [140] 
сәйкес  анықталды.  Әдістің  мәні  кептіруге  дейінгі  және  кептіруден  кейінгі 
өлшем  массасындағы  айырмашылықты  анықтау  және  ылғалдың  кемуінің 
массалық үлесін кептіруге дейінгі зерттелетін өнім массасына қатысты есептеу 
және оны пайызбен белгілеуге арналған. 
Ылғалдың массалық үлесін, % мына формуламен анықтайды: 
 
                                                 (2.1) 
 
мұндағы:  m
1 – 
кептіруге дейінгі өлшем салынған бюкстің салмағы, г;  
 
   
m
2 – 
кептіруден кейінгі өлшем салынған бюкстің салмағы, г. 
Құрауыштардың  ірілігі  МемСТ  13496.8  –  72  сәйкес  [141]  анықталды. 
Әдістің мәні құрама жем өлшемін белгілі өлшемдегі саңылауы бар електе елеп, 
ондағы қалдықтарды өлшеуге негізделген. 
100  г  құрама  жем  өлшемін  саңылауының  өлшемінің  кему  реті  бойынша 
жоғарыдан  төмен  қарай  орналасқан.  Елек  қабатынан  тұратын  елегіш  – 
анализаторда 5 минут елейді. Әр електегі қалған қалдық өлшеніп, ірілік модулі 
(мм) мына формула бойынша анықталады: 
 

44 
 
                                         
  
 
 
 (2.2) 
 
мұндағы:  Р
0 – 
анализатордың жинақтаушы түбіндегі қалдық, мм; 
 
Р
1
, Р
2
, Р
3 – 
саңылауының Ø 1,2 және 3 мм електердегі қалдық, г. 
Шикі  протеин  Къельдаль  әдісімен  МемСТ  51417  –  99  (5983  –  97)  [142] 
анықталды.  Әдіс  зерттелетін  өнімді  жандырған  кезде  бөлінетін  азот  мөлшерін 
анықтап, оны ақуызға қайтадан есептеуге негізделген. Шикі протеин деп азық 
құрамындағы  барлық  азотты  заттар  жиынтығын  айтады,  ол  азотты  6,25 
коэффициентіне көбейту арқылы анықталады. 
Шикі  май  мөлшерін  анықтау  МемСТ  13496.15  –  97  [143]  бойынша 
сынаманы  Сокслет  аппаратында  диэтил  эфирімен  экстракциялау  арқылы  шикі 
майды бөліп алуға негізделген.  
Шикі күл мөлшері МемСТ Р51418 – 99. (ИСО 5985 – 78) [144, 145] бойынша 
сынаманы  450 
0
С  температурада  жағу  арқылы  анықталды.  Бұл  көрсеткіш 
сынаманы  жаққаннан  кейінгі  қалған  күлдегі  минералды  заттардың  мөлшерін 
көрсетеді.  
Азотсыз экстрактивтік заттар мөлшері 100 – ден су, шикі протеин, шикі 
май, шикі клетчатка мен шикі күлдің пайыздық мөлшерінің қосындысын шегеру 
арқылы есептелді. 
Клетчатканы анықтау МемСТ 52839 – 2007 сәйкес [146] сәйкес жүргізілді. 
Әдістің  мәні:  зерттелетін  өнім  құрамына  кіретін  әртүрлі  химиялық 
қосылыстардың сірке және азот қышқылдарының қоспасының әсерінен тотығу, 
бұзылу және еруі жүреді. 
Бұл  жағдайда  клетчатка  ерімейді,  сүзіліп,  өлшенеді.  Клетчатканың 
массалық үлесі Х, % мына формуламен есептелінді: 
 
                                               (2.3) 
 
мұндағы: т
1 – 
бюкстегі клетчаткасы бар фильтрдің массасы, г; 
     т
2 – 
бюкстегі кептірілген бос фильтрдің массасы, г; 
     т
1 – 
өлшем массасы, г. 
Ас  тұзын  анықтау  әдісі  МемСТ  13496.1  –  98  (ИСО  6495  –  80)  [147] 
бойынша  жүргізілді.  Әдістің  мәні:  азотқышқылды  күмістің  артық  мөлшерін 
роданистік  калий  немесе  аммоний  ертіндісімен  30  с  бойы  тұрақты  қызыл  – 
қоңыр түске келгенше титрлеу. 
Ас тұзының (хлорлы натрий)  Х массалық үлесі пайызбен белгіленіп, мына 
формула бойынша есептеледі: 
 
 
 
 
 
 
(2.4) 
 
мұндағы: 5,85 – хлорлы натрийдің пайыздық мөлшерін көрсететін коэффициент; 

45 
 
 
 Н – роданисті калий ертіндісінің нормалдығы; 
 
 V
0
  –  бақылау  сынамасында  қолданылған  родонисті  калий  ертіндісінің 
көлемі, мл;  
 
  V
1 – 
өнімді талдауда қолданылған роданисті калий ертіндісінің көлемі, мл; 
– өнімнің массасы, г. 
Уытты элементтер мөлшері 30692 – 2000. [148] азық, құрама жем, құрама 
жем  шикізаттарындағы  мыс,  қорғасын,  мырыш  пен  кадмийді  анықтаудың 
атомдық – адсорбциялық әдісіне сәйкес жүргізілді. 
Зерттелетін  әдіс  өнімнің  және  ерітіндінің  күлінің  ерітіндісіне  салғанда 
түзілетін  отта  түзілетін  металдың  бос  атомының  резонансты  сәулесінің  сіңуін 
анықталатын  металдың  белгілі  массалық  концентрациясымен  салыстыруға 
негізделген. 
Тигелге  10  –  20  г  зерттелетін  сынама  үлгісін  орналастырады  (ол 
зерттелетін  өнімнің  анықталатын  мазмұнына  байланысты),  үшінші  ондық 
орынға  дейінгі  салмақтағы  нәтижелері  өлшеніп,  жазылуы  керек.  Өнімді 
астыңғы қабатына ауа кіруі үшін  тигелге нығыздамай салады. Тигелдегі өнімді 
суық  муфелді  пешке  салып,  оның    температурасын  250
  – 
300
0
С    (түтін 
шыққанға  дейін)  көтереді.    Сонымен  бірге  өнімді  электр  пешінде,  газ 
қыздырғыштарында тұтанып кетпегенге дейін күйдіруге болады. Түтін бөлінуі 
біткен соң, муфель пешінің температурасын (525 ± 25) 
0
С – қа жеткізеді. 4 – 5 
сағат  аралығында  күйдіру  жүргізіледі.  Күйіп  кеткен  бөлшектерінің    болмауы, 
күлінің    біртекті  ақсұр  түсті  болуы  ол  сынаманың  толық  қүлденуі  болып 
табылады. 
Тигелдегі  күлді  бірінші  сол  муфел  пешінде,  содан  кейін  зертханалық 
столда  суытады.  Күлді  дистилденген  суды  тамызу  арқылы  сулайды,  оған 
дистилденген  сумен  1  :  1  мөлшерде  қосылған  5  см
3
  тұз  қышқылын  қосады. 
Тигелді  қайнап  тұрған  су  моншасына  салады  немесе  шашыратпай  қыздыру 
электр пешінде ылғалды жағдайға келгенше булайды.  
Бюреткамен  немесе  мөлшерлегішпен  тигелге  10  –  15  см
3
  дистилденген 
сумен 1 : 1 мөлшерде араласқан азот қышқылының  ерітіндісін құяды. Тигелді 
әйнекпен  жауып  эелктр  пешінде  қайнағанға  дейін  қыздырады  немесе  су 
моншасына 30 минутқа салады.Суытылған күл ерітіндісін сиымдылығы 50 см
3
  
көлемді колбаға  қағаз сүзгі арқылы сүзеді. 
Ақуыз гидролизатындағы аминқышқылдарының мөлшерін аминқышқылы – 
ның белгісіз мөлшері бойынша алынған ерітіндідегі және оның белгілі мөлшері 
бойынша зерттелетін диапазонның ортасына сәйкес келетін аттестацияланатын 
қоспаны салыстыру арқылы өлшейді. 
 
2.2.2 Зерттеудің биохимиялық әдістері 
Еритін  (қант)  және  тез  ыдырайтын  көмірсулар  (крахмал)  мөлшерін 
МемСТ 26176 – 91 сәйкес [149] антрон реактивімен анықтау.  
Әдістің мәні өнімнен 50 – 60 
0
 С температурада дистилденген сумен еритін 
көмірсуларды  (қант)  экстракциялау,  ары  қарай  қалдықта  тез  ыдырайтын 
көмірсуларды 1 % – дық күкірт қышқылымен гидролиздеу, қант экстрактісі мен 

46 
 
гидролизатын  дегидратациялау,  ерітіндіні  антронов  реактивімен  бояу, 
ерітіндінің оптикалық тығыздығын фотометриялау арқылы анықтау.  
Еритін  көмірсулардың  (қанттың)  массалық  үлесін  (Х)  мына  формуламен 
анықтайды:  
 
   
 
 
 
 
 (2.5) 
 
мұндағы:  m  –  градуирленген  график  бойынша  анықталған  2  см
3
  сығындыда 
(экстрактіде) сақталатын қант мөлшері, мг;  
 
  V – тұнбаған бастапқы сығындының көлемі, см
3
;  
 
  V
1 – 
тұнған сығындыныңың көлемі, см
3
 (100 см
3
); 
 
  V

– тазартуға алған бастапқы сығындының көлемі, см
3

 
  2 – бояуға алған тазартылған сығындыныңың көлемі, см
3

 
  m
1 – 
өлшемнің массасы, мг; 
 
  100 – пайызға қайта есептеу коэффициенті. 
 
Тез ыдырайтын көмірсулардың (крахмалдың) массалық үлесі (Х
1
) пайызбен 
мына формуламен анықталады: 
 
 
 
 
 
 
(2.6) 
 
мұндағы:  m  –  градуирленген  график  бойынша  анықталған  2  см

гидролизатта 
сақталатын қант мөлшері, мг; 
V – тазартылмаған бастапқы гидролизаттың көлемі, см


V
1 – 
тазартылған гидролизаттың көлемі, см
3

V
2
 – тазартуға алған бастапқы гидролизаттың көлемі, см
3

2 – бояуға алған тазартылған гидролизаттың көлемі, см
3

m
1 – 
өлшемнің массасы, мг; 
100 – пайызға қайта есептеу коэффициенті
0,9  –  еритін  көмірсулардың  (қанттың)  массалық  үлесін  тез  ыдырайтын 
көмірсулардың (крахмалдың) массалық үлесіне қайта есептеу коэффициенті. 
 
2.2.3 Өнімнің сақтау кезіндегі сапа көрсеткіштерінің өзгеруін зерттеу 
Түйіршіктелген  үлгілерді  сақтау  ауаның  салыстырмалы  ылғалдығы  60  – 
80,5  %  болғанда  және қоршаған  ортаның  температурасы +  10  ± 0

С  болғанда 
жүргізілді. 
Сақтау  кезінде  ай  сайын  ылғалдылық,  қышқылдық,  қышқылдық  саны, 
асқын тотық саны, микробиологиялық көрсеткіштері анықталып тұрды. 
Қышқылдықты  анықтау.  МемСТ  13449.12  –  98  сәйкес  [150]  бойынша 
жүргізілді.  Әдістің  мәні:  құрама  жем  шикізатының  сынамасын  натрий 
гидрототығының ертіндісімен сулы сорып (вытяжка) рН – метриялық титрлеуді, 
ары  қарай  титрлеуге  жұмсалған  сілті  көлемі  бойынша  жалпы  қышқылдықты 
есептеп, Нейман градусымен белгілеу қарастырылады. 

47 
 
Құрама  жем  шикізаттарының  жалпы  қышқылдығы  Нейман  градусымен 
белгіленіп, мына формула бойынша анықталады: 
 
  
 
 
 
 
(2.7) 
 
мұндағы: 4 – 100 г өнімге есептелген коэффициент;  
 
 
V – титрлеуге кеткен натрий гидрототығы ертіндісінің көлемі, см
3

 
 
К – натрий гидрототығының ертіндісі бойынша түзету коэффициенті. 
Майдың асқын тотық санын анықтау МемСТ 13496.18 – 85 сәйкес [151] 
жүргізілді. 
 
2.2.4 Өнімдердің ылғал сіңіргіштік қасиеттерін зерттеу 
Түйіршіктелген өнімнің ауадан ылғал сіңіргіштік қасиеттерін зерттеу үшін 
тепе – теңдік ылғалдықты анықтаудың тензиметриялық әдісі МемСТ Р 51899 – 
2002  [152]  қолданылды.  Өнімнің  тепе  –  тиеңдік  ылғалдығын  анықтау  үшін  5  г 
зерттелетін  өнім  сынамасын  бюксқа  салып  әртүрлі  ауаның  салыстырмалы 
ылғалдығындағы эксикаторға қояды.  
Ауаның белгілі салыстырмалы ылғалдығын орнату үшін эксикаторға 1 – 2 л 
күкірт  қышқылының  белгілі  концентрациясы  құйылады.  Эксикаторлардағы 
ауаның салыстырмалы ылғалдылықтары 40 – тан 100 % дейін болды. Тәжірибені 
үнемі белгілі бір температурада қатар 2 – 3 сынамаға жұргізіледі.  
Әр тәуліктен кейін бюкс сынамамен бірге аналитикалық таразыда өлшеніп 
тұрды.  Әр  өлшеулер  өнім  сынамасының  су  сіңіру  мөлшерін  анықтауға 
мүмкіндік  берді.  Зерттеу  өнімдердің  тұрақты  массасы  орнағанға  дейін,  яғни 
сынамадағы тепе – теңдік ылғалдылықтың орнауына дейін жүргізілді.  
Микрофлора мөлшері МемСТ Р 51426 – 99 (ИСО 6887 – 83) [153] арқылы 
анықталды.  
Азықтардың  микроорганизмдермен  және  спора  –  түзуші  бактериялармен 
ластануын  анықтау  үшін  егу  (посев)  әдісі  қолданылды.  Егу  –  зерттелетін 
материал  бөлігін  стерильденген  қоректік  ортаға  егу.  Талдау  төрт  кезеңнен 
тұрады:  
 – алынған сынамалардан жуу арқылы разведение дайындау;  
 –  стандартты  қоректік  ортада  (бактерияны  анықтау  үшін  –  Петри 
чашкасында  етті  –  пептонды  агарда,  ал  саңырауқұлақтарды  анықтау  үшін  – 
сусло – агарда, бацилл спорасын анықтау үшін аралас қоректік ортада өсіру); 
 – еккендерді өсіру бактерия үшін 24 – 28 сағат, саңырауқұлақтар үшін 30 

С және 25 

С термостаттарда 72 – 80 сағат өсіру; 
 –  өскен  бағандарды  санау.  Тығыз  ортада  әр  тірі  клетка  себу  кезінде 
колония түзейді деп есептелінеді. 
Минералды  шикізаттың  көпқұрамды  автоматты  эмиссиялық  сандық 
спектралдық талдауы [154]. 
Әдістеме  тау  жыныстары,  рудалар  мен  минералдағы  28  элемент  – 
қоспаларды  анықтауға  арналған.  Әдіс  мәнісі  ауыспалы  ток  доғасында  екі 
бұрышты  электордар  аймағынан  алынған  буферлі  қоспамен  бірге  зерттеліп 

48 
 
отырған  үлгінің  булануында,  спектралды  сызықтардың  қарқындылығын  және 
сол бойынша фототаспада элементтер құрамын анықтау болып отыр. Анализді 
салыстыру  үлгілері  бойынша:  қоспаның  стандартты  үлгілерінің  мәндерімен 
құрылған  тұрақты  градуирлі  график  бойынша  жүргізеді.  Ірілігі  0,07  мм 
анализденетін  үлгінің  1,0  –  1,5  г  сынамасын  №  3  фарфорлы  тигельге 
орналастырады  да,  хромды  емес  сымнан  жасалған  арнайы  қондырғыға  қояды. 
Тигельді  қондырғымен  суық  муфель  пешіне  орналастырады,  температурасын 
550 
0
С – қа дейін көтеріп, органикалық заттары мен гигроскопиялық ылғалдығы 
жойылғанша 3 сағ. бойына ұстайды. 
Дайындалған үлгіден 0,030 г сынаманы 0,090 г буферлі қоспамен жақсылап 
біртекті қоспа алынғанға дейін араластырады. 
Алынған  қоспамен  екі  бұрышты  электродтарды  толтырады  және  диаметрі 
1,5  мм  болат  стерженьмен  қоспаны  тығыздайды.  Толтырылған  электродтарды 
қондырғыға  ұяшықпен  орналастырады  және  спектрограмма  алғанға  дейін  90  – 
100
0
С – қа қыздырылған кептіргіш шкафқа 45 – 60 мин кептіруге қояды. 
ДФС  –  8  спектрографының  көмегімен  282,5  –  336,0  Нм  ауданында  спектр 
алады. 
 
2.2.5  Жемдік  өнімдерді  түйіршіктеудің  тәжірибелік  зерттеулерін  жүргізу 
әдістемелері 
Өнімдерді  түйіршіктеуде  өңдеу  былай  жүргізіледі:  өнімдерді  алдымен 
қажетті  ылғалдылыққа  дейін  ылғалдап,  ылғал  шикізаттың  көлеміне  біркелкі 
таралуы үшін 4 – 6 сағат бөктірілді. 
Жемдік өнімдерді қажетті ылғалдыққа дейін ылғалдау үшін оған  қосатын 
қажетті су мөлшері мына формуламен [155] анықталды: 
 
 
 
 
 
 
 
(2.8) 
 
мұндағы: G
су – 
судың қажетті мөлшері, мл 
 
m – азық өлшемінің ылғалданатын массасы 
 
W
0 – 
азықтың бастапқы ылғалдығы, % 
 
W – қажетті ылғалдылық, %. 
 
2.2.6 Тәжірибелік мәліметтерді математикалық өңдеу 
Зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеуде қолданбалы бағдарлама пакеті 
Statistika 10,0 қолданылды. 
Тәжірибені  қайталау  саны  n,  белгілі  бір  дәрежеде  сенімділік  беретін  р(х) 
мүмкіндігіне  тең  барлық  жиынтықтардың  орташа  шамасынан 
  бойынша 
ауытқитын мөлшері бойынша мына формуламен анықталды: 
 
   
 
 
 
 
(2.9) 
 

49 
 
мұндағы: u – коэффициенті р(х)=0,95 болжамдығы бойынша 1,96 тең болғанда 
вариация коэффициенті мына формуламен анықталды: 
 
 
 
 
 
 
(2.10) 
мұндағы:   – орташа арифметикалық шама; 
 
   
 
 
 
(2.11) 
 
мұндағы: n – нұсқа саны. 
Сенімділік  қатесі  Е  Стьюдент  шамасын  қолдану  арқылы  маңыздылық 
деңгейі мен бос дәреже санына байланысты кестеден алынады: 
 
 
 
 
 
 
(2.12) 
 
2.2.7  Жемдік  қоспа  құрауыштарын  екісатылы  ұнтақтауды  зерттеу 
әдістемесі  
Тәжірибені жүргізу кезінде электр торабының кернеуі, қолданылатын тоқ 
пен  қолданылатын  қуат  К505  өлшеу  құралдарының  көмегімен  бақыланды. 
Қолданылған  электр  қуатының  шығыны  СА4У  –  И672М  үшфазалы 
есептеуіштің  көмегімен  анықталды.Электр  қуатының  шығынын  дәл  анықтау 
үшін  есептеуіштің  дискісін  тең  29  бөлікке  (айналымы  бойынша  ұзындығын  1 
см – ден бөлдік) бөлдік. Дискінің айналымының саны 450, бір бөлігіндегі 1 кВт 
0,766х10
 – 4
 кВт ∙ сағ. тең. Ұнтақтау уақыты секундомер арқылы анықталды. 
Ұнтақтаудың  басталуы  ұнтақтағышқа  өнімді  төккен  кезден  басталды,  ал 
аяқталуын ұнтақтағышты өшірген кезі болып қабылданды. Алынған мәліметтер 
құрама жем шикізаттарын өңдеу: ұнтақтау, түйіршіктеу, экструдерде өңдеуде 1 
т  өнімге  кететін  электр  қуатының  шығынын  мына  формуламен  анықтауға 
болады.  
                                     
; кВт·сағ/т  
 
 
 
(2.13) 
    
мұндағы:  Э
ж
  –  сынаманы  ұнтақтауға  жұмсалған  жұмыс  электр  қуатының 
шығыны, 10
 – 4 
кВт∙сағ; 
Э
б  – 
жүктемесіз  бос  жұмыс  істегендегі  жұмсалған  электр  қуатының 
шығыны, 10
 – 4 
кВт∙сағ; 
Р – өңделетін сынама мөлшері, г; 
100 – кВт∙сағ/т қайтадан есептеу коэффициенті[156]. 
Бір  кезеңді  ұнтақтау  бойынша  жүктемесіз  жұмыс  істегендегі  жұмсалған 
электр  қуатының  шығыны  есептеуіштің  үш  айналымындағы  уақыты  бойынша 
мына формуламен анықталды: 

50 
 
кВт·сағ/т 
 
 
(2.14) 
 
мұндағы: t – өлшемнің ұнтақтағышта ұнтақталу уақыты, с; 
t
3
 – есептеуіш дискісінің үш айналымындағы уақыт, с; 
3 – есептеуіш дискісінің айналымының саны
450 – 1кВт∙сағ – тағы есептеуіш дискісіндегі айналым саны[156]. 
 
Тәжірибе  барысында  белгілі  уақыт  аралығында  (15  секунд)  ваттметр  мен 
амперметрдің көрсетулері жазылып тұрды.  
Ұнтақтауға арналған қоспалар АД – 500 – 2к мөлшерлегіші мен А 9 – ДСГ 
–  0,5  үлестік  араластырғышы  арқылы  дайындалды.  Тәжірибені  жүргізгенде 
ұнтақтау  уақытын  секундомер  бойынша,  қолданылған  ток  Ц4502 
токөлшегішпен анықталды.Тәжірибе былай жүргізілді: 
Алдымен  жапқышы  жабық  тұрған  қорапқа  ұнтақталатын  нұсқаны  салып, 
жапқышты біртіндеп ашу арқылы электрқозғалтқышының кернеуін анықталды, 
ол  номинальды  мөлшерге  (50…60А)  жуық  болды.  Сынама  ұнтақталғаннан 
кейін ол жапқышы ашық ұнтақтағыш астындағы қорапқа түседі. Ұнтақтаудың 
басталу  уақытына  токтың  өсе  бастау  кезі  (аспаптың  тілінің  бірден  жоғары 
көтерілуі)  алынды,  ал  аяқталуы  –  электрқозғалтқышының  жүктемесінің 
төмендеуі (аспап тілінің төмен құлауы). 
Алынған нәтижелер бойынша 1 т ұнтақталатын өнімге жұмсалатын электр 
қуатының шығыны есептелді: 
 
; кВт·сағ   
 
 
(2.15) 
 
мұндағы: 0,38 – электр желісіндегі кернеу, кВ; 
I-
 
қолданылатын ток, А; 
√3 – есептеу формуласының коэффициенті; 
0,9 – cosφ; 
t – ұнтақтау уақыты,с; 
3600 – сағатты секундқа есептеу коэффициенті; 
Р – ұнтақталатын өнімнің салмағы, т [156]. 
 
Екікезеңді ұнтақтаудың электр шығыны бірінші және екінші кезеңдердегі 
элект қуатының шығынын қосу арқылы есептелді. 
Ұнтақталған өнімдердің гранулометриялық құрамы електік талдау әдісімен 
зертханалық рассевке 5, 3, 2 және 1 мм електер қою арқылы анықталды. Електік 
талдау мәліметтері бойынша ірілік модулі анықталды.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет