99
4 ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМДІЛІГІ
4.1 Өсімдік шаруашылығы жанама өнімдері негізіндегі жемдік қоспа
енгізілген құрама жемді сауын сиырлар азығында қолданудың тиімділігін
бағалау
Экономикалық
тиімділікті
есептеу
рецепт
құрамына
енетін
құрауыштардың бағасы мен рецепт құрамына ену мөлшері бойынша
жүргізіледі (27 – кесте).
Кесте 27 – Жемдік қоспаның өзіндік құны
Шикізаттың түрлері
Енгізу
норма
сы, %
1т шикізат
тың құны,
теңге
1 т жемдік
қоспа жасауда
шикізат
шығыны, кг
1т өнімге
кететін
шығынның
құны, тенге
Жүзім сығындысының
ұны
14
16000
140
2240
Қызанақ
сығындысының ұны
12
16000
120
1920
Құрғақ
картоп
қалдығы
16
14000
160
2240
Бидай
тұқымдық
бүршігі
14
21000
140
2940
Жүгері
тұқымдық
бүршігі
12
27000
120
3240
Жүгері глютені
16
120000
160
19200
Шунгит
7
40000
70
2800
Бор
6
25000
60
1500
Тұз
3
35000
30
1050
Барлығы
100
1000
37130
1 тонна шашыранды құрама жемді түйіршіктеу үшін шамамен 18,495
кВт/сағ электр қуаты жұмсалады (82 – беттегі оптимизациялау нәтижесінде
алынған),
1 кВт/сағ = 16,2 теңге болса, түйіршіктеуге кететін уақытты 4 сағат деп алсақ,
1 тонна түйіршіктелген жемдік қоспаның құны 37130 + (18,495 х 16,2х4) =
38325,5 теңгені құрайды.
Жемдік қоспаны сауын сиырларға арналған құрама жемге енгізгендегі
экономикалық тиімділік рецепт құрамы бойынша 26 кестеде (94 бет) берілген
жемдік арпа, жемдік сұлы, бидай кебегі, шөп ұны, бор, тұз есебінен 25 %
жемдік қоспаны енгізудегі құрауыштардың 1 тоннадағы құны бойынша
есептеледі:
100
Жемдік арпа – 49000 теңге;
Жемдік сұлы – 47000 теңге;
Бидай жанама өнімдері 70 – 85 % – 32 000 теңге;
Бидай кебегі – 21000 теңге;
Күнбағыс шроты – 45000 теңге
Шөп ұны – 25000 теңге
Үшкальций фосфаты – 28000 теңге
Бор – 24000 теңге;
Тұз – 35000 теңге;
Премикс – 220000 теңге;
Жемдік қоспа – 38325,5 теңге.
Бақылау тобы бойынша рецепт құрамындағы құрауыштардың бағасын
есептеу былай жүргізіледі: жемдік арпаның 1 кг 49 теңге тұрады, ал 1тонна
мөлшері 490 кг, яғни
100% – 21,1 %
х = 21,1 х 1000 / 100 = 211 кг
1000кг – х
21,1 % жемдік арпаны килограмға ауыстырсақ 211 кг болады, оны 49
теңгеге көбейткенде 211 х 49 = 10339 теңге шығады. Осылайша басқа
құрауыштардың құны есептелді. Сонда бақылау рецебі бойынша сауын
сиырларға арналған 1 т құрама жемнің құны 32734 теңге, ал тәжірибе құрама
жемінің құны 32052,3 теңгені құрады, яғни тәжірибе құрама жемі бақылауға
қарағанда 681,7 теңгеге арзанырақ.
Өсімдік шаруашылығының жанама өнімдері негізінде жасалған жемдік
қоспа енгізілген құрама жемді сауын сиырлар азығында қоланудың тиімділігін
анықтау ғылыми – шаруашылық тәжірибелері Алматы облысы, «Байсерке
Агро» ЖШС – де жүргізілді.
Ол үшін бақылау рецебі бойынша дайындалған жемдік қоспа енгізілмеген
құрама жем және тәжірибе рецебі бойынша дәнді дақылдардың орнына 25 %
жемдік қоспа енгізілген құрама жем партиялары дайындалды (26 – кесте).
Ұсынылған құрама жемнің тиімділігін анықтау үшін «Байсерке Агро» ЖШС –
де жас ірі қара мен сүтті сиырларға тәжірибе жүргізілді.
Тәжірибе 2014 жылдың 16 – шы маусымы мен 15 – ші шілде аралығын
қамтыды [192].
Тәжірибе жүргізу үшін ет бағытындағы қазақстандық ақ басты жас ірі
қараларды азықтандыру үшін 10 бастан тұратын 2 топ құрылған. Ол үшін екі
топқа да бастапқы салмақтары 320кг болатын бірдей 10 бастан ірі қара таңдап
алынды.
Бақылау тобының орташа тәуліктік салмақ қосуы – 954 г, ал тәжірибелік
топ 1047 г, яғни бақылаумен салыстырғанда 9,75 % өскен. 1 айдағы қосалқы
өсім 1924 мың теңгені құрады, бұл 1кг азыққа кететін өсіммен бірдей болды (28
– кесте).
Сауын сиырлар рационында жемдік қоспа енгізілген құрама жемнің
тиімділігін анықтау үшін Голштин тұқымды сауын сиырларын азықтандыру
үшін тәжірибе жүргізілді. Топтық әдіске сай екі топта да 10 бастан болды.
101
Малдар сүт кешенінің негізгі рационы бойынша азықтандырылды. Негізгі
рацион құрамында шөп 3кг, сенаж – 12 кг, сүрлем 25 кг және құрама жем 1л
сүтке 250г болды.
Кесте 28 – Ет бағытындағы сиырларды азықтандыру
Топтар
Мал
бас
ы
са
ны
1 ба
сты
ң
баста
пқ
ы
салмағы,
кг
Т
әжіри
бе
аяғы
нд
ағы
салмағы,
кг
1 ба
сты
ң
өсі
мі
,кг
О
рт
аша
тәу
лі
кті
к
өс
ім
і,
г
1кг етт
і өт
кі
зу
бағас
ы
, тг
±
салмақ
қо
су
ы
, кг
±
пай
да.
тг
Бақылау
10
320±0,2
348,8
28,82
954,0
840
–
–
Тәжірибе
10
320±0,2
350,1
31,11
1047,0
840
2,29
1924
Бақылау тобындағы сиырлар сүт кешенінің негізгі рационында жемдік
қоспа енгізілмеген құрама жеммен азықтандырды. Тәжірибе тобындағы
сиырларға негізгі рацион құрамында 25 % түйіршіктелген жемдік қоспа
енгізілген құрама жем берілді. Сауын сиырларды азықтандыру нәтижесі 29 –
кестеде берілген.
Кесте 29 – Сауын сиырларды азықтандыру
Топтар
Мал
бас
ы
сан
ы
Т
әу
лі
кт
егі
с
үт
сау
ы
мы
, л
30
к
үн
не
н
кей
ін
гі
с
үт
сау
ы
мы
, л
Сү
т
са
уы
мы
ны
ң
жо
ға
ры
лау
ы
Сату
дағ
ы
кө
те
рме
баға
, тг
Қо
сы
мша
пай
да,
мың
т
г
1 ба
сқа п
ай
да,
тг
Жем шы
ғы
ны
,
ж.б.
Бақылау
10
20,125 6042,5
–
106
–
–
0,92
Тәжірибе
10
20,475 6147,5
105
106
11,13
1,13
0,91
30 күннен кейінгі сүт сауымы бақылау тобында 6042,5л құраса, тәжірибе
тобында 6147,5 л құрады. Жаңа құрама жемді пайдалану салыстырмалы
біркелкі майлылықта бақылау тобындағы сиырлармен салыстырғанда сүт
өнімділігін 1,74% жоғарылатты. Қосымша пайда 11,13 мың теңгені құрады
(Қосымша К).
4.2 Жүзім сығындысын ет бағытындағы балапандар рационында
қолданудың тиімділігін бағалау
Жеміс – көкөніс өндірістерінің қалдықтарынан мал шаруашылығы үшін
қосымша жемдік өнімдер алуға болады. Олар органикалық, азотты, минералды
102
заттарға, дәрумендер мен микроэлементтерге бай. Шетелде жеміс – көкөніс
қалдықтарының кең қолданылуы олардың жемдік құндылығының жоғары
болуы мен қорының мол болуына байланысты.
Жүзім сығындысының ұнын құрама жем құрамында ет бағытындағы
балапандар азығында қолданудың зоотехникалық тиімділігін анықтау үшін
Алматы қаласындағы «Алатау – құс» құс фабрикасында ғылыми –
шаруашылық тәжірибелері жүргізілді. Тәжірибе жүргізу үшін ИЗА – Гибро ПГ
кросының ет бағытындағы балапандарынан 40 бастан 3 топ (1 – бақылау және
2 – тәжірибе) құрылды. Балапандарды сақтау жағдайы зоотехникалық нормаға
сәйкес бірдей болды. Бірінші топ бақылау тобы болды және теңестірілген жүзім
сығындысы енгізілмеген толықрационды құрама жеммен азықтандырылды.
Екінші топқа құрама жем құрамындағы жүгерінің орнына 5% жүзім сығындысы
енгізілді. Үшінші топқа құрама жем құрамындағы жүгерінің орнына 10% жүзім
сығындысы енгізілді. «Алатау – құс» ЖШС жем зауытында бақылау және
тәжірибе құрама жемдері жасалынды (Қосымша Л).
Ет бағытындағы балапандарға арналған құрама жемнің сапа көрсеткіштері
МЕМСТ мынаған сай болуы керек (30 – кесте).
Кесте 30 – Ет бағытындағы балапандарға арналған құрама жемге қойылатын
талаптар
Көрсеткіштердің аталуы
Ет бағытындағы
балапандарға арналған
100г құрама жемдегі
алмасу қуаты, МДж/кг
12,1
Шикі протеин, % кем емес
21,0
Шикі клетчатка, % көп емес
5,5
Са, %, кем емес
1,1
P, %
0,8
Лизин, %
0,9 – 1,1
Метионин + цистин
0,6 – 0,7
Ет бағытындағы балапандарға арналған құрама жемнің бақылау рецебінің
құрамы төмендегі кестеде берілген (31 – кесте).
Кесте 31 – Ет бағытындағы балапандарға арналған құрама жемнің рецептері.
Құрауыштар
Толық рационды құрама жем
Бақылау
1 тәжірибе
2 тәжірибе
1
2
3
4
Жемдік жүгері
31,0
26,0
21,0
Жемдік бидай
14,0
14,0
14,0
Жүзім сығындысы
–
5,0
10,0
103
31 - кестенің жалғасы
1
2
3
4
Қытайбұршақ шроты
34,0
34,0
34,0
Балық ұны
8,0
8,0
8,0
Еттісүйек ұны
7,0
7,0
7,0
Монокальций фосфаты
1,55
1,55
1,55
Өсімдік майы
3,0
3,0
3,0
Ракушка ұны
0,50
0,50
0,50
Метионин
0,17
0,17
0,17
Ас тұзы
0,22
0,22
0,22
Флавомицин
0,04
0,04
0,04
Юмамицин
0,05
0,05
0,05
Роксазим С – 2
0,02
0,02
0,02
Холин – хлорид
0,06
0,06
0,06
Биотроник
0,10
0,10
0,10
Микофикс
0,10
0,10
0,10
Премикс вит.Бленд 0,02%
0,04
0,04
0,04
Премикс мин.0,1%
0,15
0,15
0,15
Барлығы, %
100,0
100,0
100,0
100г жемдегі алмасу қуаты, Ккал
303
298
292
Шикі протеин, %
25,3
25,66
25,67
Шикі май, %
4,26
4,95
5,61
Шикі клетчатка,%
6,15
5,25
4,36
Ca, %
1,55
1,6
1,65
P, %
1,04
1,35
1,62
Лизин,%
0,69
0,72
0,72
Жүзім сығындысы мен жемдік жүгерінің құрамындағы дәрумендер
мөлшері көрсетілген.
Жүзім сығындысы мен жемдік жүгерінің құрамындағы дәрумендер В
1
(тиамин).мөлшері жүзімде -2,84 мг/кг, жемдік жүгеріде 4,9 мг/кг, В
2
(рибофлавин)
жүзімде 0,55 мг/кг, жемдік жүгеріде 1,3 мг/кг, В
5
(никотин қышқыл ы) жүзімде
3,97 мг/кг, жемдік жүгеріде 50 мг/кг, А(каротин) мөлшері жүзімде 8,45 мг/кг,
жемдік жүгеріде 1 мг/кг, С(аскорбин қышқылы) мөлшері жүзімде 22,3 мг/кг,
Е(токоферол) мөлшері жүзімде 0,66 мг/кг құрайды.
Берілген мәліметтен көріп отырғандай жүзім сығындысы А, С
дәрумендеріне, сонымен қатар Е дәруменіне бай екендігін көрсетті. Бұл
мәліметтер жүзім сығындысының ұнын құрама жемге енгізу оның дәрумендік
құрамын жақсартатынын көрсетті. Жүзім сығындысынан алынған ұнды еттік
балапандарға арналған толық рационды құрама жем құрамындағы жемдік
жүгерінің орнына қолдану үшін олардың химиялық құрамдары салыстырылды.
104
Кесте 32 – Жүзім сығындысы мен жемдік жүгерінің химиялық құрамы
Көрсет-
кіштер
Химиялық құрамы
ы
лғалд
ы
л
ы
қ
%
пр
оте
ин
,%
м
ай
, %
кл
етчат
104
А
,
%
кү
л,
%
А
ЭЗ,
%
ал
масу
қ
уат
ы
,
ккал
Са,
%
P
,%
тр
ип
то
фа
н,
%
ли
зин
,%
м
ети
он
ин
,%
Жемдік
жүгері
9,3
9,0
4,0
2,2
1,3 65,2 367
0,03 0,25 0,08 0,26 0,16
Жүзім
сығын-
дысы
9,1
9,82 2,12 17,8 4,9 56,2
240
0,09 0,26 0,68 0,37 0,61
Балапандар торларда су мен құрама жемге еркін жететіндей сақталды.
Микроклимат – температуралық және жарықтық режимдер, балапандарды
клеткаға отырғызу тығыздығы, азықтандыру – ұсынылған парметрлерге сай
болды. Балапандарды жеке тәуліктік жастарынан, содан кейін әр апта сайын
өлшеп отырды. Азықты қолдануын өсіру кездерінде берген азықтың қалдығын
өлшеу арқылы анықтап тұрды. Жемнің құнын белгіленген уақыттағы желінген
жем мөлшері мен балапандардың тірі салмағының өсуі көрсеткіштері бойынша
анықталды. Ғылыми – шаруашылық тәжірибенің мәліметтері 33 – кестеде
берілген.
Кесте 33 – Жүзім сығындысы ұнымен балапандарды азықтандыру
тәжірибесінің нәтижесі
Көрсеткіштер
Топтар
Бақылау
1 – ші
тәжірибе
2 – ші
тәжірибе
Басының сақталуы, %
97,2
98,2
98,0
Балапандардың тірі салмағы:
Тәжірибе басындағы, г
42,75
42,25
43,0
Балапандардың тірі салмағы:
39 күннен кейінгі, г
2034
2081
2019
Тірі
салмақтың
орташа
тәуліктік өсімі, г
51,05
52,27
50,6
1 кг тірі салмақтың өсіміне
кеткен жем шығыны, кг
1,87
1,79
1,83
105
Тәжірибе нәтижелері балапандарды өсірудің соңында (25 сурет) (39
күннен кейін) бақылау тобының балпандарының тірі салмағы 2034г, екінші
топта 5 % жүзім сығындысы ұны қосылған 1 – ші тәжірибелік топ 2081 г болды
немесе бақылаумен салыстырғанда 2,3 % артық, 10 % жүзім сығындысы ұны
қосылған үшінші топта 2019 г немесе бақылаумен салыстырғанда 0,8 % төмен
болды[193].
Құрама жем құрамында жүзім сығындысын қолдану екінші топтағы
балапандардың 1кг тірі салмағының өсіміне кеткен жем шығынын 4,3 % (1,79
кг) төмендетті. Үшінші топтағы балапандардың 1кг тірі салмағының өсіміне
кеткен жем шығыны бақылаумен салыстырғанда 2,2 % (1,79 кг) төмен болды.
Барлық топтарда да балапан басының сақталуы жоғары 97,2 – 98,2 %
деңгейінде болды.
Зерттеу нәтижелері жүзім сығындысының ұнын жемдік жүгері есебінен
құрама жем құрамында 5 % енгізу олардың өнімділігі мен басының сақталуына
кері әсерін тигізбейтінін көрсетті [194, 195].
Сурет 25 – Балапандардың 39 күннен кейінгі тірі салмағы, г.
4.3 Жемдік қоспа негізіндегі құрама жемнің техникалық –
экономикалық тиімділігі
Ауыл шаруашылық малдары және құстарына арналған өсімдік
шаруашылығының жанама өнімдері негізіндегі жемдік қоспа енгізілген құрама
жемнің экономикалық тиімділігін анықтаудың фунционалдық тәуелділігі бар,
сондықтан экономикалық тиімділігін алдын – ала есептегенде мынадай
формулаға сүйенуге болады [196, 197, 198]:
(4.1)
мұнда: Е – 1 т өсімнің теңгеге шаққандағы экономикалық тиімділігі;
106
К – бақылаудағы малдардың тәжірибелік малдармен салыстырғандағы кг –
ның 1 т – ға шаққандағы орташа өсуі ;
А – 1 л сүттің теңгеге шаққандағы құны;
В – жемдік қоспа негізіндегі 1 кг құрама жемнің теңгеге шаққандағы құны;
С – 1 т өсім алуға кететін құрама жемнің кг шаққандағы шығыны;
Д – тірі салмақтың сойылған салмаққа шаққандағы шамасы.
Сауын сиырларды бордақылау кезінде орташа сауым сүті 10%, 1 л сүтке
кететін жем шығынын нормасын 1,5 кг және 1л сүттің құнын 80 теңге деп
қабылдаймыз, сонда :
Е = (100 ∙ 80 − 14,2 ∙ 1,5) ∙1 = 7978,7 теңге
1000 л сүтке.
Жемдік қоспа негізіндегі 1т құрама жемді қолданудағы тиімділік:
Сонда сауын сиырлар рационында өсімдік шаруашылығы жанама
өнімдерінен жасалған жемдік қоспа негізіндегі 1т құрама жемді қолданудағы
экономикалық тиімділік 5319 теңгені құрайды.
Төртіншіі бөлім бойынша қорытынды
1.Сауын сиырлар рациондағы 25% дәнді құрауыштарды түйіршіктелген
жемдік қоспаға ауыстырғанда орташа тәуліктік сүт сауымы 8,5% жоғарылады.
Тәжірибе жүргізілген аралықта сүттің майлылығы екі топта да онша өзгерген
жоқ. Алайда, бақылау тобыман салыстырғанда тәжірибе тобындағы сиырлардан
базистик майлылыққа есептегенде 15,0 ц қосымша өнім артық алынды.
2.«Алатау – құс» құс фабрикасында жүзім сығындысының ұнын жемдік
жүгері есебінен құрама жем құрамында 5 % енгізу олардың өнімділігі мен
басының сақталуына кері әсерін тигізбейтінін көрсетті. Балапандарды өсірудің
соңында (39 күннен кейін) бақылау тобының балпандарының тірі салмағы
2034г, екінші топта 2081 г немесе бақылаумен салыстырғанда 2,3 % артық,
үшінші топта 2019 г немесе бақылаумен салыстырғанда 0,8 % төмен болды.
3.Сауын сиырлар рационында өсімдік шаруашылығы жанама өнімдерінен
жасалған жемдік қоспа негізіндегі 1т құрама жемді қолданудағы экономикалық
тиімділік 5319 теңгені құрайды.
107
ҚОРЫТЫНДЫ
Жүргізілген технологиялық және де тәжірибелік зерттеулердің
нәтижесінде төменгідей қорытындылар жасауға болады:
1.
Елімізде өндірілетін құрама жемде жеміс – көкөніс өндірісінің қалдық
өнімдері қолданылмайды, өйткені балғын сығындылардың құрамында 50 %
ылғал болғандықтан, олар тез ашып, көгереді, кептіруді қажет етеді, қоқысқа
айналып, қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бұзады. Жеміс – көкөніс
өндірістерінің жанама өнімдерінің физикалық – технологиялық қасиеттерінің
нашар екендігі анықталды, жүзім сығындысының көлемдік салмағы аз, ал
бөлшегінің орташа өлшемі жоғары, ал қызанақ сығындысының қышқылдылығы
4 – 6 тәулікте сақтаудан кейін 18 – 22 % – ға жоғарылап, жіберілетін норма
деңгейінен асып кетті.
2.
Жеміс – көкөніс өндірістерінің жанама өнімдерінің химиялық құрамы
зерттелінді: жүзім сығындысы ұнында ақуыз – 9,82 %, қызанақ қалдықтары
ұнында – 19,77 %, құрғақ картоп қалдығының ұнында – 6,22 % сақталатынын
көрсетті. Ал клетчатка мөлшері жүзім сығындысында көп – 17,8 % сақталады.
Минералдық құрамын анықтау нәтижесінде қызанақ сығындысында
кальций бидаймен салыстырғанда 10 есе, жүгерімен салыстырғанда 26 есе көп
екендігін көрсетті. Пектин мөлшері жүзім сығындысында 5,7 г/кг, қызанақ және
картоп сығындыларында – 0,3 – 0,5 сақталады. Оладың дәрумендік құрамында
А дәрумені жүзім сығындысында 7,7 мг/кг, қызанақ сығындысында 21,4 мг/кг,
ал картоп қалдығында Е дәрумені көп сақталатынын көрсетті. Жүзім
сығындысының ұны лизинді бидайдан 1,2 ал жүгеріден 1,5 есе көп
сақтайтынын, ал триптофанды жүзім сығындысы бидайдан 4,5 есе, жүгеріден
11,3 есе, ал қызанақ сығындысының ұны бидайдан 1,9, жүгеріден 4,8 есе көп
сақтайтынын көрсетті.
3.
Жемдік қоспа жасау үшін жүзім сығындысы, қызанақ сығындысы,
құрғақ картоп қалдықтарынан әртүрлі қатынаста 3 нұсқа құрастырылды. №1
нұсқаның қышқылдығы басқа 2 нұсқаға қарағанда жоғары болды. Сондықтан
жемдік қоспа құрамына жүгері сығындысын 14 % дейін, қызанақ сығындысын
– 12 % дейін, картоп сығындысын – 16 % дейін енгізу жемдік қоспаның
оңтайлы қоректілігін қамтамасыз етеді.
4.
Жемдік қоспаны ұнтақтау, араластыру үрдістері зерттелінді. Жанама
өнімдерді жеке ұнтақтауға қарағанда қоспа ретінде ұнтақтау тиімді болды және
жанама өнімдер қоспасын бір және екі сатылы ұнтақтау әдістері мынаны
көрсетті, ұнтақталған қоспа бөлшегінің орташа өлшемі бір кезеңді ұнтақтауда
1,5 мм, ал екі кезеңді ұнтақтауда 1,1 мм және біркелкі болды. Жемдік қоспаның
араласу үрдісінің біркелкілігі қанағаттанарлықты деп бағаланды, жемдік
қоспаны араластырудағы вариация коэффициентінің мәні 10,5% құрады.
5.
Жемдік қоспаны түйіршіктеу үрдісін оңтайландыру қарастырылды.
Жемдік қоспаны түйіршіктеу түйіршіктегіште матрица диаметрі 9,7 мм
жүргізіледі. Зерттеу нәтижелерін математикалық өңдеу арқылы түйіршіктеудің
оңтайлы параметрлері алынды: берілетін бу қысымы Х
1
.......0,3 мПа; жемдік
108
қоспаның ылғалдылығы Х
2
.......17,0 %; матрица мен біліктің арақашықтығы
Х
3
....... 5·10
– 4
м болды.
6.
Түйіршіктелген жемдік қоспаның микробиологиялық қасиеттерін
анықтау нәтижесі шашыранды жемдік қоспамен салыстырғанда микроағзалар
мөлшері 12,4 есе, көгерткіш зеңдер 1,4 есе азайғанын көрсетті. Жеміс – көкөніс
өнімдерінің қалдық өнімдері негізінде жемдік қоспа өндірудің технологиялық
сызбасы жасалынды.
7. Түйіршікті жем қоспасын сақтау мерзімі анықталды. Шашыранды
жемдік қоспаны сақтау мерзімі 2 ай болып табылды, өйткені 4 ай сақтағаннан
кейін майдың қышқылдық саны мен асқын тотық саны көрсеткіштері шектік
деңгейден асты, ал түйіршіктелген жемдік қоспаны 4 ай сақтауға болады,
өйткені қоректік құндылығы айтарлықтай дәрежеде және майлық фракциясы
мен ақуыздық сапалылығы сақталды.
8. Түйіршіктелген жемдік қоспа енгізілген сауын сиырларға арналған
құрама жем рецептері ғылыми негізделді. Түйіршіктелген жемдік қоспаны
құрама жемге дәнді дақылдар есебінен 25% енгізуге болады.Түйіршіктелген
жемдік қоспаны құрама жемге енгізу сызбасы жасалды. Түйіршіктелген жемдік
қоспаны физикалық – технологиялық қасиеттері ұқсас болғандықтан құрама
жемге тамақ өндірісінің жемдік өнімдері желісі арқылы енгізуге болады.
9. Түйіршіктелген жемдік қоспа негізіндегі құрама жемнің тиімділігі мал,
азығында сыналды. Жеміс – көкөніс өндірістерінің жанама өнімдері 25%
енгізілген құрама жемді сауын сиырлар рационында қолдану салыстырмалы
біркелкі майлылықта бақылау тобындағы сиырлармен салыстырғанда сүт
өнімділігін 1,74% жоғарылатты.
10. «Алатау – құс» құс фабрикасында жүзім сығындысының ұнын жемдік
жүгері есебінен құрама жем құрамына 5 % енгізу олардың өнімділігі мен
басының сақталуына кері әсерін тигізбейтінін көрсетті. Бақылау тобымен
салыстырғанда балапандардың тірі салмағының өсуі 2,3 % құрады.
11. Сауын сиырлар рационында жеміс – көкөніс өндірістерінің жанама
өнімдерінен жасалған жемдік қоспа негізіндегі 1т құрама жемді қолданудағы
экономикалық тиімділік 5319 теңгені құрайды
Достарыңызбен бөлісу: |