Мамандыққа бағдарлау: Тіл маманы, аудармашы, журналистика.
Пәнаралық байланыс: аймақтық зерттеулер, география, дүниежүзі тарихы, биология, экология, туризм, мәдениеттік байланыс және халықаралық этикет.
Ұйымдастыру формалары:Мәтінмен жұмыс, топтық, жұптық жұмыс, рөлге бөліп оқу, эссе жазу, зерттеу жұмысы.
Оқушыға қойылатын талаптар: - берілген бағдарлама бойынша ауызша және жазбаша тақырыптарды түсіну;
- өз пікірін ауызша және жазбаша түрде дұрыс жеткізу;
- реферат жазу және жоба жұмыстарын орындауға үйрену;
- жеке және ұжымдық жұмыс істеу қабілетін дамыту;
Күтілетін нәтижелері:
ағылшын тілді елдер мәдениеті және қоғамдық-экономикалық жағдайының ерекшеліктерін білу және түсіну;
өз пікірін білдіру және негіздеуді білу;
оқытылатын тақырыптардың мазмұны бойынша талқылау жүргізуге үйрену;
Курс мазмұны
“English Speaking countries” қолданбалы курс бағдарламасы жалпы орта білім беретін мектептердің 10-11 сынып оқушылары мен мұғалімдеріне арналған.
Берілген қолданбалы курс Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Канада, Жаңа Зеландия мемлекеттерінің өмірі, тұрмысымен таныстырумен қатар ағылшын тілінің қолдану деңгейін көтеруге көмектеседі. Қолданбалы курс бағдарламасында қарапайым, түсінікті түрде осы мемлекеттердің тарихы, географиясы, әлемге белгілі мәдени орындары мен ірі қалалары, өнеркәсібі, мерекелері, дәстүрлері, белгілі адамдары және т.б. баяндалады. Әр бөлімнен және әр дәрістен кейін берілген жаттығулар мен тапсырмалар мұғалімге берілген тақырып бойынша оқушылардың білімін нығайтуға және бақылауға көмектеседі. Сонымен қатар, қолданбалы курс бағдарламасында тақырыптық сынақтар мен диалогтардан тұратын қосымша бар. Бұл қолданбалы курс – мұғалімдер мен 10-11 сынып оқушылары үшін жақсы көмекші. Тапсырмаларда CLIL әдістемелік тәсілі қолданылған. Берілген материал негізінде оқушылар ҰБТ-ға дайындалады, ауызша өз ойын жеткізе алады, ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің тарихы және мәдениеті туралы көп жаңа мәлімет алады, викториналар өткізеді, сондай-ақ, диалог жасауға, дискуссияға қатысуға үйренеді.
X сынып
I бөлім
The United Kingdom of Great Britain and Northern Ireland. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі - (3 сағат)
Name and political system. Ел туралы жалпы ақпарат. Мемлекеттің әкімшілік бөлімі. Саяси жүйе (3 сағат)
The UK main cities. Климат және ауа райы. Ұлыбританияның ірі қалалары (3 сағат)
Geography of Great Britain and Northern Ireland - (3 сағат)
England - (3 сағат)
London. Англия және бас қаласы Лондон - (3 сағат)
Places of interest in London. Part 1. Лондонның танымал жерлері - (3 сағат)
Places of interest in London. Part 2 - (3 сағат)
Places of interest in London. Part 3- (3 сағат)
Scotland. Шотландия туралы жалпы ақпарат, көрікті жерлері, мәдениеті- (2 сағат)
Wales. Уэльс туралы жалпы ақпарат, көрікті жерлері, мәдениеті - (2 сағат)
Northern Ireland. Солтүстік Ирландия туралы жалпы ақпарат, көрікті жерлері, мәдениеті - (2 сағат)
Қорытынды - (1 сағат)