«Батырлар жырындағы тарихи сөздер»



бет2/5
Дата29.10.2022
өлшемі28,29 Kb.
#46091
1   2   3   4   5
Өлім-жітім. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілінде -йіт — етістігі «жоғалу, жоқ болу» деген мағынаны білдірген, мұнда да өл-йіт деп қолдану бары көрсетілген. Демек, өлім сөзі бүгінгі қазақтарға түсінікті, ал жітім — «бір нəрсенің жоқ болуы», яғни жоқ іздеп жүрмін дегендегі жоқ сөзінің мағынасын білдіретін тұлға. Көне түркілерде «жоғалған зат (мал)» ұғымына йітүк (жітік) тұлғасы болған; ер йітүк сорды — кісі жоғалған нəрсе (жоқ) туралы сұрады (сұрастырды).
Демек, өлім-жітім тікелей беретін «өлген, өшкен, жоғалған, жоқ болған» деген жинақтау мəнді білдіретін қос сөзге айналған. Бұл көбіне малға қатысты айтылады: мал тек өліп қоймайды, сонымен қатар өзгеше түрде де «жоқ болады» ғой: ұрланады, ит-құсқа жем болады, тұралап қалады т.т. Осы соңғы жоқ болушылықты қос сөздің жітім сыңары білдіретін сияқты немесе бұл компонент алдыңғы «жоқ болушылық» — өлім деген ұғымды күшейте түсуге келген «көмекші күш» болып танылуы мүмкін.
Біздің байқауымызша, «өлтірді» мағынасындағы басына жетті деген тіркестің о бастағы көне түркілік қолданысы басы йітті (жітті) болса керек. Демек, ол «басы жоқ болды, өлді» деген ұғымдағы тіркес болып шығады. Соған қарағанда, қазіргі қазақ тіліндегі «көзін құрту, жоғалту, тығу, жасыру» мағынасындағы жытыру етістігінің фонетикалық варианты деп қарауға болады. Жуан варианты жеке қолданылатын сөз болып сақталған да, жіңішке нұсқасы тек сөз тіркесінде «сіріленіп» қалған сияқты [3; 84].
Үш қорықтың иелері боп отырған бес-алты ауылдың ішінде мұндай өлім-жітімді көрген жалғыз осы Жидебайдағы ауыл (М.Ə.). Мысалдан аңғарғанымыздай, қазіргі тілімізде де малға қатысты жоқ болу мағынасын беріп тұр.
Біз де ғалымның осы пікірін құптай отырып, жітім сыңарының жытыру етістігінің жіңішке тұлғасы деп қарағанды жөн деп таптық.
Іркес-тіркес. Бұл қос сөздің соңғы сыңары əбден түсінікті, ол тірке етістігімен түбірлес сөз. Бұл етістіктен жасалған тіркес тұлғасы «қатарласқан тізбек» мағынасында жəне «жалғас, қатар» деген есім ұғымында қолданылады. Ал іркес-тіркес дегендегі іркес сөзінің түбірін ірік — «бөгеу, тежеу, тоқтату, ішіне бүгу, жасыру» етістігі деп тануға келмейді. Сірə, бұл көне түркі тілдерінде қолданылған «керуен» мағынасындағы арқыш-теркіш сөзінің «қазақшасы» болу керек. Арқыш сөзінің жеке тұрғандағы бір мағынасы «керуен» (ол да «қатарланған көліктер тізбегі»). Осы «керуен» мағынасындағы арқыш-теркіш тұлғасы қазақ тіліне іркес-тіркес болып көшкен болар деп топшылаймыз [3; 164]. Күн көзі де əбден жылынып, аспанда жазғытұрдың ақ мамық бұлттары жөңкіліп іркес-тіркес көшті (М.Ə.). Біз де ғалымның осы пікірін қолдаймыз.
Жөн-жосық. Бұл сөз тілімізде жиі қолданылады. Оның құрамындағы жосық сөзінің мағынасы түсініксіз. Мысалы: Желі басында ертеден қара кешке дейін бие сауған Бүркітбай да қасындағы көмекшісі бала жігіт Баймағамбетке əр биені саууға отыра бере ауыр-ауыр кейістік, жөн- жосығын айтады (М.Ə.).
«Алпамыс» жырында Тайшық хан дуана болып келген қызына:
Берейін саған осыны
Айуан тілін аңғарар
Сөзіңнің жота жосыны, –
дейді. Мұндағы жота жосын деген сөздер «сөзіңнің жөні» дегенді аңғартады. Жосын — йосун сөзі көне түркі тілдерінде «тəртіп, əдет» дегенді білдірген. Қазақ тілінде жосын сөзінің жосық түрі активтеу, ол «жөн, бағыт, жоба» деген мағыналарда жұмсалған. Жөн-жосық болып қосарланып та келеді. Мұның жосын варианты көне жырларда, өткен ғасырларда жасаған кейбір ақын-жыраулардың тілінде оқта-текте ғана ұшырасады. Ал қырғыз тілінде көбінесе жосун түрінде қолданылады. Мағынасы — «рет, тəртіп, жөн, жосық». Осыдан туған жосуундуу («халық дəстүрін ұстаушы, оны жақсы білетін адам»), жосуунсуз («тəртіпсіз, көргенсіз») дегендер де қырғыздың қазіргі тілінде қолданыстағы сөздер.
Сөйтіп, жосын сөзі — жосық сөзінің варианты болып, «жөн, рет, тəртіп» жəне «əдет-ғұрып,салт» мағыналарында қолданылатын сирек сөздердің бірі [3; 83].
Жосын сөзі кейбір диалектілерде қолданылатындығын айта келіп, Ə.Нұрмағанбетов былай дейді: «Дəстүр, əдет-ғұрып. Бұрынғы келе жатқан жосынды білмейді екенсің. Монғолдарда — ес, қалмақтарда — йосун, ал манчжур тілінде — йосу — дəстүр, əдет-ғұрып. Манчжурлар бұл сөзді қытай тілінен ауысып келген,» деп көрсеткен. Енді бір жерде йосо, йосу тұлғалары — сенім, сену, дəстүр мағыналарына ие екендігі жəне оның бұл тілдерге монғолдардан өткендігі белгілі.
Осы деректерге қарағанда, тіліміздегі ерекшелік болып көрінген «жосын» сөзінің төркіні — монғол тілі болса керек жəне сол тілден көршілес отырған түркі, тұнғыс-манчжур тобындағы кейбір тілдерге ауысқан деуге болады [4]. Ғалымдардың пікірлеріне қарағанда, ортақ көзқарастар байқалады. Тілімізде қолданылып жүрген жөн-жосық қос сөзінің түсініксіз сыңары «əдет-ғұрып, салт, тəртіп» деген мағынада қолданылып тұрғандығы айқын көрініс береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет