Батырлар институты және оның ДӘСТҮрлі қазақ ҚОҒамындағы орны мырзабаева б. М



Pdf көрінісі
Дата12.12.2022
өлшемі124,96 Kb.
#56775
Байланысты:
МЫРЗАБАЕВА Б.М.БАТЫРЛАР ИНСТИТУТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ОРНЫ



БАТЫРЛАР ИНСТИТУТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ 
ҚОҒАМЫНДАҒЫ ОРНЫ 
 
МЫРЗАБАЕВА Б.М. 
оқытушы, М.Өтемісов атындағы БҚМУ 
Әр халықтың тарихында оның даму ерекшелігін сипаттайтын 
құрылымдар болады. Қазақ халқының ұлттық болмысын 
айқындайтын осындай ерекшеліктердің бірі – батырлар институты. 
Отандық тарих ғылымында қазақ батырларының елі мен жері үшін 
қан майданда жаулармен шайқасқан жанкештілік күресін, оның 
халық тағдырындағы орнын көрсетуге әлі күнге дейін толық мән 
берілмей 
келеді. 
Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Н.Назарбаев: «Біздің сан ғасырлық тарихымыздағы биліктің 
дәстүрлі институттарына баға бергенде, біз селдіреген ағаштың 
арғы жағындағы қара орманды да көре білуіміз керек», - деп 
дәстүрлі институттарды зерттеу мәселесіне мән берген болатын.
Батырлар әр халықта және әр тарихи кезеңде ерлік пен елдіктің 
басында тұрғандығы сөзсіз. Қазақтың ұлт ретінде қалыптасып, 
мемлекеттілігін дамытып, оны сақтап қалуда олардың қосқан үлесі, 
жанкешті іс-әрекеттері ел алдында болды. Қазақстандық 
тарихнамада батырлардың әлеуметтік категория ретіндегі орны 
біршама қарастырылғанымен олардың қазақ қоғамындағы айрықша 
құрылым болып қалыптасуы мен дамуына арналған арнайы 
зерттеулер жоқ. Егемендік жылдарында ел тәуелсіздігі үшін 
күрескен қазақ батырлары жайында көптеген еңбектер жарық 
көрді. 
Батырлар институты - қазақтардың тарихи даму процесінде 
табиғи түрде көшпелі қазақ қоғамының қажеттілігінен туындап, 
қалыптасқан құрылым. Ол қазақ мемлекеттілігімен бірге жасасып, 
қалыптасқан, күрделі эволюциялық даму жолын бастан кешірген 
ерекше құбылыс.
Батырлар институтының қалыптасуы, генезисі сонау ежелгі 
замандардан бастау алады. Батырлар институын зерттеу деректік 
негіздерінің жеткіліксіздігіне байланысты тарихи деректердің 
өзіндік тобын батырлар жыры құрайды. Батырлар институтының 
бастау көзі, қалыптасу кезеңдерінің тарихи эволюциясы батырлар 
жырынан анық көрініс тапқан. Батырлар жырын талдай отырып, 


батырлардың әлеуметтік топ ретінде қалыптасу жолын көруге 
болады. 
Жалпы тарихи-мәдени дамудың өзіндік ерекшеліктеріне 
байланысты ел ішіндегі қоғамдық тәртіпті сақтау қажеттілігі 
әскери іспен кәсіби тұрғыда айналысатын адамдардың пайда 
болуына және олардың осы қоғамдық қызметтерді атқаруды өз 
міндетіне алу барысында жеке әлеуметтік жік ретінде 
қалыптасуына әкелді. Дәстүрлі қазақ қоғамына тән батырлар 
институтының қалыптасуының қайнар көздері ежелгі замандардан 
бастау алады. Геродот сияқты ежелгі авторлардың басым көпшілігі 
өз шығармаларында көшпелі халықтардың жауынгерлігіне ерекше
назар аударады. Шетелдік зерттеушілер де көшпелі халықтардың 
жауынгерлік рухының мықтылығы мен әскери өнерінің ерекше 
қуаттылығын талай рет тамсана жазған.
Батырлар институты өзінің қалыптасу кезеңдерінде көшпелілер 
қоғамына тән басқа да әлеуметтік институттармен бірге дамыды. 
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлар әрі би, әрі жырау, әрі елші, 
әрі ру басшысы қызметін қоса атқара беруімен ерекшеленеді. 
Зерттеуші А.И. Першиц көшпелі халықтардың саяси құрылымының 
ерекшеліктерін рулық құрылымдардың басшыларының негізінен 
әскери көсемдер болғандығымен түсіндіреді. В.Я. Владимирцов 
моңғол нояндары өз биліктеріне рудың ақсақалдары ретінде емес
негізінен күшті, епті батыр ретінде қол жеткізгенін атап өтеді. С.М. 
Абрамзон да алғашында тек соғыс кезінде ғана ерекше рөлге ие 
қырғыздың әскербасы-батырларының бірте-бірте ру ақсақалдарын 
екінші қатарға ығыстырғаны туралы жазады. Қазақ қоғамындағы 
батырлардың институционализациялануы олардың тек қана жеке 
батыр ретінде ғана емес, би, шешен, жырау, ұлыс, ру билеушісі
ретіндегі 
функцияларды 
бір 
қолға 
жинақтауынан 
келіп 
туындағанын көреміз. Батырлардың әлеуметтік, саяси күш ретінде 
институтқа айналуы бұдан кейінгі кезеңдерде бірте-бірте жүзеге 
асты. Сондықтан белгілі зерттеуші Е.Бекмаханов XIII-XIV 
ғасырлардағы батырлар мен XVIII-XIX ғасырлардағы батырларды 
бірдей қарастыруға болмайтындығын атап көрсеткен еді. 
XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басындағы қазақ 
қоғамының ішкі және сыртқы саясатының даму ерекшеліктері 
батырлар институты ықпалының артуын туғызды. Осы кезеңнен 
бастап батырлар жеке әлеуметтік-саяси институт ретінде
қалыптасты. Сондықтан ел басына күн туған сәтте саяси 


басымдылық батырлар қолына өтті. Дәстүрлі қазақ қоғамына тән 
батырлар институтының саяси-әлеуметтік күш ретінде қалыптасуы 
қазақ қоғамының әлеуметтік ұйымдасуынан келіп туындайтын 
саяси жүйесіндегі ерекшеліктерімен байланысты болды. Сыртқы 
жаудан қорғану, елдің ішкі бірлігін сақтау сияқты күрделі 
мәселелерде батырлардың рөлі жоғары болды. Батыр атағын 
ақсүйек және қарасүйек өкілдері де қоғамдық дәрежесіне 
қарамастан бірдей иелене алатын, әрі батырлар ХҮІІ-ХҮІІІ 
ғасырлардағы 
сыртқы 
фактордың 
күштілігінен 
қоғамдық 
қатынастарда басымдылыққа ие болды. Сондықтан дәл осы кезеңде 
батырлар институтының күрделі қалыптасу процесі аяқталып, ол 
өзінің дәл осы кезеңдегі дәстүрлі қазақ қоғамына тән ерекшелігіне 
сай өзіндік функцияларын атқарды.
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырлардың өздеріне тән ар-
намыс кодексі, жауынгерлік этикасы мен дәстүрі де қалыптасты. 
Олар ерлік пен ізгілікті мұрат тұтты. Нағыз батыр жүрегі ізгілік пен 
мейірімге толы, достыққа адал, сертке берік, елге тұтқа әрі пана 
бола білетін тұлға болды. Батырлардың рухани-моральдік бет-
бейнесі мен негізгі қызметін халқымыздың этномәдени жүйесінің 
ажырамас бөлігі ретінде қарастыруға тиіспіз. Батырлық қазақ 
қоғамында ежелден өмір салты ретінде қалыптасты. Әрбір жас 
жеткіншек батыр атағын иелену үшін сол әлеуметтік ортаның 
талаптарына сай болуы керектігін түсініп өсті. Батырлар жырында 
осы бір далалық салттың мәдени идеалы жасалған. Жырлардың 
көпшілігінде болашақ батырдың дүниеге келуінің өзі үлкен оқиға 
ретінде суреттеледі. Оның есімі де ерекше қойылады, өзіне лайық 
тұлпары, қару-жарағы, сүйікті жары, досы, қолдап-қоршап жүретін 
пірі болады. 
Бірақ, XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап батырлар 
институты бірте-бірте өзінің маңызынан айырылып, жойылуымен 
қазақ халқының дәстүрлі қоғамына тән құндылықтары да бірге 
жойыла бастады. Патша өкіметі қазақ қоғамындағы дәстүрлі билік 
институттарын жоюды ең алдымен батырлардың көзін құрту 
жолдарын іздестіруден бастады. Себебі олар елдіктің, қазақ жерінің 
тәуелсіздігі мен бүтіндігінің жоқшысы еді. Патша өкіметінің 
отарлау саясатының нәтижесінде дәстүрлі қазақ қоғамына тән 
барлық әлеуметтік институттармен қатар, оларға байланысты 
халықтың рухани таным-түсінігімен біте қайнасып кеткен ұғымдар 
да күйрей бастады. Осыған байланысты кезінде әлемді 


бағындырған, өзінің батырлық дәстүрі мен жауынгерлік рухының 
күштілігімен тамсандырған көшпелілер ұрпақтары өздерінің 
батырлық рухы мен идеалынан айрылып қалды. Сондықтан бүгінгі 
таңда қазақ қоғамының саяси-әлеуметтік құрылымында, мәдени-
рухани жүйесінде өзіндік орны болған батырлардың рөлі мен 
қызметін қайта зерделеу, оны жас ұрпақ арасында дәріптеу кезек 
күттірмес мәселе болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет