1
Алматы технологиялық университеті
ОӘЖ 661.15 Б 28
Қолжазба құқығында
БАТЫРБАЕВА НУРГУЛЬ БАЗИЛОВНА
Өсімдік шаруашылығының жанама өнімдерін
тиімді пайдалану негізінде құрама жем технологиясын жасау
6D072800 – Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы
(PhD) философия докторы
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми кеңесшілері:
техника ғылымдарының докторы, профессор Алимкулов Ж.С.
техника ғылымдарының докторы, профессордың м.а. Жиенбаева С.Т.
доктор – инженер, профессор Кръстева А.П.
Қазақстан Республикасы
Алматы, 2015
2
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
4
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
5
КІРІСПЕ
6
1
ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
11
1.1
Жеміс – көкөніс қалдықтарын, дәстүрлі емес шикізаттарды мал,
құс азығында қолдану
11
1.2
Құрама жемнің жемдік құндылығын жоғарылату жолдары
28
1.3
Құрама
жемнің
жемдік
құндылығын
жоғарылатуда
түйіршіктеудің маңызы
31
Бірінші бөлімді қорытындылау
40
2
ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ МЕН ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
41
2.1
Зерттеуді жүргізуді ұйымдастыру
41
2.2
Зерттеудің әдістері
43
2.2.1
Зерттеудің физикалық – химиялық әдістері
43
2.2.2
Зерттеудің биохимиялық әдістері
45
2.2.3 Өнімнің сақтау кезіндегі сапа көрсеткіштерінің өзгеруін зерттеу
46
2.2.4
Өнімдердің ылғал сіңіргіштік қасиеттерін зерттеу
47
2.2.5
Жемдік өнімдерді түйіршіктеудің тәжірибелік зерттеулерін
жүргізу әдістемелері
48
2.2.6
Тәжірибелік мәліметтерді математикалық өңдеу
48
2.2.7
Жемдік қоспа құрауыштарын екісатылы ұнтақтауды зерттеу
әдістемесі
49
Екінші бөлімді қорытындылау
50
3
ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАНАМА ӨНІМДЕРІНІҢ
ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ
52
3.1
Өсімдік шаруашылығының жанама өнімдерінің химиялық
құрамы, физикалық – технологиялық қасиеттерін зерттеу
52
3.2
Ауыл шаруашылығы малдарына арналған жемдік қоспаның
рецебін жасау
58
3.3
Жемдік қоспа құрауыштарын ұнтақтау және араластыру
үрдістерін зерттеу
64
3.4
Жемдік қоспаны түйіршіктеудің оптималды параметрлерін
анықтау
69
3.5
Өсімдік шаруашылығының жанама өнімдері негізінде жемдік
қоспа өндірісінің технологиялық сызбасын жасау
82
3.6
Жемдік қоспаның гигроскопиялық қасиеттерін зерттеу
88
3.7
Сақтау кезіндегі жемдік қоспа көрсеткіштерінің өзгеру
динамикасын зерттеу
89
3.8
Ауыл шаруашылығы малдарына арналған жемдік қоспа
93
3
енгізілген құрама жемнің рецебін жасау
3.9
Жемдік қоспа негізіндегі құрама жемнің жетілдірілген
технологиясын жасау
94
Үшінші бөлімді қорытындылау
96
4
ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ТИІМДІЛІГІ
99
4.1
Өсімдік шаруашылығының жанама өнімдері негізіндегі жемдік
қоспа енгізілген құрама жемді сауын сиырлар азығында
қолданудың тиімділігін бағалау
99
4.2
Жүзім сығындысын ет бағытындағы балапандар рационында
қолданудың тиімділігін бағалау
101
4.3
Жемдік қоспа негізіндегі құрама жемнің техникалық –
экономикалық тиімділігі
105
Төртінші бөлімді қорытындылау
106
ҚОРЫТЫНДЫ
107
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
109
ҚОСЫМШАЛАР
122
4
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл диссертацияда мынандай стандарттарға сілтемелер жасалынды:
МемСТ 13496.0 – 80. Құрама жем, шикізаттар. Сынама алу әдістері
МемСТ 28254 – 89. Құрама жем, шикізаттар. Көлемдік салмақ пен табиғи
құлама бұрышты анықтау
МемСТ 13496.3 – 92. (ИСО 6496 – 83) Ылғалдылықты анықтау әдістері
МемСТ 13496.8 – 72 Құрама жем. Ұнтақтау ірілігін және дақылды және
жабайы өсетін өсімдіктердің тұқымдарының ұнтақталмаған мөлшерін анықтау
әдістері
МемСТ 51417 – 99. (ИСО 5983 – 97) Жем, құрама жем, құрама жем
шикізаттары. Азот пен шикі протеин мөлшерін анықтау әдістері
МемСТ 13496.15 – 97. Жем, құрама жем, құрама жем шикізаттары. Шикі
май мөлшерін анықтау әдістері
МемСТ Р 51418 – 99 (ИСО 5985 – 78) Құрама жем, құрама жем
шикізаттары, азық. Тұз қышқылында ерімейтін күлді анықтау әдістері
МемСТ Р 52839 – 2007 Құрама жем, құрама жем шикізаттары. Шикі
клетчатканы анықтау әдістері
МемСТ 13496.1 – 98. Құрама жем, шикізаттар. Ас тұзының мөлшерін
анықтау әдістері
МемСТ 30692 – 2000. Жем, құрама жем, құрама жем шикізаттары. Мыс,
қорғасын, мырыш және кадмий мөлшерін анықтаудың атомдық – адсорбциялық
әдістері
МемСТ 26176 – 91. Жем, құрама жем. Еритін және жеңіл гиролизге түсетін
көмірсуларды анықтау әдісі.
МемСТ 13449.12 – 98 Құрама жем, құрама жем шикізаттары. Жалпы
қышқылдықты анықтау әдістері
МемСТ Р 52110 – 2003 Құрама жем, құрама жем шикізаттары. Майдың
қышқылдық санын анықтау әдістері
МемСТ 5475 – 69. Өсімдік майлары. Йод санын анықтау әдістері
МемСТ Р 51426 – 99 (ИСО 6887 – 83) Микробиология. Жем, құрама жем,
құрама жем шикізаттары. Микробиологиялық сараптама жүргізу үшін езінді
дайындаудағы жалпы басшылығы.
5
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
МемСТ
мемлекеттік стандарт
ҒТЖ
ғылыми техникалық жетістік
АЖК
ақуызды жемдік концентрат
ТРҚЖ
толық рационды құрама жем
ЖШҚ
жанама шикізат қоры
ҚК
құрама жем концентраты;
АДҚ
ақуызды дәруменді қосымша;
шП
шикі протеин;
шМ
шикі май;
шК
шикі клетчатка;
АЭЗ
азотсыз экстрактивті заттар;
ЖБ
жемдік бірлік;
ЖҚ
жемдік қоспа
АҚ
алмасу қуаты;
НҚ
нормативтік құжат;
ҚШҚ
қосалқы шикізат қоры
БҰ
бір кезеңді ұнтақтау
ККҰ
көп кезеңді ұнтақтау
ҰШ
ұншықты шикізат
ТС
технологиялық сызба
НМ
негізгі мөлшерлеу
ҰҚШ
ұнтақтауды қажет ететін шикізат
n
зерттелетін сынама саны;
Э
р
ұнтақтауға кеткен қуат шығыны, кВт·сағ/т
N
cм
1т ұнтақтауға жұмсалатын электр қуатының шығыны, кВт·с.
V
вариация коэффициенті, %
мПа
мега паскаль
6
КІРІСПЕ
Мал, құс шаруашылығы өнімдерін өндіруді жоғарылату және сапасын
жақсартудағы маңызды бағыттар – жоспарланған өнімділікке сәйкес қоректілігі
бойынша теңестірілген толыққұнды азықпен қамтамасыз ету.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халқына арнаған «Қазақстан – 2050»
Стратегиясы – орныққан мемлекетіміздің жаңа саяси бағыты» Жолдауында,
ауыл шаруашылығын жаппай модернизациялаудың қажеттігін, әсіресе ауыл
шаруашылығы өнімдеріне деген өсіп келе жатқан сұраныс жағдайында әлемдік
деңгейдегі мал шаруашылығының жемдік қорын жасау қажеттігін көрсеткен
[1].
ТМД елдерінде жеміс – жидек өнімдерін өңдеуде алынатын жанама
өнімдер мен қалдықтардың 80 % – дан астамы ауыл шаруашылығы малдарына
балауса немесе консервіленген күйде беріледі.
Аграрлық
өндірістік
кешенде
ауыл
шаруашылығы
өндірістері
шикізаттарын қалдықсыз өңдеу қажеттілігі туып тұр. Өндіріс қалдықтарын
қолданудың маңыздылығы біріншіден, табиғи қорларды үнемді пайдалануға, ал
екіншіден қоршаған ортаны ластанудан қорғайды және үшіншіден арзан
қалдық өнімдерді қолдану арқылы дайын өнімнің өзіндік құны төмендейді.
Жыл сайын жеміс және көкөніс өңдеу кәсіпорындарында 7000 тонна
күнжара мен сығындылар, 820 тоннадай жемдік ұндар алынады, олар құрама
жем өндірісі үшін қосымша шикізат көздері болып табылады. Алайда бұл
өнімдер өңделмеген күйде ұзақ уақытқа сақталмайды, тез ашиды, нашар
тасымалданады. Сонымен қатар көлемдік салмағының аз болуы, клетчатка
мөлшерінің көптеу болуы жемдік азық ретінде пайдалануды тежейді.
Мал, құс шаруашылығында өсімдік шаруашылығының жанама өнімдерін
тиімді пайдалану, құрама жемнің және оның құрауыштарының жемдік және
биологиялық құндылығын жоғарылату жөніндегі мәселелерді шешуде отандық
және
шетелдік
ғалымдардың
–
Г.Гуменюк,
А.Жадан,
И.Раецкая,
В.А.Афанасьев,
В.Акопян,
Л.Я.
Бойко,
Е.Н.Калошина,
Ә.І.Ізтаев,
Ж.С.Әлімқұлов, Е.С.Спандияров, С.Т.Жиенбаева және т.б. ғалымдардың еңбегі
зор.
Қазақстанның жемдік қоры құрылымының 60…80 % – ын дәнді дақылдар
құрайды, ал шетелдік жемдік қорда дәнді дақылдардың үлесі 30…40 %.
Соңғы жылдары жоғарыақуызды шикізаттардың көлемінің азайып,
бағасының қымбаттауына байланысты құрама жем өндірісінде қоректік заттары
бойынша теңестірілген, толыққұнды құрама жем өндіру мәселесі туындады.
Құрама жем өндірісінің алдында тұрған бұл мәселелерді шешу үшін
шикізаттардың жаңа қорларын іздестіру, соның негізінде әртүрлі жемдік
қоспалар жасау арқылы шикізат түрлерін көбейту және құрама жем өнімдерінің
сапасын жоғарылату қажет. Қосымша шикізат көзіне Қазақстандағы жыл
7
сайынғы көлемі 2,5 млн.т. құрайтын әртүрлі өндірістердің жанама өнімдері
жатады. Оның басым бөлігін тамақ және өңдеу өндірістерінде ауыл
шаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеу кезінде алынатын жанама өнімдер
құрайды.
Қазақстанда құрама жем кәсіпорындары негізінен қалалар мен облыс
орталықтарында орналасқан, өйткені онда қайта өңдеу өндірістерінің әртүрлі
кәсіпорындары бар. Ең алдымен, бұл астықты қайта өңдеу кәсіпорындары (ұн
зауыттары, жарма зауыттары) және тамақ өнеркәсібінің кәсіпорындары (етті
өңдейтін, консервілеу, май, сүт,крахмалсірне және т.б.). Бұл кәсіпорындарда
құрама жем құрамында қолдануға болатын қоспаны жасау арқылы қалдықсыз
технологияны енгізу құрама жем өндірісінің шикізат қорын көбейтеді және
қоршаған ортаны ластанудан сақтауға ықпал етеді.
Прогрессивті экологиялық қауіпсіз технологияларды қолдану арқылы
жанама өнімдерден бағалы құрауыштарды түгел бөліп алу, терең өңдеу және
кешенді қолдану құрама жемнің жемдік қорын көбейтуге мүмкіндік береді.
Жүзім, қызанақты қайта өңдеуде алынатын жеміс – көкөніс қалдықтары
өздерінің химиялық құрамы бойынша құрама жем құрауыштарына қойылатын
талапты қанағаттандырады. Алайда, жүзім, қызанақ сығындыларының
сусымалдығы, көлемдік салмағы мен ылғал сіңіргіштігі құрама жем өндірісінің
қажет ететін талабына сәйкес келмейді. Жүзім сығындысының құрамында 95 %
дейін су болады, сығылған күйінде 55 %. Осындай су мен қант мөлшерінің
болуынан сығындылар микрофлораның өсуіне қолайлы орта болып табылады,
сүтті және сіркесу қышқылының ашуына жағымды әсерін тигізеді.
Балғын сығындылардың үйіндісі тез қызып, 2 – 3 күнде шіріп, көгеріп
кетеді, сол үшін мал азығы ретінде өзінің қажеттілігін жоғалтады.
Осыған байланысты жеміс – жидек өндірістерінің жанама өнімдері: жүзім
сығындысы, қызанақ сығындысы, картоп қалдықтары, шунгит жемдік
қоспасынан тиімді өңдеу түрін қолдану арқылы құндылығы жоғары жем
қоспасын жасау технологиясы - жеміс – жидек өндірістерінде қалдықсыз
технологияны енгізуге ықпал етіп, құрама жемнің шикізат қорын молайту және
қоршаған ортаны ластанудан қорғауда қазіргі таңдағы өзекті мәселе болып
саналады.
Диссертациялық
жұмыстың
өзектілігі
ҚР
ауыл
шаруашылығы
Министрлігінің мемлекеттік «Агроөнеркәсіп кешені саласындағы қолданбалы
ғылыми зерттеулер» ғылыми – техникалық бағдарламасы бойынша «Өсімдік
шаруашылығының жанама өнімдерін қайта өңдеу негізінде жемдік қоспа және
құрама жем технологиясын жасау» (мем.тіркеу № 0112ҚР 01303) тақырыбында
жүргізілуінен көрінеді.
Сондықтан диссертациялық жұмыстың мақсаты – өсімдік шаруашылығы
өнімдерін қайта өңдеуде алынатын қорытылуы қиын қалдық өнімдерді қолдану
8
арқылы жасалынған ірі қараға арналған тиімділігі жоғары жемдік қоспа
негізінде құрама жем технологиясын жасау арқылы өнімнің сапасын жақсарту
және өзіндік құнын төмендету болып табылады.
Зерттеу мақсатына сәйкес мына міндеттерді шешу алға қойылды:
–
өсімдік шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуде алынатын жанама
өнімдер мен жемдік шунгиттің химиялық құрамы мен физикалық –
технологиялық қасиеттерін зерттеу;
–
жемдік өнімдердің жаңа түрлері қолданылған ірі қараға арналған жемдік
қоспаның ғылыми – негізделген рецептерін жасау;
–
жемдік қоспа құрауыштарын дайындаудың (ұнтақтау, мөлшерлеу,
араластыру) технологиялық режимдерін анықтау;
–
жемдік қоспаны түйіршіктеудің технологиялық режимін оңтайландыру;
–
өсімдік шаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеуде алынатын жанама
өнімдер негізінде жемдік қоспаның тиімді технологиясын жасау;
–
сақтау кезіндегі жемдік қоспаның сапа көрсеткіштерінің өзгеру
динамикасы мен су сіңіргіштік қасиеттерін зерттеу;
–
сауын сиырларға, ет бағытындағы балапандарға арналған өсімдік
шаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеуде алынатын жанама өнімдер
негізінде жемдік қоспа енгізілген құрама жемнің ғылыми – негізделген
рецептерін жасау;
–
өсімдік шаруашылығының жеміс – көкөніс қалдықтары негізінде
жасалынған жемдік қоспа енгізілген құрама жемнің технологиялық сызбасын
жасау;
– жемдік қоспа енгізілген құрама жемнің зоотехникалық тиімділігін
бағалау.
Зерттеу нысандары – «Голд Продукт» АҚ – нан алынған жүзім
сығындысының ұны, қызанақ сығындысының ұны, Талғар чипсы жасайтын
өндірістен алынған картоп қалдықтары, шунгит минералды қоспасы, сауын
сиырларға арналған жемдік қоспа енгізілген құрама жем, ет бағытындағы
балапандарға арналған жүзім сығындысының ұны енгізілген толық құнарлы
құрама жем.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы:
-
жеміс – көкөніс қалдықтарынан қоректілігі жоғары жем қоспасын алудың
механикалық, жылулық және биотехнологиялық кешенді технологиясы ғылыми
негізделді;
-
электр қуатының шығынын төмендетіп, ұнтақталған өнімдердің
біркелкілігін жақсартуға ықпал ететін жемдік қоспаны екікезеңді ұнтақтауды
қолдану эксперименттік түрде дәлелденді;
-
жеміс – көкөніс өндірістерінің жанама өнімдері мен шунгит минералы
енгізілген жем қоспасының оңтайлы рецептері негізделді;
9
-
тәжірибелік талдау мен зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеу
негізінде жемдік қоспаны түйіршіктеудің оңтайлы технологиялық режимдері
дәлелденді;
-
теориялық
және
эксперименттік
зерттеулер
негізінде
өсімдік
шаруашылығы шикізаттарын қайта өңдеуде алынатын жанама өнімдер
негізінде жасалған жемдік қоспа енгізілген құрама жемнің ғылыми негізделген
рецептері жасалынды.
Жемдік қоспа өндіру үдерісінің негізіне өңделетін нысанның физикалық,
технологиялық және биохимиялық қасиеттерін, үдерістердің әдіс пен
құралдарын зерттеуден бастап жемдік қоспа және оның негізінде құрама жем
өндіру технологиясын өндіріске енгізуге дейінгі органикалық байланысты
міндеттерді жүйелі түрде шешу қарастырылған.
Жұмыстың тәжірибелік құндылығы мен жүзеге асырылуы
Жеміс – көкөніс өндірістерінің жанама өнімдері – жүзім сығындысы,
қызанақ сығындысы, картоп қалдықтарын кешенді өңдеу арқылы құрама жем
өндірісінің жемдік қорын молайтуға ықпал ететін жемдік қоспаның
қорсақтаушы технологиясы жасалынды.
Ауыл шаруашылығы малдарына арналған жеміс – көкөніс өндірістері
өнімдерін өңдеуде алынатын жанама өнімдер негізінде түйіршікті жемдік қоспа
өндірудің ұйым стандарты әзірленді.
Жүргізілген ғылыми – шаруашылық тәжірибелердің негізінде жүзім
сығындысының ұнын еттік балапандарға арналған толықрационды құрама
жемге енгізудің оптималды нормалары белгіленді.
Жүргізілген ғылыми – шаруашылық тәжірибелердің негізінде өсімдік
шаруашылығы жанама өнімдері негізінде жасалған жемдік қоспаны сауын
сиырларға арналған құрама жем концентратының құрамына енгізудің
оптималды нормалары белгіленді.
«Ауыл шаруашылығы малдарына арналған жүзім шаруашылығы жанама
өнімдерінен жасалған түйіршікті жемдік қоспа» өнертабысына Қазақстан
Республикасының №27584 инновациялық патенті 28.10.2013ж. алынды.
Ұсынылған технологиялар мен құрама жемнің жаңа рецептері өндірістік
жағдайда «Алатау – Құс» ЖШС, «Байсерке Агро» ЖШС – терінде сынақтан
өтті.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
– жеміс – көкөніс өндірістерінің жанама өнімдері мен жемдік шунгитті
тиімді қолдану арқылы құндылығы жоғары жемдік қоспа алу технологиясын
негіздеу;
– жемдік қоспа енгізілген ауыл шаруашылығы малдарына арналған құрама
жем технологиясын ғылыми негіздеу.
10
Автордың қосқан үлесі: зерттеу міндеттерін теориялық тұрғыдан
негіздеу, эксперименттік зерттеу әдістемесін таңдау мен жүргізу, теориялық
және эксперименттік зерттеуді жүргізу әдістемесін жасау, жемдік қоспаның
рецептері мен технологиясын жасау, өндірістік сынақ жүргізу және зерттеу
нәтижелерін тәжірибе жүзінде жүзеге асыру болып табылады.
Жұмыстың
апробациясы.
Диссертацияның
негізгі
қағидалары
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном
Казахстане»
атты
Жас
ғалымдардың
VIII
халықаралық
ғылыми
конференциясының көрмесінде (Алматы, 2014); «The Use of Feed Additivesfrom
Waste Plant Products in Feeding Cows» 3
rd
International Conference on Agriculture
and Environment Systems (ICAES'15) халықаралық ғылыми – практикалық
конференцияда (Dubai (UAE), 2015); «Научные перспективы XXI века.
Достижения и перспективы нового столетия» атты XIV халықаралық ғылыми –
практикалық конференцияда (Россия, г.Новосибирск,2015); «Тамақ, жеңіл
өнеркәсіптері мен қонақжайлылық индустриясының инновациялық дамуы»
халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясында (Алматы, 2015);
«Ғылым. Білім. Жастар» атты жас ғалымдардың Республикалық ғылыми –
тәжірибелік конференциясында (Алматы, сәуір 2014, 2015); «Наука в
современном
мире»атты
II
халықаралық
ғылыми
–
тәжірибелік
конференциясында (Киев, 2015); баяндалды.
Басылымдар. Диссертациялық жұмыс бойынша 14 ғылыми еңбек жарық
көрді, оның ішінде 1 ҚР инновациялық патенті бар.
Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспеден, 4 бөлімнен,
қорытындыдан, 198 қолданылған әдебиеттер тізімінен, және қосымшалардан
тұрады. Жұмыс оның ішінде 121 – беттен, 33 кестелер мен 25 суреттерден
тұрады.
11
1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1 Жеміс – көкөніс қалдықтарын, дәстүрлі емес шикізаттарды мал,
құс азығында қолдану
Малды жоспарланған өнімділігі бойынша толыққұнды қоректілігі
бойынша теңестірілген азықпен қамтамасыз ету – мал шаруашылығы
өнімдерінің сапасын жақсартып, өнімділігін жоғарылатудың шешуші
шарттарының бірі [2 – 4].
Толыққұнды азықтандыру дегеніміз – бұл ғылыми – негізделген нормаға
сай малдың қоректік және биологиялық белсенді заттарға деген қажеттілігін
қамтамасыз ететін қоректілігі теңестірілген азық [5].
ТМД елдерінде малдарды 80 % қосымша азықпен, жеміс – жидектің,
көкөніс шикізатының өндірістік қалдықтарымен, балғын және консервіленген
түрінде азықтандырады. Жеміс қалдықтары, жеміс дақылы өнімі қоректілігі
жағынан басқа да өсімдік текті азықтардан кем емес. Мысалы: алманы өңдеп
шырын алғанда алма сығындысы қалады. Ол басқа да қызылша, жоңышқа
сияқты шырынды азықтардан нәрлілігі, жұғымдылығы жағынан асып түседі.
Алма сығындысы энергетикалық құндылығы және жалпы қоректілігі
жағынан жасыл желекпен теңдес, онымен малдарды, құстарды балғын құрғақ
түрінде азықтандыруға болады [6].
Соңғы уақытта көптеген ғалымдар жергілікті табиғи минералдарды мал,
құс азықтарына пайдалануды жөн көруде. Табиғи минералдарға: шунгиттер,
цеолиттер, бентониттер, вермикулиттер жатады. Бұл минералдарды пайдалану
мал, құс өнімінің өсуін, сонымен қатар азықтың қоректік затының сіңімділігіне
және конверсиясының жақсаруына әсерін тигізген.
Үлкен ғылыми іс – тәжірибелік қызығушылықты туғызған табиғи
шунгиттің аса үлкен қоры Алматы облысына қарасты, Көксу кен орнынан
табылған. Шунгиттің құрамында өмірлік қажетті минералды заттар (кальций,
калий, кремний, темір, марганец, цинк және т.б) болуы, сонымен қатар
сорбциялық,
каталитикалық,
ион
алмастырғыштық
және
залалсыздандырғыштық қасиеті мал, құс рационына экологиялық қауіпсіз
табиғи минералды қоспа ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Қазақстанда шунгиттің үлкен қоры бар. Ақтөбе облысының Маяк кен
орнында шунгит қоры 19,7 млн.тонна, Ақбалшықта 9 млн. тонна қоры бар.
Шығыс Қазақстан облысы, Бақыршық кен орнында жоғарғы көміртекті және
орта көміртекті түрі 23,8 млн.тонна шамасында. Алматы облысына қарасты
Көксу кен орнында шунгит қоры 100 метр тереңдікте Р
3
категориясы бойынша
есептегенде 50,22 млн.тонна орташа маңызы С
орг –
10 % құрайды. 2002 жылы
бұл жерде шунгит шикізатын өңдейтін зауыт салынған [7]. Құрама жем
құрамына азықтық шунгитті қосу оның физикалық – механикалық құрылымдық
12
қасиетін жақсартып, мал, құстарды азықтандыруда, одан алынатын өнімнің
экологиялық таза болуын қамтамасыз етеді.
Көксу кен орнындағы зертханадағы малдарға жүргізген тәжірибеден,
шунгит жемдік қоспа ретінде де, ветеринарлық салада да түрлі гигиеналық
құрал ретінде де пайдалануға болады деп ветеринарлық – токсикологиялық баға
берілген [8].
Құс шаруашылығы мен мал шаруашылығының соңғы жылдары қарқынды
дамуына байланысты мал, құс азығында дәстүрлі емес шикізаттар көптеп
қолданыла бастады. Мал шаруашылығының қарқынды дамуы дәнді –
дақылдардың тапшылығын тудырды. Осыған байланысты дәнді дақылдарды
алмастырушылар ретінде жеміс және көкөністі өңдеудегі қалдықтар, крахмал
мен ашыту өндірісінің, қант қызылша өндірістерінің қалдықтары және т.б. кең
қолданыла бастады.
Аграрлық өнеркәсіптік кешенде ауыл шаруашылығы шикізаттарын, оның
қалдық өнімдерін құс, мал шаруашылықтарында кешенді қолдану арқылы
қалдықсыз өңдеу қажеттілігі тууда. Өндіріс қалдықтарын қолдану табиғи
қорларды тиімді қолдануға мүмкіндік беріп, қоршаған ортаны ластанудан
қорғайды, сонымен қатар өндірістің экономикалық көрсеткіштері жақсарады
[9]. Жеміс көкөніс өндірістері 70 түрлі шикізаттарды өңдейді. Олардан көптеген
қалдықтар алынады: жасыл асбұршақты өңдегенде – 80 %, алмадан шырын
алғанда 30 – 34 %, картоптан тамақ өнімдерін алғанда 30 – 40 %, қызанақ
өнімдерінен – 4 – 5 % [10].
ТМД елдерінде З. Грысс [5, с. 200] мәліметі бойынша жеміс – жидек және
көкөніс өнімдері жанама өнімдерінің 80 % астамы малға жаңа немесе
консервіленген күйде азықтандырылады. Шикі сығындылардағы ақуыздың
малға толық сіңімді еместігі анықталды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы
малдарының барлық түрлеріне шикі сығындының күндік нормасы шектеулі.
Сондықтан сығындыларды жаңа күйінде оған жақын орналасқан мал
шаруашылықтарында қолдануға болады.
Жеміс – жидек және көкөніс өнімдерінің қалдық өнімдері қоректілігі
бойынша көптеген өсімдік текті азықтардан кем түспейді. Мысалы, алмадан
шырын алғанда қалатын сығындыдағы қоректік заттардың мөлшері шырынды
азықтар, олар жоңышқа мен қызылшадан басым түседі. Энергетикалық
құндылығы мен жалпы қоректілігі бойынша алма сығындысы жасыл шөппен
тең келеді және оны мал мен құсқа балғын және құрғақ күйде беруге болады [6,
с. 10].
Жыл сайын еліміздің жеміс және көкөніс өңдеу кәсіпорындарында 7000
тонна күнжара мен сығындылар, 820 тоннадай жемдік ұндар алынады, олар
құрама жем өндірісі үшін қосымша шикізат көздері болып табылады. Алайда
бұл өнімдер өңделмеген күйде тез ашиды, нашар тасымалданады, көлемдік
13
салмағы аз, клетчатканы көп сақтайтындықтан жемдік өнім ретінде
қолданылуы шектеулі.
Кептірілген картопты барлық ауыл шаруашылық малдарын бордақылауғу
арналған құрама жем құрамында тез қорытылатын қоректік азық ретінде қосуға
болады.
Кептірілген картоптың құрмында протеин мөлшерінің аз болуына
байланысты оны құрама жемнің жоғарғы ақуызды құрауыштары: бұршақ дәні,
жүгері глютені, күнжара, шротқа қосады. Картоптың құрамында минералды
элементтердің аздығын құрама жемге шунгит жемдік қоспасын қосу арқылы
жүзеге асыруға болады [11, 12].
Жүзім, алма, қызанақты өңдегендегі қалдық өнімдер химиялық құрамы
бойынша талапқа сәйкес келеді. Бірақта қызанақ пен жүзім сығындысының
сусымалдылығы, көлемінің салмағы, гигроскопиялық құрамы құрама жем
өндірісінің талаптарына сай емес.
Жүзім сығындысы – бұл қара күрең, қою паста сияқты сұйықтық болып
табылады. Жүзім сығындысының химиялық құрамы: ылғалдылығы – 33,9 %;
шикі протеин мөлшері – 16,6 %; шикі клетчатка – 0,2 %; шикі май – 0,9 %; АЭЗ
– 31,8 %; 100 г – дағы жемдік бірлік 0,53 г; ал, г/100 г минералды заттары:
калий – 4,3; натрий – 2,7; кальций – 1,2; фосфор – 0,01; күкірт – 0,28 құрайды.
Ол крахмал сірнесі сияқты тасымалдауға қолайлы. Жүзім сығындысында қант,
спирттен басқа да азоттық, пектиндік, дубильдік және бояғыш заттар, майлар,
клетчатка, органикалық (шарап, алма, шавель, глюкон, лимон) қышқылдар
және олардың тұздары бар. Сығынды құрамында 95 % дейін су болады,
сығылған күйінде 55 %. Осындай су мен қант мөлшерінің болуы сығындыларда
микрофлораның өсуіне қолайлы орта болып табылады, сүт қышқылды және
сірке қышқылды ашуға жағымды әсерін тигізеді.
Балғын сығындылардың үйіндісі тез қызып, 2 – 3 күнде шіріп, көгеріп
кетеді, сол үшін мал азығы ретінде өзінің қажеттілігін жоғалтады [13].
Грузия ғалымдарының Прангишвили, Джапаридзе және Квирикашвили
мәліметтері бойынша жүзім сабағының жасыл вегативтік қалдықтарынан
жасалған ұн каротин құрамы бойынша жоңышқадан жасалған ұннан кем
түспейді. Жүзім сабақтары мен вегативтік қалдықтардан жасалған ұнның 1 ц
құны 1,97 сом, ол шөптен жасалған ұнның нақты құнына қарағанда 28,2 % – ға
арзан. Шарап және жүзім өнеркәсібінің ғылыми – зерттеу институты жүзім
шаруашылығының қалдықтарын қайта кешенді өңдеу технологиясын ойлап
тапты. Осы технологияға сәйкес, жүзім сығындысынан қант және шарап
қышқылының қосындысын бөліп алғаннан кейінгі тәтті дымқыл сығындыларды
АВМ – 0,4 агрегатында сығып, кептіреді. Қазіргі уақытта Украинаның шарап
өндірісінде алынатын жүзім сығындысының 60 % кептіріліп, азықтық ұнға
өңделеді.
14
Жүзім сығындысын азықтық мақсатқа пайдаланудың ең жақсы тәсілі
кептіру агрегатында ұнға қайта өңдеу болып табылады. Дұрыс дайындалған
ұнның түсі ашық – қоңыр, жағымды иісті, ылғалдылығы 9 – 11 %, ұзақ уақытқа
сақтауға болады. Оның құрамында шикі протеин 9,4 – 13 %, қорытылатын
протеин 5,64 – 7,41, клетчатка15 – 16,6, май 3,4 – 5,2, АЭЗ 52,8 – 53,3, шикі күл
4,3 – 6,7, кальций 0,30 – 0,54, фосфор 0,19 – 0,21, калий 1,15 – 1,45 % дейін [14].
100кг азықтық ұнның қоректік құнарлығы 11,82 жемдік бірлікті құрайды.
Жеміс пен көкөністерді өңдеу кезінде көптеген қалдық өнімдер: жүзім
сығындысы (қабығы мен тұқымы) және көкөністі өңдеудегі екінші өнімдер
(қызанақ қалдықтары мен тұқымдары, картоп мезгасы, қант қызылшасының
жапырақтары) алынады. Бұл қалдықтардан мал шаруашылығы үшін қосымша
жемдік өнімдер алуға болады. Олар органикалық, азотты, минералды заттарға,
дәрумендер мен микроэлементтерге бай. Шетелде жеміс – көкөніс
қалдықтарының кең қолданылуы олардың жемдік құндылығының жоғары
болуы және қорының мол болуына байланысты.
Жүзім сығындысының құрамына тұқымы, сыртқы қабығы, жұмсағының
қатты элементтері, сонымен қатар сусла мен шарап қалдықтары кіреді.
Жүзім сығындысының үш категориясы болады:
– жаңа сығынды, жүзім шырынын сығымдағышта сығып алғаннан кейінгі
қалдықтар;
–
спирт дайындау үшін сумен жуып қантын бөліп алғаннан кейінгі
сығынды;
– спирт дайындау үшін қайнатудан кейін қалған сығынды.
Мал азығында қолдану үшін жаңа алынған сығындыларды кептіріп,
ұнтақтау қажет. Бұл сығындылардың барлығы ауыл шаруашылық малдарын
азықтандыруға жарайды. Балғын жүзім сығындысының құрамындағы 1кг
құрғақ затында 500 – 524 мг темір, 314 – 31,7 мыс, 65,5 – 69,5 марганец, 0,15 –
0,9 кобальт және 24 – 41 мг мырыш бар.
Кепкен жүзім сығындысында 10 – 16 % дейін шикі протеин болса,
ауыстырылмайтын аминқышқылдарының барлық кешені бар. Жүзім
сығындысы ұнын ірі қара малы және шошқалар жақсы жейді. Ірі қара малының
рационында бұл сығынды 30 – 45 % концентраттың орнын алмастырады, соған
қарамастан малдардың тірі салмағы тәжірибелік топта бақылау тобына
қарағанда жоғары болған. Шаруашылықта жүргізілген зерттеулер оларды
сауын сиырлар рационында қолдануда сүт сауымы көтеріліп, сүтінің
майлылығы жоғарылап, малдардың жағдайының жақсы болғандығын көрсетеді
[15].
Р.Д.
Агабабян,
Ю.И.
Бобрецкийдің
жұмыстарында
шошқалар
рационындағы жүзім сығындыларынан жасалған ұнның аса тиімділігі
көрсетілген. Тірі салмақтың өсуіне жұмсалған жем шығыны 0,6 – 11 кг құрады,
15
ол 100 шошқаны бордақылауда құрама жем шығынын 50ц – ге дейін азайтуға
мүмкіндік береді [16].
АҚШ – ның ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша жыл
сайын қызанақ өндірісіндегі қалдықтар 3млн. тоннаны құрайды. Соңғы
кездерде қызанақ өндірісіндегі қалдықтарды мал азығына қайта өңдеп, жарату
қаралып жатыр [17].
Қызанақ қалдықтарынан жасалған жемнің аминқышқылдық құрамы
қытайбұршақ және күнбағыс шротына жақын болған [18].
Одесса технологиялық тамақ өнеркәсібі институты жүргізген сынақтар
бойынша 25% қызанақ қалдықтарын қайта өңдеп, құстардың азығына қосқанда
тірі салмақтарының бақылау тобына қарағанда 10 % артқаны байқалды [19].
Молдовада қызанақ шротын құстар мен малдардың рационына
қолданудың тиімділігін анықтау үшін зерттеулер жүргізілді. Р.С. Исакова мен
Э.П.Кюздың [20] айтулары бойынша қызанақ шроты май мен қызанақ тұқымын
алғаннан кейін олардың массасына есептегенде 75 % дейін қалады. Шротта 40
% астам ақуыз бар. Қызанақ шротында күнбағыс шротына қарағанда
ауыстырылмайтын
аминқышқылдары
азырақ.
Ауыстырылмайтын
аминқышқылдары қызанақ шротының протеинінде 33,69 %, ал, күнбағыс
шротында 41,9 % құрайды.
Алынған зерттеулер нәтижелері қызанақ шротын малдар рационында
қолдануға болатындығын көрсетті.
Қызанақ сығындысынан алынған жемдік ұн қоректік заттары бойынша
орташа сападағы жоңышқа шөбінен кем түспейді, ал микроэлементтік құрамы,
майлар мен дәрумендер мөлшері бойынша одан асып түседі.
Көптеген зоотехникалық сынақтар негізінде анықталғаны: шамамен
қызанақ сығындысының ұнын ауыл шаруашылық малдарына тәулігіне: ірі қара
малдың
1 жасқа дейінгі бұзауына – 0,2 кг, 12 – 18 айлар арасындағы – 0,4 кг,
бордақылауда тұрған малға 1 – 2 кг, сауынды сиырға 1,5 – 2 кг, бордақылауда
тұрған шошқаларға 0,2 – 0,5 кг, ісектерге – 0,3кг, құстарға 0,2 – 0,3кг беруге
болады. Бұны рациондағы құнарлы азықтың орнына немесе бордақылауда
тұрған ірі қара мен сиырларға 12 – 17 % көлемінде, жемдеуде тұрған
шошқаларға 10 – 15 % протеиндік қоректілігіне байланысты енгізуге болады
[21].
Алма, жүзім және қызанақ сығындыларынан алынған ұнда шикі клетчатка
мөлшері жоғары болады. Целлюлоза мөлшері аталған шөптік ұнға қарағанда
алма, жүзім, қызанақ сығындысында төмен. Осы деректерді салыстырғанда,
дәнді дақылдар: бидай, арпаға қарағанда алма сығындысының ұнында
целлюлоза аз. Жүзім, қызанақ сығындысы ұнында целлюлоза 4,1 – 4,3 %
сақталады, ол 2,0; 2,1 және 2,2; 1,3 % сәйкесінше жүгері мен бидаймен
салыстырғанда көбірек, ал арпамен салыстырғанда 0,6 және 0,4 % аз. Жоғарыда
16
көрсетілген құрамына байланысты дәстүрлі емес азықтар дәнді дақылдардан
кем түспейді. Сонымен бірге, олар оңай алынатын, моно және
полисахаридтерге бай. Алма, жүзім, қызанақ сығындыларының құрамында
өмірлік маңызды аминқышқылдары бар. Алма сығындысының ұны триптофан,
аргинин сияқты аминқышқылдарына бай. Жүзім сығындысының ұнының
құрамындағы лизин мөлшері бидайдан 1,38, ал жүгеріден 1,8 рет артық түседі.
Қызанақ сығындысы ұны бидайдан триптофан құрамы бойынша 2 – 3 есеге
асады. Қызанақ сығындысы ұнының дәрумендер құрамы бойынша құндылығы
басымырақ. Бұнда, басқа жемдік азықтарға қарағанда каротин 22,3 мг, С
дәрумені 35,8 мг көбірек. В тобының дәрумендеріне жүзім сығындысының ұны
бай болып келеді. Алма сығындысының құрамында 2778 мг – ға дейін темір
сақталады, сол сияқты жүзім сығындысының ұны мыс, марганецке, ал
мырышқа қызанақ пен жүзім сығындылары бай. Дәстүрлі емес азықтың
құрамының бәрінен кобальт байқалған.
Құрама жемдегі дәнді дақылдарды және құрама жемді аздап алмастыру
арқылы еттік және жұмыртқалайтын тауықтардың рационына алма
сығындысының ұнын – 10 %, жүзім сығындысын 3 – 5 % және қызанақ
сығындысын 4 – 6 % алмастыру тауықтардың жұмыртқалағыштығының
көтерілгендігін, жұмыртқа сапасының жақсарғанын көрсеткен.
Зерттеу нәтижелері көрсеткендей алма, жүзім, қызанақ сығындыларының
ұны биологиялық белсенді заттарға бай, сол себепті жаңа жемдік азық құстарды
азықтандыруда биологиялық рационның құндылығын арттырады, екінші
жағынан құрама жем құрамына кіретін кобальт, марганец, цинк тұздарының
шығынын азайтады, рационға күкірт қышқылды темір мен мысты қоспай – ақ
қойса да болады [22].
Жүгері глютені және оның бүршігі өзінің жоғары қоректілігіне, жақсы
физикалық қасиеттеріне сәйкес құрама жем өндірісінде кеңінен қолданылуда.
Жүгері глютеніндегі протеинде, жүгері және бидай ұрығындағы протеинде
басқа протеин сақтайтын азықтарға қарағанда көп мөлшерде ауыстырылмайтын
аминқышқылдары бар және барлық малдарға, құстарға және балықтарға қажет
метионин және цистинді сақтайды [23, 24]. Алмасу қуаты жағынан жүгері
глютені алдыңғы орын алады, ал бірінші орынды мал майлары алады. Жүгері
глютені және бүршігі әртүрлі микроэлементтерге, Е, В
1
, В
2
, В
3
, В
4
, В
5
, В
6
дәрумендерге бай [25,26].
Жүгері мен бидай өнімдерінің қалдықтары (бүршік және жемдік ұны)
әртүрлі ауыл шаруашылық малдары, құстар мен балықтарына арналған құрама
жем өндірісінде қолданылады. Бірақта бұларды құрама жем құрамына аз
мөлшерде 5 – 15 % қосады, себебі азықтың құрамында ауыр қорытылатын
заттардың болуына байланысты [27 – 29].
17
Айта кететін жайт, көптеген ондаған жылдар бойы шешімін таба алмай
келе жатқан мәселе, ол шикізат мәселесі. Сондықтан осындай жағдайда басты
көңіл бөлетін нәрсе, ол қолда бар барлық азықтық қорды тиімді жұмсау.
Алмадан шырын алғандағы сығындының химиялық құрамы : құрғақ
заттары 21 – 23 %, оның ішінде қант 4 – 5 %, пектинді заттар 1,5 – 2,5%,
клетчатка 5 %, минералды заттар 0,5 %, органикалық қышқылдар 0,2 – 0,4 %.
Алма сығындысы пектин немесе езінді алу үшін, ал тұқымы тамақтық май
алу үшін қолданылуы мүмкін.
Жұмыртқалайтын тауықтарға арналған құрама жемге алма сығындысының
ұнын 15 %, жүзім сығындысын – 5 % дейін, қызанақ сығындысын – 4 % дейін
дәнді дақылдардың орнына 4 – 6 % қосуға болады [30].
Қызанақ өнімдерін өндіруде мынандай қалдықтар: жарамсыз қызанақ,
тұқымы, қабығы, ірі талшықтары алынады. Қызанақ сығындысының 72 – 75 %
ылғалдылықтағы құрамы: протеин 6 – 8 %, май 3 – 5 %, клетчатка 7 – 10%,
азотсыз экстрактивтік заттар (АЭЗ) 7 – 10%, күл 1,0 – 1,5 %, кальций 0,06 –
0,09%, фосфор 0,04 – 0,05%. 1кг жаңа қызанақ сығындысында каротин 4,6 мг, С
дәрумені – 18,6 мг; Е дәрумені – 16,6 мг; РР дәрумені – 2,1 мг – ға дейін
сақталады.
Кептірілген қызанақ сығындысының ұнының құрамында протеиннің 15 –
20 %, майдың 9 – 15%, клетчатканың 6 – 20%, АЭЗ 30 – 35 % мөлшері болады.
Қызанақ қалдықтарының қоспасын (25 % қоректілігі бойынша) құс азығында
қолдану тірі салмақты бақылаумен салыстырғанда 10 % – ға жоғарылатты [31].
Мал өнімділігі азықтағы қоректік заттардың мөлшеріне байланысты.
Малды азықтандыруда дәрумендердің, оның ішінде А дәруменінің маңызы
ерекше. А дәруменінің мал мен құс рационындағы тапшылығы олардың
өнімділігінің төмендеуін тудырады.
Бәсекелестік жағдайында мал азығында, жем – шөп нарығында көптеген
ізденістер мен жаңа жолдарды іздестіру - құрама жем сапасының көтерілуіне,
өнеркәсіптік шығынның азаюына ықпал етеді. Өндірістің ұлттық, аумақтық
бағдарламаларында жемдік ақуыз өндірісін жергілікті қордың есебінен
дайындау және жүзеге асыру Францияда да қолданылуда. Ол бұршақты және
майлы дақылдардың өнімділігін арттырудан көрінеді. Ауыл шаруашылығы
дамыған елдерде құрама жемнің ақуыздық көзі ретінде жүгері және оның
өнімдері, рапс және оның өнімдерінің экономикалық маңызы бар [32].
Жеміс – көкөніс саласының қалдықтарының құрамында ақуыз және
минералды
заттар,
көмірсулар,
көп
мөлшерде
дәрумендер
мен
микроэлементтердің болуы мал азықтандыруда бағалы шикізаттың қайнар көзі
болып отыр. Жыл сайынғы пайда болған жеміс көкөніс қалдықтарының 70 %
көлемін балғын және өңделген түрінде ауыл шаруашылық малдары мен
құстарына азық ретінде пайдаланады.
18
Өндіріс қалдықтарының шикізаттарын балғын түрінде пайдалану уақыты
шектеулі. Артық ылғалды жеміс – көкөніс қалдықтарын жемдік азыққа төмен
ылғалды құрауыштарды қосу арқылы теңестіреді. Бұл мақсатта ылғалдылығы
11,5 % сабанды, бидайды, жем – шөпті және басқа қоспаларды қосу орынды
шешім болып табылады.
Жоғары қыщқылдық және теріс әсер арқасында зат алмасудың бұзылуы
ауыл шаруашылық малдарын кейбір өндіріс саласының қалдықтарымен балғын
– жас күйінде азықтандыруға болмайтындығын көрсетеді. Қышқылдылықты
төмендету үшін сығындыны сүрлемдеген тиімді. Бұл үшін үлкен алаңдар, ұзақ
уақытқа сақтау қоймалары керек болады.
Мал рационында дәстүрлі емес жемдік азықтар – жеміс – көкөніс
өнімдерінің қалдықтары, азықтық емес майлар, крахмал және ашыту өндірісінің
қалдықтары, қант кызылша өндірісі және басқа да өндіріс қалдықтары
қолданылады [33].
Алма шырынынан шарап өндіргенде алма сығындысы алынады, бұл ауыл
шаруашылығы үшін қосалқы азық көзі болып табылады. Жемістерді өңдегенде
ТМД елдерінде жылына 1млн.т. астам алма, жүзім және басқа жеміс
сығындылары пайда болады. Алманың бастапқы күйі мен шикізатын
салыстырғанда сығынды аз еритін экстрактивті заттарды құрайды. Құрамында
қант және қышқыл мөлшері бойынша бастапқы шикізаттан азғантай ғана
айырмашылықта болады, сондықтан олар құнды азық. Соған қарамастан
сығындыда үлкен мөлшерде клетчатка бар, бұл қосалқы өңдеусіз өндірісте
тағамдық азық ретінде пайдалануды қиындатады.
Алманың мәдени сұрыптарын өңдегенде 28 – 30 % (ол қолданылған
жабдыққа да байланысты), жабайы алманы өңдегенде – 40 % пайда болған
сығынды мөлшері әр түрлі факторға байланысты: үгітілуіне, сұрыбына,
алманың пісу дәрежесіне, пайдаланатын жабдыққа (уатқыш және сыққышқа),
білікті маманға, қосалқы материалдарға, өңдеуге дейінгі шикізатты сақтау
ұзақтығына т.б. факторларға байланысты болады.
Жемістердің пісіп кеткен, босап, жатып қалған тіндері шырын бөлуін
қиындатады, шығымы азаяды, сонымен бірге қалдықтары да көбейеді. Жоғары
қант құрамы мен қышқылы және пектиннің болуы, алма сығындысын пектин
алуға, тағамдық ұнтақ алуға, азықтық мақсатқа, себу мақсатында және май
алуда тұқымын бөліп алуға пайдалануға болатынын көрсетеді. Қазақстандық
ғалым Д.С.Ізбасаров алма сығындысынан жеміс ұнтағын алу өндірісінің
технологиясын жасаған. Қазіргі уақытта алма сығындысының ұнтағы кондитер,
нан, сүт және басқа да тағам өндірісінің саласында кеңінен пайдаланылуда [34].
Спирт өндірісінің саласында әлемнің көптеген елдері қалдық өнімдерді
қайта өңдеуге де үлкен мән беруде. Мал жемдеу үшін негізгі азық көзі – құрама
жем болып табылады. Ресейде құрама жем құрамына 70 % дейін дәнді –
дақылдар кірсе, ал ЕО және Солтүстік Америкада бұл 2 есе аз қамтылған.
19
Бұндай дәнді дақылдар мөлшерінің елеулі төмендеуі осы құрама жем құрамына
тамақ өнеркәсібінің қалдық өнімдерін қосу арқылы мүмкін болды және бұл
өнімнің өзіндік құнын төмендетеді.
Біздің еліміздің де тамақ өнеркәсібі бірден – бір дамыған, қайта өңдеуден
өткен қалдық өнімдердің үлкен қоры бар табысты сала.
Спирт өнімін өңдеуден қалған өнім (барда) ол қанық еритін ақуыздарға,
май және көмірсуларға бай. Ол жануарлар ағзасына жақсы сіңіріледі және
қорытылады. Жоғары сапалы құрғақ барда бұл өте құнды протеинді
концентрат, ақшыл қоңыр түсті,жағымды нан иісті, тәтті дәмі бар. Америка
Құрама Штаттары, Еуропа және Қытайда негізгі құрама жем рецептеріне
орташа 4 – 8 % – ға барданың құрғақ концентратын қосады. Жемдік өнім үшін
халықаралық стандарт та әзірленген.
Бордақыланған жас шошқаларға арналған құрама жемнің дәндік бөлігінің
5 % кепкен спирт қалдық өнімі – бардамен ауыстырудың тиімділігі зерттелген.
Мал өнімділігі және ет сапасына жақсы әсер ететін құрама жем құрамындағы –
құрғақ барда. Тәжірибе нәтижесі малдардың қанының биохимиялық
көрсеткіштері физиологиялық норма шегінде болғанын көрсетті [35].
Осылайша, тауықтарды бардамен азықтандыру да олардың ішек
микрофлорасы құрамына айтарлықтай септігін тигізді, аминқышқылдарының
сіңімділігіне бұл бактериялардың кейбір топтары әсер етеді екен.
Целлобактерина – T бактериясын қолдану жем құнын төмендетуге
көмектесе отырып, мекиеннің жұмыртқа өндірісін арттырады [36, 37].
Сиыр мен бұзау азығында олардың жемдеу кезеңінде алғаш рет дәрілік
өсімдіктердің шроты пайдаланылды. Ол ірі қара малдың өсу қарқынын, сауым
сүттің өнімділігін 7000 кг арттырды [38].
Протеиндік жемдік қоспаны бордақылау мақсатында бұқалардың
рационына пайдалану тәжірибесінде жемдік қоспаның нәрлілігі, микробтық
ферменттерге әсерінің көрсеткіштері, мал өнімділігінің нәтижесі берілген. Етке
арналып өсірілген бұқалардың рационына жаңа жемдік қоспа – концентраты
төмен протеин қолданылды. Төмен негізді протеиндік жемдік қоспа – отандық
жемдік өнім. «Микробиосинтез» ААҚ жасаған бұл қоспаның құрамына дәнді –
дақыл қалдықтары, балық ұны, құс өнімінің қалдықтары қосылған. Дайын өнім
– ұнтақталған гемогендік көлемде, қара қоңыр түсті, жеңіл спецификалық иісі
бар. Ылғалдылығы 5 – 8 %, шикі протеин мөлшері 40 – 42 %; шикі май мөлшері
20 – 25 %; лизин – 2,2 %; метионин – 1,9 %; триптофан – 2,6 %; кальции – 1,5
%; фосфор – 6,5 % құрайды.
Қорыта келгенде ақуызды қоспаны тірі салмағы бойынша 1,5г/кг
мөлшерде бұқалар рационында қолдану малдың асқазанының қорытылу
жұмысына және малдың өсуіне дұрыс әсер еткен [39 – 42].
Құстарды азықтандырудағы негізгі шикізаттарға дәндік құрауыштар
жатады. Олар –жүгері, бидай, арпа, қытайбұршақ, алайда қазіргі таңда бұл
20
шикізаттардың тапшылығы және бағасының қымбаттауы байқалуда.
Сондықтан әлі күнге дейін құс шаруашылығында қоректік заттар мен
биологиялық белсенді заттардың жаңа және инновациялық көздерін тиісті
барлау және игеру қарастырылуда. Бұл жұмыста құстарды азықтандыруда
фармацевтика кәсіпорындарының калдық өнімін пайдалану мүмкіндігі
зерттелді.
Ғылыми
–
шаруашылық
тәжірибе
өндірістік
жағдайда
эксперименттік жұмыртқалайтын тауықтар ортасында жүргізілді.
Жүргізілген эксперименттер негізінде Aralia шротын макро –
микроэлементтер және биологиялық белсенді заттардың көзі ретінде 10 % дейін
тауықтар азығында пайдаланылу жақсы нәтижелер берген. Оның мөлшерін 15
% арттыру бақылау тобындағы көрсеткіштерді нашарлатпайды. Ол қымбат
негізгі рационды үнемді жұмсауға мүмкіндік береді [43].
Ресейдің географиялық орналасуы және климаттық жағдайлары жеміс –
жидек дақылдарын өсіріп, жоғары сапалы шарап өндіру үшін қолайлы болып
табылады [44 – 46].
Құс шаруашылығының өндірістік технология жағдайында құстарды
азықтандыруда биологиялық толыққұнды азықтандыру жоғары өнімділікке қол
жеткізу үшін маңызды фактор болып табылады.
Қазіргі уақытта жемдік қоспалар заманауй рационның бөлінбейтін
бөлігіне айналған, ол азықтануда тепе – теңдікті ұстау, қоректілік заттардың
сіңімділігін, құрауыштардың уыттылығын, бактериямен тұқымдануын
төмендетуде үлкен рөл атқарады. Ауыл шаруашылығы құстары үшін жемдік
қоспаны қолдану және дамытуда өнімділікті жақсарту және сақтау түпкі мақсат
болып табылады.
Ет бағытындағы балапандарды сапалы азықпен қамтамасыз ету бұл жеке
бір мәселе, ол азық құрамындағы оның сіңімділігіне кері әсер ететін
факторларға байланысты. Бұдан басқа сапалы энергетикалық азықтың тапшы
болуы көп мөлшерде тотық қосылысты азықтарды пайдалануға әкеледі. Бұл
азықтарды талдау кезінде рациондар сәл уытты болады, бұл өнімділікті де,
құстардың бастарының сақталуына да теріс әсер етеді.
«Кормозаготовка» компаниясы Ресей тұтынушыларына кең ауқымды
құстардың өнімділігін жоғарылататын, бастарының сақталуын жақсартатын
көкөніс, балық ұнын қоспай, фосфор деңгейі және басқа қоспалары
қысқартылған азықтардан тұратын жемдік қоспаны ұсынады.
Натресорб препараты өзін жақсы жағынан көрсете алды, ол азықтағы
тотық қоспаларының уыттық әсерін төмендетуге, құс басының сақталуына, тірі
салмағының өсуіне, минералдық алмасуын жақсартуға, азық шығынын
төмендетуге, рациондағы хлордың деңгейін теңестіруге ықпал етеді.
Сонымен қатар ұсынылып отырған жаңа заманауи Fimax препаратының
құрамына фитаза, дәрумендер, кешенді биологиялық белсенді заттар,
балапандардын ағзасының иммунитетін көтеретін, азықтың минералды
21
заттарын жақсы сіңіріп сүйектеріне минералды заттармен байытатын
биологиялық белсенді заттар кіреді.
Құрамындағы азықтың уытты әсерін зарарсыздандыру компонентінің
арқасында құс ағзасына азықпен түскен микотоксиндердің уытты әсерін
әлсіретеді.
Ет бағытындағы балапандарды Fimax препаратымен азықтандырудың
тиімділігін анықтау үшін «Кобб Авиан – 48» кросы балапандарына тәуліктік
мерзімінен 35 – күндік мерзіміне дейін тәжірибелер жүргізілді. Fimax
препаратын 1 – 3кг/т пайдалану азықтағы тотығу қосылыстарының уытты
әсерін төмендетеді, ет бағытындағы балапандардың зоотехникалық
көрсеткіштеріне оң әсерін тигізеді, өсімділігін көтереді, тірі салмағын,
минералды қорытуды жақсартып, өсуі және фосфат деңгейін енгізу шығынын
азайтады [47].
Соңғы жылдары Ресейде құс рационындағы дәнді дақылдарды алмастыру
үшін арзан дәстүрлі емес азықты іздестіру жүргізілуде.
Бұл бағыт ұлттық экономикада маңызды болып есептеледі, өйткені бір
саланың қалдық өнімдері екінші бір салаға шикізат көзі болмақ.
Құрама жем өндірісінде ұн өндірісінің қалдық өнімдері және жарма
өндірісінің жанама өнімдері, оның ішінде ұн мен жарма ұншықтары, жүгері
ұрықтары, ашыту өндірісінің өнімдері, жемдік ашытқы, сыра өндірісінің
қалдықтары және тағы басқа өндіріс қалдықтары пайдаланылады.
Роксазим препаратының тиімділігі «Бишкул» ЖШС құс фабрикасындағы
Медео құстарына жүргізілді. Оның құрамында жемдік бидай ұнтағы, жүгері
ұрығы және сыра түйіршігі енгізілген. 1 тонна құрама жемге препараттың 100
граммы қосылған. Барлық тәжірибедегі құстардың әр қайсысы 50 бастан
біркелкі жағдайда ұсталды. Тәжірибедегі құстар тәуліктік жас мөлшерімен
бірдей таңдап алынды. Тамақтандыру уақыты өсу кезеңімен мөлшерленді.
Сапалы дәнді жармаға өңдегенде жемдік ұншық алынады. Ол негізінен
ұсақталған жем және тұқымдық қабығынан, ұрықтардан тұрады. Бағалы қоректі
азық болып табылады, қоректілігі бойынша дәнді дақылдарға жуық. Дегенмен
құрамында клетчатканың жоғары болуы оның нашар сіңірілуінен байқалады.
Қуат сақтау жағынан жүгері ұрықтары өсімдік және мал майларынан кейінгі
орынды алады. Құстарға арналған құрама жем құрамына ұрықтарды 10 %
енгізу қуат алмастыру деңгейін қөрсетілген мөлшерге дейін көтерген. Бұдан
басқа жүгері ұрығында 60 % протеин болуы бройлер балапандарына арналған
рецептегі қымбат тұратын балық ұнын ішінара ауыстыра алады.
Сыра түйіршігі – бұл сыра қайнату өндірісінің суда ерімейтін дәндерінің
қалдықтары. Қазіргі уақытта сыра түйіршігін құрама жем шикізаты ретінде
пайдалануға болатындығы қарастырылуда. Оның 1 кг – да 2,35 МДж алмасу
қуаты, 42 г шикі протеин бар. Бұл жемдік шикізатта ақуыздың жетіспеушілігі,
клетчатка мөлшерінің жоғарылығы, май мөлшерінің аздығы көрінеді,
22
құрамында фосфор және кальций бар. Тәжірибе жүргізу кезінде тірі салмақ
динамикасының өсуі, азықтың шығыны және құс етінің сапасы есептелді.
Құстарға арналған дәстүрлі емес Роксазим ферменті препаратын пайдалану
олардың салмағының өсуіне жақсы ықпал етті, жем шығынын төмендетті.
Үйрек балапандарына бидайдың жемдік ұншығын 1 – 14 күндік кезеңінде – 4
%, 15 – 49 күндікте – 8 %, жүгері ұрығын 7 – 14 %, сыра түйіршіктерін 8 – 16 %
қосу рационның тиімділігін көрсетті [48].
Қазіргі уақытта қалдықсыз өндірісті құру идеясы «қалдықтарды қосқанда»
шикізатты барынша пайдалану қағидатына негізделген.
Қалдығы аз және қалдықсыз технология бір жағынан кешенді түрде
барлық бағалы шикізат құрауыштарын тиімді азыққа айналдыру, ал, екінші
жағынан өндірістен шыққан қалдық өнімдерді қоршаған ортаға залалын
тигізбейтіндей етіп өңдеуді қарастырады.
Ауыл шаруашылығы шикізаттарын өндеуден кейін көптеген қалдықтар-
екінші шикізаттар түзіледі. Оларды өндеу жаңа шикізат көзін қоспай–ақ бағалы
өнімдердің мол көлемін өндіруге мүмкіндік береді. Қалдық өнімдердің 70 %
жуығы ауыл шаруашылығында қолданылуы мүмкін, ал 10 % мүлдем
қолданылмайды. Нәтижесінде қалдық өнімдер жеткіліксіз және орнымен
пайдаланылмауда. Соның әсерінен 2 млн.т. жемдік бірлік жоғалады, яғни 50
000 т. көкөніс ақуызы қолданылмайды. Сондықтан, шикізатты қайта өңдеу
мәселесін қажетті
дәрежесіне
көтеру, оның
құрамындағы бағалы
құрауыштарды толық өндіру қазіргі кездегі өзекті мәселе.
Қазіргі уақытта кешенді астық өндіруші кәсіпорындарында, оның ішінде
жарма өндірісі саласында қалдық өнімдерін пайдалану өте төмен деңгейде тұр.
Жарма өндірістерінің қалдықтарын іске асыру шаралары кешенді қайта өңдеу
деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде ауыл шаруашылығы
малдары мен құстарының азығында қолданылып, материалдық шығынды
азайтып, тиімді шешімді толықтай өтеуге ықпал етеді [49 – 52].
Сауын сиырдың протеинмен қамтамасыз етілуі өнімділік деңгейінің
негізгі факторы. Күйіс қайтарушы малдарды протеинді азықпен азықтандыру
проблемасы негізгі факторлардың бірі, соның ішінде малдардың ағзасындағы
ақуыз теңсіздігін ғылыми негіздеудің басты мақсаты.
Қазіргі уақытта Ресейде және басқа да елдерде малдарды протеиндік
азықпен азықтандыру жүйесі қалыптасқан, ол шикі протеин және қорытылатын
протеинге негізделген және қорытылатын протеиннің мал ағзасына толық
сіңетіндігі анықталған. Белгіленген тәсіл әсіресе асқазаны осал жас малдарға
тиімді. Күйіс қайтарушы малдарда бұл күрделі үрдіс болып келеді, шикі
протеин мен қорытылатын протеиннің қорытылуы асқазандағы азықтың азотты
заттарынан түзілетін микробты ақуыз, ағзадағы азоттың рециркуляциясы және
аминқышқылдарын қолдануға байланысты. Заманауи түсініктеме бойынша
күйіс қайыратын малдардың протеиндік қамтамасыз етілуі бағалау үшін
23
асқазандағы микробтық синтездің сандық параметрлерін,сонымен қатар жемдік
және микробтық ақуыздың қолданылу және сіңу дәрежесіне байланысты [53 –
58].
Шарап өндірісіндегі қалдық өнімдер – жүзім сығындысы мен дәнектері
маңызды орын алады. Қалдықтарды негізінен балғын күйінде мал
азықтандыруда қолданады немесе мүлдем қолданбай қоқыстарға тастайды.
Соңғы 20 жылда зерттеулер жандануда, жүзім сығындысы мен дәндері липидті
тотығу ингибиторы ретінде қолданылуда.
Липидтік тотығу бірден – бір негізгі үрдістердің бірі, көптеген азық –
түліктерді сақтауда жарамдылық мерзімдерін шектеуші болып табылады.
Липидтер – барлық шикізатта триглицерид түрінде, малдардың және өсімдік
майларының жасушаларында, биологиялық мембраналар құрамына кіретін
фосфолипидтер. Өндірісте әртүрлі тағам дайындағанда майларды рецептік
құрауыш ретінде қосады. Тағам өнімдерін мысалы: майонез, маргарин және
қуыруға арналған түрлі майлар дайындауда негізгі құрауыш болып табылады.
Бұл майлар дерлік триглицеридтерден тұрады. Тотығудың себебі барлық
биологиялық
мембраналар
мал
мен
өсімдік
тіндерінде
болатын
фосфолипидтерге байланысты [59, 60].
Табиғи антиоксиданттар ретінде шарап қалдықтары сығындыларын
пайдалану туралы әдебиет деректері мол. Мысалы: жүзім тұқымдары мен
қабықтары, сығындысын, шикі және пісірілген тауық етін салқын
температурада 9 ай сақтау кезінде липидтерінің тотығу үрдісі баяу жүрген.
Жүзім тұқымдарының майын майсыз шұжыққа пайдаланған кезде ұқсас
әсері байқалған. Жүзім тұқымы сығындысы қосылған шұжықтарда липидті
тотығу байқалмаған, ал арық сиыр етінде 70 %, шошқа майында 28 % және
тұзда 2 % байқалған.
Тілімдеп кескен, қуырған, ПВХ пленкасына орап, мұздатқан шұжықтарды
төмен температурада 4 ай сақтаған. Жүзім дәнінің сығындысы қосылған
шұжықтардың үлгілері аз тотыққан, бірақ органолептикалық қасиеттері жақсы
сақталған.
Антиоксиданттық
қасиеттерінен
басқа,
жүзім
тұқымының
антипролиферативті және антибактериалды қасиеттері бар.
Жүзім тұқымы, құрғақ сығындысының оңтайлы еріткіш экстрактісі
ретіндегі қолданылуы, сонымен бірге антиоксиданттық белсенділігі де
анықталған [61 – 69].
Жеміс – көкөніс өнімдерінің экономикалық тиімділігін жетілдіру жыл
мезгілдерінің өзгеруіне байланысты оларды қайта өңдеу және сақтау
қажеттілігін
тудырады.
Заманауи
сақтау
қоймалары,
мұздатқыш
қондырғыларынан, іріктеу жүйесінен, суыту – желдету, өнімдерді жыл бойы
кезеңдік сақтауға дайындаудан тұрады, бұл қондырғыларды қолдану өндірістің
өнімділігін көтеруге септігін тигізеді [70, 71].
24
Тәтті тағам өндірісінің басты бағытының бірі инновациялық
технологиялық өндірістерді дамыту, өсімдік шаруашылығының шикізаттары
құрамындағы биологиялық белсенді заттарды қосу арқылы тағамдық
құндылығын көтеруге арналған. Жүзімді өңдеудегі жанама өнім – жүзім
сығындысы құрамында тағамдық талшықтар, фенолдық қоспалар, дәрумендер,
минералды заттар – бұлар келешектің дәстүрлі емес шикізаты екені белгілі [72
– 74].
Тағам өндірісінің қалдықтары бұл арзан және қол жетімді, оңай
жаңартылатын шикізат көзі болса, сонымен қатар жоғары сапалы нәрлі,
құнарлы азық. Тиісті өңдеуден кейін жемдік қасиетке ие болады. Сапасы жақсы
жем–шөп дәнінен 1,5 – 3 есе асып түседі. Тағамдық қалдық өнімдер жоғары
қуатты және биологиялық белсенді, зиянсыз, гиппоаллергенді, ферментативті
және микробиологиялық конверсивті әртүрлі өңдеу түрін қажет етеді. Тағам
өндірісінің жанама өнімдерін пайдалануда түсетін кіріс ол негізгі азықты
сатқандағы кіретін кірістен қөп жағдайда асып түседі, бұл өте маңызды болып
табылады.
Қазіргі таңдағы мал шаруашылығында тағам өндірісі өнімдерінің
қалдықтарын пайдалану бұл мал және өсімдік текті тағамдық шикізатты терең
өңдеуді қажет етсе, жанама өнімді пайдалану негізгі өнім өндірісінің өзіндік
құнын төмендетеді, заманауй азықтық қорды кеңейтіп, отандық мал және құс
шаруашылығын дамытады, бұл тағам мен өңдеу өндірісінің цехтарын
экологиялық қауіпсіз етеді [75 – 78].
Жеміс – көкөніс өнімдерін өңдегенде өндіріс қалдықтары мен жанама
шикізат қоры пайда болады. Оларға: қызанақ және алма қалдығы, алма мен
жүзім сығындысы, қызанақ тұқымы, жеміс сүйектері, сәбіз, кәді тазартпасы,
қызылша, жасыл бұршақ қауырсыны, қырық жапырақтың сыртқы жапырағы,
қара қою түсті жидек сығындылары және басқалары жатады. Жеміс – көкөніс
саласының қалдықтары 5 – 85 % құрайды. Бұл шикізатты өндегенге дейінгі
шикізат салмағына, түріне және оларды өңдеу әдісіне байланысты. Мысалы:
жасыл бұршақты (қабығымен) өңдегенде қалдық 80 %, қартопты өңдегенде 30 –
40 %, қызанақ өнімдерін өңдегенде 4 – 5 % қалдық қалады [79, 80].
Теңестірілген азықтандыру – бұл адам денсаулығы және әл – ауқаты үшін
ең маңызды шарттардың бірі. Ресей жұртының рационында тағамдық ақуыздың
жетіспеушілігі қазіргі уақытта 600 мың.т. құрайды. Бұлай болуының негізгі
себебі – мал шаруашылығында өнімнің жетіспеушілігінен, мал басының азаюы,
олардың өнімділігінің төмендеуінен болып отыр.
Бұның бәрі мал азығында протеин көзі бар азықтың болмауына
байланысты. Мал рационында ақуыздың жетіспеушілігі 25 %-ды құрайды, бұл
30 – 35 % мал шаруашылық өнімдерінің тапшылығын тудырып, өзіндік құнын
жоғарылатады.
25
Тағам өндірісінің салыстырмалы арзан қалдықтарын негізінен жоғары
сапалы жем–шөп қорының жаңа түрлерін жасауға, тағам өндіріс қалдықтарын
мал азығын өндіруге, тартуға, жем өнеркәсібінің ауқымын кеңейтуге, қоршаған
ортаның ластану деңгейін төмендету мақсатында пайдалануға болады.
Жыл сайын тағам өндірісі саласында үлкен мөлшерде қалдықтар қалады,
олардың көпшілігі құрама жем өндірісінде қолданыс табуда. Оларға сүт
сарысуы, кебек, шрот, күнжара, ет, балық ұны және т. б. кіреді. Ресейде
жылына 2 млн. т. сүт сарысуы өндіріледі, оның тек қана 500 мың.т.
пайдаланылады. Қалғандарын экологиялық тепе – теңдікті бұза отырып, сол сүт
өндірісінің жанына басқа алыс жерлерді ластаса да кәріз шұңқырымен ағызып
жібереді.
Экструдерленген азық пен торайларды тамақтандыру, енелерінен айырып
алғаннан кейін олардың қарқынды өсуіне үлес қосты. Енесінен айыруды
торайлар оңай өткерді, жеңіл өтті. Айырғаннан кейінгі өсуі алғашқы 17 тәулікте
тәжірибедегі топпен салыстырғанда тобынан 24 % жоғары болған.
Экструдерленген дән құрамын құрама жемге қосу 4 – 60 күндік торайлар
үшін өсімді 17,8 %-ға , ал, тірі салмақты 2 айлығында – 13,8 % – ға
жоғарылатты. Жүргізілген зерттеуден түйген нәтиже ол стартерлік емуі
кезеңіндегі торайларға қымбат құрауыштарды дәстүрлі емес шикізаттарға
тиімді алмастыру, мысалы кепкен майынан айырған сүт, арзан қол жетімді
кепкен сүт сарысуы, жүгері глютені мен қытайбұршақ, бұл құрама жем құнын
төмендетеді және мал рационындағы ақуыздың жетіспеушілігін тудырмайды
[81 – 86].
Рецепт құрамына жергілікті табиғи шикізат қоспасын енгізу нан–тоқаш
өнімдерінің тағамдық құндылығын жақсартатынын 2006 жылғы жүргізілген
тәжірибеден көрінеді.
Қоспалар үшін шикізат ретінде жүзім тұқымы, қабығы, сабағы тағы басқа
жеміс–жидек
шикізаттары
колданылды.
Тәжірибенің
бір
кезеңінде
дайындалған өнімнің тағамдық құндылығын зерттеу және биологиялық
белсенді заттар ретінде ұсыну қарастырылды.
Жүзімнің Агадаи, Молдова, Виорика, Подарок Магарача, Цветочный,
Ркацители, Антей Магарачский сұрыптарының тұқымы, қабығы мен сабағынан
алынған қоспаның химиялық құрамы (дәрумендер, қант, пектиндік, дубильдік
және минералды заттар) зерттелінді.
Барлық зерттелген сұрыптарда С дәрумені тұқымына қарағанда қабығында
1 – 2 % көбірек, тек Подарок Магарача сұрыптарында бұл айырмашылық 50 %
құрады. Аскорбин қышқылының ең үлкен жиынтығы Молдова асханалық
сұрыбының тұқымы мен қабығында және техникалық сұрып Подарок
Магарачада С дәруменінің ең үлкен қоры жүзім сығындысының собығында –
43,8 мг сақталады.
26
A дәрумені (β – каротин) тұқымына қарағанда оның қабығында 2 есе
жоғары. Басқа сұрыптарға қарағанда Молдова, Антей Магарачский сұрыбында
β – каротин көбірек. В
12
дәруменінің жинақталуы, ол мүлдем басқа үрдіс.
Бұлар негізінен қабығына қарағанда тұқымдарда 2 – 3 есе көбірек.
Ркацители, Подарок Магарача және Агадаи сұрыптарының тұқымы мен
қабығындағы дәрумендер құрамы бірталай өзгеше. Зерттеу көрсеткендей жүзім
собығы С дәрумені мен А дәруменіне бай.
Органикалық қышқылдар қант пен және хош иісті қоспалармен қосылып,
жеміске дәм берсе, сонымен бірге өндеуден өткен өнімдерге де дәм берген.
Басқа өнім түріне қарағанда жүзімде негізгісі шарап қышқылы 50 – 65 % жалпы
қышқылдықты құрайды. Қалғандарын 25 – 30 % алма қышқылы құраса, 10 %
лимон қышқылының үлесінде.
Қоспадағы қышқылдарды, дубильдік, пектиндік заттарды зерттеу
нәтижесі бойынша, органикалық қышқылдардың үлкен қорын жүзім қабығы
құрайды. Ол 4,2963 – тен 14, 1253 % құрады, ал қалған жүзім тұқымы
қоспасында 1,9665 - тен 12,1659 % құрады.
Пектиндік заттар тағамдық талшықтар немесе диеталық клетчатка
құрамына кіреді, ол тағам құрауыштарының қорытылуын жақсартады.
Пектиндік заттардың көп мөлшері Виорика жүзім сұрыбының қоспасында –
12,42 % , Агадаи сұрыбы 11,5% және Цветочный сұрыбында 11,04 % болады.
Қабығын сақтауы бойынша ақ жүзім сұрыбы қоспасынан Цветочный сұрыбы –
19,32 %, Агадаи сұрыбы – 18,4 %, Виорика – 15,64 %, Подарок Магарача
сұрыптары – 15,18 % ерекшеленеді.
Қызыл сұрыпты жүзімдерде пектиндік заттар Молдова сұрыбының жүзім
қабығында – 10,34 % болса, ал Антей Магарачский сұрыбында – 9,66 % болып
азаяды. Жүзім собығындағы пектиндік заттар 13,8 % құрайды. Жалпы
пектиндік заттар жүзім қабығында жиналған.
Минералды заттар барлық тірі жасушалар мен ұлпалардың, өмірлік
маңызды ферменттердің құрылымдық элементтерінің құрамына кіреді,
сонымен қатар зат алмасуға қатысады. Қандайда бір минералдардың жетіспеуі
маңызды физиологиялық функцияны әлсіретеді, мал ағзасындағы немесе
өсімдіктердегі қызыл сұрыптылар арасында темірдің көбірек болуы Антей
Магарачский (4,0 мг, %) сұрыбының тұқымында байқалған. Темірдің жүзім
қабығында болуы 5,0 - 11,25 мг, % құрайды. Ақ сұрыпты жүзімдер арасында
темір құрамының болуы Агадаи, Ркацители – 11,25 %, қызыл сұрып
Молдовада – 10,15 мг, %. Жүзім собығынан дайындалған қоспада темір құрамы
өте жоғары 18,3 мг, % болған.
Ақ сұрыпты жүзім тұқымының қоспасында, оның ішінде Подарок
Магарачада марганецтің көп мөлшері анықталған (1,33мг%); қызыл сұрыпты
Молдовада (0,88 мг, %) болған. Жүзім қабығының қоспасында 0,33 - 1,08 мг%
марганец сақталады. Мырыштың ең жоғары мөлшері ақ сұрыпты жүзімнің
27
тұқымында Подарок Магарачада (6,87 мкг, %), ал қызыл сұрыпты Антей
Магарачскиде (5,41 мг, %).
Жүзімнің ақ сұрыбының қабығындағы мырыш мөлшері Агадаи
сұрыбында (6,2 мкг %), қызыл сұрыпты Антей Магарачскиде (3,3 мг%). Жүзім
собығының қоспасында 3,75 мг % мырыш бар.
Эритроциттерді құруда мыс үлкен рөл атқарады, ол тіндердегі темірді
босатуға және қаңқаның жетілуіне әсер етеді. Ақ жүзім сұрабында мыс мөлшері
оның ішінде Виорика мен Подарок Магарачада (2,5 мкг/%) ал, қызыл сұрыптар
ішінен Антей Магарачскийде – 1,5 мкг % сақталады. Ақ жүзім сығындысының
қабығынан дайындалған Ркацители сұрыбында, қызыл сұрыптан Молдова мен
Антей Магарачскийде мыстың 1,5 мкг% мөлшері болады. Жүзім собығының
қоспасында мыс 1,49 мкг % бар.
Агадаи мен Цветочный ақ жүзім сұрыбында 0,36 мкг, % йод болса, қызыл
сұрып Антей Магарачский – 0,26 мкг% және Молдова қызыл сұрыбы
қабығында 0,20 мкг% иод сақталады. Жүзім собығы қоспасында 0,36 мкг% йод
бар.
Жүзім тұқымында 16,6 дан 119,3 мг% натрий бар. Цветочный ақ түсті
жүзім сұрыбында натрий 119 мг% және Подарок Магарачада 96,59 мг%
сақталады. Қызыл сұрыпты жүзім қоспасының тұқымы Молдовада ол 25,85
мг%. Қабығындағы натрий құрамы тұқымынан өзгеше 51,13 – 272,72 мг %
құрайды. Ақ сұрыптар арасында үлкен көрсеткішті жүзім сұрыбының қабығы
Подарок Магарача – 272,72 мг% және Цветочный – 187,5 мг% көрсетсе, қызыл
сұрыпты жүзім қабығында Молдова 100,70 мг% бар. Жүзім собығында
натрийдің көрсеткіші аса жоғары емес, ол 9,37мг % құрайды.
Ақ сұрыпты жүзім қоспасында, оның ішінде Цветочныйда калий –
1718,78 мг%, Ркацителиде – 1562,5 мг%, қызыл сұрыптары бойынша
қабығындағы қоспада Молдовада – 1587,32 мг%, жүзім собығының
қоспасында 125,6 мг% сақталады. Бұдан байқағанымыз калий көбінесе,
тұқымында және қабығында болады екен.
Ал кальций құрамы тұқымдық қоспада 107,14 мг% -дан 250,0 мг% дейін.
Цветочный – 250,0 мг%, Антей Магарачский сұрыбының қоспасы 232,14 мг, %
кальций сақтайды. Қабығындағы кальций мөлшері тұқымына қарағанда
анағұрлым аз. Ол жүзім тұқымы қоспасының қабығында азырақ екені
байқалды. Ақ сұрыпты жүзім қоспасында Агадаи – 107,42 мг%, қызыл Антей
Магарачскийде – 125,35 мг %. Жүзім собығында кальций мөлшері 27,7 мг%
құрайды.
Магний жетіспеушілігі салдарынан ас қорыту нашарлайды, өсу бәсеңдейді,
қан тамырларында кальций жабысып, одан бірқатар патологиялық ауруларды
тудырады. Магний жүзім тұқымында 58,69 – 155,56 мг% сақталады. Ақ сұрып
арасында Виорикада 84,78 мг%, қызыл сұрыптан Молдовада 155,86 мг%
магний бар. Қабығында магний азырақ болса, тұқымында сәйкесінше көбірек.
28
Ақ сұрыпты жүзім қабығындағы магнийдің көп мөлшері Агадай сұрыпында –
50,0 мг% болса, Молдовада 42,34 мг% шаққанда. Жүзім собығының
қоспасында магний құрамы 45,6 мг% құрайды.
Жүзім собығы мен тұқымының қоспасындағы протеин мөлшері көп 13,125
%, ал жүзім қабығында аз – 3,412 % көрсетеді.
Липидтер табиғатта өте кеңінен таралған және ақуыз көмірсулармен бірге
тірі ағзалардың органикалық зат массасының негізін құрайды. Липидтер
өсімдіктерде негізінен тұқым мен жемістерінде жиналады. Осыған сүйене
отырып жүзім қоспасындағы липидтер құрамына зерттеулер жүргізілген. Май
мөлшерін құрғақ заттардың бастапқы күйінде анықтаған. Жүзім қоспасы
тұқымында 9,22 %, собығында 1,18 % май бар екені анықталған. Зерттелген
қоспадағы қант мөлшерінің көп екені, сұрыпы бойынша оның мөлшерінің
әртүрлі екендігі анықталды.
Зерттеу нәтижелері жүзім тұқымы, қабығы, собығы және олардың
қоспасы дәрумендер және дәрумендерге жуық заттар, макро, және
микроэлементтер, тағамдық талшықтар, органикалық қышқылдар және май
қышқылдарын
сақтайтындығын
көрсетті.
Дайындалған
қоспа
бұл
ауыстырылмайтын тағамдық заттарға, микронутриенттерге бай, бұл өз
кезегінде пребиотикалық құрауыштардың қайнар көзі болып табылады.
Ағзаның физиологиялық қажеттілігіне сәйкес олардың тапшылығының орнын
толтыруға мүмкіндік береді [87].
Достарыңызбен бөлісу: |