Бір минут ішіндегі қалыпты жағдайдағы жүрек қағысының жиілігін ӛлшеу;
Үш минут ішіндегі жаттығуды орындау кезіндегі жүрек қағысының жиілігін ӛлшеу;
Екі минут ішіндегі қалпына келу кезеңіндегі жүрек қағысының жиілігін ӛлшеу.
Осы тәжірибедегі сіздің бақылаулық жиілік мәніңіз қалыпты жағдайдағы жүрек қағысының жиілігі болып табылады.
Жүрек қағысы жиілігі датчигін екі қолыңызға алыңыз (hand qrip). Мәліметін ӛлшетіп жатқан адамға отыруды, босауын, асықпай демалуын және жазылып жатқан мәліметке қарамауын ескертіңіз.
Мәліметтерді жазуды бастаңыз.
Барлық мәліметтерд кӛрсету үшін кестенің шкаласын күйіне келтіріңіз.
Кестенің мәліметтерін бірінші 60 секунд ішіндегі мәлеметтерімен сипаттаңыз. Мәлеметтер мжқ 60-тан 80-ге дейінгі аралықта едәуір тұрақты болуы қажет.
Бір минутан кейін жүрек қағысы ӛлшеніп жатқан адам тұрып, 3 минут аралығында бір орында тұрып жүгіруді орындайды, сол уақытта мәліметтердің жиналуы жалғасады.
Кестенің мәліметтерін осы 180 секунд ішіндегі мәліметтерімен сипаттаңыз. Мәліметтер адамның физикалық жағдайына байланысты ажыратылады. Жүрек қағысы жиілігі шамамен мжқ 110-120-ға дейін жоғарылайды.
Жаттығуды орындағаннан кейін жүрек қағысының жиілігі ӛлшеніп жатқан адам орнына отырады және сол күйде 2 минут отырады, осы уақытта мәліметтерді жинау жалғастырылады.
Кестеңіздің мәліметтерін осы 120 секунд ішіндегі мәліметтерімен сипаттаңыз. Мәліметтер адамдың физикалық жағдайына байланысты ажыратылады. Жүрек қағу жиілігі шамамен мжқ 80-90-ға дейін тӛмендейді.
Мәліметтерді жинауды зерттеліп жатқан объектінің жүрек қағасының жиілігі бастапқы тыныштық күйіне оралғанға дейін жалғастырыңыз.