Батыс Қазақстан білім басқармасының мектепке дейінгі, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының облыстық


Педагогикалық тұрғыдан орындылығы



бет2/8
Дата20.10.2022
өлшемі55,12 Kb.
#44316
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
English Speaking Countries 10-11 кл

Педагогикалық тұрғыдан орындылығы: білім беру қағидаттарында (даралық, қолжетімділік, үздіксіздік, тиімділік) көрініс тапқан заманауи білім беру технологияларын ескере отырып әзірленді. Оқу курсы екі деңгейден тұрады. Әр деңгейде 34 сабақ бар.
Өзектілігі: Қазіргі уақытта заманауи қоғамның мақсаты түрлі салалардағы мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды дамыту болып табылады. Бұл материал негізделген оқулықтарда жеткілікті түрде зерттелмеген. Берілген бағдарлама тілге араласуға және бір уақытта бәсекеге қабілетті болуға көмектеседі. Бұл бағдарламаның ерекшелігі - пән мұғалімдері интернет желісінен, кітаптардан іздемей, барлық мәліметтер мен тапсырмаларды бір жерден таба алады. Тапсырмаларда CLIL әдістемелік тәсілі қарастырылған. Берілген материал негізінде оқушылар ҰБТ-ға дайындалады, ауызша өз ойын жеткізе алады, ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің тарихы және мәдениеті туралы көп жаңа мәлімет біледі, викториналар өткізеді, сондай-ақ, диалог жасауға, дискуссияға қатысуға үйренеді. Бұл курс бағдарламасында оқушылардың басқа халықтардың тарихы, мәдениеті, өмірі туралы дүние таңымын кеңейте отырып, өз еліне, Отанына, туған жерге деген азаматтық жауапкершілігін арттыру мақсаты көзделген.
Жаңашылдығы: Бұл қолданбалы курс бағдарламасында 10-11 сынып оқушыларына арналған оқулықтарда бұрын кездеспеген ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің мәдениеті, географиясы, тарихы, дәстүрлері мен белгілі адамдары туралы қарапайым, түсінікті тілде берілген. Және осы берілген бағдарлама мектептегі ағылшын тілі мұғалімдеріне үлкен әдістемелік көмек болып табылады. Мұғалімдер осы бағдарламаның қосымша берілген оқу әдістемелік құралында жаттығуларды беру арқылы оқушылардың грамматикалық ережелері мен лексикалық біліктерін тексере алады.
Мақсаты: Таңдалған тақырыптарға сәйкес орта мектептің оқушыларына лексикалық бірліктерді үйрету, осы бірліктерді коммуникациялық мақсаттарда пайдалану.
Міндеті:
- елтану материалдың негізгі фактілерін білу және есте сақтау;
- лексикалық материалды бекіту;
- грамматика деңгейін тексеру;
- ауызша және жазбаша сөйлеу дағдыларын дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет